Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ

Облыс әкiмiнiң жетекшi орынбасары — Солтүстiк Қазақстан облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Айдарбек Сейпеллович Сапаров

Мекен-жайы: 150000, СҚО, Петропавл қ., Совет к-сi, 34

E-mail: terkom_petr@at.minfin.kz

Байланыс тел./факс: 8(7152)46-51-08

Сенiм тел.: 8(7152)46-51-08

Басшының м.а.: Плясунова Гульнара Уразгалеевна

Тел.: 8(7152)46-51-08, 8(7152)46-32-58.

Азаматтарды қабылдау күнi — сейсенбi күнi сағат 15-дан 17-ге дейiн.

Заңды тұлғаларымен жұмыс жүргiзу бөлiмi

Тел.: 46-56-16, 46-76-93

Құқықтық және ұйымдастыру бөлiмi

Тел.: 46-48-88, 46-76-93

Мүлiктi иелену бөлiмi

Тел.: 46-20-38, 46-05-84

Департамент Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында туындаған, мүлiктiк құкық және мiндеттер бойынша бөлу жолымен қайта ұйымдастырылған «Қазакстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң «Тобыл» өңiраралық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi» мемлекеттiк мекемесiнiң құкықтық мирасқоры болып табылады.

Департаменттiң функциялары және мiндеттерi

Департамент Комитет құзыретiнiң шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  1. орталық республикалық орган болып табылатын республикалық мемлекеттiк мекеме мүлкiн берудi және республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның жарғылық капиталына мүлiктi берудi қоспағанда республикалық заңды түлғаларға бекiтiп берiлген негiзгi құралдарды қабылдап алу-беру және iстен шығару мәселелерiн келiсу;
  2. республикалық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлер меншiгiне кейiннен сатып алу құқығымен немесе ақысыз негiзде беру құқығымен мүлiктiк жалға беруге (жалдауға), сенiмдi басқаруға беру;
  3. мемлекеттiк материалдық резервтi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органды жекешелендiру объектiсiнде мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары болған жағдайда олардың осы материалдық құндылықтарды объектiнi жекешелендiргенге дейiн одан әрi орналастыру үшiн шешiм қабылдауы үшiн алдағы жекешелендiру туралы уақтылы хабардар ету;
  4. жекешелендiру шарттарын, нысанын және түрiн анықтау, оны жүргiзуге дайындықты жүзеге асыру;
  5. сатып алушының талап етуi бойынша жекешелендiру объектiлерiнiң жүктемелерi туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектiң сомасы, егер кәсiпорын мүлiктiк кешен ретiнде жекешелендiру объектiсi болып табылса, жекешелендiрiлетiн кәсiпорын жасаған шарттар туралы ақпаратты дайындауды және берудi жүзеге асыру;
  6. республикалық меншiктi жекешелендiрудi жүзеге асыру, объектiнi жекешелендiруге дайындау үдерiсiнде республикалық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету, жекешелеңдiру үдерiсiн үйымдастыру үшiн делдал тарту, жекешелендiру объектiсiн бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендiру объектiсiн сатьш алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
  7. Комитеттiң шешiмдерiне сәйкес, акционерлiк қоғамды (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi) басқаруға қатысуға акционер (қатысушы) ретiнде мемлекет құқығын жүзеге асырады;
  8. республикалық мүлiк мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiру, Қазақстан Республикасына тиесiлi мүлiктiк кұқықтарды қорғауды жүзеге асыру;
  9. стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншiктi мемлекеттiк мониторинг ұйымдастыруға және жүргiзуге қатысу, және мониторинг субъектiлерi мен қатысушыларының iс-әрекетiн үйлестiру;
  10. республикалық мемлекеттiк меншiк объектiлерiн сенiмгерлiк басқару шарттарына сәйкес сенiмгер басқарушылардың мiндеттемелердi орындау мәселесi бойынша бақылауды жүзеге асыру, оның iшiнде сенiмгер басқарушыларды тыңдауды жүргiзу;
  11. мемлекеттiк мүлiктiң нысаналы пайдаланылуына бақылауды және республикалық мүлiкке қатысты артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмай тұрған мүлiктi алып қоюды үш жылда кемiнде бiр рет жүзеге асыру;
  12. тиiстi саланың уәкiлеттi органының келiсiмi бойынша аумақтық республикалық органға немесе мекемеге берiлген мүлiктi алып қоюды немесе қайта бөлудi жүзеге асыру;
  13. мемлекеттiк мүлiктi мақсатты пайдалануға бақылау жүргiзу нәтижелерi бойынша анықталған артық, пайдаланылмаған, не мақсаты бойынша пайдаланылмаған аумақтық мемлекеттiк органдардың және мекемелердiң мүлкiн тиiстi саланың уәкiлеттi органының келiсiмiнсiз бақылау жүргiзген сәттен бастап алты ай өткен соң алып қоюды жүзеге асыру;
  14. сатып алу-сату, оның iшiнде әрекет етуiн тоқтатқан шарттың орындалуына байланысты бақылауды жүзеге асыру кезiнде жүмысқа сарапшыларды, сондай-ақ консультациялық, бағалау, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тарту;
  15. Қазақстан Республикасына тиесiлi акцияларына дивидендтердi есептеудiң және оларды төлеудiң уақтылығы мен толықтығына, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлесi Қазақстан Республикасына тиесiлi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң қатысушылары арасындағы таза кiрiстi бөлуге бақылауды жүзеге асыру;
  16. Комитеттiң шешiмдерiне сәйкес, акционерлiк қоғамдар орналастырған акцияларды төлеудi және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сэйкес ақшаны енгiзу арқылы жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына, сондай-ақ республикалық мүлiктi салымды, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жарғылық капиталындағы акцияларды, қатысу үлестерiн енгiзудi жүзеге асыру;
  17. Комитеттiң шешiмдерiне сәйкес, Қазақстан Республикасы жалғыз акционерi (қатысушысы) болып табылатын акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестердiң) директорларының тиiстi кеңесi (бақылау кеңесi) құрамына өз өкiлiн тағайындау, ал өзге Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлiк қоғамдарда және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде акционерлердiң немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер қатысушыларының жалпы жиналысында директорлар кеңесiне немесе бақылау кеңесiне кандидатураны бекiтуге ұсыну;
  18. мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiндегi мемлекеттiк мүлiктi бiрыңғай есепке алуды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiру мен ұйымдастыруды жүзеге асыру;
  19. республикалық мүлiктi пайдалануға беру жөнiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асыру;
  20. Департаменттiң негiзгi қызметiн ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
  21. республикалық меншiктiң мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
  22. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Мақаланың шыққан күнi: 2012.02.22 15:10

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2015.10.05 09:56

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесКешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасыҰлттық зияткерлік меншік институты
ТИЦ