A- A A+
Венгрия жыл сайын қазақстан студенттеріне 200 білім грантын бөледі

Мақаланың шыққан күні 01.03.2018

2018 жылдың 28 ақпанында Будапештте (Мажарстан) жоғары оқу орындарының ректорларының Мажарстан-Қазақстан форумы өттi. Форум жұмысына Қазақстан және Мажарстанның 60-тан астам университеттерiнiң өкiлдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Мажарстанның адам ресурстарын қорғау министрлiгiнiң және Мажарстандағы Қазақстан Республикасының Елшiлiгiнiң өкiлдерi қатысты.

Ашылу рәсiмi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi Қайрат Әбдiрахмановтың, Бiлiм берудiң мемлекеттiк министрi Лазло Палковичстiң, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым вице-министрi Бибiгүл Асылованың және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесiнiң төрағасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң ректоры Ерлан Сыдықовтың құттықтау сөздерiмен басталды.

Форумның басты мақсаты екi ел арасындағы, сондай-ақ екi елдiң университеттерi арасындағы екi жақты ынтымақтастықты дамыту және нығайту болды.

Форумның жұмыс бөлiмi Қазақстандағы бiлiм реформасын, жоғары бiлiм беру жүйесiн, сондай-ақ Қазақстандағы бiлiм берудi дамытудың басым бағыттарының енгiзiлуiмен басталды.

Пленарлық мәжiлiсте Мажарстан мен Қазақстан тараптары Қазақстан мен Мажарстан арасындағы бағдарлама аясында одан әрi ынтымақтастық және даму бойынша баяндамалар жасады, сондай-ақ екi елдiң университеттерi арасындағы серiктестiктi нығайту туралы пiкiр алмасты.

Форумның қорытындысы бойынша екi елдiң университеттерi арасында 15-тен астам келiсiм-шарт жасалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ректорлары кеңесi мен Мажарстан ректорлары конференциясы арасындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қойылды.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым вице-министрi Бибiгүл Асылова Мажарстанның Мемлекеттiк бiлiм хатшысы Ласло Палковичспен екi жақты кездесу өткiздi.

Кездесу барысында бiлiм және ғылым саласындағы мәселелер, сондай-ақ 2013 жылғы 19 қарашада қол қойылған Бiлiм және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Мажарстан Республикасының адам ресурстары министрлiгi арасындағы Келiсiмдi кеңейтуге байланысты мәселелер талқыланды.

Қаралым саны: 672
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасыДорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы