Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Облыстың соңғы 10 жылда облыс дамуының қорытындысы

Соңғы 10 жылдағы облыс дамуының қорытындысы (2004-2015 жж.)

Жалпы өңірлік өнім. 2015 жылы Жалпы өңірлік өнім 910,9 млрд. теңгені құрады және 10 жыл ішінде 1,7 есеге өсті (2004ж-151,9 млрд. теңге). 2015 жылы халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 1596,4 мың теңгені құрады, 2004 жылғы деңгейіне қарағанда 7 есеге артық (2004ж-226,7 мың теңге). Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы өңірлік өнім құрылымында ауыл шаруашылығы ең үлкен пайызға ие – 22,3%, өнеркәсіп үлесіне – 11,2% келеді, сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуге – 18,2%, көлік және қоймада сақтау – 8,8%, құрылысқа – 5,3% келеді.

2015 жылғы облыстың жалпы өңірлік өнімі 910,9 млрд. теңгені құрады және 2014 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,7% ұлғайды. Жалпы өңірлік өнім өндірісінде ең көп үлесті Алматы қ. –21,2%, ең аз үлесті Солтүстік Қазақстан облысы –2,2% алады. ЖӨӨ өсімінің жоғары қарқыны Алматы қаласында (4,2%), Астана қаласында (6,3%), Алматы облысында (4,5%) байқалады.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі Солтүстік Қазақстан облысында 2015 жылы 166,9 млрд. теңгені құрады, бұл салыстырмалы бағада 2004 жыл деңгейінен 1,4 есе асып түседі.

Өңдеу өнеркәсібі өнімдері өндірісінің көлемі 2015 жылы 120,5 млрд. теңгені құрады, бұл салыстырмалы бағада 2004 жыл деңгейінен 1,3 есе жоғары.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 311,1 млрд.теңгені құрады, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 1,4 есе жоғары.

Шағын бизнес субъектілері шығаратын өнім көлемі 2015 жылдың 9 айы бойынша 332,5 млрд. теңгені құрады. Солтүстік Қазақстан облысының өнім шығарудың республикалық көлеміндегі үлесі 2015 жылы 2,1%-ды құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар. Инвестициялық қызметті дамыту экономиканың өсуіне әсерін тигізетін негізгі факторлардың бірі болып табылады.

Соңғы 10 жылда облыс экономикасын дамытуға әртүрлі көздерден 754,7 млрд. теңге жіберілген, соның ішінде 62,7% - кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың меншікті кірістері, 24,3% - бюджеттік қаражат, 12,4% - қарыз қаражат, 0,7% - шетел инвестициялары.

10 жылда негізгі капиталға инвестицияларды игеру бойынша басымды салалар ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп болып табылады, оларға облыстың жалпы инвестициялары көлемінен сәйкесінше 35,5% және 24,8% жіберілді.

2006 жылдан бастап ауыл шаруашылығына кемінде 267,8 млрд. теңге салынды. Ауыл шаруашылығын дамытуда басты орын ірі инвесторларды тартуға беріледі, олар машина-трактор паркін жаңартуға және өндірісті дамытуға айтарлықтай қаражат салды және салуда.

Облыс өнеркәсібі қарқынды дамуда, соңғы 10 жылда оны дамытуға кемінде 187 млрд. теңге жіберілді. Өнеркәсіпке инвестициялардың жалпы көлемінен 26,7% өңдеу өнеркәсібіне жіберілді.

Сумен жабдықтау. Облыстың ауылдық елді мекендерін сапалы ауыз сумен жабдықтау жөніндегі өткір әлеуметтік мәселені шешу «2002-2010 жылдарға арналған ауыз су» салалық бағдарламаға және 2003-2010 жылдарға арналған облыстық сумен жабдықтау бағдарламасына сәйкес мақсатты түрде жүргізілді, нәтижесінде жалпы тұрғындар саны 111,4 мың адам облыстың 145 елді мекеніне ауыз су берілді, 193,6 мың адам тұратын 122 елді мекеннің сумен жабдықталуы жақсартылды.

1463 км су құбыры салынды және реконструкцияланды, одан 379 км топты су тартқышты реконструкциялау, Ақжар, Жамбыл және Уәлиханов аудандарын сумен жабдықтау үшін су тартқыштарының жалпы ұзақтығы 315 км 6 бұталы ұңғымалы бастоған және Тайынша қ. сумен жабдықтау үшін 43 км су тартқыш салу, 28 елді мекенге топты су құбыры бұрғыштарының 169 км және 33 ірі елді мекенде тарату желілерінің 508 км реконструкциялау, су тартқыштарының жалпы ұзақтығы 49 км 64 жергілікті ұңғымалы бастоған салу, Сергеевка және Петропавл 1 кезекті гидротүйіндерді реконструкциялау.

Осы мақсаттарға 19 млрд. теңге жұмсалды, соның ішінде республикалық бюджет қаражаты – 14,9 млрд. теңге, жергілікті бюджет – 2,5 млрд. теңге, Азия даму банкінің қарызы – 1,5 млрд. теңге, шаруашылық жүргізу субъектілері – 96 млн. теңге.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы қолданыста болған жылдары (2011-2015 жж.) Солтүстік Қазақстан облысына 18,7 млрд. теңге жіберілді, 993 км құбыр салынды, облыстың 33 елді мекеніне ауыз су тартылды, 62 елді мекенде сумен жабдықтау жақсартылды.

2014 жылы облыстың елді мекендерін сапалы ауыз сумен жабдықтауға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттермен 3,3 млрд. теңге, облыстық – 0,4 млрд. теңге бөлінген. Бұдан басқа, Су ресурстары жөніндегі комитет желісі бойынша топты су бұрғыштарын салуға және реконструкциялауға 2,2 млрд. теңге жұмсалды.

354 км су құбыры салынды және реконструкцияланды, соның ішінде:

- ұзақтылығы 54 км топты су құбырларының 2 бұрғышы;

- ауылдық жерлерде 259 км желі

- қалаларда 41 км желі;

Сумен жабдықтаудың 5 объектісі енгізілген, тұрғындар саны 1,5 мың адам 5 ауылда ауыз су тартылды және тұрғындар саны 1,3 мың адам облыстың 3 ауылында сумен жабдықтау жақсартылды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша 41 елді мекенде сумен жабдықтау жақсартылды (халқының саны 35,8 мың адам), 3 ауылға су берілді (халық саны 2,2 мың адам). Қазіргі уақытта 378 АЕМ ауыз сумен қамтамасыз етілген. 2015 жылы ауылдардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігінің республикалық көрсеткіші 55% бола тұра, 55,8% құрады.

2015 жылы сумен жабдықтаудың жаңғыртылған желісінің ұзақтылығы шамамен 215,8 км құрады.

2015 жылы сумен жабдықтау желілеріндегі су шығынының нормативті деңгейі 17,9% құрады, бұл 2014 жылғы көрсеткішінен 0,6% төмен (18,5%).

Сумен жабдықтаушы кәсіпорынмен шығынды төмендету және көрсеткіштерді жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Автомобиль жолдары. Облыстың автомобиль жолдарын реконструкциялауға трансферттер түрінде республикалық бюджеттен қаражаттар бөлу 2007 жылдан басталды. Соңғы 5 жыл ішінде жалпы сомасы 4,6 млрд.теңгеге 37,2 км автомобиль жолдарын реконструкциялады. 2015 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялауға, жөндеуге және ұстауға 5,1 млрд.теңге жіберілген, одан 4,3 млрд.теңге жергілікті бюджет қаражаты. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін 301 км жақсарды.

Облыстың сыртқы сауда айналымы

ҚР Қаржы Министрлігі Кедендік бақылау Комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша 2009 жылы Солтүстік Қазақстан облысының сыртқы сауда айналымы 2005 жылға қарағанда 2% өсіп, 739,4 млн. АҚШ долларын құрады.

2009 жылы экспорт көлемі 2005 жыл деңгейіне қарағанда 1,2 есеге қысқарып, 136,8 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорттың негізгі үлесін мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (2009 жылы - 87,6% немесе 119,8 млн. АҚШ доллары), минералды өнімдер (2009 жылы - 4,8% немесе 6,6 млн. АҚШ доллары), металлдар мен одан жасалған бұйымдар (4,7% немесе 6,4 млн. АҚШ доллары) алады.

2009 жылдың қорытындысы бойынша импорт көлемі 2005 жылға қарай 1,4% ұлғайып, 602,6 млн. АҚШ долларын құрады. Әкелінетін тауарлардың айтарлықтай көлемі мыналарға келеді: минералды шикізат (2009 жылы -40,4%); машиналар, жабдықтары, көлік құралдары (2009 жылы - 26,3%); химия өнеркәсібінің және оған байланысты салалардың өнімдері (2009 жылы - 11,8%); мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (2009 жылы - 9,3 %).

2010-2015 жылдар аралығында жалпы тауар айналымының көлемінде облыстың Еуразиялық одаққа қатысушы елдермен тауар айналымының айтарлықтай үлесі мынадай көрініс тапты: 2010ж. – 78,3%, 2011 ж. – 80,9%, 2012 ж. – 66,6%, 2013 ж. – 73,2%, 2014 ж. – 72,0%, 2015 ж. – 67,4%.

Сөйтіп, 2015 жылы өзара сауданы ескергенде, облыстың сыртқы сауда айналымы 599,0 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2010 жылы өзара сауданы ескергенде, облыстың сыртқы сауда айналымы көлемінен 32,5 %-ға кем, ол 2010 жылғы екінші жартыжылдықтан бастап ескеріледі.

Кеден одағы елдеріне экспортталатын негізгі тауарлар бидай, меслин, ұн, мыс сынықтары және қалдықтары, қара металлдардың сынықтары және қалдықтары, болат және т. б. болып табылады.

Негізінен импортталатындар: мұнай және мұнай өнімдері, ауыл шаруашылығына арналған жабдықтар, сұйықтарға арналған сорғылар, құбырлар, құбыршалар мен дайын өнім өндірісіне арналған профильдер, ас ішетін ыдыс, жиһаз.

Сондай-ақ, облыс жақын және алыс шетелдің 70-тен астам елімен ынтымақтастық жасайды. Сауданың айтарлықтай көлемі келесі елдерге келеді: Ауғанстан, Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан.

Солтүстік Қазақстан облысының экономикасына кредиттік салымдар көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 4,4 есе өсті және 01.01.2016ж. 104,3 млрд. теңгені құрады.

Депозиттік база да әжептәуір өсті. Егер 2006 жылдың 1 қаңтарында тартылған депозиттер көлемі 11,6 млрд. теңгені құраса, ал 2016 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша депозиттер көлемі 93,0 млрд. теңгеге дейін немесе 8 есе өсті.

Екінші деңгейдегі банктер берген кредиттердің жалпы көлемі 10 жылда 2,2 есе артты және 2015 жылы 92,7 млрд. теңгені құрады.

Мемлекеттік бюджетке түсімдер.

Облыстың жергілікті атқарушы органдарымен, салықтық, қаржылық, экономикалық қызметтермен жергілікті бюджеттердің кірісін ұлғайту, олардың субвенциялығын төмендету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді, салықтық әкімшілендіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.

2005 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде облыс бюджетіне салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсу қарқыны мынаны дәлелдейді:

СҚО бойынша салық комитетімен ұсынылған мәліметтерге сәйкес 2005 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде салық түсімдерінің өсу үрдісі байқалады немесе 2015 жылы 2005 жыл деңгейімен салыстырғанда Мемлекеттік бюджетке түсімдер көлемінің өсу еселігі 2,1 есені құрады.

Мемлекеттік бюджетке түсімдер қарқыны сома түрінде 2005 жылғы 27 067,3 млн. теңгеден 2015 жылы 59 801,5 млн. теңгеге дейінгі аралықта немесе түсімдер 32 734,2 млн. теңгеге өсті.

2015 жыл кезеңінде Республикалық бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуі 27 889,5 млн. теңгені құрады. 2005 жылмен салыстырғанда түсімдер 1,6 есеге немесе 10 273,5 млн. теңгеге ұлғайды.

2015 жылы Жергілікті бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуі 31 912,0 млн. теңгені құрады. 2015 жылы Жергілікті бюджетке 2005 жылғы түсімдер көлемімен салыстырғанда түсімдердің 3 есеге өсу үрдісі байқалады (2005 жылы Жергілікті бюджетке түсімдер 10 501,1 млн. теңгені құраған), сома түрінде түсімдер 21 410,9 млн. теңгеге ұлғайды.

 

2015 жылы меншікті кірістер 31 912 млн. теңге сомасында түсті немесе 100,4 % (жоспар – 31 795 млн.теңге). 2014 жылмен салыстырғанда өсу 4 875,8 млн. теңгені немесе 18,0 % құрады.

Халықты әлеуметтік қорғау. Солтүстік Қазақстан облсысында көші-қон процестері аясында еңбек ресурстары санының азаю үрдісі жалғасуда.

2005 жылдан бастап 2015 жылғы 4-тоқсан аралығындағы кезенде еңбек ресурстарының саны 14,4%-ға азайды. (2005 жылы – 531,5 мың адам, 2015 жылғы 4 тоқсанда – 454,9 мың адам). Еңбек ресурстары саны абсолюттік қысқартылған кезде олардың халықтың жалпы санындағы салыстырмалы үлесі 2005 жылы 80,2%-ды құрады, 2015 жылғы 4-тоқсанда осы көрсеткіш азайып, 79,7%-ды құрады.

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны азайды (2005 ж. – 395,6 мың адам, 2014 ж.– 342,6 мың адам, 2015 жылғы 4 тоқсанда – 332,4 мың адам). 2005 жылмен салыстырғанда экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 63,2 мың адамға азайды.

2005 жылы облыста жұмыспен қамтылған халықтың саны 364,3 мың адамды құрады, 2009 жылы - 358,4 мың адамды, 2010 жылы - 358,1 мың адамды, 2011 жылы - 346,3 мың адамды, 2012 жылы - 331,2 мың адамды және 2013 жылы ол 329,3 мың адамды құрады. 2014 жылғы – 325,8 мың адам, 2015 жылғы 4-тоқсанда – 316,2 мың адам болды.

2005 жылы жұмыссыздардың саны 31,2 мың адамды немесе облыстың экономикалық тұрғыдан белсенді халқының 7,9%-ын құрады. 2009 жылы жұмыссыздардың саны 24,1 мың адамды құрады, және ол экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 6,3%-ын құрады, 2010 жылы жұмыссыздардың саны 22,0 мың адамды құрады, және экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 5,8%-ын құрады. 2011 жылы - 19,9 мың адамды құрады, және экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 5,4%-ын құрады, 2012 жылы – 18,3 мың адамды құрады, және экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 5,2%-ын құрады, 2013 жылы жұмыссыздардың саны 17,6 мың адамды құрады, және облыстың экономикалық тұрғыдан белсенді халқының 5,1%-ын құрады, 2014 жылы – 16,9 мың адам (экономикадағы белсенді халықтың 4,9% құрды) және 2004 жылмен салыстырғанда 15,7 мың адамға азайды, 2015 жылғы 4 тоқсанда – 16,1 мың адам. 2015 жылғы 4 тоқсанда жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 4,9%-ын құрады.

Талдау жасалған кезеңде тіркелген жұмыссыздардың үлесі 1,2%-ға азайды. (2005 жылы - 1,5%, 2010 жылы – 0,6%, 2011 жылы – 0,5%, 2012 жылы – 0,4%, 2013 жылы – 0,3%, 2014 жылы – 0,3%, 2015 жылы – 0,3% ).

Солтүстік Қазақстан облысында Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету стратегиясын іске асыру үшін Халықты жұмыспен қамту бағдарламасы қолданылды. Оған қосымша 2010 жылы Жол картасының іс-шаралары іске асырылды. 2011 жылы халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында өткізілді.

Кіші бизнесті және жеке кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс берушілерді жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құруға ынталандыру бойынша қабылданған шаралар 2010 жылы Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 15810 жұмыс орнын құруды қамтамасыз етті. Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша 2011 жылы 15465 жұмыс орны, 2012 жылы - 14701 жаңа жұмыс орны, 2013 жылы - 13602 жұмыс орны, 2014 жылы - 12801 жұмыс орны, 2015 жылы - 12106 жұмыс орны құрылды.

2005 жылдан бастап 2015 жыл аралығында 157203 жаңа жұмыс орны құрылды.

2010 жылы халықтың нысаналы топтары арасынан 1060 азаматқа жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді, соның ішінде 99,7% тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды. Бұдан басқа, 2010 жылғы Жол картасы бойынша даярлау және қайта даярлауға 2606 адам жіберілді, одан 2010 жылы оқуын 1678 адам аяқтады. Оқуын аяқтағандар санынан 1506 адам немесе 89,7 % жұмысқа орналастырылды (жоспар бойынша 30%). 2011 жылы 1053 адам кәсіптік дярлауға жіберіліді, 1052 адам оқуды аяқтады, 1044 адам немесе 99,2%- жұмысқа орналастырылды. 2012 жылы 687 жұмыссыз кәсіптік дярлауға жіберілді, 685 адам оқуды аяқтады, 676 адам немесе 98,7%-ы жұмысқа орналастырылды. 2013 жылы 635 жұмыссыз кәсіптік дярлауға жіберіліді, 632 адам оқуды аяқтады, 632 адам немесе 100%- жұмысқа орналастырылды. 2014 жылы 624 жұмыссыз кәсіптік дярлауға жіберілді, 615 адам оқуды аяқтады, 508 адам немесе 83%-ы жұмысқа орналастырылды. 2015 жылы 469 жұмыссыз кәсіптік дярлауға жіберілді, 469 адам оқуды аяқтады, 367 адам немесе 78,3% -ы жұмысқа орналастырылды.

2005-2015 жылдары Халықты жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша, Солтүстік Қазақстан облысының Жол картасы мен Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша 16071 адам, с.і. 2013 жылы – 635 адам оқуға жіберілді, 2014 жылы – 624 адам оқуға жіберілді, 2015 жылы – 705 адам оқуға жіберілді, бұл 2005 жылға қарағанда 1,2 есе артық.

Солтүстік Қазақстан облысында халықты жұмыспен қамту бағдарламасына (2003-2010 жылдар) және Аумақтарды дамыту бағдарламасына (2011-2015 жылдар) сәйкес қоғамдық жұмыстарды өткізу есебінен қосымша жұмыс орындарын құру жұмысы жүргізілуде.

2010 жылы 4708 жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға қатысты. 2011 жылы - 4802, 2012 жылы – 4961, 2013 жылы - 5197, 2014 жылы – 5094 жұмыссыз қатысты. 2015 жылы облыстың 839 кәсіпорны мен ұйымдарында қоғамдық жұмыстарды өткізу бойынша 4783 келісімге қол қойылды. Оларға 4783 жұмыссыз, соның ішінде ауылдық жерлерде тұратын 3123 адам немесе 65,3% қатысты. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың арасынан: 57,9%-ы (2768 адам) әйелдер, 26,4% (1263 адам) – жастар; 18,3 % (876 адам) – ұзақ уақыт жұмыс істемейтін адамдар, 23 жасқа дейінгі жастағы балалар үйінің 1 тәрбиеленушіcі қатысты.

2005 жылдан бастап 2015 жыл аралығында 53128 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты.

Масылдық ниетке жол бермеу үшін аз қамтамасыз етілген азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін қолдану арқылы олардың санын азайту жұмысы жүргізіледі, сондай-ақ кедейлік жағдайынан өз бетімен шығуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға әлеуметтік қолдауды мақсатты көрсету ісі жүзеге асырылады.

2013 жылы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен табысы бар халықтың үлесі 4,8%-дан 2015 жылғы 4-тоқсанының қорытындысы бойынша 3,4%-ға дейін немесе 1,4 пайыздық тармаққа төмендеді.

Облыста тек аз қамтамасыз етілген азаматтарға, кедейлік жағдайынан өз бетімен шығуға мүмкіндігі жоқ – мүгедектерге, көп балалы отбасыларына ғана әлеуметтік қолдау көрсету жұмысы мақсатты жүргізілуде.

2005 жылдан бастап табысы төмен азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталып қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 25,6 мың адамға (90,7%) азайды және 2005 жылғы 1 қаңтардағы 28,2 мың адамның орынына 2016 жылғы 1 қаңтарға 2,6 мың адамды құрады. Бұл ретте, 2015 жылы облыс бойынша 1 алушыға кедейлік шегіне дейінгі қосымшаақы мөлшері орташа есеппен 1987,9 теңге мөлшерінде болып қалыптасты.

АӘК алушылардың құрамында 18 жасқа дейінгі балалар өңірде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін ең көп халық санаты болып табылады. 2015 жылы облыс бойынша тұтастай алғанда алушылардың жалпы құрылымында осы топ 66,6%-ды немесе 1748 адамды құрады, одан кейін баланы күтумен айналысатындар – 13,6%, әрі қарай өз бетінше жұмыспен айналысатындар – 7,4%-ды, жұмыссыздар –2,7%-ды құрады.

Әлеуметтік саясаттың тағы бір маңызды басымдығы ана мен баланы қорғау болды және солай бола береді. 2006 жылы басқа жәрдемақылармен қоса, аз қамтамасыз етілген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны (1 АЕК) қамтитын балалы отбасыларын қорғаудың жаңа жүйесі енгізілді.

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес тұтастай алғанда облыс бойынша 2006 жылдан бастап осы кезеңде жалпы мөлшері 2,5 миллиард теңгенің мемлекеттік жәрдемақысы тағайындалды, соның ішінде 2015 жылы – 6,5 мың адамға 97,7 млн. теңге мөлшерінде ( 2006 жылы – 42,0 мың адамға 313,3 млн. теңге мөлшерінде).

Атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылармен қатар, тұрғын-үй коммуналдық қызметке шығыстарды өтеу үшін аз қамтамасыз етілген азаматтарға материалдық қолдау көрсетуге бағытталған тұрғын үй көмегі төленеді.

2004 жылдан бастап кезеңде тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметке шығыстарды өтеу үшін 665,0 млн.теңгенің тұрғын үй көмегі төленді, соның ішінде 2015 жылы – 1,9 мың отбасына 41,8 млн. теңгеге (2005 жылы – 6,2 мың отбасына 52,4 млн. теңге мөлшерінде).

2005 жылдан бастап 2011 жылдар аралығында мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес облыс мүгедектеріне протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық көмек көрсетуге, техникалық орнын толтырушы құралдарды, арнайы жүріп-тұру құралдарын сатып алуға, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, жек көмекші және ымдау тілінінің маманы қызметтерін көрсетуге, ардагерлер мен мүгедектерге санаторий-курорттық емделуге 1 млрд. 434,4 млн. теңгемөлшерінде қаржы бөлінді.

2012 жылы ЖОБ-ға сәйкес 4320 адам 255,3 млн. теңге сомасында, 2013 жылы – 4253 адам 240,4 млн. теңге сомасында, 2014 жылы – 4743 адам 268,5 млн. теңге сомасында, 2015 жылы – 4375 адамға 244,3 млн. теңге сомасында оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді.

Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына атаулы әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық меншік нысаны ұйымдарының, кәсіпорындарының, жеке тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің және діни конфенссиялардың демеушілік қаражаты тартылады.

2005-2015 жылдар ішінде қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру нәтижесінде жыл сайын 100,0 мыңға жуық азамат жалпы сомасы 2330,1 млн. теңгеге материалдық көмек алады.

2015 жылы атаулы әлеуметтік қолдау көрсетудің 4 деңгейлі мемлекеттік емес бағдарламасы аясында 2190 жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткер мен мүгедекке 24771,7 млн. теңге сомасында, сондай-ақ 123 көпбалалы аз қамтамасыз етілген отбасына 1407,8 мың теңге сомасында және кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеп отырған 32 жалғыз басты мүгедек анаға 460,2 мың теңге сомасында көмек көрсетілді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар желісінің мемлекеттік құрылымына 1,6 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан қарттар мен мүгедектерге арналған 7 үй-интернаты және мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.

2010 жылдан бастап балалар психоневрологиялық интернат-үйі ішінде мүгедек балалар үшін күндізгі болу бөлімшесі қызмет етеді, одна 40 бала қызметпен қамтылды. 2012 жылдан бастап Петропавл психоневрологиялық ауруларға арналған интернат-үйі ішінде 10 орындық жастары 18 асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған күндізгі болу бөлімшесі жұмыс істейді.

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер қамқорлықтағылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып стандартта қарастырылыған көлем және түрлері бойынша ұсынылады.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс аумағында 35 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3 мыңнан астам қарт азаматтар мен мүгедектерге, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаларға қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 32 мүгедекке үкіметтік емес секторда үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Мақаланың шыққан күнi: 2012.01.30 14:19

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2016.12.30 15:59

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ