A- A A+
Жедел ішек инфекциясының алдын алу жөнінде кеңестер

Мақаланың шыққан күні 09.10.2019

Iшек инфекциясы — асқорыту жолының негiзгi зақымдануы, улағыш реакция мен ағзаның дегидратациясына әкелетiнтүрлi этиологиялық жұқпалы аурулардың тобы. Iшек инфекциясының басты белгiлерi: дене қызуының жоғарылауы, әлсiздiк, тәбетсiздiк, iштiң ауырсынуы, құсумен су өту болып табылады. Escherichia coli (E. coli) бактериясы көбiнесе адамдар мен жылы қанды жануарлардың iшектерiнде кездеседi.

Бактерияларды азық-түлiктiң мұқият термиялық өңдеу барысында өнiмдердiң барлық бөлiктерi 70° С және одан да жоғары температураға жеткен кезде жоюға болады.

Iшек таяқшасынан туындаған ауыру белгiлерiне iш аймағының таралуы, кейбiр жағдайда қанды диареяға өтетiн су өту де кiредi. Сонымен қатар, оларға безгек пен құсуды да жатқызуға болады.

E. coli адам ағзасына көбiнесе тартылған ет және пiсiрiлмеген сүт сияқты шикi немесе керектi термиялық өндеуден өтпеген зарарлы өнiмдерiн тағам ретiнде пайдалану нәтижесiнде берiледi. Су мен басқа да тамақ өнiмдерiнiң нәжiспен ластануы, сондай-ақ тамақ дайындау кезiндегi шалыс ластануы (сиыр етi мен басқа да ет өнiмдерi арқылы, ластанған жұмысшы беттер мен ыдыс-аяқ арқылы) инфекция жұқтыруына әкелуi мүмкiн.

Ауру тараудың өсiп келе жатқан саны үй немесе жабайы жануарлардың нәжiсiмен кез келген өсiру мен өндеу кезiнде ластанған жемiстер мен көкөнiстердiң тағамда пайдалануымен байланысты.

Адамдардың тығыз байланыстары инфекция таралуының негiзгi жолдарының бiрi болып табылады (фекалдi-оралдi жұқтыру жолы).

Бұдан басқа, адамдар жиi шалдығатын ауру сальмонеллез болып табылады.

Жануарлардан жасалған өнiмдердiң құрамында сальмонелла бактериясы болғандықтан, адамдарға шикi немесе шала пiскен жұмыртқаны, үй құсын, еттi, шикi немесе пастерлеуден өтпеген сүттi және басқа да сүттi өнiмдерiн тағам ретiнде пайданалуға болмайды. Шикi ет дайын өнiмдерден бөлек сақталуы керек. Асханалық тақтайларды, пышақтар мен басқа да ыдыс-аяқты шикi өнiмдермен байланыста болған соң мұқият түрде жуу керек. Қолды тағамды қабылдау алдында және түрлi өнiмдердi өндеу арасында жуып тұру керек.

Қолды, асхананы, жұмысшы беттер мен ыдыс-аяқты шикi ет немесе құс етiмен байланыстан болған соң сабынды сумен жуыңыз. Нәрiстелерге, қарт адамдарға және әлсiреген иммунитеттi адамдарға арналған өнiмдер ерекше өндеудi талап етедi.

Емшек сүтi жас балаларға арналған ең қауiпсiз тағам өнiмi болып табылады. Ол сальмонеллез бен басқа да аурулардың алдын алады.

Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы «Қауiпсiз тамақтанудың бес негiзгi қағиларын» сақтауға кеңес бередi.

1. Тазалықты сақтаңыз;

2. Шикi өнiмдердi дайын өнiмдерден бөлек сақтаңыз;

3. Мұқият термиялық өндеудi жүзеге асырыңыз;

4. Қауiпсiз температурада тамақ өнiмдерiн сақтаңыз;

5. Таза су мен тамақ өнiмдерiн қолданыңыз

Бұл ұсыныстарды барлық жағдайда, әсiресе 70° C температураға дейiн жететiн «өнiмдердiң дұрыс термиялық өңдеуiне» байланысты ұсынысын орындау керек. Жемiстер мен көкөнiстердi, әсiресе тамақтануда шикi түрiнде пайдаланатын кезде, мұқият түрде жуып отыру қажет. Мүмкiн болса, көкөнiстер мен жемiстердi тазалау керек. Халықтың осал топтары (балалар мен қарт адамдар) шикi немесе керектi термиялық өңдеуден өтпеген ет өнiмдерi, шикi сүт пен шикi сүттен жасалған өнiмдерiн тамақ ретiнде пайдаланбау керек.

Тамақ дайындау, тамақтану алдында және әжетханадан кейiн әсiресе әлсiреген иммунитеттi адамдар, қарт адамдар мен кiшкентай балаларға қамқорлық жасайтын адамдар үшiн жүйелi түрде қол жууға кеңес берiледi. Бұнын басты себебi бактерияның тек тағам өнiмдерi, су және жануарлармен тiкелей байланыс арқылы жұғып қана қоймай, адамнан адамға да жұғуы мүмкiн.

Тағамдық аурулардың белгiлерi қандай?

Жыл сайын миллиардтаған адамдар аурудың азық-түлiкпен байланысты екенiне күмән келтiрмей, тағамдық аурулардың бiр немесе бiрнеше ұстаулармен күреседi. Iшек инфекцияларының ең көп кездесетiн белгiлерi:

  • асқазанағы ауырсыну;
  • iш айнуы, құсу;
  • су өту.

Ауру белгiлерi ауру себебiне байланысты, олар көбiнесе тамақтанудан кейiн немесе бiрнеше күн, не аптадан кейiн пайда болады. Көптеген iшек инфекцияларының белгiлерi тамақ өнiмдерiнiң тұтынғаннан кейiн 24-тен 72 сағатқа дейiн пайда болу мүмкiн.

Ал егер аурып қалсаңыз?

Аурып жатқан кезде және ауру белгiлерiнiң жоқ болғаннан берi, тағы 48 сағат өткен соң тамақ өнiмдерiн ұстамауға немесе тамақ дайындамауға тырысыңыз. Алайда, егер бұл мүмкiн болмаса, тамақ дайындау алдында және барысында қолыңызды сабынды сумен жиi жуып тұрыңыз. Егер ауру белгiлерi қатты байқалатын болса, дереу медициналық көмекке жүгiнiңiз.

Диагнозды дұрыс қою үшiн дәрiгерге көрiну керек. Өз-өзiңiздi емдемеңiз, бұл сiздiң жағдайыңыз бен балаңыздың жағдайын нашарлату мүмкiн.

Барлық сiздiң қолыңызда!

Ермек Сандыбаева, терапевт, «Солтүстiк Қазақстан облысы
бойынша салауатты өмiр салтынқалыптастыру
орталығы»ЖШС тапсырыс бойынша жазылды

Қаралым саны: 255
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы