A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Венеция комиссиясы Қазақстанның конституциялық реформасына оң қорытынды бердi

Венеция комиссиясы Қазақстанның конституциялық реформасына оң қорытынды бердi

ҚазАқпарат — Бүгiн ҚР Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында ҚР Конституциялық кеңесiнiң төрағасы Игорь Рогов «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйi» атты Конституциялық кеңес Жолдауын жария еттi, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мұның алдындағы Жолдау жария етiлгеннен кейiнгi жыл iшiнде Қазақстан мемлекеттiлiгi мен оның конституциялық эволюциясы үшiн айтулы оқиғалар болды. ҚР мемлекеттiк Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы мерекелендi және Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңын қабылдау арқылы iске асырылған конституциялық реформа жүргiзiлдi», — дедi Игорь Рогов.

Жолдауда 2017 жылғы конституциялық реформа Қазақстанның барынша дамыған отыз елдiң қатарына кiруi тұрғысында қоғам мен мемлекеттi ретiмен жан-жақты жаңғырту жолындағы заңды кезең болғаны атап өтiлген. Сонымен қатар оның республика Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институттық реформасының орындалғанын көрсететiндiгi, Қазақстанның үшiншi жаңғыру кезеңi аясында сапалы өсуi және жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк жағдайында елiмiздiң берiк ұстанымының қамтамасыз етiлуi үшiн саяси-құқықтық алғышарт жасайтындығы айтылған.

«Айрықша қорғалатын конституциялық құндылықтар тiзбесiнiң кеңейтiлуi, атап атйқанда, оның мемлекет тәуелсiздiгiмен, Тәуелсiз Қазақстанның негiзiн салушы, ҚР Тұңғыш Президентi — Елбасы iргесiн қалаған республика қызметiнiң түбегейлi принциптерiмен және Елбасы мәртебесiмен толықтырылуы заңнамалық және институттық деңгейлерге барабар кепiлдiктер алуы тиiс», — деп атап өттi Конституциялық кеңес төрағасы.

Конституциялық кеңес Жолдауына Еуропа кеңесiнiң құқық арқылы демократия үшiн Еуропалық комиссиясы (Венеция комиссиясы) 2017 жылдың 10 наурызындағы 110-жалпы сессиясында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңның жобасы бойынша оң қорытынды бергенi айтылған. Венеция комиссиясының пайымынша: «Қазақстандағы конституциялық өзгерiстер мемлекеттi демократияландыру процесiндегi алға басылған қадам болып табылады. Реформа елдiң одан ары дамуына дұрыс бағыт бередi және айқын прогрестiң куәсi болып табылады. Тұтас алғанда Парламенттiң және атап айтқанда, оның палаталарының рөлiн жоғарылату, Президенттiң кейбiр қызметтерiн Үкiметке беру, оның парламентке есеп беруi және бақылауында болуы тетiктерiн күшейту 1998 және 2007 жылдары жүргiзiлген конституциялық реформалардың логикасына сәйкес келетiн оң өзгерiс болып табылады».

Мақаланың шыққан күні 19.06.2017
Қаралым саны: 97
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы