A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Петропавлда МЖӘ аясында бiрнеше әлеуметтiк маңызы бар нысандар бой көтеруде

Петропавлда МЖӘ аясында бiрнеше әлеуметтiк маңызы бар нысандар бой көтеруде

Петропавл қаласы бойынша жұмыс сапары кезiнде Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк (МЖӘ) аясында жүзеге асырылып жатқан бiрқатар нысандардың жұмысымен танысты.

Ең бiрiншi барған нысан 1000 орынға шақталған бiрегей теннис орталығы болды. Кешен 4 жабық және 3 ашық теннис корттарынан тұрады. Екi жабық корт жоба бойынша баскетбол мен волейбол үшiн әмбебап спорт алаңына да айнала алады. Өңiр басшысы пайдаланылып жатқан материалдардың сапасына назар аударды.

«Материалдарды сапасына қарай пайдалану керек. Бұл — қалаға сән беретiн әсем де стильдi ғимарат болуға тиiс. Жобаға сәйкес көшенiң өн бойында жаңа ғимараттар болады. Сондықтан декоративтi және дизайнерлi материалдарды пайдалану қажет. Материалдар мен жұмыс күшiн сырттан әкелмей, салықтар тек өзiмiзде қалатындай, барынша өзiмiздiкiн қолданған орынды. Мердiгерлермен әрдайым осы жайында сөйлесемiз», — дедi облыс әкiмi.

Театр көшесiнде тұрғындарға амбулаторлық стационарлық көмек көрсету үшiн Офталмология орталығы салынуда. Жобаны «Есиль-Диагностик» ЖШС жүзеге асыруда. Компания директоры Александр Рыловтың ақпаратына қарағанда, нысан ашылғанда 27 жұмыс орны құрылмақ.

«Бiз барлығын өз қаражатымызға iстеп жатырмыз. Бiзге облыстық бюджеттен де, республикалық бюджеттен де жүктеме керегi жоқ. Тек мемлекеттiк тапсырыс бойынша ғана жұмыс iстейтiн боламыз. Ауру бойынша анықталған тариф бар, ондан басқа ештеңенi де сұрамаймыз. Осындай үрдiс жалғаса берсе, 10-15 жылда көрсетiлетiн қызмет өзiн ақтайды, сосын оны мемлекетке қайтарымсыз беруге болады деп жобалаймыз», — деп өз ойымен бөлiстi Александр Рылов.

«Құрылыс комитетi мен Денсаулық министрлiгi арқылы Астанада құжаттардың қолдау табуына көмек көрсетiп, оны бақылап отырмыз. Оны жедел атқарамыз деп ойлаймын. Жыл соңына дейiн нысанды пайдалануға беремiз деп алдымызға мақсат қояйық», — дедi Құмар Ақсақалов.

Жыл соңына дейiн МЖӘ аясында екi нысанның — «Юбилейный» және «Орман» шағынаудандарында балабақшалардың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Мектепке дейiнгi мекемелер 90 және 140 орынға шақталған. «Егоровские склады» ЖШС-нiң директоры Гарик Бернецяннiң айтуынша, құрылыс аяқталғаннан кейiн мекеме мемлекетке берiлiп, барлық топтар бюджеттiк болмақ.

«140 орындық балабақша салынып жатыр. Жоба типтiк, құрылысы ақпан айында басталды. 15 желтоқсанға дейiн ашуға тырысамыз. Бiр кезеңде тағы 90 орындық екiншi балабақшаның құрылысын бастадық. Нысан шағын болғандықтан, оны 1 қыркүйекте ашуды жоспарлап отырмыз», — дейдi Гарик Бернецян.

Өңiр басшысы салынып жатқан нысанға коммуникацияларды жедел тарту бойынша мәселенi шешудi тапсырды.

«Күзге дейiн коммуникация дайын болады. Сiздердiң мiндеттерiңiз — 140 орынға бөлу жүргiзу үшiн, 16 желтоқсанға дейiн нысанды тапсыру. Бiзге орындар қажет. Қазiр 3-тен 6 жасқа дейiнгi 2900 бала балабақша кезегiнде тұр», — дедi облыс әкiмi.

«Егоровские склады» ЖШС-нiң басшылығы бұдан басқа кiрпiш шығаратын кәсiпорын ашуды жоспарлап отыр. Қызылжар ауданынан балшық алатын орын белгiленген, тәлiгiне 150 мың дана кiрпiш шығаруға қауқарлы құрал-жабдық жеткiзiп беру туралы келiсiмге қол қойылған көрiнедi.

Петропавлда МЖӘ аясында бiрнеше әлеуметтiк маңызы бар нысандар бой көтеруде

Петропавлда МЖӘ аясында бiрнеше әлеуметтiк маңызы бар нысандар бой көтеруде

Петропавлда МЖӘ аясында бiрнеше әлеуметтiк маңызы бар нысандар бой көтеруде

Петропавлда МЖӘ аясында бiрнеше әлеуметтiк маңызы бар нысандар бой көтеруде

Петропавлда МЖӘ аясында бiрнеше әлеуметтiк маңызы бар нысандар бой көтеруде

Петропавлда МЖӘ аясында бiрнеше әлеуметтiк маңызы бар нысандар бой көтеруде

Петропавлда МЖӘ аясында бiрнеше әлеуметтiк маңызы бар нысандар бой көтеруде

Мақаланың шыққан күні 07.06.2017
Қаралым саны: 758
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы