A- A A+
Заманауи автобустар, 18 қабатты баспана және апатты үйлердi сүру — СҚО әкiмi Петропавлдың дамуы жайында

Мақаланың шыққан күні 12.04.2019

Заманауи автобустар, 18 қабатты баспана және апатты үйлердi сүру — СҚО әкiмi Петропавлдың дамуы жайында

СҚО басшысы Құмар Ақсақалов Петропавл активiне жаңа қала әкiмiн таныстырды. Бұл қызметке Ғабит Мүсiрепов ауданының бұрынғы әкiмi Болат Жұмабеков тағайындалды. Өңiр басшысы Петропавлды дамыту бойынша нақты мiндеттер мен жоспарларды айқындады.

Апатты үйлердi сүру — жаңа қала әкiмiнiң басты мiндеттерiнiң бiрi. Облыс орталығында апатты және ескi үйлердiң орнына жаңа баспананы тұрғызу үрдiсi жалғаса бермек.

«Бiз ескi үйлердiң орнына жаңа баспана салып, тұрғындардың жағдайын жақсартып жатырмыз. 600 ескi үйдi сүрiп, оның орнына 2000 аса пәтер салынып жатыр. Ескi үйлердiң тұрғындары жайлы пәтерлерге ие болды. Былтыр 3 апатты үй құлатылды. Қазiр Петропавлда 17 апатты үй болса, оның төртеуi биыл сүрiледi», — дедi Құмар Ақсақалов.

Құмар Ақсақалов Болат Жұмабековке құрылысқа да қарқын қосуды тапсырды. Облыс әкiмiнiң айтуынша, Петропавл биiкке қарай дамуы керек.

«Бiзде бар жағдай жасалған. Қалаға кiре берiсте ыңғайлы құрылыс алаңқайы бар. Горький көшесiн дамыту керек. Бiзге көпқабатты үйлер салған абзал. 18 қабатты үйлердi тұрғызамыз. Қала биiкке қарай дамуы керек. Бұл әлемдiк тенденция. Жаяу жүргiншiлер және ландшафт дизайны бар алаңдар жасау керек. Ескi шағын аудандардың орнына жаңа баспана салған жөн. Қаланың бас жоспары 12 жыл бұрын жасалған, яғни ескiрдi. Бiз әр шағын ауданның даму жоспарын жасаймыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Қала тұрғындарын мазалайтын басты мәселелердiң бiрi — қоғамдық көлiктiң жағдайы. Өңiр басшысы автобустарды жаңарту керек дейдi. Жыл соңына дейiн қала көшелерiне он шақты заманауи автобус шығады.

«Жуырда жаңа автобустарды сынақтан өткiземiз. Олар төмен, мүмкiндiгi шектеулi жандарға ыңғайлы, желдету жүйесi бар, Евро-5 стандарына сай. Жаңа автобусты қала көшелерiнде жүргiзiп көремiз. Егер де барлығы ойдағыдай болса, биыл лизингке 30-50 автобус сатып аламыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Қаланы абаттандыру да маңызды сұрақтардың бiрi. Көшелердi жарықтандыру, көгалдандыру, аулаларды жөндеу биыл да жалғасын табады. Аулаларды жөндеу жұмыстарына биыл 500 млн. теңге бағытталады. Осы жұмыстың аясында 60 балалар және спорттық алаңқай қойылады. 2018 жылы 8 саябақ абаттандырылды, биыл тағы 4 саябақты көркейту жоспарда бар. Сондай-ақ көпқабатты үйлердiң аулаларына 10 шағын футбол алаңы салынады.

Заманауи автобустар, 18 қабатты баспана және апатты үйлердi сүру — СҚО әкiмi Петропавлдың дамуы жайында

Қаралым саны: 1106
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

DAMU.KZ — «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы