A- A A+
ҚР Премьер-Министрi Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстiк Қазақстан облысына барды

Мақаланың шыққан күні 16.11.2019

ҚР Премьер-Министрi Асқар Мамин ҚР Тұңғыш Президентi — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттiк бағдарламасының, «Қарапайым заттар экономикасының», сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Солтүстiк Қазақстан облысын әлеуметтiк-экономикалық дамыту бойынша берген тапсырмаларының iске асырылуын қамтамасыз ету аясында өңiрге жұмыс сапарымен барды.

Петропавл қаласында ҚР Үкiметiнiң басшысы жобалық қуаттылығы жылына 6 мың тонна сұйық және қатты сабынды құрайтын, тұрмыстық химия тауарлары мен жуу құралдарын шығаратын «Рим — ҚазАгро» ЖШС фабрикасының ашылу рәсiмiне қатысты. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының аясында кәсiпорын Қазақстандағы мал және өсiмдiк майларын экологиялық таза өнiмге — осыған дейiн импортталып келген сабын түйiршiктерiне өңдейтiн алғашқы өндiрiс болмақ.

А. Мамин Қазақстанның машина жасау саласының көшбасшылары — «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ мен «Петропавл ауыр машина жасау зауытының» (ПАМЗ) технологиялық жаңғыртылу барысымен танысты.

С.М. Киров атындағы зауыт 2,2 млрд теңгеге заманауи станоктар алды. Жаңа цехта көпқабатты платалар — барлық тұрмыстық техника бөлшектерi өндiрiледi. Қазақстанда бұл жабдықтың баламасы жоқ. Биыл зауыт қазақстандық брендпен заманауи компьютерлiк техника өндiрiсiн игередi, бұл отандық ақпараттық жүйелердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң және электронды өнеркәсiптi дамытудың маңызды факторы болмақ.

ПАМЗ 39 заманауи өнiмдiлiгi жоғары станоктар сатып алды, барлық технологиялық процесс компьютерлендiрiлген. Тез бұзылатын өнiмдердi тасымалдауға арналған термос вагондарды шығарудың жаңа желiсi ашылды. Осы жылдың қорытындысы бойынша зауыт өнiмдерiнiң көлемiнiң 9,4 млрд теңгеге дейiн өсiмi күтiлуде, бұл өткен жылдың көрсеткiшiнен 2,5 есеге артық (3,4 млрд теңге).

Үкiмет басшысы Петропавл қаласындағы «Шығыс» ықшамауданында 530 төсек-орынға шақталған көпбейiндi облыстық аурухана құрылысы жүргiзiлiп жатқан жерде капсула салу рәсiмiне қатысты. Жобаны 2022 жылдың ортасына қарай мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк аясында «YDA Holding» түрiк инвесторы жүзеге асырады. Нысан құны — 50 млрд теңге, 350-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады. 200 жергiлiктi дәрiгер шетелде бiлiктiлiктi арттыру курсынан өтедi.

Тайынша қаласының аттас ауданында А. Маминнiң қатысуымен «Bio operations» зауытының екiншi желiсi — крахмал мен желiмтегiн өндiретiн цех iске қосылды. Өндiру және өңдеу көлемiн 2 есеге арттырып, жылына 300 мың тоннаға дейiн жеткiзу жоспарланған. Кәсiпорын тартқан инвестициялардың жалпы сомасы 11 млрд теңгеден асады. Биыл желтоқсан айында биоэтанол шығару цехын iске қосу көзделген. Толық қуаттылығына шыққан соң кәсiпорын жұмыскерлерiнiң саны екi есеге, 500 адамға дейiн ұлғаяды.

Қызылжар ауданы Новоникольское ауылында Премьер-Министр Есiл өзенi арқылы өтетiн жаңа автомобиль көпiрiнiң ашылу рәсiмiне қатысты, жоба мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк аясында салынған. Бұрын су тасқыны кезiнде ескi көпiр су астында қалатындықтан, ауыл тұрғындарының сыртпен байланысы үзiлетiн. Жаңа көпiр 10 елдi мекеннiң арасын жалғайды.

Жыл басынан берi Солтүстiк Қазақстан облысында өнеркәсiптiк өнiм өндiрiсiнiң көлемi 193,8 млрд теңгенi құрады, бұл өткен жылғы кезеңнен 1,1%-ға артық, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнiм көлемi — 585 млрд теңге (+2,6%).

Қаралым саны: 785
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы