Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Облыс тарихи

Қазақстан аумағында адам 1 млн. жылдан астам уақытта пайда болды, оны табылған көне палеолит дәуiрiнiң еңбек құралдары дәлелдейдi. Ада мустьер дәуiрiнде қазақстандық ұсақ шоқыларының солтүстiгiне дейiн және жоғары палеолитте (35-40 мың жыл бұрын) қазiргi Қазақстанның солтүстiк шекарасына дейiнгi жерлерде қоныстанған. 1940 жылы Петерфельд с. құдық қазған кезде 18 метр тереңдiкте ағаш көмiрi, тастан жасалған құралдар және өңдеудiң iздерi бар мамонт сүйегi табылды. Бұл олжалы заттың қай уақытқа жататынын айқындау қиын, алайда ол палеолит мұз кезеңiне жататыны даусыз.

Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи жағдайы, оның ландшафты, климаты, флорасы мен фаунасы плейстоцен және голоцен дәуiрлерi аралығында адамдардың белсендi қоныстауына қолайлы жағдай жасады. Оған тиiстi гирдо жүйенiң болуымен қатар, негiзi өзендер — Есiл, Тобыл және Ертiс ағындарының меридиандық бағыты ықпалын тигiздi. Атап айтқанда, Есiл меридиандық бағытында Солтүстiк Қазақстанның екi облысын кесiп өтiп, ерекше экологиялық гибрид құрып, дала және орманды даланың әртүрлi орфографиялық аудандарын бiрiктiредi. Көне халық Есiл алқабының қолайлы жағдайларын өмiр сүру үшiн кеңiнен пайдаланды. Оны Есiл маңының тас дәуiрiндегi ескерткiштердiң археологиялық картасы дәлелдейдi. Тас ғасырының тұрғылықты орындары мен шеберханалары көне адамдардың тұрмыс құруына, шаруашылық жүргiзуiне барынша қолайлы шағын аудандарды шоғырландырылады.

Палеолит дәуiрi адамдарының қоғамдық ұйымдастырылуы күрделi және ұзақ даму жолынан өттi. Оның бастапқы кезеңi — алғашқы қауымдық құрылыс, ол кезде адамдар бiрлесiп сақтануы мен шабуыл жасауы, аң аулау мен қорық жинау үшiн бiрiккен. Бұл әулетке дейiнгi әлеуметтiк құрылымдағы қоғамдық қатынастар дамымаған, мал шаруашылығы жоқ, сол уақытта ерлi-зайыптық қатынастарда реттiлiк пайда бола басталды.

Мезолит жаңа геологиялық кезең — голоценмен (б.д. дейiн ХII) байланыста, адам планетаның жаңа кеңiстiктерiн, тас өңдеудiң жаңа технологияларын игере бастады. Климат жағдайы, флора мен фаунаның өзгеруiне байланысты аң аулау тәсiлдерi де өзгердi. Жеке нысандар қажеттiлiгi туындайды, садақ пен жеде пайда болады. Тас өңдеудiң макролитикалық дәстүрiнiң орынына жапсырма технологиясымен микролитикалық табақты индустрия келдi.Мезолит дәуiрi Қазақстанның алғашқы тарихындағы ең аз зерделенген кезеңi болып табылады. Мезолиттiң бiрiншi ескерткiштерi 1960-70 жылдары ашылды (Алпысбаев Х.А. — Оңтүстiк Қазақстанда; Медоев А.Г. — Батыс Қазақстанда). Алайда, өз мазмұны және сипаты бойынша табылған кешендердiң бағасы әртүрлi. Солтүстiк Қазақстанда жақсы стратификацияланған ескерткiштер табылды (Виноградовка II,VII, ХII; Куропаткино I; Тельман VII, VIII а, IХ а, ХIV). Егер Солтүстiк Қазақстанда мезолит дәуiрi ескерткiштерiнiң бiрқатар топтары табылса (Явленка, Тельман, Виноградовка мөлтек аудандары), Орталық, Батыс және Шығыс Қазақстанда табылған ескерткiштер едәуiр бөлшектенген және олардың мәдени жiгi сақталмаған.

Адамдардың топтасып орналасуы, мәдени жiгiнiң қуаты мен қанығу дәрежесi қоныстанудың үш түрiн айқындауға мүмкiндiк бередi: үйлерiнiң және әртүрлi құралдарының қалдықтарымен ұзақ мерзiмдi базалық лагерлер, қысқа мерзiмдi маусымдық қоныстану орындары және бiр рет келетiн қоныстар.

Тобыл-Ертiс өзендерi аралағындағы мезолит тайпаларының шаруашылығы иелену үлгiсi шегiнен шыққан жоқ. Ол күрделi кешендi сипатқа ие болып, негiзгi тамақ өнiмдерiн жеткiзетiн салаларға негiзделдi. Бұған көбiнесе мезолит ескерткiштерiнiң ылғалдық кезеңi ауысып тұратын екi ландшафтық аймақта — дала мен орманды далада және континенталды климатта орналасуы ықпалын тигiздi. Осы өңiр қоныстарының фаунасы мен еңбек құралдарының қалдықтарын зерделеу нәтижесiнде мезолит тұрғындарының басымды кәсiбi аң аулау екендiгiн көрсетедi. Олар бұғы, жабайы өгiз бен жабайы сиыр аулауға шығатын, басы тұйық шағын табақтармен жарақтандырылған жебелер, найзалар сияқты алуан түрлi жапсырма бұйымдары аңшылардың лақтыратын қарулары болды. Балық аулау да адам үшiн маңызды бола бастады.

Адамның әлеуметтiк құрылымы да өзгередi. Ұжымдардағы адамдар саны азая түстi, осы кезде қауым iшiндегi адамдардың және халықтың жекелеген топтарының арасындағы қатынастарды реттейтiн құқық негiздерi бар үлкен отбасылық қауым қалыптасты, ұжымдар арасында аңшылық жерлерi бөлiндi. Бұдан басқа, отбасылық қауым iшiнде аңшылық өнiмi мен еңбек құралдарының бөлiнуi және отбасылық қатынастар регламенттелген болуы тиiс болды.

Жалпы тарихи ұғымда неолит «неолитикалық революциямен» байланысты. Қазақстан аумағында және барлық Еуразиялық далалы орманында «неолитикалық революцияның» белгiлерi тiркелмеген. Солтүстiк Қазақстан облысының неолит кезеңiнде Атбасар мәдениетi орналасқан. Ол сырттан келген ықпалға қарай жергiлiктi мезолитикалық тайпалардың материалдық мәдениетi негiзiнде қалыптасты. Әсiресе көрнекi ескерткiштерi — Виноградовка II, Тельман I,Х, Явленка, Карлуга, Боголюбов селолары жанындағы қоныстар. Атбасар мәдениетiнiң барлық қоныстары Есiл және Шағлы өзендерiнiң маңында орналасқан.

Неолиттiң аяқ кезiнде халықтың шаруашылық қызметiнде және тас өңдеу техникасында айтарлықтай өзгерiстер пайда болды.

Бiздiң заманға дейiн III және IV мыңжылдық шекарасында климат жағдайының, демографиялық жағдайдың өзгеруiне байланысты Алдағы Азия мен көршiлес аумағының даласы мен далалы орманына өзiнiң өмiр салты және дәстүрлерi бар жаңа халық келе бастады. Мәдениеттердiң араласуы нәтижесiнде «Ботай мәдениетi» пайда болды, ол кезде шағын түрiнен (нуклеарлық) бөлiнбейтiн түрiне дейiн дамыған отбасы қоғамның негiзiн құрады. Орташа арифметикалық отбасы (10 адам) көне социумның тұрмыс, өмiр салтын және мәдениетiн көрсетедi, олар өмiрiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн жылдық цикл iшiнде кең байтақ аумақтарды игеруге мәжбүр болды. Бiрнеше отбасы экономикалық, мәдени және iлiктiк қатынастармен байланысқан отбасылық экзогамдық қоғам құрды. Көп зерттеушiлердiң пiкiрiнше, соның iшiнде жерлесiмiз тарих ғылымының докторы, профессор В.Ф. Зайберта дуалдық ұйымдасудың пайда болуы энеолитикалық дәуiрдегi өндiрiс шаруашылығының қалыптасу кезеңiндегi жалпы тарихи уақиғаларға қайшы келмейдi. Материалдар бойынша Ботай қоныстары ғаламшарда алғашқы рет жылқы малын Солтүстiк Қазақстанның орманды даласында үй малына айналдырып, үйретiп алды.

ХIХ-ХVIII б.з.д.ғ. қола құю өндiрiсiнiң пайда болуына, үй жанындағы мал шаруашылығының және жер шаруашылығының дамуына байланысты қоғамдық қатынастар да бiртiндеп өзгердi. Оңтүстiк-батыстан келген жаңа көшi-қон толқыны протоқалаларымен (Оңтүстiк Оралда Арқайым) және нығайтылған кенттерiмен (Солтүстiк Қазақстанда Петровка, Новоникольское) жаңа мәдени құрылым әкелдi, онда арбалы-жауынгерлер күзететiн, қола құю өндiрiсiнiң құпиясын сақтайтын адамдар тұрды. әскери арбалары бiрге көмiлген зираттар пайда болды, бұл белгiлi бiр әскери иерархия мен қоғам iшiндегi қатынастардың өзгеруiн көрсетедi. Туыстық тайпалық ұйымдасуға әскери ұйымдасу кiре бастады, болжам бойынша бұл тайпалардың Қазақстан және Оңтүстiк Орал аумағына жылжу кезеңiнде және жаңа аумақта өмiр салтын тұрақтандыру үшiн қоғамдағы басымды ұйымдасу түрi болды. Солтүстiк Қазақстанда осы кезеңге жататын көп ескерткiштер табылды. Алыпқаш және Бағанаты атты андрон тайпаларының қазылған зираттары өте бай материалдарға толы болды. Новоникольское I, Петровка II, Явленка I қоныстарын, Бұрлұқ, Семипалатинское, Амангелдi зираттарын қазған кезде өте бай материалдар алынды.

Қола дәуiр iшiнде палеоклиматтық жағдайдың және халықтың «жергiлiктi» көшi-қонының өзгеруi андрон қоғамының шаруашылық-тұрмыстық және әлеуметтiк құрылымының өзгеруiне, өмiр сүру аумағының кеңеюiне әкелдi.

Климаттың аридизациялау жағдайында көне халықтың тұрмыс құруына қолайлы экономикалық қуыстар қысқара бастады, Новоникольское I және Қарлұға II (Солтүстiк Қазақстанда) сияқты iрi қоныстар пайда болды. Аумақтың кеңеюiне қарай халықтың жалпы тығыздылығы азайды, бiрақ халық өмiр сүруiне қолайлы белгiлi бiр экологиялық қуыстарда шоғырланған.

Андрон мәдени-тарихи қауымы өмiр сүруiнiң соңғы кезеңiнде Орал және Обь өзендерiнiң арасындағы үлкен дала және далалы орман аумағында сарғары және сарғары-алексеевка мәдениетi қалыптасты. Ақмола облысы Атбасар қаласы Жабай өзенi Сарғары шатқалында табырған ескеркiштер кешенi бойынша аталды. Датасы — б.д.д. IХ-VIIғғ.

Әртүрлi үйлердiң болуы және олардың арасында құрбандық кешендерi бар көпбұрышты үйлердiң болуы сол кезде социумдардың рухани және қоғамдық өмiрiнде белгiлi бiр өкiлеттерi бар абыздық басшылардың болғанының дәлелi.

Соңғы жылдары Шал ақын ауданында Бағанаты мен Байқара зираттарының қазбаларын зерттеу тарихтың жаңа беттерiн ашты. Бағанаты зираты қола дәуiрiнен бастап монғол кезеңiне дейiнгi хронологиялық кесiндiнi көрсетедi. Зиратта ертедегi темiр ғасырының тайпалары — сақтар мен сарматтар пайда болған өте көне андрон өркениетi адамдарының сүйектерi табылды. Байқара зираты ғылымда археологиялық ескерткiштердiң жаңа түрiн — храм кешенiн айқындауға мүмкiндiк бердi.

Б.з.д.IХ-VII ғасырларда Қазақстан аумағына жаңа экономикалық тұрмыс салты-көшпендi мал шаруашылығы қалыптасқан тайпалар келедi. Бiржарым-екi ғасыр аралығында шаруашылықтың екi түрi бiрге қолданылады, бiрақ адиризация жағына өзгерген климат жағдайы табын құрамы өзгерген жылжымалы мал шаруашылығының басымды болуына, сәйкесiнше көне халықтың өмiр салтының өзгеруiне ықпалын тигiздi. Қоғамдық қатынастар да өзгере бастайды. Қазақстан аумағында алғашқы көне түрiк мемлекеттерi пайда болады.

Жаңа дәуiр шекарасында төменгi және орта Есiл аумағында угрофин тайпалары қоныстанды. Бiртiндеп, әлеуметтiк-экономикалық факторлар әсерiнен олар Зауралье мен Поволжьеге көштi. Б.д. бiрiншi ғасырларында Қазақстан аумағына ғұн тайпаларының одағы шабуыл жасады. Ғұндар келгеннен кейiн жергiлiктi популяциялардың арасындағы азиат антропологиялық кешеннiң үлесi морфологиялық өзгерiстердiң жалпы көлемiнен ¼ бөлiгiн құрады. Мамандардың пiкiрiнше лингвистикалық тұрғыдан қарағанда ғұндар прототүрiк тiлiнiң негiзiн қалыптастырғанымен қатар, осы өлкенiң жергiлiктi тұрғындары арасында оны табысты енгiзiп кеттi.

Бұл кезеңнен кейiн сақ-үсiн мәдени-тарихи қауымы келдi, осы уақытта қазақ халқының көне ата-бабаларының этникалық және антропологиялық негiзi қалыптасты. Қазақстанның көне индоеуропалық тайпалары және олардың барлық шаруашылық-мәдени дәстүрлерi бiрыңғай ата-баба негiзiн құрып, жергiлiктi тайпалар одақтарының алдағы уақытта даму бағытын айқындады.

Қазақстанның барлық тарихи-мәдени даму нысандарының табиғи тұрақты негiзi ретiндегi бiрыңғай географиялық орта бiрiншi орынға шықты. Бiрқатар мыңжылдықтар аралығында Қазақстан аумағында тұрақты бiр бағыттағы ата-баба нысанының трансформациясы өздiк антропологиялық қауымның нақты ұйытқысының қалыптасуына, сондай-ақ Қазақстан халқының этномәдени тұтастылығына қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi.

Атап айтсақ түрiк дәуiрiнде Қазақстанның кең байтақ аумағы тарихи дамуы мен географиялық орналасуына байланысты көп жылдар бойы Шығыс пен Батыс арасындағы көпiр болды, ал оның жергiлiктi тұрғындары мың жылдар бойы Еуразияның көшi-қон жолдарының нағыз ортасында өмiр сүруге мәжбүр болды. Осы кезден бастап Ұлы дала аумағының кең байтақ бөлiгi Түркiстан деп аталды, яғни түрiктер елi болды.

Түрiк этномәдени кейiптi, тиiстi көзқарсы мен еуропоидтiк-монғолоидтiк кескiндi орта ғасырдағы Қазақстан халқын Қазақстан халқының алғашқы ата-бабасына тiкелей жақын нысанына жатқызуға болады.

Жалпы алғанда Қазақстанның түрiк уақытындағы этникалық құрылымдарының мәдени, лингвистикалық және антропологиялық сипаттарының жиынтығы Еуразияның орта ғасырдағы тарихи географиясындағы дербес этникалық құрылым — қазақ халқының тiкелей қалыптасуы мен нақты құрылуына табиғи-тарихи алаңы болып табылды.

Монғол шапқыншылығы жергiлiктi халықтың этникалық құрылымына айтарлықтай өзгерiстер енгiздi. Ан-Нувейридiң мәлiметi бойынша Ертiс, Балқаш және Арал теңiзiнен батысқа қарай орналасқан Қазақстанның Солтүстiк Батыс, Солтүстiк және Орталық аумақтары Жошы ұлысына кiрдi.

Монғол шапқыншылығының ықпалынан қыпшақтардың бiр бөлiгi Солтүстiк Қазақстан және Батыс Сiбiр жерлерiне көштi. Осы жерлерге наймандар мен керейiттер де келдi. Бұл этникалық топтардың орналасу картасы өзгерттi. Әр түрлi уақытта Солтүстiк Қазақстан аумағына татарлар, маңғыттар, жалайырлар, барластар, баарындар және басқа да этникалық топтар көшiп келдi.

Өлкемiз қазақ халқы қалыптасуының кең тарихи үрдiсiнiң бiр бөлiгi болып табылады. 10-12 ғғ қазақ даласында нақты көрiнiс тапқан консолидациялық үдерiстер монғол шапқыншылығының керi салдарын еңсеру барысында жүз жылдан кейiн ғана одан әрi даму үшiн ынталандырылды.

14-15 ғғ. халықтың жеке мемлекет жүйесiне, ең алдымен монғол ұлыстарына ұзақ уақыт аралығында кiруi Қазақстан аумағында үш жүз ретiндегi этникалық консолидацияның бiрнеше түйiндерiнiң қалыптасуын айқындады. Қазақ жүздерiнiң әр тайпасы бiрегей көшу бағыттары, жалпы этникалық аумағы арқылы бiр-бiрiмен тiкелей байланыста болды. Атап айтқанда, Орта жүз Қазақстанның Орталық, Солтүстiк және Солтүстiк Шығыс аумағында орналасқан; оның құрамына қыпшақтар, арғындар, наймандар, Қоңыраттар, керейiттер, қарлық тайпалары және т.б. кiрдi. 17-19 ғғ. көздерiнде тiркелген қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы, қазақ жүздерiндегi тайпалар құрамының бөлшектенуi, көне этникалық ұйытқыны толықтырған тайпалар мен әулеттердiң олардың көне аумақтарына жылжуы монғол кезеңiнен кейiнгi Қазақстанның этникалық тарихының негiзгi мазмұны болып табылады.

15-16 ғғ. екiншi жартасында қазақ халқының негiзгi этникалық топтарының және олардың этникалық аумақтарының мемлекеттiк бiрiгуi консолидациялау үрдiсiнiң аяқталуын жылдамдатты. Қазақ хандығының мықты этникалық негiзi — қалыптасқан қазақ халқы болды. Монғол шапқыншылығынан кейiн алғаш рет Шығыс Дешт-и-Қыпшақтың, Түркiстан мен Жетiсудың барлық түрiк тайпалары мен әулеттерi бiр мемлекет астына бiрiктi. 15 ғ. Екiншi жартысында қалыптасқан халық көршiлерiнiң сол кезеңдi сипаттаған жазбаша көздерiнде «қазақтар» деп аталған. Жәнiбек, Керей, Қасым, Есiм, Тәуекел, Тәуке және Абылай хандарының қызметi мемлекеттiң нығаюына ықпалын тигiздi. Өзiнiң игi iстерiнде хандар әйгiлi билердi (Төле, Әйтеке, Қазыбек), батырларды (Қарасай, Ағынтай, Баян, Олжабай, Бөгенбай, Райымбек және т.б.) тiрек еттi.

Қазақ жүздерiнiң халқы көшпелi мал шаруашылығымен айналысты, бұл көне Еуразия даласында қалыптасқан ерекше шаруашылық-мәдени үлгi (ШМҮ) болды.

Қазақ мемлекетiнiң құрылуы мен дамуы қазақ этносының ұзақ даму жолындағы тұтастығын сақтауға, қазақ халқының консолидациясы үшiн маңызды мағынаға ие, әсiресе 15-17 ғғ.кезеңiнде.

18 ғасыр басын қазақтың атақты оқымыстысы, Солтүстiк Қазақстанның тумасы Шоқан Уәлиханов қазақ халқы өмiрiнiң ең сорақы кезi деп, ал 1723 жылды — Ұлы жұт жылы деп атады. Жоңғарлардың Қазақстанға басып кiруi адамдардың, малдардың өлiмiне, қыстаулардың қирауына, халықтың солтүстiк және батыс жақтарға жаппай көшуiне әкелiп соқты. Қиын сыртқы саясат жағдайында қалған қазақ хандығының билеушiлерi бұдан шығу жолы Ресей мемлекетiнiң протекциясын мойындап, қол астарына өту деп бiлдi.

Осы саяси қадамдардың жақын арадағы нәтижесi Ресейдiң жаңа қол астындағыларын қорғау мақсатында Жоңғария мен Қазақстанның арасындағы жағдайға белсендi араласуы болды. 1742 жылдың 2 мамырында Сенат Орта жүз қазақ халқын қорғау және жоңғарлардан қорғану үшiн бекiнiстер салу туралы iс шаралар бойынша Жарлық қабылдады. 1752 жылдың 26 наурызында «сiбiр жағын ең жақсы қорғау үшiн» жаңа жасақтау жолағының құрылуы туралы Жарлық шықты. Омбы және Звериноголовск бекiнiстерiн қысқа бағытта жалғастыруға тиiстi Новоишимский (Горкий ащы тұзды көлдер шынжыры бойымен) жолағының құрлысы басталады. Жолақтың орталық бекiнiсi болып 1752 жылы шiлдеде iргесi қаланған Есiлдiң оң жағасындағы Әулие Петр бекiнiсi саналады.

1755 жылға қарай жолақ бойындағы негiзгi жұмыстар аяқталды. Кейiннен бекiнiс Петропавл қаласы деген атқа ие болды.

Бiздiң өңiрдiң тарихы 18 ғасырдағы Орталық Азия мемлекеттiк ағартушыларының ең белгiлiлерiнiң бiрi Абылай хан есiмiмен байланысты. Абылай Қазақ хандығының негiзiн қалаған Жәнiбек хан мұрагерлерiнiң үлкен тармағына жатады. 1740 жылы Орта жүз ханы Әбiлмәмбетпен бiрге Абылай сұлтан Ресей билiгiн мойындады және әр уақытта Петербург, Оренбург, Омбы, Цин әулетi ресейлiк билiктерiмен байланыс жасап тұрды.

Абылай хан керемет дипломатиялық қабiлеттiлiгiн және мемлекеттiк ағартушы дарынын иеленген алысты болжайтын дана саясаткер ретiнде белгiлi. Мемлекеттiк ағартушы тактiлерiне, сыртқы саясатының стратегиялық иiлгiштiгi және икемi арқасында қазақ мемлекетiнiң тұтастығын сақтай бiлдi. Оның хан ретiнде үш қазақ жүзiн билеген кезеңi (1771-1781 жж.) саяси жағдайдың тұрақталуымен, Қазақстан беделiнiң өсуiмен, Еуразия халықтарымен арасындағы экономикалық және мәдени байланысының кеңеюiмен сипатталады.

Абылай ханның қонысы Бурабай көлiнiң маңында орналасқан; Абылайдың қалауы бойынша оның құрылысына жергiлiктi шаруалар қатысты. Қазақ тұрғындары көшiп келушiлерден шөп шабу, жер өңдеу, балық аулау, ветеринария және т.б дағдыларды қабылдады. Әулие Петр бекiнiсiн салар кезде Абылай өз шартын қойды — осы жерден қазақтар үшiн Ресеймен сауда орталығын ашу. Абылай ханның бастамасының арқасында Петропавл жүз жылда айырбас және транзит сауданың iрi ошағына дейiн өстi.

Әулие Петр бекiнiсiнде Абылайдың хандыққа сайлануы өттi. Мұнда ханға императорлық сыйлықтар, бұлғын тоны, бас киiмдер және қылыштар әкелiндi. Абылай Ресей мен Қазақстанның Қытаймен арасындағы байланыстың шиеленiсуiнен қауiптенiп көптеген игiлiктi сылтаулармен өз билiгiн жариялау үшiн Петропавл бекiнiсiне келуге бас тартты. Кейiннен бұл сыйлықтар ханға ешқандай iс-шарасыз өз мөлшерiнде табыс етiлдi.

Абылайханның кезiнде сол кездiң белгiлi екi бартырлары Күлеке бартыр мен Құлсары батыр үлкен роль атқарды, олар демократиялық, әскери, әкiмшiлiк мiндеттердi атқрды. Күлеке батыр белгiлi Шал ақынның әкесi, оның атымен бұрынғы Сергеев ауданы аталған, қазiр Шал ақын ауданы. Мұрағаттық мәлiметтерге сәйкес Күлеке және Құлсарыға хан әкiмшiсi ұн және қант түрiнде азық-түлiк берген, сондай-ақ, Петр бекiнiсiнде тұрғын үй салуды жоспарлаған.

Басында әскери-қорғаныс ретiнде ойластырылған Петропавл қорғаны уақыт өте келе өңiрдiң саяси, сауда-экономикалық және әкiмшiлiк орталығы болып саналды. Әрi қарай мұнда өзенмен қатарласып көшелер көбейе бастады. 18 ғасыр соңында төменгi бөлiгiнде 172 тұрғын үйлер және 914 тұрғындар, 44 көпестiк дүңгiршектер мен қонақ алаңы болды. Бекiнiс маңының жоғарғы бөлiгiнде бекiнiстiң билеушiлерi қазақ сұлтандарын қабылдайтын елшiлiк үйi орналасқан. Қаланың жоғарғы бөлiгiндегi құрылыс 19 ғасырдың 50 жылдарынан бастап қарқынды жүре бастады.

Қалалық құрылыстың өзiндiк сипаты сәулет ескерткiштерiнен көрiнедi. Ондайларға таудағы тас ғимарат («Абылай үйi»), Подгорьедегi Қасым мешiтi, Зенков, Смолин көпестерiнiң қоныстары және т.б, сонымен қатар 19 ғасыр аяғы 20 ғасыр басындағы ағаш және кiрпiштен жасалған құрылыстар жатады. Бұл дәуiрдiң тұрпаттық құрылыстары болып қазiр бейнелеу өнерi мұражайы орналасқан ғимарат (бұрынғы Юзефович көпестiң үйi), Янгузаров көпестiң үйi («Қалыңдық үйi») оған қоса орналасқан мешiтпен бiрге(қазiргi кездегi Жамбыл көшесi бойындағы мешiт, бұрынғы орнына салынған), Мұратов диiрменi, Овсянников және А.Ганшин ағайындыларының әмбебап дүкенi(қазiргi Пушкин көшесiндегi «Қазпошта» ғимараттар кешенi) және т.б саналады. Тау етегiндегi собор немесе Покровский (1954 жылдан әулие Петр мен Павелдың соборлары) қаланың батыс бөлiгiнен кiретiн жақтың көрiнiсiн аша түседi. Оның құрылысы 1844 жылы аяқталған болатын.

Шiркеулiк ғимараттар орнына (мешiт, шiркеу) бұрынғы кезде келесi оқу орындары қызмет еттi: мектептер, медреселер, шiркеулiк мектептер, қыздар прогимназиясы, қыздар училищелерi және т.б. 20 ғасыр басында Петропавл қаласында Орыс сауда өнеркәсiптiк, Сiбiр сауда, Қоғамдық, Мемлекеттiк банктердiң, аурухана, жеке типография, Блюменталь кiтап дүкенi, театр, нақты училище жұмыс iстедi. Әлеуметтiк объектiлер жергiлiктi көпестiктiң меценаттығы мен шапағатының игiлiктi дәстүрлерiне байланысты құрылды.

Петропавл қаласы транзиттiк сауда-айырбас операцияларының арқасында өсiп, дамыды. Әсiресе 19 ғасырдың бiрiншi жартысында оның қызметiнiң арқасында Монғолия, Қытай, Ташкент, Қоқан, Хиуамен арадағы кедендiк керуен саудасы жақсара түскен Петропавл кеден айналымы өстi. Шетелде 19 және 20 ғасырларда қалада және қала маңында уақытылы базарлар мен жәрмеңкелер өткiзiлiп тұрды: Петровский — 25 маусымнан және Андреевский — 20 қарашадан, Игнатьевский — 18 желтоқсаннан (ұзақтығы 30 күнге дейiн), Тайыншакөл. Тек қана мал шаруашылығы өнiмдерiн саудалау үшiн қонақтық және айырбастау аулалары жұмыс iстедi.

Өңiрде экономикалық инфрақұрылымның дамуына 1894 жылы ашылған өңiрдiң тауар айналымы мүмкiндiктерiн барынша кеңейткен Петропавл Транссiбiр темiр жол станциясы ықпалын тигiздi. Қала жергiлiктi халық үшiн фабрика-зауыт тауарларының стационарлы саудасының орталық нүктесi болды. Мал шаруашылығы өнiмдерiнiң басым бөлiгi (соның құрамында өрiк майы, былғары терi, iшек-қарын, қой майы) Мәскеуге, Петербургке, Ревельге, Қазанға, Либаваға, сондай-ақ алыс шетелдерге: Вена, Париж, Бостон, Берлин, Гамбургқа жiберiлдi. Тауар өнiмдерiнiң бiр бөлiгi (IҚМ былғары терiсi) АҚШ-та, Түркияда сұранысқа ие болды. Әсiресе көтерме сауда мен мал саудасы гүлдендi. «Абылай жолы» трассасы арқылы Бурабай ауданынан Петропавл қасапханасына барлық даладан жыл сайын миллионға жуық iрi және ұсақ мүйiздi қара мал айдалып тұрды.

1894 жылы Петропавл қаласы арқылы нәтижесiнде қаланы елдiң батысы мен шығысын байланыстыратын маңызды транспорттық торапқа айналдырған Сiбiр темiржол жолағы салына бастады. Темiржол транспортының дамуы әлеуметтiк үдерiстiң жеделдеуiне де өз қолтаңбасын қалдырды. Қалада революция кезеңiнде кiлттiк рөл атқарған бiрiншi марксистiк үйiрмелер құрыла бастады.

Ресейдегi 1917 жылғы Қазақ төңкерiсi жағдайлары Солтүстiк Қазақстандағы жағдайға өз әсерiн тигiздi. 1917 жылдың 8 қарашасында Петропавл Кеңесi Петропавлдық Уақытша Үкiметiнiң коалиция комитетiн құра бастады. Уақытша революциялық Комитет құрылды. Оған қаладағы және уездегi бар билiк өтедi. 1918 жылдың көктемiнде өңiр азаматтық қақтығыстың отына оранды. 1918 жылдың күзiнде облыста партизандық қозғалыс дамиды. Солтүстiк Қазақстанды босату жолындағы Қызыл әскердiң тартыстық қимыл қозғалыстары азаматтық соғыс тарихына Петропавл операциясы деген атпен ендi. Ол 1919 жылдың 20 тамызынан 3 қарашасына дейiнгi уақытта М.Н.Тухачевскийдiң басқаруымен болған едi.

Азаматтық соғыс жылдарындағы большевиктермен өткiзiлген «соғыстық коммунизм» саясаты шаруа көтерiлiстерiне, ашаршылық пен күйреуге әкелiп соғады. 1922 жылдан нарықтық қатынас енгеннен кейiн облыста ауылшаруашылық өндiрiсiнiң өсуi байқалады. Шаруа қожалықтарға көмек көрсетудiң әсерлi әдiсi кооперацияны ендiру болып саналады. ЖЭС жылдарындағы губерниядағы кооперативтiк қозғалыстың өсуi еңбек етушiлердiң жағдайларына әсер еттi. 1925-26 жылдары сауда көлемi 68 млн.рубльдi құрады, оның iшiнде кооператив үлесi 33 млн.рубльдi құрады. Бiрiншi шаруалардың бiрлестiктерi құрыла бастады: коммуналар, артельдер. Сонымен, Қарақоға стансасынан 3 км жерде (М.Жұмабаев ауданы) бұрынғы Қардубай жеке меншiк алаңы аумағында Солтүстiк Қазақстандағы бiрiншi «Образец» коммунасы құрылды. Бiрiншi құрылған совхоздардың қатарында «Кондратовский», «Приишимский», «Шаховской» жатады.

Елде орналасқан тоталитарлық жүйе Солтүстiк Қазақстанда да жаппай қуғын сүргiнге алып келдi. 1930 жылдан ұжымдастыру былай айтқанда «көпестiктi жою» басталды. Петропавл өңiрiндегi 5367 шаруашылықтың 1544-i (29%) орташалар мен кедейлердiкi болып шықты. өңiр ауылдарында жергiлiктi тұрғындарды елдi мекендерге көшiру саясаты белсендi жүргiзiлдi. Күшпен жасалған ұжымдастыру, жасанды аштық өңiр тұрғындарының көршi өңiрлерге және қалаларға жаппай көшулерiне алып келдi.

Елдегi индустрия облыстың экономикалық дамуына оң әсер еттi. Iскер алдындағы бесжылдықтар үшiн өңiрдегi өнеркәсiп рөлiнiң өсуi сипатты. Тiптi бiрiншi бесжылдықта өңiрдегi жетекшi кәсiпорын консервi, былғары, қой терiсi және механикалық зауыттарды реконструкциялауға мүмкiндiк болды. 1930-32 жылдары Петропавлда кiрпiш зауыты құрылды. Бiрiншi бесжылдық жылдарында облыс кәсiпорындарындағы жұмысшылардың жалпы саны 18 есе өстi. 1921 жылы Петропавл Көкшетау темiржолының құрылысы басталды, 1927 жылы бұл жолақ Бурабай курорты стансасына дейiн ұзартылды, 1935 жылдың ақпанында Приишимьеде «АН» типтес жеңiл ұшақтың уақытылы пошталық жолаушылық рейстерi ашылды.

Советтiк мемлекеттермен өткiзiлген мәдени революция ұлттық интеллигенция қатынасындағы қуғын сүргiндермен, оның мұрат-мақсатына және құндылықтарына сәйкес келетiн дәстүрлiк мәдениет маңыздылығының таралуы және большевиктердiң пролетарлық мәдениетiнiң енгiзiлуiмен есте қалды. Өңiрде советтiк мәдениеттiң шын мәнiндегi негiзiнiң бекуi басталды. 1929 жылдың 10 қазанына Петропавлдық радиобайланыстың жергiлiктi бағдарламаларының уақытылы транцляциясы басталды. 1920 жылы драма театры өз жұмысын қайта жандандырды. Кинотеатр жұмыс iстедi.

20-30 жылдары облыста атақты ақын, жазушылар М. Жұмабаев, И.П. Шухов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсрепов, С. Марков, В. Иванов, Г. Тверитин, М. Дәулетбаев, Ж. Сыздықов және т.б. еңбек еттi. 1937 жылы Петропавлдық мұғалiмдер институты ашылды. 30 жылдары облыста техникумдар жұмыс ңстедi: ет-өнеркәсiптiк, темiржол, жерге құрылысы, жоспарлық-экономикалық, ветеринарлық, құрылыстық, кооперативтiк, ауылшаруашылық, ормандық және 4 педагогикалық.

30 жылдары облыс аумағында 30 аурухана құрылды. 1932 жылы Петропавлда физикалық әдiспен емдейтiн Қазақ өңiрлiк институт ашылды. Институт жетекшiлерiнiң бiрi невропатолог, облыстағы халық денсаулық сақтаудың ұйымдастырушысы П.А. Нефедов боды.

30-40 жылдары Сталиндiк қуғын-сүргiн Солтүстiк Қазақстанға да әсерiн тигiздi. Осы уақытта мыңдаған солтүстiк қазақстандықтар қуғынға ұшырады (соның iшiнде М. Жұмабаев, Ж. Тiлеулин, А. Рамазанов, М. Аммосов және басқа да көрнектi тұлғалар).

Ұлы Отан соғысы басында облысқа 20 өнеркәсiптiк кәсiпорын қондырғылары көшiрiлдi. Соғыстың алғашқы күндерi Петропавлда 314 атқыштар дивизиясы құрылды. Солтүстiк Қазақстандықтар соғысқа 120 мың адам шығарып салды, еңбек әскерiне 55 мың, оның 45 мыңнан астамы соғыста қаза тапты. Ұлы Отан соғысы жылдарында 53 солтүстiк қазақстандық Совет Одағының Батыры атағына ие болды, 11 Даңқ орденiнiң толық иегерлерi атанды. Петропавлда әскери өндiрiстiк кешен құрылды, ТЭЦ 1 салынды.

Бұрынғы Одақ билiгi 1954 жылғы тың және тыңайған жерлердi игеру есебiнен соғыстан кейiнгi ауыл шаруашылықтарын қайта қалпына келтiру қиындықтарын жою туралы шешiм қабылдады. Тың игерушiлердiң I отряды Солтүстiк Қазақстан облысына 1954 жылдың 1 наурызында Алматы қаласынан келдi, екiншi эшелон Мәскеуден. Тың игеру жылдары 19 жаңа совхоз ұйымдастырылды.

50-60 жылдары өңiрде машина жасау және халық тұтынатын тауар өнiмдерiн өндiруде айтарлықтай қозғалыстар болды. Әлемдiк өнiмдi шығару 10 есеге өстi: 1955 жылмен салыстырғанда кондитерлiк өнiмдер 90 пайызға, мал майы 64 пайызға, сабын 4 есе, былғары аяқ киiмдер 23 пайызға. 1959 жылы газ шаруашылығының трестi құрылды. Облыс орталығы және ауылдық жерлердегi пәтерлердi газдандыру басталды.

Тұрғын үй құрылысының бiршама өсуiне қарамастан, Петропавлда әр азаматқа бары 3,2 шаршы метр жер алаңы келдi.

«Тың игеру» шығындарын қайтара бастады. 1957 жылға қарай жаңа совхздар оларды ұйымдастыруға шығындарды жауып, 26 млн.рубль табыс әкелдi. Облыс Қазақстандағы iрi астық өндiрушiлер қатарына қосылды.

70-80 жылдары өнеркәсiптiк өндiрiсте, транспортта, құрылыс салаларында өсу байқалды. Облыста 92 өнеркәсiптiк кәсiпорын есепке алынды, оның iшiнде 14 одақтың және 38 республиканың қарамағында. Машинажасау өнiмi басты болып есептелдi. Оның үлес салмағы облыстағы жалпы өнеркәсiптiк өндiрiс көлемiнiң 46 пайызын құрады. Екiншi орын тамақ өнеркәсiп саласына 34,8 тиесiлi. Басқалары жеңiл өнеркәсiп, энергетика және т.б.салаларға тиесiлi.

60-70 жылдары ауылдарда жаңа техникамен, құрылыс материалдармен, су ресурстарымен және электр қуатымен күштi қамсыздандыру басталды, олар өз нәтижелерiн көрсеттi. 8 — 9 бесжылдық iшiнде негiзгi өндiрiстiк қорлар екi есе артты. Совхоздар мен колхоздар 15 мың трактор шамасында, 9 мыңнан астам комбайн, 6 мың жүк автомобильдерi мен басқа техникаларды алды. Ескi ауылдар өз келбетiн өзгерттi. Орталық шаруашылық орындарының саны өстi. Сонымен қатар тұрғын жайлар, мектептер, клубтар, емдеу мекемелерi салынды. 60-70 жылдары халықтың тұрмысы жақсара бастады. Мысалы, 1961 — 1980 жылдары 5530 мың метр кв.тұрғын үй салынды. Облыстың төрт қаласында 62,7 мың пәтер, 458 ауылда 88 мың пәтер газға қосылды.

60-80 жылдары солтүстiк қазақстандықтар радио қабылдағыштармен, теледидарлармен, мотоциклдармен, жиһаздармен қамсызданды, әлеуметтiк лагерь елдерiнен әкелiнетiн киiм мен аяқ киiм базарлары кең және қолжетiмдi болды. Кiтап саудасы өстi. Базарлық тауарлық айналым 1980 жылдары 1960 жылға қарағанда 3,65 ретке өстi. Сатылымды жүзеге асыру 3,4 рет өстi.

Ел мен облыс өмiрiнде «Қайта құру» кезеңi кезiнде жаңа өзгерiстер басталды. Апрельдiк (1985 ж) пленум ЦК КПСС қоғам өмiрiндегi жаңа бағыттарды анықтады, бiрақ қоғам өмiрiнiң барлық түрлерiн өзгерту бағыты әлсiз қарастырылды. Ескi шаруашылық механизмi жақсартуды, жаңасы құрылмады. Қайта құру жылдары өнеркәсiптiң негiзгi капиталдарындағы жаңарту қозғалысы болмады. 1990 жылы соғыс жылдарынан кейiнгi бiрiншi рет өндiрiстiң жалпы көлемi төмендедi, жалпы көлемi мен тиiмдiлiгi төмендедi. Өндiрiс азығының шығуын қысқарту әрбiр мен екiншi кәсiпорынмен бiрлестiк iске асырылды.

Ресей, Украина және Белоруссия көшбасшыларының Беловеж келiсiмi КСРО ликвидациясы республика одағында болған экономикалық және саясаттың байланыстың өзiлуiне әкелiп соқты, бұл экономикадағы кризиске ұшыратты.

Қазақстан тәуелсiздiгiнiң басталуымен бидiк пен басқару органдарының қызметiндегi негiзгi бағыт экономиның реформасын өткiзу болды, жеке меншiк формасын өзгерту басты звено болды. 1990 бастап облыста экономика құрылысы басталды.

1991 — 1995 жылдары өндiрiстiк кәсiп құлдырай бастады, 1995 жылы 1990 жылғы қарағанда тек 32,4 пайыз құрады. Петропавл қаласының жоғары техникалық сұраныс пен кәсiби жұмыс күшi бар iрi кәсiпорындар әскери — кәсiптiк кешенiнiң объектiсi болды. Әскери тапсырыстарды алып тастау қиын жағдайға әкеп соқты. Жеңiл және жергiлiктi кәсiп өндiрiсiнде, құрылыс материалдары өндiрiсiнде және құрылыста құлдыра бастады.

Ауыл шаруашылық өндiрiсiнде құлдырау күштi болды. Совхоздар мен колхоздарда жасанды және әдейi қаржылық банкротқа ұшырады. Қазақстан қалалары мен жақын және алыс шет елдерге ауылдастарды көшiру басталды. Бiрақ басқа шаруашылықтар мысалы, КТ Новоникольское өзiнiң қара малын сақтап қалды. Сүт және ет өнiмiн арттырды.

1990 жылдардың аяғында қорғаныс кәсiпорындары үшiн машина жасау кешенi облыстарында басты бағыт болып, өндiрiстiң экспортқа шығаруы болды. Облыстың кәсiптiк азығын шығару мен айналысатын мыңдаған кәсiпорындары мен өндiрiстерi 2002 жылы 28,5 млрд теңгеге өндiрiлдi. 2001 жылы деңгейiнен 3,4 пайыздан жоғары. Өндiрiстiң жоғарлау динамикасы 2003 жылы сақталды. Сондай кәсiптiк азық көлемiнiң 60 пайызы 9 iрi кәсiпорындарына кiредi. АкСЭС Энерго ЖШС, «Сұлтан» элеватор, БАҚ, «Массагет» ЖШС, «Сирио — Каз» ЖШС, «Нан тоқаш комбинаты» БАҚ, «ЗИКСТО» БАҚ, «Молпродукт» ЖШС, «ППЭИМ» ЖШС.

Республиканың жаңа дамуы 1997 жылы «Қазақстан — 2030» стратегиясының қабылдағаннан кейiн басталды. Республика мен облыстың жетiстiктерiн айтқанда Қазақстанның динамикалық дамуының басты бағыты ұлтаралық және конфессияаралық келiсiм болып табылады. 1995 жылы елiмiзде конфессияаралық диалогтың ұлттық саясатын iске асырудың тиiмдi механизмi Қазақстанның халқы ассамблеясында құрылды. Қазақстан Республикасында 130 этнос өкiлдерi тұрып жатыр, соның iшiнде бiздiң облысымызда бар.

Облысымыздың халқын 100 ұлтқа жуық өкiлдер құрайды. Бiрiншi қоныстанушылар: орыс шаруалары, Солтүстiк Қазақстанда қазақтар 18 ғасыр 50 жылдарының екiншi жартысында Горький жолағының жандануынан кейiн пайда болды. Приишимьеге Тобыл губерниясы шаруаларының оңтүстiк өңiрлерiнде орналасқан ұрпақтары көшiрiлдi. Ең бiрiншi көшiп келген ауылдар қатарына Соколовка, Вагулино, Красный Яр жатады.

19 ғасырдың екiншi жартысында реформа жүргiзiлгеннен кейiн Ресейдiң орталық аудандарынан, Украинаның солтүстiк губерниясынан шаруаларды көшiру үдерiсi жаңа қарқынға ие болды. әсiресе Қазақстанға көшудiң кең ауқымы ХХ ғасыр басындағы столыпин аграрлық реформа жылдарында байқалды. Хандық билiк орыс, украин және белорусь шаруаларының көшуiн, оларға құрылысқа несие мен жеңiлдiктер беру арқылы қалпына келтiрiп, қолдап отырды. Солтүстiк Қазақстанға татарлардың қоныс аударуы ХIII-ХVI ғасырлардағы жалпы тарихи жағдайлармен байланысты. 17 ғасырда Қазақ даласына ислам дiнiн тарату үшiн ортаазия билеушiлерi татар моллаларын жiбердi. Петропавлдың құрылысы мен жергiлiктi сауданың дамуы Солтүстiк Қазақстанға татарлардың (қазандық, түмендiк, қасымдық) көпестерi мен шаруаларының көшiп келуiне әкелiп соқты. Татарлардың қоныстануы қазiргi Мамлют, Қызылжар, М.Жұмабаев аудандары шекарасында көрiнiс тапты. Көп таралған татар диаспорасы Петропавл қаласынан орын тептi.

Қазiргi немiс ата бабалары Солтүстiк Қазақстанда 18 ғасырда ақ пайда болды. 1908 жылы Петропавлдан алыс емес жерде Петерфельд деген бiрiншi немiс елдi мекенi құрылды. 1941 жылы КСРО-на гитлерлiк Германияның шабуылынан кейiн Поволожье немiс автономия республикасында тұрған немiстер Қазақстанға, соның iшiнде Солтүстiк Қазақстанға күштеп көшiрiлдi.

Солтүстiк Қазақстан аумағында поляктар Горький жолағы құрылысының бiрiншi онжылдығында сiлтемелер есебiнде пайда болды. Поляктардың қалған көшулерi ұжымдастыру мен жаппай қоныс аударуға байланысты. Дәл сол Батыс Украинадан қоныс аударылғандан поляктардан халық депортациясы үдерiсi басталған едi. 1936 жылы Қазақстанға кәсiби көшiп қонушылардың үлкен партиясы олар Украинаның Житомирский мен Хмельницк облыстарының поляктары, ал 1940 жыл көктемiнде Польшадан поляктар жiберiлдi.

Қазақстандағы депортацияға қазiргi кезде өңiрдiң көпұлтты халқын құрайтын корейлер, қырым татарлары, гректер, шешендер, ингуштер, балкарлар, басқа да халықтар iлектi.

Одақ халықтары өкiлдерiнiң көшiп қонуының келесi бөлiмi ХХ ғасырдың 50 жылдарының екiншi жартысында тың игеруге байланысты.

Қазiргi кезде облыстың көпұлтты құрамы сақталған. Мемлекеттiң ұлтты саясаты облыстық Қазақстан Халық Ассамблеясы және халықтың ұлттық мәдени орталықтары сияқты ұйымдар аясында iске асырылды. Қалада, ауылда және селоларда сенушiлерге арналған шiркеулер, мешiттер, костелдар, соборлар бар. Солтүстiк қазақстандықтардың ерекше белгiлерi: олардың терең келiсiмдерi, бiрлiктерi, рухани жақындықтары. Халықтың жоғары патриоттығы Ұлы Отан соғысы жылдары айқын көрiндi. Бұл игiлiктi сезiм солтүстiк қазақстанда қазiргi уақытта да жетекшiлiк етедi. Жергiлiктi халық қоғамдық өмiрде экономикалық және қоғамдық саптың нарықтық қатынастарға өтуiн, жеке меншiк институттың қайта өрлеуiн, шаруашылықтың жайғастырылуын, демократиялық негiздiң бар шамамен дамуын шын ниетiмен қабылдады.

Мақаланың шыққан күнi: 2012.02.15 15:54

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2016.12.28 16:20

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесКешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасыҰлттық зияткерлік меншік институты
ТИЦ