A- A A+
Әкiмдiк отырысы

Мақаланың шыққан күні 07.08.2017

Әкiмдiк отырысы

Солтүстiк Қазақстан облысы басшылығымен өткен әкiмдiк отырысы тағайындаулардан басталды.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен облыс әкiмi аппаратының әдеп жөнiндегi өкiлеттi өкiлi болып Дулат Қаратайұлы Тайшабай тағайындалды.

Дулат Қаратайұлы 1979 жылы Солтүстiк Қазақстан облысындағы Тимирязев ауданының Хмельницкое ауылында туған.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнде, Солтүстiк Қазақстан заң академиясында құқық негiздерi және экономика, юриспруденция мамандықтары бойынша бiлiм алған.

2000 жылы еңбек жолын Тимирязев ауданының «Мичуринский» ЖШС-де экономист-заңгер болып бастады.

2001 жылы Петропавл қаласындағы «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының облыстық филиалында жетекшi маман қызметiн атқарды.

2001-2003 жылдары облыстық әдiлет басқармасының АХАЖ бөлiмiнiң бас маманы болды.

2003-2005 жылдары аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы соттары әкiмшiсiнiң сот атқарушысы болып қызмет еттi.

2005-2017 жылдары Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi облыстық департаментiнiң бас маманы қызметiнiң басқарма басшысына дейiнгi өсу жолынан өттi.

2016 жылдан осы тағайындауға дейiн Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi облыстық департаментiнiң мемлекеттiк қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы болды.

Сондай-ақ Солтүстiк Қазақстан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiң басшысы Серiкбай Хәлiмұлы Қасмақасов таныстырылды.

Әкiмдiк отырысында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтiк мәселелерi бойынша орынбасары Анархан Дүйсенованы басқа лауазымға ауысуымен құттықтады.

Бұдан басқа, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры болып Алмат Тұңғатұлы Қожахметов тағайындалды.

Кейiн әкiмдiк отырысы барысында үстiмiздегi жылдың 1 жартыжылдығы бойынша жергiлiктi полиция қызметiнiң қорытындылары, елдi-мекендердегi қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мәселесi қарастырылды.

Әкiмдiк отырысында облыстық iшкi iстер департаментi жергiлiктi полиция қызметiнiң бастығы, полиция полковнигi Қанат Айтбаев өзi басқаратын ведомствоның бiрiншi жартыжылдықтағы қызмет қорытындысы туралы айтып бердi. Баяндамашының ақпараты бойынша, жарты жыл iшiнде өңiрiмiздегi криминогендiк ахуал бiршама жақсарып, өңiрдегi жалпы қылмыс саны 28,1 пайызға азайған. Үстiмiздегi жылдың алты айында құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысты атқарылған жүйелi жұмыстардың нәтижесiнде облыс аумағындағы жалпы қылмыстар саны — 32,6 пайызға, аса ауыр қылмыс — 51,7 пайызға, ал ауыр қылмыс 36 пайызға кемiген.

— Жыл басынан берi облыс аумағында 269 бейнебақылау құрылғысы орнатылды. Оның 80-i — облыс орталығында, 189-ы аудандарда жұмыс iстейдi. Құқық бұзушылықтың алдын алудағы тиiмдi әдiстiң көмегiмен қылмыстың 90 фактiсi тiркелiп, 5815 әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталды. Құрылғылардың көмегiмен 257 млн. теңгенiң айыппұлы салынды, — дедi Қанат Айтбаев.

Жасөспiрiмдер арасындағы қылмыстарды азайту мақсатында ювеналды полиция қызметкерлерi де жастар көп жиналатын орындарда жүйелi түрде рейдтер жүргiзуде. Бiрiншi жартыжылдықта 101 кәмелетке толмаған жас пен 70 жайсыз отбасы арнайы есепке қойылды. Есептi кезеңде 26 адам ата-ана құқығынан айырылса, кейбiреуiнiң құқығы шектелген. Жыл басынан берi 98 бала облыстық кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталығына, 5 жасөспiрiм девиантты тәртiбi бар балаларға арналған арнайы мектепке орналастырылған.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов жергiлiктi полиция қызметiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға қосымша бөлiнген 300 миллион теңге қаржының бүгiнге дейiн толық игерiлмеуiн сынға алып, жергiлiктi полицияның өз қызметiнде ашықтықты қамтамасыз етуге күш салуы қажеттiгiн ескерттi.

Отырыста облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Анатолий Усольцевтiң да хабарламасы тыңдалды. Оның деректерiне сәйкес, бүгiнде облыс бойынша алты жүзге жуық қатты тұрмыстық қалдықтар алаңы бар екен. Өкiнiшке қарай, олардың басым бөлiгi қолданыстағы экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келмейдi. Белгiлi болғандай, қазiргi уақытта қоқыс алаңдарының тек 214-iнде жер актiлерiнiң құжаттары рәсiмделген болса, 14-iнде ғана құжаттары бар.

— Бүгiндерi облыс бойынша 21 кәсiпорын қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жұмыстарын жүргiзумен айналысады. Олардың 9-ы қалдықтарды, қоқыстарды қайта өңдейу iсiн қолға алған. Алғашқы жартыжылдықта бұл кәсiпорындар 1638 тонна қоқысты сұрыптап, қайта өңдеуге жiбердi. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда 457 тоннаға артық, — дедi Анатолий Федорович.

Биыл өңiрiмiзде «Промотход Казахстан» ЖШС-i жылына 10 мың тонна өндiрiстiк және медициналық қалдықтардың барлық түрлерiн залалсыздандырумен айналысатын кәсiпорнын ашпақ. Ал «ВторПластСКО» ЖШС-i пластикалық шөлмектердi қайта өңдеумен айналысатын кәсiпорнын жыл соңына дейiн пайдалануға берудi жоспарлап отыр.

Өңiр басшысы Құмар Iргебайұлы аудан әкiмдерiне ауылды жерде қараусыз жатқан қатты тұрмыстық қалдықтар алаңдарын тәртiпке келтiрудi тапсырып, бұл мәселенi жеке бақылауына алатынын ескерттi.

Әкiмдiк отырысы

Әкiмдiк отырысы

Қаралым саны: 3275
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы