Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Еңбек каһарманы

Зенченко Геннадий Иванович

Зенченко Геннадий ИвановичСолтүстiк Қазақстан облысының Шал ақын ауданы Приишим совхозында 1937 жылы туды. 1962 жылдан бастап «Ленинский» Совет ауданында (қазiр Аққайын) электрослесарь, мұнай базасының меңгерушiсi, МТМ меңгерушiсi болды. 1968 жылы «Ленинский» совхозының бас инженерi, Совет ауданының «Казсельхоз-техника» одағының басқарушысы. 1976 жылдан бастап Бескөл ауданының( қазiргi Қызылжар) «Новоникольский» совхозының директоры. 1997 жылдан «Зенченко и К» коммандиттiк серiктестiгiнiң Бас директоры. 90 жылдардағы экономикалық дағдарыс кезiнде Геннадий Ивановичтiң дербестiгi, ой-өрiсiнiң кеңдiгi сияқты қасиеттерi оған тек коммандиттi серiктестiкке айналған совхозды жай ғана аман алып қоймай, нарықтық жағдайға сенiмдi қосылуға көмектестi. Тәжiрибелi шаруагер бiрден мемлекеттiң жас Елбасы ұстанған бағыттың келешегiн бағалай алды. Алғашқы президенттiк сайлауынан-ақ Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың сенiмдi өкiлi болған соң жолдастықты өзiннiң iстерiмен дәлелдеу керек деп санады. Елбасының тапсырмасымен сүт шаруашылығының дамыту республикалық жобасын iске асыруда бастаушысы болды. Зенченко Г.И. шаруашылығында 6 мыңнан аса бас iрi қара мал өсiрiледi. Гомитинофризскалық тұқымды 800 басқа сүт комплексiнiң инновациялық жобасы жүзеге асырылып, құрғақ сүт өндiру технологиялық жүйесi енгiзiлдi. 2008 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президентiнiң Жарлығымен ауыл шаруашылық өндiрiсте жоғары көрсеткiштерi үшiн Г.И. Зенченкоға «Қазақстан Еңбек Ерi» даңқы берiлдi. «Құрмет белгiсi», Еңбек Қызыл Ту, екi Отан медальдарымен марапатталды. Солтүстiк Қазақстан облысының Құрметтi азаматы.

Молдабеков Руслан Жұмабекұлы

Молдабеков Руслан ЖұмабекұлыАлматы облысының Қаскелең ауданының Госселекстанция поселкiсiнде 1963 дүниеге келдi.

Алматы халық шаруашылығы институтының есеп-экономикалық факультетiн тәмәмдады.

1984–1986 жж. — Алматы «Союзпечать» құрлыс құралдар министерствосының карьерлiк-басқарудың инженер-экономистi, басқарманың бас есепшiсi. 1986–1992 жж. — ревизор, аға экономист, Республикалық көтерме-бөлшектiк «Казкультгалантерейторг» одақтастығының тексерiс бөлiмiнiң басшысы. 1992–1998 жж. — «Казэкспортастык» МАҚ бас есепшiсi, қаржы директоры, бас директорының орынбасары. 1999–2004 жж. — «Агрофирма Эксимнан» ЖШС Президентi. 2004 жылдан — «Холдинг Казэкспортастык» АҚ директорлар кеңесiнiң төрағасы. 1992 жылғы 8 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысымен «Казэкспортастык» мемлекеттiк акционерлiк қоғам құралды. Руслан Жұмабекұлы соның бас есепшi болып, содан кейiн қаржы директоры, содан аз уақыттан кейiн бас директордың орынбасары болып тағайындалады.

«Казэкспортастык» МАҚ астық өндiруде Қазақстан Республикасының жетекшi компаниясына айналады, қоғам шетелдерге танымал болады.

1998 жылы Р. Молдабеков Солтүстiк Қазақстан облысының ауылшаруашылық кәсiпорындарын жеке инвестициялауды бастайды.

1999 жылы «Агрофирма Эксимнан» ЖШС қоғам құрып, компанияның Президентi болады.

2004 жылы Молдабеков Р.Ж. «Агрофирма Эксимнан» ЖШС-гiн қайта құру арқылы «Холдинг Казэкспортастык» АҚ-ын құрайды және оның директорлар кеңесiнiң төрағасы болады.

«Холдинг Казэкспортастык» АҚ май дәндi дақылдарының iрi өндiрушiсi және экспорттаушысы болып табылады, ауылшаруашылық техника және өсiмдiктер мен тұқымдарды қорғау құралдары дистрибуциясының лизингi бойынша Қазақстан Республикасында жетекшi орындар алады.

Ауылшаруашылық саласының дамуына қосқан зор үлесi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылдың 11 қарашасындағы Жарлығымен Молдабеков Руслан Жұмабекұлына «Қазақстанның Еңбек Ерi» даңқы берiлдi.

Алазов Мағауия Алазұлы

Алазов Мағауия Алазұлы1936 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайын ауданы Үшқызыл ауылында дүниеге келдi. Еңбек жолын 1954 жылы әр түрлi жұмысты атқаратын адам болып бастады. 1957–1961 ж. Совет ауданы «Ленинский» совхозында тракторшы болды;

1961 жылдан және зейнетке шыққанша дейiн тракторшы, кейiн қазiргi Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданының «Новоникольский» совхазында трактор-егiншiлiк жер бригадасының басшысы болды. 1996 жылдан берi зейнет демалысында.

Мағауия Аласов 40 жыл бойы өзi қожайын болып өскен жермен тығыз байланыста болды, өмiр бойы диқаншының жоғары атағын абыроймен ұстай келе өзiнiң шәкiрттерiне комбайыншының шеберлiгiн, диқаншы атағының өсиетiн тапсырды.

1976–1980 жж. К-700 тракторында 3874 гектар жылдық орташа өнiмдеуге жеттi.

1981 жылы 15000 центнерден астам бидай жармалады.

(1976–1980 жж.) оныншы бес жылдықтағы жоспарларды орындауда жоғары көрсеткiштерi үшiн М.А. Алазовқа 1981 жылы Социалистiк Еңбек Ерi даңқы берiлдi.

Еңбек Қызыл Ту, екi мәрте Ленин ордендерiмен марапатталды.


Киричек Василий Егорович

Киричек Василий ЕгоровичКөкшетау облысы Рузаев ауданы Червонное селосында 1940 жылы дүниеге келдi.

1968 жылдан бастап «Червонный» созхозының №2 трактор-егiншiлiк бригадасының басшысы болды.

1954 жылы Червонное жетi жылдық мектебiн бiтiрдi. Содан кейiн 1956 году Лобанов профтехучилищесiнде.

1957 жылы Көкшетау облысы Куйбышев ауданы «Червонное» совхозында еңбек жолын бастады.

(1971–1975 гг.) оныншы бес жылдықтың қорытындысы бойынша және гектардан 24.2 центнер бидай өнiмдiлiгiн алғаны үшiн СССР Жоғарғы Кеңесi президиумының Жарлығымен В.С.Киричек 1976 жылы Социалистiк Еңбек Ерi даңқы берiлдi.

1980 жылы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесiнiң оныншы шақырысында депутат болып сайланды. Василий Егорович зейнет демалысына шыққан уақытқа дейiн «Червонное» ЖШС жұмысын жалғастырды.

Мақаланың шыққан күнi: 2014.10.10 17:29

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2014.10.10 17:29

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесКешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасыҰлттық зияткерлік меншік институты
ТИЦ