A- A A+
Туристiк нысандар барлық талаптарға сай болуы тиiс — Құмар Ақсақалов

Мақаланың шыққан күні 30.10.2017

Туристiк нысандар барлық талаптарға сай болуы тиiс — Құмар Ақсақалов

СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен облыстық әкiмдiктiң отырысы өттi. Жиында өңiр басшысы екi жаңа басшыны таныстырды. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi жауапты хатшысының бұйрығымен Жандос Мүбарақұлы Ермағамбетов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiк пен тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi комитет Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң басшысы болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрi Жауапты хатшысының бұйрығымен Зылиха Тұрсынғалиқызы Отарғазиева Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Iшкi мемлекеттiк аудит комитетi Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша iшкi мемлекеттiк аудит департаментiнiң басшысы болып тағайындалды.

Отырыста Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жалдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру барысы талқыланды. Индустриялы-инновациялық даму басқармасының басшысы Жанат Сәдуақасовтың айтуынша, кәсiпкерлiктi қолдау картасына 67 млрд. теңгенiң 36 жобасы енген. Екi мың жұмыс орны ашылмақ. 2015 жылдан бастап бүгiнге дейiн 12,8 млрд. теңгенiң 24 жобасы iске асты. Жыл соңына дейiн 4,4 млрд. теңгенiң 3 жобасы енгiзiлмек. 188 жұмыс орнын ашу көзделген. Жалпы, индустрияландыру бағдарламасы аясында 2010 жылдан 56 жоба енгiзiлiп, 148 млрд. теңгенiң өнiмi өндiрiлдi. Тек 9 айдың iшiнде 37,4 млрд. теңгенiң өнiмi шығарылды.

Бағдарлама аясында майлы дақылдарды өңдеу кешенi, бидайды терең өңдеу зауыты, авиациялық зауытты салу көзделген. Оған Қытай, Ресей және Нидерландының инвесторларын тарту көзделген.

Облыс әкiмi инвесторларды тарту бойынша жұмысқа қарқын қосуды тапсырды.

«Аудан әкiмдерiнiң жұмысы жеке инвестицияларды тарту бойынша бағаланады. Белсендi жұмыс iстеп, инвесторларға барынша жағдай жасау қажет. ЖШС басшыларымен де қоян қолтық жұмыс iстеңiздер», — дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы қала әкiмi Марат Тасмағанбетовке де өнеркәсiп аймағында бос тұрған 60 ғимаратты iске жаратып, инвесторларды тартуды тапсырды.

Отырыста облыста туризмды дамыту мәселесi де талқыланды. Қазiр өңiрде 91 туристiк нысан бар. Оның 37-i Айыртау ауданында орналасқан.

Биылғы жылдың алғашқы жарты жылында облысқа 53200 турист келдi. Былтырғы жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 48 пайызға көп. 393 млн. теңгенiң қызметi көрсетiлдi, 2016 жылмен салыстырғанда 23 пайызға артық.

Құмар Ақсақалов туристiк нысандарды қалыпқа келтiрудi тапсырды.

«Қазiр 44 нысан 5 ауданда шоғырланған. Оның 90 пайызы стандартқа сай емес. Қызмет көрсету сапасы төмен. Қосымша қызмет түрлерi көрсетiлмейдi. Бiз өңiрiмiздiң мүмкiндiгiн толық пайдалана алмай отырмыз», — дедi аймақ жетекшiсi.

Облыс әкiмi жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамытуға да көп көңiл бөлудi тапсырды.

Туристiк нысандар барлық талаптарға сай болуы тиiс — Құмар Ақсақалов

Қаралым саны: 934
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы