A- A A+
Бескөлде ағаш көмiрiн шығаратын цех ашылды

Мақаланың шыққан күні 28.08.2019

Бүгiн Бескөлде «Ахмутдинов» жеке кәсiпкерлiгi қайың көмiрiн шығаратын цех ашты. Мұнда ағаш өндiрiсiнiң қалдықтары қайта өңделетiн болады. Жергiлiктi ғалымдардың қатысуымен жүзеге асқан экологиялық әрi инновациялық жоба мемлекеттiк бағдарлама аясында қаржыландырылған.

Таспа қиылды! Бескөлде ендi қайың ағашының көмiрi өндiрiлетiн болады. «Ахмутдинов» жеке кәсiпкерлiгi ашқан цех айына 140 тонна өнiм шығаруға қауқарлы. Ағаш көмiрi — әмбебап дүние, бiрақ көбiне металлургия мен тамақ өнеркәсiбiнде қолданылады.

Сермұхамет Оралұлы — «Ахмутдинов» ЖК директоры, Қызылжар ауданы:

– Елдiң тiлiмен айтсақ, кәуап әзiрлеуде пайдаланылады ғой. Көмiрдi өзiмiздiң елде сатамыз, кейiн шет мемлекеттерге шығарамыз деген ойдамыз. Көмiр шығару былай тұрсын, бiз 20-дан артық жұмыс орнын ашып жатырмыз.

«Ахмутдинов» кәсiпкерлiгi ағаш өнiмдерiнiң 60 шақты түрiн жасайды. Ал өндiрiстен қалған қалдықтарды бизнесмен көмiрге айналдыруды қолға алып отыр. Бұл — кесiлген қайыңның әрқайсысы түгелдей кәдеге жаратылады деген сөз. Ал цех қандай қаржыға салынды? Бұл инновациялық жобаға отандық «Ғылым қоры» шамамен 300 млн теңгенiң грантын берiптi.

Құрманғазы Омаров — ҚР БҒМ «Ғылым қоры» АҚ жобалар дирекциясының директоры:

– Бұл жобаның негiзгi мақсаты — СҚО-дағы орман шаруашылығын жоғары деңгейге шығарудың аясында, оның қалдықтарын өңдеудiң экологиялық технологияларын өндiрiске енгiзу болып табылады. Бүгiнгi таңда бiздiң мемлекетiмiзде Қазақстанның ғалымдары мен өнертапқыштарына бағытталған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерiн гранттық қаржыландыру мемлекеттiк бағдарламасы жүзеге асырылып келе жатыр.

Бiрақ, балта тиген орманның орнын толтыру керек қой. Бұл да ұмыт қалмаған. Манағы гранттық жоба аясында кәсiпкерлiк М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-мен бiрлесiп арнайы жылыжай да салыпты. Әзiрге, мұнда қарағай ағашының 4 мың көшетi өсiп жатыр. Алдағы уақытта 400 мыңға дейiн жетпек. Бiрақ, кесiлген қайыңның орнына қарағай отырғызудан не қайыр дейсiз ғой? Ғылыми жобаның жаңашылдығы да осында болса керек.

Тимур Зверяченко — жоба жетекшiсi, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доцентi:

– Бұл экологиялық тұрғыда тиiмдi. Өйткенi, кесiлген қайың ағашының қайта өсетiн қабiлетi бар. Егер балта тиген орманға қарағай көшеттерiн отырғызсақ, қайың ағашы тез әрi биiк болып бой көтередi.

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтердiң нәтижелерiн гранттық қаржыландыру. Бұл бағдарлама отандық өнертапқыштардың тың идеяларын жүзеге асыруға қаржылай көмектесiп, жаңа технологияларды экономикаға ендiруге мүмкiндiк бередi. Бүгiнде ел бойынша баяғдарлама аясында 158 грант бөлiнiптi. 5-уi терiскейде жүзеге асқан.

Саят Ермек

Ақпарат көзі: mtrk.kz

Қаралым саны: 250
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы