Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

2017 жылғы қысқы Универсиада

Бас ақпараттар:

  • Алматыдағы 2017 жылғы қысқы Универсиадаға 55 елден 2 мыңға жуық спортшы қатысады.

  • Жарысты ұйымдастыруға 3 мың ерікті жұмылдырылады (шет ел мен Қазақстанның әр өңірлерінен).

  • Жарыс уақытында 30 мыңға жуық шет елдік қонақ пен турист келеді деп күтілуде.

  • Алматы – студенттер қаласы. Қазақстанның әрбір 4-ші студенті оңтүстік астанада білім алуда.

  • Қысқы Универсиаданы 80 елден 1 млрд адам телеарналардан тамашалайды.

БАС АҚПАРАТТАР

 

Спорттық бағдарлама:

2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада болады. 2017 жылғы қысқы Универсиада 12 спорт түрінен өтеді:

  • биатлон,

  • шаңғы спорты,

  • кёрлинг,

  • коньки спорты,

  • шаңғы қоссайысы,

  • шаңғымен жарыс,

  • шаңғымен тұғырдан секіру,

  • сноуборд,

  • мәнерлеп сырғанау,

  • фристайл,

  • шайбалы хоккей,

  • шорт-трек.

Жарыс 8 спорт нысанында өтеді: «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайы, «Медеу» спорт кешені, «Сұңқар» шаңғы трамплиндер кешені, Б.Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, «Алатау» шаңғы-биатлон кешені, Мұз сарайы, Мұз аренасы және Алматының орталығындағы уақытша спорт кешені. Универсиада тарихында бірінші рет спортшылар жарыс уақытында тұратын Атлеттер қалашығы болмақ.

СПОРТ НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ

 

 















Спорт нысандар құрылысы:

Универсиада нысандарының ашылуы – 12 мың орынды Мұз аренасы, 3 мың орынды Мұз сарайы және Атлеттер қалашығы – Алматы қаласының 1000 жылдығын тойлауға арналған жылы, яғни 2016 жылдың тамыз айында өтеді. Әлемдегі экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан, құрылыс жұмыстары дәл уақытында аяқталады.

Алматы қаласында болатын Универсиада – ең біріншіден, қаладағы бұқаралық спорттың дамуына жаңа күш беретін және қала тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ететін әлеуметтік жоба. Универсиаданың 3 спорт нысанын қазақстандық құрылыс компаниялары жүргізуде.

Универсиаданың жаңадан бой көтеріп жатқан спорт нысандары 2016 жылдың 30 тамызында өткізіледі. Биылғы жылдың 28-ші наурызында Медеу ауданындағы сырғанау алаңы өткізілді, ал шілденің 6-сында бас аренаның, әкімшілік ғимараттың құрылысы және аймақтың абаттандыру жұмыстары аяқталады. Одан бөлек, әкімшілік ғимараттың, бассейннің, 12 мың орынды Мұз аренасының құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, ал негізгі блок 2016 жылдың мамырдың 9-ында тапсырылады. Атлеттер қалашығы алаңының абаттандыру жұмыстары тамыздың 1-інде аяқталады.

Жарыс алдында барлық спорт нысандары халықаралық дәрежедегі жарыстарды өткізе алатындығын растайтын халықаралық сертификациядан өтеді. Қазіргі уақытта Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешені сертификациядан өтті. Универсиада алдында спорт нысандарында 2016 жылдың күзінен бастап тестік жарыстар болады.

Қазіргі таңда 5000 адамға арналған, жарыс уақытында спортшылар тұратын Атлеттер қалашығының құрлыс жұмыстары жүргізілуде. Атлеттер қалашығында әлеуметтік инфрақұрылым (кафе, ресторандар, емханалар, банк бөлімшелері және т.б.) жақсы дамып, көлік торабы кеңейтіледі. Бұл Алматы қаласы Алатау ауданының дамуына қосымша мультипликатифті күш береді.

12 000 және 3 мың адамға арналған Мұз кешендері Универсиаданың ескерткіштері болып қалмақ. Болашақта жыл сайын 800 мың көрерменді қабылдай алатын Қазақстанның ірі спорт нысандарының бірі болады.

Мұз сарайы

Мұз сарайы

Мұз сарайы ең бірінші рет өз жұмысын 2017 жылғы қысқы Универсиада кезінде бастайды. Ареналар, студенттік ойындар аяқталғаннан кейін де қолдануға болатындай мақсатпен арнайы жасалған. Универсиаданың ашылу және жабылу салатанаты, керлинг, мәнерлеп сырғанау жарыстары осында өтеді. Мұз сарайы кәсіпқой спортшылар дайындық жасауға келетін спорттық нысан болады. Аренаның мүмкіндіктерін кез-келген адам қолдана алады. Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатымен бұл нысанда өнімді сақтау мен қызмет көрсету саласындағы қазқамту 50 пайызды құрайды. Құрылыс жұмыстарын «Базис» құрылыс компаниясы жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына 1500 қазақстандық жұмылдырылған.