A- A A+
Жыл соңына дейiн 750 солтүстiкқазақстандық әскер қатарына шақырылмақ

Мақаланың шыққан күні 14.09.2017

Қазiр әскер қатарына шақырылған жiгiттер облыстық қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментте дәрiгерлердiң қарауынан өтiп жатыр. Отан қорғаушылар қатарына қабылдану үшiн әр бозбала ең алдымен медициналық тексерiстен өтуi тиiс. Бұл болашақ сарбаздың бойындағы дерттердi анықтауға мүмкiндiк бередi.

Еркiнбек Байболов, СҚО қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментiнiң бастығы:

— Олар, сондай-ақ, наркологиялық тестiлеуден өтуi тиiс. Гепатит, туберкулез ауруларын анықтайтын зертханалық тексерiстер мен психологиялық сынақ та мiндеттi. Биыл мұндай сынақтан әскерге шақырылғандардың 86 пайызы сәттi өттi.

Осы жолы 750 солтүстiкқазақстандық Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылмақ. Айта кетейiн, күзгi шақырылым басталғалы терiскейлiк бозбалалардың бiрiншi легi Атырау қаласындағы 2018 әскери бөлiмiне аттанған.

Мақсат Мұқанов, СҚО қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi бастығының орынбасары:

— 27 қыркүйекке дейiн шекара әскерлерi қатарына 160-қа жуық жiгiттi жiбермекпiз. Қазан айының басында әскери борышын Қорғаныс министрлiгiнде өтейтiн 200-ден астам азаматты жөнелту жоспарлануда. Қараша мен желтоқсанда 20 бозбала мемлекеттiк қорғаныс қызметiне аттанады.

Ал, азаматтық борышын өтеуден жалтарған азаматтар әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады.

Жанат Оспанов, Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының прокуроры:

— Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқықбұзушылықтар туралы» Кодексiнiң 647 және 648-баптарына сәйкес әскерге шақыру қағазы бойынша келмеген және мiндеттi медициналық тексерiстен өтпеген азматтарға 5 АЕК көлемiнде айыппұл салынады. Ал, «Қылмыстық кодекстiң» 387-бабына сәйкес әскери борышын өтеуден түрлi себептермен жалтарған азаматтар 1000 АЕК көлемiнде айыппұл төлейдi немесе 3 жылға бас бостандығынан айырылады.

Жерлестерiмiз Отан алдындағы борышын облыс орталығында да өтей алады. Қаладағы әскери-техникалық мектепте 24 пен 27 жас аралығындағы азаматтар 40 күн iшiнде әскери саланың қыр-сырын меңгеру мүмкiндiгiне ие. Әскери дайындықтан өтудiң бұл тәсiлi тегiн емес. Құны 263 мың 318 теңгенi құрайды.

Қаралым саны: 381
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы