Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Облыс әкімінің, әкім орынбасарларының және аппарат басшысының арасындағы міндеттерді бөлу

Облыс әкiмiнiң 2016 жылғы
«14» сәуiрдегi № 36-ө өкiмiне
қосымша

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң, әкiм орынбасарларының
және аппарат басшысының арасындағы
мiндеттердi бөлу

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi

Әкiм Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiн басқаратын және облыс аумағында мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк органдарының барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң үйлесiмдi қызмет етуiн, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi және өзiн-өзi басқару функциялары берiлген, Солтүстiк Қазақстан облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң өкiлi болып табылады.

Облыс әкiмi дара басшылық қағидатында әрекет етедi.

Жергiлiктi атқарушы органдардың және орталық мемлекеттiк органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң ұлтаралық қатынастар мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiредi.

Бұқаралық ақпарат құралдарының, дiни конфессиялардың мәселелерiн қадағалайды.

Жастар және әйелдер ұйымдары, партиялар мен қоғамдық бiрлестiктер, үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-әрекеттi жүзеге асырады.

Мыналардың қызметтерiне тiкелей басшылық етедi:

облыс әкiмдiгiнiң;

облыс әкiмi орынбасарларының, облыс әкiмi аппараты басшысының, аудан және Петропавл қаласы әкiмдерiнiң;

облыс әкiмi кеңесшiлерi мен көмекшiлерiнiң, баспасөз қызметiнiң;

Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының;

облыстық бюджеттiк комиссияның.

Мыналардың қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады:

облыс әкiмi аппараты мемлекеттiк-құқықтық бөлiмiнiң;

экономика басқармасының;

қаржы басқармасының;

iшкi саясат басқармасының;

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС-ның;

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң муниципалды телерадиоарнасы» ЖШС-ның.

Мыналардың келiсiмдi қызмет етуiн қамтамасыз етедi:

облыстың атқарушы органдарының және орталық мемлекеттiк органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң, iшкi iстер, әдiлет, кедендiк бақылау, экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерiнiң (қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң.

Мыналармен өзара әрекеттеседi:

облыстық мәслихатпен;

облыстық прокуратурамен;

облыстық сотпен;

Қазақстан Республикасының ҰҚК Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiмен;

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша iшкi iстер департаментiмен;

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша қорғаныс iстерi департаментiмен;

экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментiмен (қаржы полициясы);

облыстық сайлау комиссиясымен.

Мыналармен байланысты жүзеге асырады:

«Издательство «Северный Казахстан» ЖШС-мен;

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ облыстық филиалымен.

Мына комиссияларға, үйлестiру кеңестерiне басшылық етедi:

облыс әкiмдiгi жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияға;

облыс әкiмдiгi жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссияға;

мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi;

облыс әкiмдiгi жанындағы терроризмге қарсы комиссияға;

дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi;

қадағалайтын салалар бойынша өзге де консультативтiк-кеңесшi органдарға.

Облыс әкiмi мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста облыс мүддесiн қорғайды.

Облыс әкiмiнiң ауыл шаруашылығы және
экономика мәселелерi жөнiндегi бiрiншi орынбасары
А.С. Сапаров

Жергiлiктi атқарушы органдардың және орталық мемлекеттiк органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң ауыл шаруашылығын, агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту және ветеринария, аумақты дамыту бағдарламасын iске асыру, ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу, жер қатынастары, аграрлық ғылым, геология, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, қоршаған ортаны қорғау, балық, орман және аңшылық шаруашылығы, экономикалық жоспарлау және бюджет пен бюджетаралық қатынастарды дамыту, қаржы, салық саясаты, коммуналдық меншiк және жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.

Қылмыс жасаушылықты ескерту жөнiндегi жедел жұмыс мәселелерi.

Қадағаланатын салалар бойынша Президент Әкiмшiлiгiмен, Премьер-Министрдiң Кеңсесiмен, орталық атқарушы органдармен, ұлттық компаниялармен, «Солтүстiк» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» ҰК» акционерлiк қоғамымен өзара iс-қимыл жасайды.

Мыналардың қызметiн жалпы бақылайды:

ауыл шаруашылығы басқармасының;

жер қатынастары басқармасының;

жер инспекциясы басқармасының;

ветеринария басқармасының;

табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының;

экономика басқармасының (жедел басқару);

қаржы басқармасының (жедел басқару).

Қадағаланатын салалар бойынша мыналарды бақылайды:

Мемлекет басшысы, Президент Әкiмшiлiгi, Үкiмет, облыс әкiмi тапсырмаларының орындалуын;

мемлекеттiк және салалық бағдарламалардың, Облыс аумағын дамыту бағдарламасының iске асырылуын;

мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын.

Мыналардың көрсеткiштерiн жалпы бақылау:

республикалық деңгейде өткiзiлетiн мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалауды.

Мыналармен байланысты жүзеге асырады:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi АӨК мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясымен;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясымен;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман шаруашылығы және жануарлар әлемi комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясымен;

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi Мұнай-газ кешенiндегi экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша экология департаментiмен;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары комитетiнiң су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөнiндегi Есiл бассейндiк инспекциясымен;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк кiрiстер департаментiмен;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментiмен;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржылық бақылау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясымен;

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiмен;

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi «Қазгидромет» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалымен;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi АӨК мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Фитосанитарлық диагностика және болжам республикалық әдiстемелiк орталығы Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалымен;

«Солтүстiк Қазақстан мал шаруашылығы және өсiмдiк шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен;

«Қазақстанның аграрлық сараптамасы» АҚ Солтүстiк Қазақстан филиалымен;

«Азық-түлiк корпорациясы» ҰК» АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық өкiлдiгiмен;

«Қазагроқаржы» АҚ Солтүстiк Қазақстан филиалымен;

Солтүстiк Қазақстан облысындағы «Қазагромаркетинг» АҚ филиалымен;

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Солтүстiк Қазақстан филиалымен;

«Аграрлық кредиттiк корпорация» АҚ Солтүстiк Қазақстан болысы бойынша филиалымен;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi және жер ресурстарын басқару комитетiнiң «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Солтүстiк Қазақстан филиалымен;

«Қазақстан фермерлер одағы» республикалық ҚБ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалымен;

Ғылыми негiзделген агротехникалық технологияларды енгiзу жөнiндегi Солтүстiк Қазақстан облысының аграрлық кеңесiмен.

Мына комиссияларға басшылық етедi:

мал шаруашылығын субсидиялау мәселелерi жөнiндегi;

инвестициялық субсидиялау мәселелерi жөнiндегi;

қайта өңдеушi кәсiпорындардың тереңдетiп қайта өңделген өнiм өндiрiсi үшiн ауыл шаруашылығы өнiмiн сатып алу шығынын өтеу бойынша субсидия алуға қайта өңдеушi кәсiпорындардың тiзiмiн қалыптастыру жөнiндегi;

облыстық жер комиссиясына;

жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiндегi;

заңды тұлғаларды және СҚО коммуналдық меншiгiнде тұрған жылжымайтын объектiлердi оңтайландыру мәселесi жөнiндегi;

қадағалайтын салалар бойынша өзге де консультативтiк-кеңесшi органдарға.

Облыс әкiмiнiң құрылыс, көлiк және автомобиль жолдары мәселелерi
жөнiндегi орынбасары
А.В.Федяев

Жергiлiктi атқарушы органдардың және орталық мемлекеттiк органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң құрылыс, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары, жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен зiлзалаларды ескерту және жоюды ұйымдастыру, отын-энергетикалық кешен, энергетика және коммуналдық шаруашылық мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.

Құрылыс, көлiктiң барлық түрi, жол, телекоммуникация мәселелерi.

Төтенше жағдайларды ескерту және жою мәселелерi.

Инженерлiк коммуникация, тұрғын үй-коммуналдық сала, коммуналдық салада тарифтiк саясатты қалыптастыру, сумен жабдықтау және су шаруашылығы iс-шараларын iске асыру, тұрғын үй және әлеуметтiк-өндiрiстiк инфрақұрылым объектiлерiн жылыту маусымына дайындау, елдi мекендердi абаттандыру мәселелерi.

Қадағаланатын салалар бойынша Президент Әкiмшiлiгiмен, Премьер-Министрдiң Кеңсесiмен, орталық атқарушы органдармен, Өңiрлiк даму министрлiгiмен, ұлттық компаниялармен, Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментiнiң жергiлiктi полиция қызметiмен, «Солтүстiк» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» ҰК» акционерлiк қоғамымен өзара iс-қимыл жасайды.

Мыналардың қызметiн жалпы бақылайды:

облыс әкiмi аппаратының инфрақұрылымдық даму бөлiмiнiң;

құрылыс басқармасының;

сәулет және қала құрылысы басқармасының;

жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының;

энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының;

мемлекеттiк сәулет-бақылау және лицензиялау басқармасының.

Қадағаланатын салалар бойынша мыналарды бақылайды:

Мемлекет басшысы, Президент Әкiмшiлiгi, Үкiмет, облыс әкiмi тапсырмаларының орындалуын;

мемлекеттiк және салалық бағдарламалардың, Облыс аумағын дамыту бағдарламасының iске асырылуын;

республикалық деңгейде өткiзiлетiн мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау көрсеткiштерiн;

мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын.

Мыналармен байланысты жүзеге асырады:

Қазақстан Республикасы Өңiрлiк даму министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментiмен;

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментiмен;

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау инспекциясымен;

Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi iстер департаментi жергiлiктi полиция қызметiмен;

«Қазавтожол» АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалымен;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы департаментiмен;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрлiгi Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi Солтүстiк Қазақстан облысы департаментiмен;

Ресей Федерациясы ҚЖМ Оңтүстiк Орал темiр жолы ФМУК «Петропавл бөлiмшесi» ЕК-мен;

«Қазақтелеком» АҚ филиалы Солтүстiк Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясымен;

«Қазпошта» АҚ облыстық филиалымен;

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ-мен;

«Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ-мен;

«№ 1 Петропавл автобус паркi» ЖШС-мен;

«Троллейбус паркi» ЖШС-мен;

«Қызылжар су» ЖШС-мен;

«Солтүстiк Қазақстан тарату электр желiсi компаниясы» АҚ-мен;

«Солтқазэнерго» АҚ-мен;

«Горгаз-Сервис» ЖШС-мен;

«Солтсушар» РМК-мен;

«Есiл су» РМК-мен.

Мына комиссияларға басшылық етедi:

тұрғын үй құрылысы бағдарламасын iске асыруды бақылау жөнiндегi;

көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi;

қадағалайтын салалар бойынша өзге де консультативтiк-кеңесшi органдарға.

Облыс әкiмiнiң индустрияландыру және
инновациялар мәселелерi жөнiндегi орынбасары
Р.Б. Ахметов

Жергiлiктi атқарушы органдардың және орталық мемлекеттiк органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң өнеркәсiптi, жер қойнауын пайдалануды, инвестицияны, инновацияны, жергiлiктi қамтуды, техникалық реттеудi, кәсiпкерлiктi, сауданы, туризмдi дамыту мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.

Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 және индустриялық-инновациялық даму жөнiндегi 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру мәселелерi (жобаларды iске асыру барысына мониторинг жасау, объектiлердi уақытында пайдалануға берудi және жобалық қуатқа шығаруды қамтамасыз ету, Индустрияландыру картасына енгiзу үшiн жобаларды iздестiру және iрiктеу).

Өндiрiстiк аумақтық ұйымдастыру, өңiр кәсiпорындарының инновациялық белсендiлiгiн арттыру, жаңғырту, өндiрiстiң энергиялық тиiмдiлiгiн арттыру және технологиялар трансфертi ескерiлген индустриялық-инновациялық даму мәселелерi.

Өнеркәсiп кәсiпорындары жұмысына мониторинг жасау, олардың қызметiнiң тиiмдiлiгiн талдау және өндiрiс өсiмiнiң қолда бар резервiн және өңiрдiң экспорттық әлеуетiн анықтау. Өңiраралық кооперацияны дамыту.

Индустриялық-инновациялық саладағы халықаралық және шекара маңы ынтымақтастығы, жобаларды iске асыруға, соның iшiнде өңiрдiң шикiзат ресурсын тиiмдi игеру және оларды тереңдетiп қайта өңдеу бойынша жаңа өндiрiстер құру мақсатында инвесторларды тарту мәселелерi.

Ұлттық компаниялар мен жүйе құрушы кәсiпорындардың сатып алу көлемiнде отандық тауар өндiрушiлердiң өнiмiн (қазақстандық қамту) ұлғайту мәселелерi.

Өнеркәсiп кәсiпорындарының бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру және олардың өнiмiн сыртқы нарыққа жылжыту мәселелерi.

Қолданыстағы заңнама шеңберiнде жер учаскелерiн бөлу, жер қойнауын пайдалануға құқық беру, инфрақұрылыммен, қажеттi қаражатпен қамтамасыз ету, техникалық және консультативтiк көмек көрсету мәселерiн шешудi қоса, жобаларды iске асыруға жағдай жасау, сондай-ақ инновациялар мен озық технологияларды енгiзу, өнiм мен қызметтiң жаңа түрлерiнiң инновациялық әзiрлемелерiн шапшаңдатып игеруге жағдай жасау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру мәселелерi.

Кәсiпкерлiктi дамыту, бизнес қауымдастықтың мемлекеттiк органдармен өзара әрекет етуi, кәсiпкерлер үшiн әкiмшiлiк кедергiлердi азайту, бизнестi қолдау бағдарламаларын iске асыру мәселелерi.

Өңiрде туризмдi дамыту мәселелерi (туризм инфрақұрылымын дамыту, туристiк салаға инвестиция тарту, соның iшiнде шетелдiк инвестиция).

Облыс халқын басты азық-түлiк өнiмдерiмен қамтамасыз етудi ұйымдастыру мәселелерi.

Лицензиялау, стандарттау және сертификаттау мәселелерi.

Мыналардың қызметiн жалпы бақылайды:

облыс әкiмi аппаратының индустриялық-инновациялық даму бөлiмiнiң;

индустриялық-инновациялық даму басқармасының;

кәсiпкерлiк және туризм басқармасының.

Қадағаланатын салалар бойынша мыналарды бақылайды:

Мемлекет басшысы, Президент Әкiмшiлiгi, Үкiмет, Премьер-Министр Кеңсесi, облыс әкiмi тапсырмаларының орындалуын;

мемлекеттiк бағдарламалардың, облыс аумағын дамыту бағдарламасының iске асырылуын;

республикалық деңгейде өткiзiлетiн мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалаудың көрсеткiштерiн;

мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын.

Қадағаланатын салалар бойынша мыналармен өзара iс-қимыл жасайды:

Президент Әкiмшiлiгiмен, Премьер-Министрдiң Кеңсесiмен, Инвестиция және даму, Ұлттық экономика, Сыртқы iстер министрлiктерiмен, өзге де орталық мемлекеттiк органдармен;

Қазақстан Республикасының шетелдегi және шет мемлекеттердiң Қазақстан Республикасындағы елшiлiктерi және сауда өкiлдiктерiмен;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң «Қазақстанның индустрияны дамыту институты» АҚ-мен және «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiгi» АҚ-мен;

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ — «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан темiр жолы» АҚ, «Қазатомөнеркәсiбi» АҚ, «Қазтелеком» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Самұрық Энерго» АҚ, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС еншiлес ұйымдарымен;

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ — «Қазақстанның даму банкi» АҚ, «Технологиялық даму жөнiндегi ұлттық агенттiк» АҚ, «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ, «Қазына капитал менеджмент» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазэкспорткепiл» экспорттық-кредиттiк сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС еншiлес ұйымдарымен;

өзге де ұлттық холдингтермен, даму институттарымен, ұлттық компаниялармен.

Мыналармен байланысты жүзеге асырады:

Ұлттық банктiң Солтүстiк Қазақстан филиалымен, екiншi деңгейдегi банк филиалдарымен, кредиттiк серiктестiктермен және басқа да қаржылық ұйымдармен;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiмен;

Солтүстiк Қазақстан облысының статистика департаментiмен;

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң «Интеллектуалдық меншiк ұлттық институты» РМК филиалымен;

«Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ Солтүстiк Қазақстан филиалымен;

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесi департаментiмен;

«Мұнай-газ жабдығының конструкторлық бюросы» ЖШС-мен;

«Солтүстiк» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» ҰК» акционерлiк қоғамымен;

«Солтүстiк Қазақстан облысының мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк өңiрлiк орталығы» ЖШС-мен;

инвесторлармен;

өнеркәсiптiк кәсiпорындармен, соның iшiнде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқаруындағы — «ПЗТМ» АҚ-мен, «ЗИКСТО» АҚ-мен, «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ-мен, «Мұнаймаш» АҚ-мен;

кәсiпкерлiк субъектiлерiмен.

Мына комиссияларға және үйлестiру кеңестерiне басшылық етедi:

Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында жалпы таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi;

жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндiруге жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi;

жалпыға таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздердi жүргiзу жөнiндегi;

Кеден Одағының техникалық регламенттерi жобаларын әзiрлеу және бейiмдеу жөнiндегi;

қылмыстық жаза және басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеп жатқан адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмек ұйымдастыру жөнiндегi мекемелер қызметiне жәрдемдесу жөнiндегi;

кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi;

облыстық азық-түлiк тауарларын тұрақтандыру қорын басқару жөнiндегi;

туризмдi дамыту жөнiндегi.

Қадағалайтын салалар бойынша өзге де консультативтiк-кеңесшi органдарға қатысады.

Облыс әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi орынбасары
А.Қ. Дүйсенова

Жергiлiктi атқарушы органдардың және орталық мемлекеттiк органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң әлеуметтiк саланы, бiлiмдi, ғылымды, облыстың жоғары және орта арнайы оқу орындарының, кәсiптiк мектептерiнiң, денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлауды жүзеге асыратын кәсiпорындары мен мекемелерiнiң қызметiн, демографияны, мәдениеттi, өнердi, тiлдердi, дене шынықтыру мен спортты дамыту, жастар саясаты, ықпалдастық бiрлестiктермен өзара қарым-қатынастар, дiн, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау, көшi-қон, еңбек мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.

Әлеуметтiк-саяси жағдайларды зерделеу және болжамдау, әлеуметтiк қайшылықты ескерту және алып тастау тетiктерiн қалыптастыру.

Нашақорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелерi.

Көшi-қон үдерiсiн және шетелдiк азаматтардың облысқа келуiн бақылау мәселелерi.

Саяси париялармен, қоғамдық бiрлестiктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жастар ұйымдарымен, дiни конфессиялармен, шығармашылық одақтармен, этномәдени орталықтармен, Қазақстан хылқы Ассамблеясымен, ардагерлер және кәсiподақ ұйымдарымен өзара iс-қимылды жүзеге асырады.

Мемлекеттiк органдардың қоғамдық-саяси iс-шараларды дайындау және өткiзу жөнiндегi қызметiн үйлестiредi.

Геральдика, мемлекеттiк нышандар, ономастика мәселелерiн үйлестiредi.

Қадағаланатын салалар бойынша Президент Әкiмшiлiгiмен, Премьер-Министр Кеңсесiмен, орталық атқарушы органдармен, Өңiрлiк даму министрлiгiмен, ұлттық компаниялармен, «Солтүстiк» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» ҰК» акционерлiк қоғамымен өзара iс-қимыл жасайды.

Мыналардың қызметiн жалпы бақылайды:

облыс әкiмi аппаратының әлеуметтiк даму бөлiмiнiң;

бiлiм басқармасының;

денсаулық сақтау басқармасының;

iшкi саясат басқармасының (жедел басқару);

мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының;

тiлдердi дамыту жөнiндегi басқарманың;

дiн iстерi басқармасының;

дене шынықтыру және спорт басқармасының;

жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының;

мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының;

«Қарасай-Ағынтай мемориалдық кешенi» МКК-нiң.

Қадағаланатын салалар бойынша мыналарды бақылайды:

Мемлекет басшысы, Президент Әкiмшiлiгi, Үкiмет, облыс әкiмi тапсырмаларының орындалуын;

мемлекеттiк және салалық бағдарламалардың, Облыс аумағын дамыту бағдарламасының iске асырылуын;

республикалық деңгейде өткiзiлетiн мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалаудың көрсеткiштерiн;

мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын.

Мыналармен байланысты жүзеге асырады:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Медициналық және фармацевтикалық қызмет комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiмен;

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Бiлiм және ғылым саласындағы бақылау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша бiлiм саласындағы бақылау департаментiмен;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiмен;

Солтүстiк Қазақстан облысының әдiлет департаментiмен;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Медициналық қызметке төлем жасау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiмен;

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттiгi Солтүстiк Қазақстан облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментiмен;

М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiмен;

«Жәлел Қизатов атындағы Есiл ауыл шаруашылығы колледжi» КМҚК-мен;

«Қазтелерадио» филиалы радиотеле хабар тарату облыстық дирекциясымен;

«Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» РМҚК филиалымен;

кәсiподақтармен.

Мына комиссияларға, үйлестiру кеңестерiне басшылық етедi:

адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi;

мүгедектер iстерi жөнiндегi (үйлестiру кеңесi);

жастар саясаты мәселесi жөнiндегi;

конфессияаралық және этносаралық келiсiм мәселелерi жөнiндегi;

отбасы және отбасы-демографиялық саясат iстерi жөнiндегi;

ономастика комиссиясына;

кәмелетке толмағандар iстерi жөнiндегi;

нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi штабқа;

халық денсаулығын қорғау жөнiндегi үйлестiру кеңесiне;

халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мәселесi жөнiндегi;

шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру жөнiндегi;

әлеуметтiк серiктестiк және әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi облыстық үш жақты комиссияға;

эвакуациялау комиссиясына;

қадағаланатын салалар бойынша өзге де консультативтiк-кеңесшi органдарға.

Облыс әкiмi аппаратының басшысы
М.Д. Қожахмет

Облыс әкiмдiгi қаулыларының, облыс әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң жобаларын дайындау, оларға қол қойылғаннан кейiн орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттiк және атқарушылық тәртiптi қамтамасыз ету, жергiлiктi мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру бөлiгiнде жергiлiктi атқарушы органдардың және орталық мемлекеттiк органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң, ведомстволардың қызметiн үйлестiру.

Әкiмнiң кадр саясатын iске асыру жөнiндегi, облыс әкiмдiгiнiң және әкiмiнiң қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету жөнiндегi аппарат жұмысын ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң орындалуын ұйымдастыру мәселелерi бойынша мыналармен өзара iс-әрекеттi қамтамасыз етедi:

құқық қорғау органдарымен;

облыстың атқарушы органдары және орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiмен;

мыналардың аппараттарымен:

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң;

Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының;

Орталық сайлау комиссиясының;

облыстық мәслихаттың;

аудандар мен Петропавл қаласы әкiмдерiнiң.

Облыс әкiмдiгiнiң, облыс әкiмi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың өңiрлiк саясатты iске асыру жөнiндегi жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру.

Облыс әкiмдiгi жұмысының, аппарат, кадр жұмысы регламентiн сақтау, әкiмдер аппараттарының мемлекеттiк қызметшiлерiн оқыту, марапаттау iсiн дайындау, мемлекеттiк құпияларды қорғау, жергiлiктi атқарушы органдарды ақпараттандыру, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы, ресми тұлғалар мен делегациялардың сапары мен қабылдауын ұйымдастыру, электрондық үкiмет бағдарламаларын iске асыру мәселелерi.

Мыналардың қызметiн жалпы бақылайды:

ұйымдастыру-инспекторлық бөлiмнiң;

персоналды басқару қызметiнiң;

жалпы бөлiмнiң;

бухгалтерлiк есеп бөлiмiнiң;

ақпараттық технологиялар және мемлекеттiк қызмет бөлiмiнiң;

жұмылдыру даярлығы, терроризмнiң алдын алу және ескерту жөнiндегi бөлiмнiң;

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығы» КМҚК-нiң.

Қадағаланатын салалар бойынша мыналарды бақылайды:

мемлекеттiк және салалық бағдарламалардың, Облыс аумағын дамыту бағдарламасының iске асырылуын;

республикалық деңгейде өткiзiлетiн мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалаудың көрсеткiштерiн.

Мыналармен байланысты жүзеге асырады:

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi Министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментпен және облыстық Әдеп бойынша кеңесiмен;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Ұлттық бюросының Солтүстiк Қазақстан бойынша департаментiмен;

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Сот актiлерiн орындау комитетi Солтүстiк Қазақстан облысының сот актiлерiн орындау департаментiмен;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Петропавл отрядымен;

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп беру жөнiндегi комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп беру жөнiндегi басқармасымен;

облыстық сайлау комиссиясымен;

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпараттандыру министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясымен;

Халыққа қызмет көрсету орталығымен;

Солтүстiк Қазақстан облыстық ақпараттық технологиялар орталығымен (СҚО АТО) «ҰАТ» АҚ.

Мына комиссияларға басшылық етедi:

тәртiптiк;

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң бос қызмет орнына конкурстық iрiктеу жөнiндегi;

облыс әкiмдiгiнiң жанындағы қоғамдық тәртiптi күзетуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi;

мемлекеттiк қызмет өтiлiн айқындау жөнiндегi;

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жанындағы ақпараттандыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссияға;

қадағалайтын салалар бойынша өзге де консультативтiк-кеңесшi органдарға.

Мақаланың шыққан күнi: 2012.05.30 11:32

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2017.03.15 06:00

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесКешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасыҰлттық зияткерлік меншік институты
ТИЦ