A- A A+
СҚО-да Орталық азиядағы ең iрi ет комбинаты iске қосылатын болады

Мақаланың шыққан күні 18.05.2017

СҚО-да Орталық азиядағы ең iрi ет комбинаты iске қосылатын болады

Тайынша ауданына жұмыс сапары кезiнде Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов Чермошнянск ауылдық округiндегi ет комбинатының өндiрiстiк ғимаратымен танысты. Кәсiпорын немiс технологиясы бойынша салынған және союға дейiнгi мал ұстау базасымен, санитарлық сою алаңымен, ет-май, тоңазытқыш, ет өңдейтiн, техникалық фабрикаттар және өрттеу цехтарымен жарақтанған. Өңiр басшысы зауыттың жұмысын жандандыру еттi тереңдетiп өңдеуге мүмкiндiк беретiндiгiн және экспортқа бағдарланған өнiм алуға жағдай жасайтындығын атап айтты. Өйткенi Орталық Азияда оған тең келетiн кәсiпорын жоқ.

«Ет комбинатының жобалық қуаттылығы — 15 мың тонна салқындатылған ет пен 9 мың тонна шұжық өнiмдерi. Бұл — қомақты әлеует. Бiз өнiмдерiмiздi Ресей Федерациясына экспорттауға ниеттiмiз. Бiз өзiмiзбен шекаралас үш өңiрдiң үкiметiмен бiздiң тауар өндiрушiлердi кiргiзу үшiн, сауда алаңдарын iздеуге келiсетiн боламыз. Ет комбинатының процесi ұзаққа созылып кеттi. Ол iс жүзiнде салынғаннан берi жұмыс iстеген жоқ, тiптi пайдалануға берiлгендiгi жөнiнде актi де жоқ. Қазiр барлық iс тездетiлдi. Оны 1-1,5 айдан кейiн iске қосамыз. Мұнда 100 жұмыс орны ашылатын болады», — дедi Құмар Ақсақалов.

Бұдан басқа, өңiр басшысы Новоивановка ауылындағы шошқа кешенiнде де болды. Ол бiрегей нысан. Оның жобалық қуаттылығы 100 мың бас шошқаны бордақылауға арналған, ол жылына 4 мың тонна ет алуға мүмкiндiк бередi. Онда кеңейту мәселесi де жоспарлануда. Бүгiн нысан жүктемесiз және инвестиция тартуды қажет етедi. Облыс әкiмi барлық қажеттi iстер тездетiлуi керектiгiн атап айтты. Биыл «Биохим» жұмысы жанданатындығын да атап айту керек, күзде астық сатып алу жоспарлануда. 250 мың тоннадай астық тереңдетiлiп өңделмек, одан глютен мен крахмал алынатын болады.

Одан кейiн Құмар Ақсақалов «Вишневское» ЖШС алқабында көктемгi егiстiң барысымен танысты және ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездестi. Өңiр басшысы тұқым себу тереңдiгiн байқап көрдi. Тайынша ауданы биыл 640 мың гектар алқапқа тұқым сепкелi отыр. Көктемгi науқанға 91 ауыл шаруашылығы кәсiпорны, 303 шаруа қожалықтары мен фермерлiк шаруашылықтар қатысуда. Облыс әкiмi тұқым, тыңайтқыш және жанармаймен қамтамасыз етiлу жағдайын сұрап бiлдi. Әңгiме барысында Құмар Ақсақалов жердiң әлеуетiн толық пайдалану қажеттiгiне назар аударды.

«Бiздiң өңiрiмiздi дамытудың негiзi ауыл шаруашылығы деймiз, сондықтан барлық шығын, барлық сервис, сауда, шағын және орта бизнес,оқыту, кадрлар осы ауыл шаруашылығына қызмет етуi керек. Бiздiкiндей ең құнарлы жер ешкiмде де жоқ. Бiздiң мiндетiмiз ет, сүт, астық өндiрiп, сосын оны ұқсатуға жiберу», — дедi облыс әкiмi.

Жұмыс сапары кезiнде Құмар Ақсақалов «Тайынша-Астық» ЖШС-да болып, мал бордақылау алаңымен, озық техникалар мұражайымен, жөндеу зауытымен, мал шаруашылығы және сүт кешенiмен танысты.

Өңiр басшысымен әңгiмелесу кезiнде серiктестiк директоры Анатолий Рафальский голштин-фриз тұқымды сиырдың әрқайсысынан 8100 литр сүт сауылатындығын жеткiздi.

Шетел технологиясы бойынша салынған кәсiпорын 2 мың басқа арналған, онда «Авторотор Глобал» карусел сүт сауу қондырғысы орнатылған. Нысан үш мал, бұзау қорасымен, сүт сауу және мал төлдету орталығымен жарақтанған, сол сияқты сорғы, механикаландырылған қи жинайтын, жемазық тарататын, суаратын және жемазық цехтары да бар.

Анатолий Рафальский өнiмдер Қазақстанның басқа өңiрлерiнде ғана емес, Ресей Федерациясында да мол сұранысқа ие екендiгiн тiлге тиек еттi.

«Бiздiң өнiмiмiздi тұтыну жоғары. Сондықтан мал шаруашылығын дамыту керек деймiз. Осылай ұқсатып, жақсы нәтижелермен сату керек. Сұраныс өте көп. Бос жүрген бiздiң адамдарымызға жұмыс — бұл. Сондықтан бiз ынталандырамыз, көмектесемiз, сұраймыз, талап етемiз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Жұмыс сапарының соңында өңiр басшысы Ильичевка ауылындағы «Тайынша май» ЖШС- қазақстан-қытай кәсiпорнына соқты. Компания директоры Дәурен Тұрапбековтiң сөзiне қарағанда, жыл басынан берi 3400 тонна рапс өңделген. Зауытта шығарылатын май ҚХР-ға экспортталуға бағдарланған, күнжара Қазақстан бойынша сатылады. Нысанда ауылдың және көршi елдi мекендердiң 50 адамы жұсыс iстейдi.

«Өте жақсы жоба. Өзiмiздiң облыста өсiремiз, өзiмiзде өңдеймiз, сосын экспортқа шығарамыз, бiз осыған келе жатырмыз. Майлы дақылдар өндiрiсiн көбейту және экспорттық әлеуеттi арттыру үшiн, тағы да кемiнде осындай екi зауыт керек», — дедi өңiр басшысы.

СҚО-да Орталық азиядағы ең iрi ет комбинаты iске қосылатын болады

СҚО-да Орталық азиядағы ең iрi ет комбинаты iске қосылатын болады

СҚО-да Орталық азиядағы ең iрi ет комбинаты iске қосылатын болады

СҚО-да Орталық азиядағы ең iрi ет комбинаты iске қосылатын болады

СҚО-да Орталық азиядағы ең iрi ет комбинаты iске қосылатын болады

Қаралым саны: 4266
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы