Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ — 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі, 38, тел./факс 8 (7152) 46-58-49.

Департаменттің веб-мекенжайы: sko.kyzmet.gov.kz

Департаменттің сенім телефоны: 46-74-46.

 

Департамент басшылығы

Ғалым Сұлтанұлы ТұрсынбаевҒалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы.

Ғалым Сұлтанұлы 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ химия-технология институтын «инженер-құрылысшы — технолог» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқарудың Ұлттық Жоғарғы Мектебін «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы жылу комбинатының жұмысшысы ретінде бастаған.

1993-1994 жылдары Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық әкімшілігінің жастар ісі, туризм және спорт басқармасының маманы, бас маманы қызметін атқарған.

1998 жылы Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің мемлекеттік қызметті реформалау басқармасының бас маманы.

2000 жылдан бастап түрлі лауазымдарда басшылық еткен. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің ОҚО бойынша басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы – облыстық Тәртіптік кеңес Төрағасы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы – облыстық Тәртіптік кеңес Төрағасы, Шығыс  Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, «Нұр Отан» ХДП ШҚОФ төрағасының бірінші орынбасары.

2011 жылдың тамызынан 2014 жылдың қарашасына дейін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының (2013 жылдан бастап Департамент) бастығы - Тәртіптік кеңес Төрағасы.

Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті  басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес Төрағасы қызметін атқарған.

 

Дулат Қаратайұлы ТайшабайДулат Қаратайұлы Тайшабай — Департамент басшысы орынбасарының м.а. – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

1979 т.ж., қазақ, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының тумасы.

Екі жоғары білімі бар: экономикалық, педагогикалық.

2000 ж. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін құқық негізлері және экономика мамандығы бойынша, 2004 ж. Солтүстік Қазақстан заң академиясын заңгер мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылдың тамызынан Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Мичурино с. "Мичуринский"  ЖШС заңгер болып бастаған.

2001 жылдың қаңтарынан "ҚР Әділет министрлігі шаруашылық басқармасы" РМК СҚОФ жетекші маманы.

2001 жылдың желтоқсанынан 2002 жылдың наурызына дейін Солтүстік Қазақстан облысы әділет басқармасы АХАЖ бөлімінің бас маманы.

2003 жылдың шілдесінен Солтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшілігінде сот орындаушысы.

2005-2014 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасында, Департаментінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2014 жылдың қарашасынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментті Тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің (Тәртіптік Кеңестің хатшылығы) басшысы.

2016 жылдың ақпанынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы.

2016 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі м.а. болып қызмет етуде.

Үйленген, екі қызын тәрбиелейді.

Степаненко Елена Федоровна Елена Федоровна Степаненко — Департамент басшысының орынбасары.

Елена Степаненко 1972 жылы дүниеге келген, «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1990 жылы Ленин райсобесінің инспекторы ретінде бастаған.

2001-2012 жылдары Есіл ауданы әкімінің аппаратында бас маман, бөлім басшысы, әкім аппаратының басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.

2012 жылдан 2014 жылдың қазанына дейін Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметті өткеру және персоналды басқаруды бағалау бөлімі, мемлекеттік қызмет персоналын басқаруды бағалау бөлімінде жетекшілік етті.

2014 жылдың қарашасынан 2016 жылдың ақпаны аралығында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы.

Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Алғысттар мен марапаттаулар:

«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік  медалі, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің құрмет грамотасы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі

№ р/с

Қабылдау күндері

Қабылдау уақыты

Лауазымды тұлғалар

1

Бейсенбі

15.00 – 17.00 сағ.

Тұрсынбаев Ғалым Сұлтанұлы – Департамент басшысы

2

Дүйсенбі

15.00 – 17.00 сағ.

Степаненко Елена Федоровна – басшының орынбасары

3

Жұма

15.00 – 17.00 сағ.

Тайшабай Дулат Қаратайұлы – басшы орынбасарының м.а.

Анықтама телефоны36-10-81

Байланыс телефондары


Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi (бұдан әрi — Департамент) белгiленген құзыреттiлiк шегiнде мемлекеттiк қызмет, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттiк бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу салаларында реттеушiлiк, iске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң (бұдан әрi — Агенттiк) аумақтық органы болып табылады.

2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент республикалық мемлекеттiк мекеменiң

ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, Департамент мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Департамент өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдердi қабылдайды.

7. Департаменттiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

8. Департаменттiң заңды мекенжайы: 150008, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 38.

9. Департаменттiң толық атауы — «Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже Департаменттiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. Департаменттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Департаменттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында Департаментке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Департаментке заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13. Мiндеттерi:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл, мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң сапасын бақылау салаларында мемлекеттiк саясатты iске асыру;

2) мемлекеттiк қызмет және мемлекеттiк қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы заңнаманы сақтау, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы мәселелерiнде жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және орталық мемлекеттiк органдарының аумақтық бөлiмшелерiнiң (бұдан әрi — мемлекеттiк органдар) және олардың ведомсволарының қызметiн үйлестiру;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесiн қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың пайда болу себептерi мен жағдайларын азайту.

14. Департаменттiң функциялары:

1) мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласында стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруға қатысу;

2) мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң сапасын бақылау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;

3) мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл, мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң сапасын бақылау салаларында нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiруге қатысты ұсыныстар енгiзу;

4) Департамент құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк қызметшiлерге және азаматтарға кеңес беру;

5) мемлекеттiк органдарда персоналды басқару бойынша мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн және электрондық түрде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi қоспағанда, мемлекеттiк қызметтер көрсетусапасын бағалауды жүзеге асыру;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте ғылыми-зерттеу, оқу, баспа қызметтерiн үйлестiруге қатысу;

7) мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл, мемлекеттiк қызметтер көрсету салаларында басқа мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;

8) мемлекеттiк қызметшiлерге еңбекақы төлеу, олардың әлеуметтiк-құқықтық қорғалуы жүйесiн жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

9) мемлекеттiк қызмет персоналы жөнiндегi автоматтандырылған бiрыңғай дерекқорды (ақпараттық жүйенi) қалыптастыру бойынша жалпы үйлестiрудi қоса алғанда, мемлекеттiк саяси және әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң кадр құрамы жай-күйiнiң, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтiң мемлекеттiк саяси және әкiмшiлiк лауазымдарының мониторингiн жүргiзу;

10) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi, оның iшiнде шетелдерде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру;

11) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру бойынша мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыруды және орналастыруды үйлестiру;

12) мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған тұлғалардың мемлекеттiк қызмет өткеруiне мониторингтi жүзеге асыру;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және құқық қорғау қызметiне кiретiн азаматтарды тестiлеудi ұйымдастыру;

14) «Б» корпусының төменгi болып табылмайтын өзге де бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу үшiн жалпы конкурсты мемлекеттiк органда өткiзудi келiсу;

15) азаматтардың жеке қасиеттерiне бағалауды оның тиiстi қорытындысының нәтижесiн бере отырып жүргiзу;

16) «А» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiн қалыптастыруға қатысу;

17) мемлекеттiк органдар әзiрлейтiн «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, кандидаттың қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi бөлiгiнде «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына тағайындауларды, сынақ мерзiмiнен өтпеген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi қызметiнен босатуды келiсу;

18) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң тағылымдамадан өтуiн ұйымдастыру жөнiндегi қызметiн үйлестiру;

19) мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнаманы бұзу, сондай-ақ қызметтiк әдептi сақтау мәселелерi бойынша әрекеттерi (әрекетсiздiгi) мен шешiмдерiне жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау;

20) мемлекеттiк органдармен мемлекеттiк қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдебiнiң сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

21) мемлекеттiк қызметшiлерге қатысты тәртiптiк iстердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарау;

22) Агенттiктiң Солтүстiк Қазақстан облысындағы Әдеп жөнiндегi кеңестiң қызметiн қамтамасыз ету, Әдеп жөнiндегi кеңеспен қаралатын қызметтiк тергеу жүргiзу және тәртiптiк iстер бойынша материалдарды дайындау;

23) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң тәртiптiк iстерiн қарау жөнiндегi мемлекеттiк органдардың тәртiптiк комиссияларының жұмысын үйлестiру;

24) әдеп жөнiндегi уәкiлдiң қызметiн үйлестiру және әдiстемелiк қамтамасыз ету;

25) персоналды басқару қызметтерiнiң (кадр қызметтерiнiң) қызметiн үйлестiру және әдiснамалық басшылықты жүзеге асыру;

26) лауазымды адамдар мен мемлекеттiк органдарға олардың мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнаманы және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн бұза отырып қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзу;

27) мемлекеттiк органдарға өз құзыретi шегiнде, мемлекеттiк қызмет мәселелерi бойынша тексеру нәтижелерiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы қаралуға мiндеттi ұсынулар енгiзу;

28) жыл сайынғы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк қызметтiң жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен енгiзу;

29) мемлекеттiк органдар, ұйымдар және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау;

30) азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттiк органдармен қоғамдағы сыбайлас жемқорлық барынша азайтуға бағытталған өзара iс-қимыл;

31) мемлекеттiк органдар басшыларының қарауына мемлекеттiк органдар, ұйымдар және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметiнде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептерi мен жағдайларын барынша азайту және жою жөнiнде ұсынымдар енгiзу;

32) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне сыртқы талдауды жүзеге асыру;

33) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне сыртқы талдау нәтижелерi бойынша шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiндегi ұсынымдарды мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң орындауын мониторингiлеу;

34) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыруға және жетiлдiруге қатысу, халықты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерi туралы хабардар етудi арттыру;

35) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманың жобасын дайындау үшiн Агенттiкке ақпаратты ұсыну;

36) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны iске асыру бойынша жүргiзiлген мониторинг және жоспарлы iс-шаралардың орындалуына бақылау туралы жиынтық ақпаратты қалыптастыру және Агенттiкке жолдау;

37) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргiзу;

38) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың оң тәжiрибесiн зерделеу және тарату;

39) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыруға бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бiлiм беру мен тәрбиелеу, ақпараттық және түсiндiру қызметi, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орындау бойынша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл субъектiлерiне жәрдемдесу және әдiстемелiк көмек көрсету;

40) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру және iстердi қарау;

41) мемлекеттiк органдардан мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын iшкi бақылау нәтижелерi туралы ақпаратты сұрату;

42) мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

43) мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

44) мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау;

45) жеке тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасына қоғамдық мониторинг жүргiзу бойынша ақпараттық, кеңестiк, әдiстемелiк қолдау көрсету;

46) Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

15. Департаменттiң құқықтары мен мiндеттерi:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

2) мемлекеттiк қызмет, мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына жасалатын мемлекеттiк бақылау мәселелерi бойынша тексерiстер өткiзу, мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша тексерiстер өткiзуге олардың қызметкерлерiн тарту;

3) мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызмет мәселелерi бойынша тексеру нәтижелерiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы өз құзыретi шегiнде қаралуы мiндеттi ұсынулар енгiзу;

4) мемлекеттiк қызмет туралы, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте шаралар қабылдау;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, уәкiлеттi органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және қызмет тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу туралы ұсыныстар енгiзу;

6) Департаментке жүктелген мiндеттердi шешудi қамтамасыз ететiн ақпарат жүйелерiмен пайдалану;

7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық мәселелерi бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтiң) Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiмен өзара iс-қимыл жасау;

8) басқа мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен Департамент қызметiнiң негiзгi бағыты бойынша өзара iс-қимыл жасау;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

3. Департаменттiң қызметiн ұйымдастыру

16. Департаменттi Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы басқарады.

17. Департамент басшысын Агенттiктiң төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

18. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары(лары) болады.

19. Департамент басшысының өкiлеттiгi:

1) Департаменттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;

2) департаменттiң жұмыскерлерiнiң өкiлеттiктерiн айқындайды;

3) өз өкiлеттiктерi шегiнде Департамент жұмыскерлерiнiң (қызметкерлерiнiң) орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Департаменттiң жұмыскерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекiтiлген тәртiпте Департаменттiң жұмыскерлерiне тәртiптiк жаза қолдану және көтермелеу мәселелерiн шешедi;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Департамент атынан өкiлдiк етедi;

7) өз құзыретiне жататын басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.

Департамент басшысы орнында болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

20. Департамент басшысының Департамент жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар құруға құқығы бар.

4. Департаменттiң мүлкi

21. Департаменттiң Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

Департаменттiң мүлкi мемлекет берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда), Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

22. Департаментке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, Департаменттiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруына немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуiне құқығы жоқ.

5. Департаменттi қайта ұйымдастыру және тарату

24. Департаменттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мақаланың шыққан күнi: 2016.01.26 12:08

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2016.11.15 08:43

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ