A- A A+
ҰҚК көрiнбейтiн майданда елiмiз үшiн абыройлы жұмыс атқаруда — Назарбаев

Мақаланың шыққан күні 13.07.2017

ҰҚК көрiнбейтiн майданда елiмiз үшiн абыройлы жұмыс атқаруда — Назарбаев

ҚазАқпарат — Елiмiздiң Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қызметшiлерi көзге көрiнбес майданда елiмiз үшiн абыройлы жұмыс атқаруда. Бүгiн ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелiк концертте сөз сөйлеген Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осыдан тура ширек ғасыр бұрын менiң Жарлығыммен Қазақстанның Тәуелсiз қауiпсiздiк органдары құрылды. Баршаңызды осы айтулы оқиғамен, кәсiби мерекелерiңiзбен шын жүрегiммен құттықтау үшiн келдiм. Бiздiң елiмiзде мұндай органдар тұңғыш рет дербес құрылды деп айтуға болады. Әрине, бұрын да болған. Бiрақ та бiз анау орталықтың бiр бөлшегi ғана едiк. Жұмысымыздың барлығы солармен келiсiп iстелетiн. Қазiр Тәуелсiз елдiң тәуелсiз қауiпсiздiк органдары бар. Тәуелсiздiк жылдарында елiмiздiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн берiк жүйе қалыптасты. Соның iшiнде ұлттық қауiпсiздiк органдарының маңызы өте зор деп айтуға болады. Сiздер Отанымыздың тұтастығын қамтамасыз етуге, тәуелсiздiктi нығайтуға және халқымыздың тыныштығын сақтауға 25 жылдың iшiнде елеулi үлестерiңiздi қосып келе жатырсыздар. Сол үшiн де ризашылығымды бiлдiремiн», — дедi Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президентi арнаулы қызметтегi адамдардың барлығы, соның iшiнде әсiресе ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметшiлерi көзге көрiнбес майданда күн-түн демей елiмiз үшiн абыройлы, жауапты жұмыс атқарып келе жатқанын баса айтты. «Осы жылдар iшiнде ұлттық қауiпсiздiк органдары көптеген қауiптiң алдын алып, талай лаңкестiк әрекеттердiң жолын кестi. Мен оның барлығын бiлемiн. Ұлттық қауiпсiздiк органдарына бiлiктiлiгi мен даярлығы жоғары адамдар ғана қабылданады. Дайындығы бар, бiлiмi бар, сезiмi бар, отансүйгiш жүрегi бар адамдар ғана қабылданады. Оларға алаңсыз әрi адал қызмет үшiн мемлекет тарабынан барлық жағдай жасалуда», — дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы қауiпсiздiк құрылымдары алдында тұрған мiндеттер аса маңызды болғандықтан бұл органның әрбiр қызметшiсiне жауапкершiлiк, талап өте жоғары екендiгiн атап өттi. 

Қаралым саны: 1195
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы