A- A A+
Қазақ халқының әлiпбиi осыған дейiн 4 мәрте өзгерген

Мақаланың шыққан күні 19.09.2017

Қазақ халқының әлiпбиi осыған дейiн 4 мәрте өзгерген

1929 жыл. «Кеңес ауылы» газетi — қазiргi Солтүстiк Қазақстан. Дәл осы уақытта қазақ халқы араб жазуынан латын графикасына көше бастаған.

Аталмыш мерзiмдi баспасөздiң 6-шы наурыз күнгi санында латын әлiпбиi қалың жұртшылыққа ұсынылды. 29 ғана әрiптен тұратын графикада қазiргi кезде кириллицада қолданылатын кейбiр қазақтың төл дыбыстары да болыпты. Ал, жыл ортасына қарай газетте арнайы латын әлiпбиiн оқуға арналған айдар ашылады.

Сабира Жүнiсова — СҚ мемлекеттiк архивiнiң архивисi:

— 1929 жылдың басында латын әлiпбиiмен жазылған мақалалар саны бiртiндеп арта бастады. Қазақ ауылдарында осы графиканы үйрету бойынша жұмыстардың нәтижесi мақала ретiнде «Кеңес ауылы» газетiнде басылды. Сондай-ақ, оқырмандарға арналған латын әлiпбиiн оқыту бойынша сабақтар жүргiзiлдi. Онда әрбiр әрiптiң дыбысталуы мен жазылуына мән берiлген.

Жалпы, қазақ халқының әлiпбиi 4 мәрте өзгерген. Алдымен түрiкше, кейiн арабша жазып 20-шы ғасырдың басында латын қарпiне көштi. Төте жазуға әбден үйренсе де, ел тұрғындары бұл өзгерiстi оң қабылдапты. Ал, аға буын өкiлдерi үшiн арнайы сабақтар жүргiзiлген. Сөйтiп, 30-шы жылдарға қарай мерзiмдi баспасөзден бөлек, барлық құжаттар, қаулылар мен оқулықтар латын графикасымен жазылған. Қазiр, сол уақытта «Кенес ауылы» газетiнде жарияланған мақалаларды жастар қиналмай-ақ оқи алады. Себебi, олар ағылшын тiлiн, ал ең бастысы соның негiзiндегi латын жазуын меңгерген. Сондықтан, елiмiздi алда күткен өзгерiстерге де, жас буын оңай үйренiп алады дейдi мамандар.

Сәуле Мәлiкова — СҚ мемлекеттiк архивiнiң директоры:

— Латын әлiпбиi — Қазақстанның халықаралық дәрежедегi беделiн арттырады. Сондай-ақ, заманауи технологияларды меңгеруге септеседi. Бiз өз елiмiздi барша әлемге жаңа қырынан танытамыз.

Қазiргi кезде түркiтiлдес елдердiң бiрқатары латын әлiпбиiн қолдануда. Бұндай өзгерiс бiздiң халық тарихында да орын алған. Сол себептi, латын жазбасына негiзделген қазақ тiлiнiң жаңа әлiпбиi төл тiлiмiздiң ерекшелiгiн және өзге мемлекеттердiң тәжiрибесiн ескере отырып жасалмақ.

http://mtrk.kz/kz/mtra-zhanalyktar/madeniet/22103-v-oblastnom-arxive-rasskazali-kak-perexodili-na-latiniczu-v-29-godu-proshlogo-veka.html

Қаралым саны: 579
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы