Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті

Мекенжайы: 150008, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 36 үй.

Веб-мекенжайы: www.medcontrol.sko.kz

Телефон/факс: +7 7152 46-59-33.

Сенім телефоны: +7 7152 46-02-48.

Электронды пошта: petrukksomu@mail.ru

Департамент басшылығы

Департамент директоры

Бейсембаев Дәуренбек Жұмағұлұлы

1959 жылдың 23 қыркүйегінде Көкшетау облысы, Қызылту ауданында туған. Педиатрия мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік медицина институтын тәмамдады.

Денсаулық сақтау басқармасының органдарында 1993 жылдан бастап жұмыс атқарады.

1993–1997 жж. — Ленин орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері.

1999–1999 жж. — СҚО әкімдігінің Облыстық тері — венерологиялық диспансерінің бас дәрігері.

1999–2004 жж. — СҚО Денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары.

2005–2010 жж. — «Балалар облыстық ауруханасы» ҚМКК бас дәрігері.

2010 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке, ақы төлеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры.

Денсаулық сақтау ұйымдары бойынша 10-нан астам жарияланған мақалалардың авторы.

«Шапағат» медалімен марапатталды, Қазақстанның дәрігерлер және провизорлардың 3 съезінің делегаты, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы политкеңесінің мүшесі, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Департамент директорының орынбасары

Гордеева Лариса Болеславовна

1965 жылдың 7 қыркүйегінде Көкшетау облысы Қызыл әскер ауданының Киров селосында туған. Экономист мамандығы бойынша Целиноград ауылшаруашылық институтын тәмамдады.

Денсаулық сақтау саласындағы өз қызметін 2006 жылдың маусым айынан бастап — экономикалық сұрақтар бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс атқарып келеді. 2009 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке, ақы төлеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істейді. «Денсаулық сақтау ісінің Бірыңғай Ұлттық жүйесі аясында стационарлы (стационар алмастыратын) көмекке, ақы төлеу мәселелері» тақырыбы бойынша оқытудан өтті.

Қазақстан Республикасының 10 жылдық тәуелсіздігіне орай мерейтой медалімен марапатталды, Облыс әкімінің құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталды.

Азаматтарды қабылдау кестесі

Кепілдік берілген тегін медициналық көмек көрсету үшін сатып алу қызметі жөнінде, көрсетілген медициналық көмек көлемі төлемдерін бақылау сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау кестесі

№ р/н Қабылдау түрі Жауапты Өткізу уақыты Қабылдау орны
1 Жеке қабылдау Департамент директоры Жұма 16.00-ден 18.00-ге дейін. Директордың кабинеті
2 Жеке қабылдау Департамент директорының орынбасары Бейсенбі 16.00-ден 18.00-ге дейін Директор орынбасарының кабинеті

МҰ негізгі міндеттері мен функциялары

Мемлекеттік органның қызметі туралы, ақпарат

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке, ақы төлеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі — Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне жататын медициналық қызмет көрсету өрісінде жүзеге асырылатын функцияларды іске асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, шығындарды қайтарған жағдайларда көрсетілетін медициналық қызметтің көлемін бақылайтын, төлейтін, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне қызметті сатып алуды іске асыратын және басшылық ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке, ақы төлеу комитетінің (бұдан әрі — Комитет) ведомствосы болып табылады.

Департаменттің екі бөлімі бар:

  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін бақылау бөлімі
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне, ақы төлеу бөлімі

Департаменттің негізгі міндеттері

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне, ақы төлеу, шығындарды қайтарған жағдайларда көрсетілетін медициналық қызметтің көлемін бақылау, қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру.

Департамент қызметінің мақсаты

Медициналық қызметті көрсету өрісінде іске асырылатын функцияларды жүзеге асыру.

Атқарылатын қызмет

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне қызмет көрсетілген жағдайларда медициналық қызметті сатып алу және оларғақы төлеу.

Департамент функциялары

Сәйкес мерзімге бюджет жобасын қалыптастырған уақытта Денсаулық сақтау басқармасының облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астаналардың жергілікті мемлекеттік органдарымен жоспарланған тегін медициналық көмекке кепілдік берілген көлемдерді (бұдан әрі — ТМККБК) келісу.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған тәртіпте ТМККБК шегінде стационарлы және стационар алмастыратын көмекті көрсету жөнінде медициналық қызметті сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастырып өткізу.

ТМККБК көрсетуге келісім шарт жасасу үшін қызмет бағыты және материалдық-техникалық ресурстары бар медициналық ұйымның медициналық қызмет көлемі және түрінің сәйкестігін бағалау.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған тәртіпте медициналық қызметтердің жабдықтаушыларымен — Денсаулық сақтау ұйымдарымен келісім шарт жасасу;

Алдағы қаржылық жылға ТМККБК республикалық бюджетінің міндетті төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыруға қатысу.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, келісім шарт міндеттерін тиісті емес дәрежеде орындағаны үшін медициналық ұйымдарға экономикалық ықпал сипатындағы шаралар қолдану.

ТМККБК шегінде нақты нәтижелер бойынша медициналық қызмет үшін, ақы төлеуді жүзеге асыру.

ТМККБК көлемдерінің ақауларын құрылымдық талдау.

Жоспарға сәйкес ТМККБК бойынша бюджеттің игерілуін және тиімділігін қамтамасыз ету.

Медициналық ұйымды еркін таңдау нәтижесі бойынша медициналық қызметтің жабдықтаушылары арасында қаржыландырудың көлемдерін қайта бөлу.

ТМККБК көлемдерін оңтайлы жоспарлауды бағалау және талдау.

Денсаулық сақтау өрісінде нормативті құқықтық және құқықтық актілерді, стандарттарды, нормативті құжаттарды және есептік, есепке алу құжаттарының нысандарын әзірлеуге қатысу.

Департамент құқығы

Халық денсаулығын қорғау аумағында бірыңғай мемлекеттік саясатты жетілдіру, тұжырымдамаларды, стратегияларды, мемлекеттік және басқа да бағдарламаларды дамыту жоспарларын, нормативтік-құқықтық актілерді, нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу, оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды енгізу.

Медициналық қызметтерді көрсету өрісінде бағдарламаларды әзірлеу үшін ұсыныстарды енгізу, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын қорғау жөнінде мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларын, сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының тиімділігін бағалау және ауруханалық ішкі менеджментінің бағдарламаларын әзірлеуге қатысу.

Жоғары мамандандырылған, стационарлы, стационар алмастыратын медициналық көмекті көрсету бойынша медициналық қызметтің сатып алуын жүзеге асыру жағынан министрліктің мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге қатысу.

Бюджеттік өтінімдердің жобасын үш жылдық мерзімге қалыптастырған жағдайда медициналық қызметтердің жабдықтаушылары — медициналық ұйымдардың бюджеттік өтінімдерінің жобаларын қарастыру.

Медициналық қызметтердің жабдықтаушылары — медициналық ұйымдардан, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті атқарушы органдарынан қажетті, ақпаратты, статистикалық мәліметтерді сұратып алу.

Медициналық қызмет алған тұлғалардың көрсетілген медициналық көмектің сапасын, көлемін және сипатын көрсететін (бұдан әрі — медициналық карта) жеке тұлғалардың денсаулығы туралы мәліметтерді жазу үшін арналған алғашқы медициналық құжаттардың сараптамасын өткізу.

Денсаулықты қорғау өрісінде азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша шараларды әзірлеу.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жағдайында көрсетілетін медициналық қызметтің көлемін және сапасын бақылау мақсатында халыққа медициналық көмек ұсынылатын объектілерде тексеріс өткізуді бастау.

Денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтердің көлемі және сапасының бақылауын өткізу үшін қажетті құжаттарды сұратып, олардың көшірмелерін алу.

Өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау субъектілерінің өткізілген сараптамаларының нәтижелері туралы акт құру.

Денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған тәртіп пен негізде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен орнатылған талаптарды орындамаған жағдайда сот, құқық қорғау, және басқа да мемлекеттік органдарына жүгіну.

Халыққа медициналық көмек көрсету сұрақтары бойынша мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті, ақпаратты, есептерді сұратып алу.

Шығындарды қайтару жағдайында көрсетілген медициналық қызметтердің көлемі және сапасының бақылауын өткізу үшін орнатылған тәртіпте тәуелсіз сараптамашыларды тарту.

Медициналық ақпараттық аналитикалық орталықтан, оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті мәліметтерді сұратып алу.

ТМККБК көрсетудің жүйелі, ақауларын анықтаған жағдайда стационарлы (стационар алмастыратын) емдеуге қызмет көрсету келісім шартын тоқтату туралы шешім қабылдау.

Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, мемлекеттік кәсіпорындармен, медициналық ақпараттық аналитикалық орталықтармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара әрекетті жүзеге асыру.

Медициналық қызметтің сапасын жетілдіруге бағытталған жиналыс, семинар, конференция, халықаралық симпозиумдерді және басқа да шараларды өткізу.

Департамент жанында консультативті-кеңестік органдарын және сараптамалық комиссияларды құру.

ТМККБК көрсетілген медициналық қызметтің көлемін бақылау мәселесі бойынша семинар, ғылыми-практикалық конференцияларды өткізу және қатысу.

Мақаланың шыққан күнi: 2012.02.22 15:27

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2012.02.22 15:27

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ