A- A A+
Тайынша ауданында су тасқыны бойынша жағдай қалыпты

Мақаланың шыққан күні 02.04.2019

Соңғы бірнеше күнде еріген қар суы мен арнасынан шыққан өзен-көл суының ағыны өңір бойынша 10 жол учаскесін шайған. Оқыс жайттардың бірі сенбі күні Тайынша ауданында орын алды. Салдарынан бір-екі сағатқа көлік қозғалысы тоқтап қалыпты.

Бұл әуесқой бейнетүсірілім бірнеше сағаттың ішінде желіде тарап, резонанс тудырды. Сенбі күні еріген қар суының күшті ағыны Тайыншадағы трассалардың біріндегі бұрылысты опырып, тас-талқанын шығарған. Бұл – Краснокиевка мен Қарағаш ауылдарын қосатын жол. Шайылған аумақтың ұзындығы – 10 метр, ені – 12, ал тереңдігі 2 метрге жетіп, салдарын қозғалыс тоқтап қалған.

Бибігүл Назыкенова, Краснокиевка ауылының тұрғыны, Тайынша ауданы:

– Мен өзім Краснокиевка орта мектебінде еңбек етемін. Жолды су шайғанда Константиновкада тұратын бірнеше ұстаз осында жұмысқа жете алмады. Мұндай жағдай бірінші рет орын алып отыр, одан ешкім сақтандырылмаған. Бірақ, әкімдікке рахмет. Жолды жылдам қалыпқа келтіріп берді.

Шынымен де, әкімдік жағдайды тез арада түзеді. Бірнеше сағаттың ішінде төтенше жағдай орын алған учаскіге арнайы техника келіп, жолға 500 тонна қиыршық тас пен өзге инерттік материалдар төселді, маңай да сәл құрғаған. Сондықтан, қазір тұрғындар жолмен еркін әрі қауіпсіз қатынай алады.

Бұл – Тайынша қаласының шеткері ауданы.«ТайыншаКоммунСервис» серіктестігінің ауыр техникасы жол шетінде арық қазып, еріген қар суының ағып кетуін қамтамасыз етуде. Ал мұнда миы шыққан жолға кәсіпорын өкілдері инерттік материал төсеп жатыр. Шаруа тұрғындардың шақыртуы бойынша атқарылуда. Қоңырау шалып көмек сұраған әрбір тайыншалыққа мамандар бір сағаттың ішінде келіп, қол ұшын созамыз дейді.

Николай Трифонов, «ТайыншаКоммунСервис» ЖШС директоры:

– Күніне 10 шақты қоңырау түседі. Бәріне көмектесеміз. Әсіресе, тұрғындар үйлердің маңындағы жолдарды қалыпқа келтіріп, ауладағы артық суды сорып алуды сұрайды. Тиісті техниканың бәрі бар. Биыл қала іші құрғақ. Себебі, қысқы маусымда ақ ұлпаны жүйелі түрде шығарып тұрдық.

Жалпы, Тайынша ауданы бойынша жағдай тұрақты. Күн жылып, қар ери бастағалы бірде-бір үйге су кірмепті. Өйткені, дайындық тиісті деңгейде жүргізілген.

Талғат Әміржанов, Тайынша ауданы әкімінің орынбасары:

– Елді мекендерден шамамен 15 мың текше қар шығарылды. Шағалалы өзеніндегі мұзды жару жұмыстары жүргізілді. Қазір қызыл су басуы мүмкін 13 ауыл – біздің жіті бақылауымызда. Тасқын басқан жағдайда құтқарушыларымыз бен 130 бірлік техникамыз сақадай сай тұр.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алуға және салдарын жоюға аудандық қазынадан биыл 21 млн теңге қарастырылыпты.

Саят Ермек

https://mtrk.kz/kz/2019/04/03/tajynsha-audanynda-su-tas-yny-bojynsha-zha-daj-alypty/

Қаралым саны: 523
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

DAMU.KZ — «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы