A- A A+
Ардагерлер арасында бокстан турнир өтуде

Мақаланың шыққан күні 28.08.2019

Облыс орталығында бокстан «Ринг патшасы-2019» ашық облыстық турнирi өтiп жатыр. Дүбiрлi доданың басқа сайыстардан ерекшелiгi — мұнда жасы 35-тен асқан ардагер спортшылар бәсекелеседi. Турнир жүлдесiн 30-дан астам спортшы сарапқа салып жатыр.

Терiскей төрiне тiгiлген шаршы алаңда жұдырық түйiстiруге ел аумағынан бөлек, Ресей елiнiң спортшылары да ат терлетiп келiптi. Бүгiн — сайыстың екiншi күнi. Яғни, жартылай финал.

Руслан Есеналин — СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

– Биыл дәстүрлi «Ринг патшасы» турнирi 3-шi мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұл — тек Қызылжар өңiрiнде ғана қолға алынған бастама. Мұндай қызықты әрi тартысты сайыс елiмiздiң ешбiр қаласында өтпейдi. Додада 35 жастан асқан спортшылар өз өнерлерiн ортаға салады. Сайыста ТМД елдерiнен келген жандар да бақ сынай алады.

Күрзi жұдырық иелерiнiң арасында Азия ойындарының чемпиондары, Әлем кубогының жүлдегерлерi мен әскери қызметшiлер арасындағы жаһандық додада атой салған спортшылар мен жаттықтырушылар бар. Тiптi, Олимпиада ойындарының қатысушылары да осында жүр.

Адик Бермешов 63 жаста. Ол турнирде Атырау қаласының намысын қорғап жатыр. Азамат Пайғамбар жасына келсе де тың. Әлi күнге дейiн артынан ерген жастарды боксқа баулып жүр. Өзi де анда-санда қолғап киiп, шаршы алаңға шығады. Бүгiн осы қарым-қабiлетiнiң, қайсарлықтың арқасында 43-тегi қарсыласын тiзе бүктiрдi. Бұл — оның 40 жыл үзiлiстен кейiнгi алғашқы жекпе-жегi.

Адик Бермешов — бокстан КСРО спорт шеберi, Атырау қаласы:

– Мен қазiр Атыраудағы спорт мектебiнде балаларды жаттықтыруды айналысамын. Мұндай жарысқа шықпағалы көп уақыт болды.

Жалпы, жарыста боксшылар 6 салмақ дәрежесi бойынша жұдырық түйiстiруде. Жеңiмпаздар 30-ы күнi анықталады. Жүлдегерлер ақшалай сыйлықпен марапатталмақ. Сонымен қатар, әрқайсысына «Ринг патшасы-2019» белбеуi табысталады.

Бердимурат Баймухан

Ақпарат көзi: mtrk.kz

Қаралым саны: 257
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы