Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы (бұдан әрi — Инспекция) өз құзыретiнiң шегiнде iшкi қаржылық бақылау, мемлекеттiк сатып алу, аудиторлық қызмет, бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептеме саласында бақылау және өткiзу функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржылық бақылау комитетiнiң аумақтық бөлiмшесi болып табылады.

Заңды мекен-жайы: индексi 150008, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы , Ж.Жабаев көшесi, 241 үй.

Хабарласу телефондары:

  • қабылдау — 42-53-52 (факс)
  • кеңсе — 42-53-87 (факс)

Электрондық мекен-жайы: fink_petr@minfin.kz (fink_petr@sko.kz

Басшы — Дүйсенбек Қаппарұлы Әубәкiров, телефоны — 42-53-52

Басшының орынбасары — Зауреш Уәшқызы Қапарова, телефоны 42-53-85

Басшының орынбасары — Ақан Арыстанұлы Сыздық, телефоны 31-30-69

Сенiм телефоны — 42-52-88

Азаматтарды қабылдау кестесi:

Басшы — Д.Қ.Әубәкiров,сейсенбi сағат 16.00-ден – 18.00-ге дейiн

Басшының орынбасары — З.У.Қапарова, сәрсенбi 16.00-ден – 18.00-ге дейiн

Басшының орынбасары — А.А.Сыздық, жұма 16.00-ден – 18.00-ге дейiн.

Қаржылық бақылау инспекциясының негiзгi мiндеттерi және функциялары:

Инспекция заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асырады;

2) бақылау объектiлерiнiң есепке алу мен есептiлiктi жүргiзудiң растығына және дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады;

3) бюджеттiк кредиттер, концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру, мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiн, байланысты гранттарды және мемлекет активтерiн беру шарттары мен рәсiмдерiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

4) өз құзыретi шегiнде бақылау объектiлерiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерге салықтық емес түсiмдердi енгiзудiң толықтығы мен уақытылығына қатысты мәселелер жөнiндегi қызметiн бақылауды жүзеге асырады;

5) мемлекеттiк мекемелердiң өз иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаның қалыптастыруы мен пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;

6) қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын пайдалану кезiнде жолсыздықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдайды;

7) бақылау объектiлерiне жiберiлетiн ұсынымдардың және бақылау нәтижелерiнiң қорытындылары бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

8) бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектiлерiнен қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi сұратады және өздерiне белгiленген мерзiмде алады;

9) бақылауды жүргiзуге мемлекеттiк органдардың тиiстi мамандарын және қажет болғанда осы мақсаттарға республикалық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде олардың көрсеткен қызметтерiне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тартады;

10) iшкi бақылау қызметтерiнiң мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;

11) өткiзiлген бақылау iс-шараларын нәтижелерi туралы есептердi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетiне ұсынады;

12) бақылау нәтижелерi бойынша бөлiнген сомаларды бюджетке өтеуiн қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарымен жасалған күшiне енген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың күшi жойылған деп тану туралы талап-арыздарды сотқа жiбередi;

13) келiсiлген мерзiмдерде мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары жоспарлайтын және өткiзетiн бақылау iс-шаралары туралы ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады;

14) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының және бюджеттiк заңнамасының сақталуын бақылау мәселелерi бойынша мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

15) бақылау iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде бақылау объектiсiнiң қылмыс құрамы белгiлерi бар iс-әрекеттi (әрекетсiздiктi) жасасу фактiсi анықталған жағдайда, аталған iс-әрекеттiң (әрекетсiздiктiң) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактiнi растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына бередi;

16) қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды, соның iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманың сақталуы, мемлекеттiк сатып алу кезiнде қазақстандық мазмұн мәселелерi бойынша тексерулердi жүзеге асырады;

17) жоспардан тыс тексерулер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады;

18) хаттама жасайды, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу, бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк, аудиторлық қызмет, бюджет заңнамасы асласында әкiмшiлiк жаза қолданады;

19) мемлекеттiк қаржылық бақылау жүйесiн жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзедi;

20) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады;

20-1) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласында мемлекеттiк бақылау жүзеге асырады;

20-2) «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлердiң аккредиттелген кәсiби ұйымдары мен бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйымдардың қызметтерiн тексерудi жүзеге асырады және көрсетiлген ұйымдардың тiзбесiн жүргiзедi ;

20-3) аудиторлық қызмет саласында мемлекеттiк және кәсiби аудиторлық ұйымдардың қызметтерiн бақылау жүзеге асырады;

20-4) «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйымдар мен аудиторлық ұйымдардың қызметтерiне тексерудi жүзеге асырады.

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының 2013 жылғы I жартыжылдық бойынша қорытындылар туралы ақпарат

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының (бұдан әрi — Инспекция) бақылау iс — шаралары жоспарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржылық бақылау комитетiнiң (бұдан әрi — Комитет) тапсырмаларын орындауда, және де заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерiнiң негiзiнде Инспекциямен 2013 жылдың I жартыжылдығында 125 бақылау объектiсi бақылаумен қамтылды, оның iшiнде жетгiлiктi бюджеттен қаржылатыны — 115.

Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда анықталған бұзушылықтардың сомасын 3 008,3 млн.теңге құраған (2012 жылы — 3 447,6 млн.теңге), оның iшiнде қаржылық бұзушылықтар — 1 671,6 млн.теңге немесе 56%; мемлекеттiк сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары — 1 208,3 млн.теңге немесе 40%; бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi құру тәртiбiнiң бұзушылықтары — 123,1 млн.теңге немесе 4%; бюджеттi әзiрлеу, бекiту және нақтылаудағы бұзушылықтар — 5,3 млн.теңге немесе 0,1% (№1 қосымша).

Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасынан қалпына келтiруге/ өтелуге 90,5 млн.теңге жатады, есеп мерзiмiнде қолданылған шаралармен 25,9 млн.теңге қалпына келтiрiлдi/ өтелдi, сонымен қатар бюджет кiрiсiне 5,1 млн.теңге қайтарылды. Заңнаманы бұзумен пайдаланылған қаражатты бюджетке өтеу бойынша жұмыс заңнамамен белгiленген тәртiпте жалғастырылуда.

Жергiлiктi бюджет бойынша жоғарыда көрсетiлген бұзушылықтардың бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерi және олардың бағанысындағы ұйымдар шеңтерiндегi анықталған бұзушылықтар: Энергетика және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық басқармасы — 1 523,9 млн.теңге (50,7%); аудандардың және Петропавл қаласының бiлiм бөлiмдерiнде — 450,3 млн.теңге (15%); аудандардың және Петропавл қаласының тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмдерiнде — 222,6 млн.теңге (7,4%); денсаулық сақтау басқармасында — 172,6 млн.теңге (5,7%); аудандардың және Петропавл қаласының құрылыс бөлiмдерiнде — 130,8 млн.теңге (4,3%); жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасында — 124,3 млн.теңге (4,1%); бiлiм басқармасында — 106,9 млн.теңге (3,6%); «Солтүстiк» «Әлеуметтiк — кәсiпкерлiк корпорациясы» АҚ — 93,7 млн.теңге (3,1%); табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында — 56,3 млн.теңге (1,9%); аудандардың және Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiнде — 52,9 млн.теңге (1,8%); дене шынықтыру және спорт басқармасында — 50,3 млн.теңге (1,7%); мәдениет басқармасында — 5,4 млн.теңге (0,2%) және басқалары.

Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» кодексiнде көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа жол бергенi үшiн әкiмшiлiк өндiрiп алу түрiнде 5 729,6 мың теңге сомасында айыппұл салу туралы 35 қаулы шығарылып, бүгiнгi күнде бюджет кiрiсiне 2 648,4 мың теңгесi немесе 46% өтелдi (№2 қосымша). Салынған әкiмшiлiк айыппұлдарды бюджет кiрiсiне өндiру бойынша жұмыс заңнамамен белгiленген тәртiпте жалғастырылуда.

Есеп мерзiмiнде жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын бақылау объектiлерiнiң 137 лауазымды тұлғасы тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылды (№3 қосымша).

Инспекциямен заңнаманы бұзумен пайдаланылған соманы бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында сот органдарына, және де мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын жою және мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың заңды есеп мерзiмiнде 1 — қанағаттандырылды, 4 — өндiрiсте.

Құқық қорғау органдарына жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын бақылау объектiлерiнiң 2 174,3 млн.теңге сомада 28 материалы жiберiлдi (№4 қосымша).

Инспекцияның бекiтiлген бақылау iс — шаралары Жоспарына сәйкес 2013 жылдың 2 тоқсанында Қызылжар ауданының бюджетiнен қаржыландырылатын ұйымдармен бюджеттiк және басқа да заңнамалардың сақталынуының бақылауы жүргiзiлiп, жалпы 348,3 млн.теңге сомада бұзушылықтар анықталды (оның iшiнде: қаржылық — 295 млн.теңге, бюджеттi әзiрлеу және атқаруда — 5,3 млн.теңге, мемлекеттiк сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары — 47,9 млн.теңге, сонымен қатар мемлекеттiк сатып алу қорытындыларына әсер ететiндер — 37,4 млн.теңге) немесе бақылаумен қамтылған 11 800,7 млн.теңге сомасынан 3%. Қолданылған шаралармен бюджетке 2,7 млн.теңге қалпына келтiрiлдi және қайтарылды (№ 5 қосымша).

Қызылжар ауданының бiлiм бөлiмiмен 2012–2013 жылдарға 27,8 млн.теңге сомада оқулықтар мен оқу- әдiстемелiк жинақтарды сатып алу және жеткiзу қажеттiлiгiн жоспарлау бiр дананың құнын және оқулықты қажет ететiн оқушының санын растайтын құжаттарсыз есеп айырысу жүргiзiлген.

Бақылау мерзiмiнде ауданның бiлiм ұйымдарында тиiстi бағыттар бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсiби бiлiмдерi жоқ тұлғалармен педагогикалық қызметпен айналысу жағдайлары анықталды, оларды ұстауға жұмсалған шығынды 20,3 млн.теңге құраған.

Қызылжар ауданының құрылыс бөлiмiмен ҚР Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 бұйрығымен бекiтiлген бюджеттiк өтiнiмдердi құру және ұсыну Ережесiн бұзуда 2012 жылға бюджеттiк өтiнiмде жалпы 118,1 млн.теңге сомада ұсталынатын ақпараттар мен есеп айырысулардың толықтығы мен растығы (жоспарланатын шығындар құнының негiздiлiгi жоқ) қамтамасыз етiлмеген. Осындай бұзушылық 14,2 млн.теңге сомада ауданның тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнде анықталды.

Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiмен Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» және «Арнайы әлеуметтк қызметтер туралы» Заңдарын бұзуда 2009 — 2010 жылдары қарттар, мүгедектер, сонымен қатар үйде күндiзгi күтудегi мүгедек балаларға арнайы әлеуметтiк қызметтер тиiстi лицензиясыз ұсынылған, жұмсалған шығын сомасы 43,8 млн.теңге.

Шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Жiгер» КМК-ында 2011 жылдың маусым айында бiр көзден алу тәсiлiмен арнайы техниканы мемлекеттiк сатып алуын жүргiзуде (құны 1,5 млн.теңге автомобилi және құны 0,2 млн.теңге МТЗ-82,1 үшiн алдыңғы аудармалы қайырмасы) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк сатып алуларды жүзеге асыру Ережесiн бұзуда бiлiктiлiк талаптарға сай келмейтiн әлеуеттi жеткiзушiлер жiберлiген.

«Айыртау психоневрологиялық интернаты» КММ-сiнде жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталынуының тақырыптық бақылауымен ҚР «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 44 бабының 5 тармағын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 мамырдағы № 423 «Отандық тауар өндiрушiлерiнен сатып алынатын азыө — түлiк тауарларының тiзiмiн бекiту туралы» қаулысын бұзуда 124 млн.теңге сомада азық — түлiк тауарлары (2010–2013 жылдары) отандық тауар өндiрушiлерден емес жалпы негiзде сатып алынған.

«Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ- сiнде ағымдағы жылдың мамыр — маусым айларында III-IҮ санаттағы автомобиль жолдарын ұстау бойынша жұмыстардың мемлекеттiк сатып алуын жүргiзуде мемлекеттiк сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары анықталды, олар конкурстық өтiнiмдерi бекiтiлген конкурстық құжаттамалардың талаптарына сай келмейтiн әлеуеттi жеткiзушiлердi конкурстқа қатысуға жiберуде; әлеуеттi жеткiзушiлердiң конкурстық баға ұсыныстарына әсер ететiн шарттық жеңiлдiктердi дұрыс қолданылмауда көрiнген. Осы мемлекеттiк сатып алулардың жеңiмпазы болып ұсынылған 45 млн.теңге бағасымен, конкурстық өтiнiмi конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтiн әлеуеттi жеткiзушi «Искандарян Мхитар Федяевич» ЖК танылған.

«Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ- сiнде ағымдағы жылдың наурыз — сәуiр айларында конкурс тәсiлiмен ауданның жолдарын ағымды жөндеу бойынша жұмыстарын мемлекеттiк сатып алуын жүзеге асыруда конкурсқа қатысуға конкусртық құжаттамада көрсетiлген арнайы бiлiктiлiк талаптарына сай келмейтiн әлеуеттi жеткiзушi «МГА-Дорстрой» ЖШС-гi жiберiлген. Конкурсқа бiр ғана әлеуеттi жеткiзушi жiберiлуiне байланысты осы конкурс өтпедi деп танылған.

Сонымен қатар, мемлекеттiк сатып алудың ұйымдастырушысымен ауданның аудандық жолдарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарын «МГА-Дорстрой» ЖШС-гiнен бiр көзден алу тәсiлiмен 51,4 млн.теңге бағасымен сатып алу шешiмi қабылданған, осы әлеуеттi жеткiзушi мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамамен белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келмеген.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 44 бабын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 64 «Мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен құрылған ұйымдарда мемлекеттiк сатып алуларды жүзеге асырудың кейбiр мәселелерi» қаулысын бұзуда 2012–2013 жылдары Қазақстан Республикасының мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiмен құрылған тауар өндiретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететiн ұйымдардан сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтердiң жеке түрлерi мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi арасында емес, 3,2 млн.теңге сомасында жалпы негiзде сатып алынған.

Мақаланың шыққан күнi: 2012.02.22 14:50

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2013.09.03 12:38

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ