Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментi

Заңды мекенжайы: 150009, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қ., Мир к-сi, 236
Телефон: 8 (715-2) 52-14-37; факс: 52-14-50; тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелер бойынша «жедел желi»: 52-14-36
E-mail: skodzpp@economy.gov.kz, skodzpp@mail.ru
Департаменттiң ресми сайты: www.sko.kzpp.gov.kz

Юрий Евгеньевич Пузиков

Юрий Евгеньевич ПузиковТуған күнi: 1954 жыл 19.07.

Туған жерi: Қарағанды облысы, Жезқазған қ.

Бiлiмi, лауазымы: жоғары, 1977 жылы Қарағанды мемлекеттiк медициналық институтын «Санитария және гигиена», санитарлық дәрiгер мамандығы бойынша бiтiрдi.

Еңбек өтiлi:

  • 1977 жылдан 1984 жылға дейiн Солтүстiк Қазақстан облыстық санэпидстанциясында коммуналдық гигиена бойынша дәрiгерi.
  • 1984 жылдан 1992 жылға дейiн Солтүстiк Қазақстан облыстық санэпидстанциясында ошақтық дезинфекция бөлiмiнiң меңгерушiсi.
  • 1992 жылдан 1997 жылға дейiн Солтүстiк Қазақстан облыстық санэпидстанциясында эпидемиология бөлiмiнiң меңгерушiсi.
  • 1997 жылы 2004 жылға дейiн Солтүстiк Қазақстан облыстық бiрлескен дезинфекциялық станциясында ошақтық бөлiмiнiң меңгерушiсi.
  • 2001 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы бiрлескен дезинфекциялық станциясының бас дәрiгер лауазымына тағайындалды.
  • 2004 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Мемсанэпидқадағалау департаментi бастығының эпидемиологиялық қадағалау мәселелерi бойынша орынбасарына тағайындалды.
  • 2009 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемсанэпидқадағалау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департамент директорының эпидемиологиялық мәселелерi бойынша орынбасары болып тағайындалды.
  • 2013 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемсанэпидқадағалау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының эпидемиологиялық қадағалау мәселелерi бойынша орынбасары болып тағайындалды.
  • 2014 жылы Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментi басшысының орынбасары болып тағайындалды.
  • 2014 жылдан осы уақытқа дейiн Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментi басшысының орынбасары — Солтүстiк Қазақстан облысының Бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгерi.
  • 2016 жылдың 22 тамызынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментi басшысының мiндетiн уақытша атқарушы.

Мемлекеттiк марапаттаулары:

  • «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» кеуде белгiсi;
  • «Денсаулық сақтау iciнe қосқан үлесi үшiн» кеуде белгiсi;
  • «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелiк медалi.

Департаменттiң құрылымы

А.Т.Ж. Лауазым Байланыс телефоны
Басшылық
- Департамент басшысы 52-14-37
Юрий Евгеньевич Пузиков Департамент басшысының м.а. (Басшының орынбасары) 34-04-43
Татьяна Леонидовна Горлова Басшының орынбасары 34-04-42
Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс, автоматты басқару жүйесі және мемлекеттік тілді дамыту бөлімі
Денис Валерьевич Панченко Бөлім басшысы 52-14-45
Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу бөлімі
Елена Николаевна Мамлютова Бөлім басшысы 52-04-05
Карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (сонымен қатар туберкулезді)
Сергей Семёнович Парага Бөлім басшысының м.а. 52-14-49
Инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімі
Фарида Атморзаевна Мухамеджанова Бөлім басшысы 52-14-38
Аурухана ішілік инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімі
Жания Секеновна Абишева Бөлім басшысы 52-12-66
Балалар, білім беру және тағам объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімі
Гульнара Мейрамовна Сеитова Бөлім басшысы 52-14-43
Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімі
Беляева Наталья Яковлевна Бөлім басшысы 52-14-46
Өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімі
Гульнара Турлыбековна Джаксылықова Бөлім басшысы 52-14-43
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімі
Лазьм Исмагуловна Мияшева Бөлім басшысы 52-14-36
Персоналды басқару қызметі
Самал Абельмажиновна Сулейменова Бөлім басшысы 34-04-45
Экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімі
Канчаим Мухаметкалиевна Кубенова Бөлім басшысы 52-14-47

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Департамент) облыс аумағында тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, тұтынушыларға өткiзiлетiн өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтiк құжаттармен белгiленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау саласындағы, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн өткiзу сатысындағы олардың қауiпсiздiгi саласындағы (бұдан әрi — реттелетiн сала) салааралық үйлестiрудi, бақылау-қадағалау, iске асыру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң (бұдан әрi — Комитет) аумақтық бөлiмшесi болып табылады.

Департаменттiң аумақтық бөлiмшелерi — тиiстi ауданның, қаланың (қала ауданының) тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармалары бар.

2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Егер Департаментке уәкiлеттiк берiлсе, азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан және Комитет атынан түседi.

5. Егер Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы ретiнде шығуға құқылы.

6. Департамент өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдердi қабылдайды.

7. Департаменттiң құрылымы және штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Департаменттiң заңды мекенжайы:150009, Қазақстан Республикасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавловск қаласы, Мир көшесi, 236.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы — «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже Департаменттiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. Департамент қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

12. Департаментке мемлекеттiк органның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге жол берiлмейдi.

Егер Департаментке заңнамалық актiлермен табыс әкелетiн қызметтi iске асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен түскен табыс мемлекеттiк бюджетке жiберiледi.

2. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13. Департаменттiң мiндеттерi:

1) облыс аумағында тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ету;

2) мемлекеттiк органдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ету бойынша қызметiн салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;

3) өз құзыретiнiң шегiнде Департаментке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

14. Департаменттiң функциялары:

1) мемлекеттiк органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкiметтiк емес ұйымдармен, тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерiмен реттелетiн саладағы мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жасау;

2) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;

3) реттелетiн саладағы мемлекеттiк және өзге де бағдарламалардың, жобалардың, стратегиялық жоспарлардың iске асырылуын қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының реттелетiн саладағы заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзу;

5) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;

6) мемлекеттiк органдар қабылдаған реттелетiн саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актiлердiң күшiн жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзу;

7) инфекциялық аурудан еркiн немесе инфекциялық аурудың таралу деңгейi төмен аумақты немесе оның бөлiгiн айқындау бойынша ұсыныстар беру;

8) құзыретiне сәйкес бiлiктiлiк санаттарын бере отырып, санитариялық-эпидемиологиялық бейiндегi мамандар үшiн бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу;

9) үй-жайларда және көлiк құралдарында, аумақтарда, инфекциялық және паразиттiк аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргiзудi талап ету;

10) реттелетiн саладағы, бюджеттi жоспарлау және орындау, бухгалтерлiк есеп және мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша республикалық және өңiрлiк семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткiзуге қатысу;

11) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк кәсiпорындардың бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi көлемдерiн айқындау;

12) инфекциялық және паразиттiк ауруларды эпидемиологиялық бақылауды жүргiзу;

13) шектеу iс-шараларын, оның iшiнде жекелеген объектiлерде карантин белгiлеу;

14) тексерулердiң, бақылаудың өзге нысандарының және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерiнiң негiзiнде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру;

15) құзыретiнiң шегiнде Комитет Департаментiнiң аумақтық басқармаларының қызметiн жалпы ұйымдастыру, үйлестiру және бақылау;

16) өз құзыретiнiң шегiнде тиiстi аумақта бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

17) тиiстi деректер банкiн қалыптастыра отырып, тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг, есепке алу және статистика жүргiзу;

18) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу үшiн сараптама объектiсiнiң қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына әсерiн бағалауды зерделеу үшiн қажеттi материалдарды сұрату, сондай-ақ осы өнiмнiң құнына өтемақы төлемей, оны жүргiзу үшiн қажеттi көлемнен аспайтын және жеткiлiктi көлемдерде өнiмдердiң сынамаларын алу және үлгiлерiн iрiктеу;

19) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактiлерiн қарау үшiн жеке, лауазымды, заңды тұлғаларды тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарына шақыру;

20) балалар тамағы өнiмдерiн, тағамға тағамдық және биологиялық белсендi қоспаларды, генетикалық түрлендiрiлген объектiлердi, сумен және тамақ өнiмдерiмен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететiн химиялық заттарды, өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн қолдануды тоқтата тұру немесе қолдануға тыйым салу;

21) өз құзыретiнiң шегiнде реттелетiн салада мемлекеттiк қызметтер көрсету;

22) өз құзыретiнiң шегiнде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың бұзылуына тексеру жүргiзу;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасымен ведомствоға жүктелген өзге де функциялар мен бағыттарды жүзеге асыру.

15. Департаменттiң құқықтары мен мiндеттерi:

1) тиiстi аумақтағы мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарынан, обаға қарсы күрес және дезинфекция станцияларынан реттелетiн саладағы мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;

2) реттелетiн саладағы жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын үйлестiру;

3) жеке және заңды тұлғалар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы органдардың лауазымды адамдары берген заңды талаптарды немесе ұйғарымдарды, қаулыларды орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған кезде сотқа жүгiну;

4) реттелетiн саладағы аумақтық бөлiмшелер мен ұйымдарға, жеке және заңды тұлғаларға өз құзыретiнiң шегiнде консультациялық көмек көрсетудi ұйымдастыру;

5) реттелетiн саладағы мәселелер бойынша бiлiмдi насихаттау;

6) өз құзыретiнiң шегiнде консультативтiк-кеңесшi және сараптау комиссияларын құру;

7) қаржылық есептiлiктi құрастыру және бухгалтерлiк есептi жүргiзу;

8) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жағдайларды қоспағанда, өзiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде алынған коммерциялық, қызметтiк, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

9) реттелетiн саладағы Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына талдау жүргiзу;

10) заңнамада белгiленген тәртiппен басқа ұйымдардан мамандарды тексеру және сараптама жүргiзуге тарту;

11) электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық желiлердi құру және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес оларға жеке және заңды тұлғалардың қолжетiмдiлiгiн ұйымдастыру;

12) жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларымен реттелетiн саладағы қызметтiң түпкiлiктi нәтижелерiне қол жеткiзуге бағытталған меморандумдар (келiсiмдер) жасасу;

13) қолданыстағы заңнамалық актiлермен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Департаменттiң қызметiн ұйымдастыру

16. Департаменттi басқаруды Департаменке жүктелген мiндеттердi орындауға және өзiнiң функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болатын Департаменттiң Басшысы жүзеге асырады.

17. Департаменттiң Басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен лауазымына тағайындалады және лауазымынан босатылады.

18. Департамент Басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен лауазымына тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.

19. Департамент Басшысының өкiлеттiктерi:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаменттiң қызметкерлерiн, сондай-ақ Комитет төрағасының келiсiмi бойынша Департаменттiң аудандық (қалалық) тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларының басшыларын және олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

2) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес Департамент қызметкерлерiн, сондай-ақ Департаменттiң аудандық (қалалық) басқармаларының басшыларын және олардың орынбасарларын көтермелеу, iссапарға жiберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерiн шешедi;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзi тағайындайтын Департаменттiң қызметкерлерiне, сондай-ақ Департаменттiң аудандық (қалалық) басқармаларының басшыларына, басшыларының орынбасарларына тәртiптiк жаза қолданады;

4) Департамент қызметкерлерiнiң, Департаменттiң аудандық басқармалары басшыларының және басшылар орынбасарларының мiндеттерiн, өкiлеттiктерi мен жауапкершiлiктерiн айқындайды, сондай-ақ олардың лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;

5) өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша бұйрықтарға қол қояды;

6) мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттiң мүддесiн бiлдiредi;

7) Департаменттiң аумақтық бөлiмшелерiнiң ережелерiн бекiтедi;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Департаменттiң Басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн орындауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

4. Департаменттiң мүлкi

20. Департаменттiң Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.

21. Департаменттiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк есебiнен, сондай-ақ өз қызметiнiң нәтижесiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден сатып алынған мүлiк (ақшалай табысты қосқанда) есебiнен қалыптасады.

22. Департаментке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

23.Департаментке өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша берiлген қаражат есебiнен алынған мүлiктi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, өз бетiнше иелiктен айыруына немесе өзге тәсiлмен билiк жүргiзуiне жол берiлмейдi.

5. Департаменттi қайта ұйымдастыру және тарату

24. Департаменттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментiнiң басшысы және оның орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкiлдерiн 2017 жылғы қабылдау кестесi

Азаматтар қабылдауын іске асыратын басшының А.Ж.Т. Азаматтар қабылдауын іске асыратын жетекшінің лауазымы Қабылдау күні мен уақыты
- Департамент басшысы сейсенбі 11.00-ден сағат 13.00 дейін
Юрий Евгеньевич Пузиков Басшының орынбасары сәрсенбі: 11.00-ден сағат 13.00 дейін
жұма: 16.00-ден сағат 18.00 дейін
Татьяна Леонидовна Горлова Басшының орынбасары дүйсенбі: 16.00-ден сағат 18.00 дейін
бейсенбі: 11.00-ден сағат 13.00 дейін

Департамент ғимаратында Консультациялық орталық қызметiнiң шеңберiнде тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрге тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша кеңестi тұтынушыларға және кәсiпкерлерге сағат 9.00-ден 18.30 дейiн ай сайын әрбiр екiншi дүйсенбi және соңғы бейсенбi күндерi басшының орынбасары Татьяна Леонидовна Горлова жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментiнiң мамандарымен жеке және заңды тұлғалардың өкiлдерiмен кеңес 2017 жылғы жүргiзу кестесi

Азаматтар қабылдауын іске асыратын басшының А.Ж.Т. Азаматтар қабылдауын іске асыратын басшының лауазымы Қабылдау күні мен уақыты
Н.Я. Беляева Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы Дүйсенбі: сағат 10.00-ден 13.00 дейін
Г.Т. Джаксылыкова Өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Сейсенбі: сағат 10.00-ден 13.00 дейін
Г.М. Сеитова Балалар, білім беру және тағам объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Сәрсенбі: сағат 10.00-ден 13.00 дейін
Л.И. Мияшева
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Бейсенбі: сағат 10.00-ден 13.00 дейін

Жұма күндерi «Ашық есiк күндерi» — бағыттауға сәйкес департаменттiң барлық мамандары кеңес жүргiзедi.

Солтүстiк Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментiнiң және аумақтық басқармалардың сенiм телефондары (мемлекеттiк органда сыбайлас жемқорлық айқындалуының деректерi және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдіп кодексiн сақтамау туралы хабарлар үшiн)

Мемлекеттік органның атауы Сенім телефоны Жауапты басшы Жауапты маманы
1 Солтүстiк Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментi 8 (7152) 52–14–37 Юрий Евгеньевич Пузиков — басшының м.а. Гүлім Мұратқызы Альжанова — басшының хатшысы
2 Айыртау аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы 8 (715–33) 2–71–86 Бақытгүл Амантайқызы Рамазанова — басшының м.а. Валентина Павловна Сушкова — хатшы
3 Ақжар аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы 8 (715–46) 2–14–80 Сәуле Қамидулақызы Қажкенова Айгүл Тулебайқызы Зәкенова — хатшы
4 Аққайың аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы 8 (715–32) 2–22–32 Әсет Тұрғымбекұлы Жұматаев Айнагүл Берікқызы Антонова — хатшы
5 Есіл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы 8 (715–43) 2–15–71 Арман Сайлаубайұлы Күшбасов Надежда Ивановна Суслова — хатшы
6 Жамбыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы 8 (715–44) 2–21-11 Ақжайық Төлегенұлы Умаров Анастасия Викторовна Скоп — хатшы
7 Мағжан Жұмабаев ауданының тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы 8 (715–31) 2–81–51 Сергей Валерьевич Плыгунов Гүлмира Жаңбырбайқызы Байбусинова — хатшы
8 Қызылжар аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы 8 (715–38) 2–13–08 Хамид Мадиярұлы Құдратуллаев
Юлия Александровна Батяйкина — хатшы
9 Мамлют аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы 8 (715–41) 2–07–15 Зейняп Халиулловна Биккина Вера Алексеевна Голева — хатшы
10 Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы 8 (715–35) 2–06–31 Галина Серікқызы Шәріпова — хатшы
11 Тайынша аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы 8 (715–36) 2–12–91 Жангелді Берікұлы Ыбыраев Светлана Анатольевна Дермановская — кіргізу тәртібінің инспекторы
12 Тимирязев аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы 8 (715–37) 2–13–34 Самат Маратұлы Барменбаев Айтжан Кабикенқызы Байдалина — хатшы
13 Уәлиханов аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы 8 (715–42) 2–17–34 Гүляым Ысмағұлова Ботакөз Құдайбергенқызы Алина — хатшы
14 Шал ақын ауданының тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы 8 (715–34) 2–10–16 Самал Қойшыбайқызы Мусина Әлия Ахатқызы Естанова — хатшының м.а.
15 Петропавл қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы 8 (7152) 51–93–70 Еркін Шапенұлы Ыбыраев Әсемгүл Ақжігітқызы Тыштыбаева — іс жүргізу бойынша инспекторы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң басшыларының қарым-қатынас телефондары

А.Ж.Т Лауазымы Телефон нөмірлері Сайттың мекенжайы
1 Әлиақпар Болатұлы Мәтішев  Төраға 8 (7172) 74-17-08 kzpp.gov.kz
2 Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин Төрағаның
орынбасары
8 (7172) 74-17-40 kzpp.gov.kz
3 Нұрлан Әбітқанұлы Әбді  Төрағаның
орынбасары
8 (7172) 74-18-03 kzpp.gov.kz
4 Нұрқан Олжабайұлы Сәдуақасов
Төрағаның
орынбасары
8 (7172) 74-17-72 kzpp.gov.kz

Аумақтық басқармалардың заңды және электронды мекенжайлары

Мекеменің атауы Мекенжай Электронды мекенжай
1 Айыртау аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Саумалкөл с., МКР, 150100 airtau_uzpp@economy.gov.kz
2 Ақжар аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Талшық с., Абылай хан к-сі, 7-үй, 150200 akzhar_uzpp@economy.gov.kz
3 Аққайың аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Смирново с., Киров к-сі, 17-үй, 150300 akk.uzpp@economy.gov.kz
4 Есіл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Явленка с., Гагарин к-сі, 4-үй, 150500 esil_uzpp@economy.gov.kz
5 Жамбыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Пресновка с., Е. Шайкин к-сі, 49-үй, 150600 zhambyl_uzpp@economy.gov.kz
6 Мағжан Жұмабаев ауданының тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Булаев қ., Мир к-сі, 12-үй, 150800 m.zhumabaev_uzpp@economy.gov.kz
7 Қызылжар аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Бескөл а., Пирогов к-сі, 19-үй, 150700 kyzylzhar_uzpp@economy.gov.kz
8 Мамлют аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Мамлют қ., Школа-интернат к-сі, 17А-үй, 150900 mamlyut_uzpp@economy.gov.kz
9 Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Новоишим с., Әуелбеков к-сі, 30А-үй, 150400 g.musrepov_uzpp@economy.gov.kz
10 Тайынша аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Тайынша қ., Почтовый қ-сы, 16-үй, 151000 tainsha_uzpp@economy.gov.kz
11 Тимирязев аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Тимирязев с., Жеңіс к-сі, 2А-үй, 151100 timiryazev_uzpp@economy.gov.kz
12 Уәлиханов аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Кішкенекөл с., Сейфуллин к-сі, 45-үй, 151200 ualihanov_uzpp@economy.gov.kz
13 Шал ақын ауданының тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Сергеев қ., Аю тас қ-сы, 42-үй, 151300 shalakyn_uzpp@economy.gov.kz
14 Петропавл қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Петропавл қ., Мир к-сі, 199-үй, 150009 petropavl_uzpp@economy.gov.kz

 

Мақаланың шыққан күнi: 2012.02.22 15:31

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 1970.01.01 06:00

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ