Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Облысты мемлекеттік басқару сызбасы

Солтүстiк Қазақстан облысын басқару сызбасы

  1. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» КММ;
  2. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ;
  3. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің iшкi саясат басқармасы» КММ;
  4. «Солтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ;
  5. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» КММ;
  6. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы» КММ;
  7. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы» КММ;
  8. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ;
  9. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» КММ;
  10. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ;
  11. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң индустриялық-инновациялық даму басқармасы » КММ;
  12. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң құрылыс басқармасы» КММ;
  13. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң экономика басқармасы» КММ;
  14. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы» КММ;
  15. «Солтүстiк Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ;
  16. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қатынастары басқармасы» КММ;
  17. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ;
  18. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» КММ;
  19. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дiн iстерi жөнiндегi басқармасы» КММ;
  20. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы » КММ;
  21. «Солтүстiк Қазақстан облысының мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасы» КММ;
  22. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ;
  23. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекет сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ;
  24. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер инспекциясы басқармасы» КММ.

Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмi аппаратының басшысымен
2014 жылғы 12 шiлде
бекiтiлген

Автоматтандыруға жататын Солтүстiк Қазақстан облысы жергiлiктi атқарушы органдары функцияларының тiзбесi

1.Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру;

2.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметiн лицензиялауды және лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;

3.Облыстық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша бiлiм берудi қамтамасыз ету;

4.Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен бiлiм алушылардың жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастыру;

5.«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу» қызметiнiң түрiне лицензия беру;

6.Спорт шеберлiгiне кандидат, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты спортшы-нұсқаушы, бiлiктiлiг жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi спорттық санаттар мен разрядтарын беру;

7.Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн орталық атқарушы орган бөлген квота шегiнде шетелдiк қызметкерлерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар беру;

8.Өз құзыретiнiң шегiнде, мемлекетпен жеке меншiкке сатылатын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту;

9.Облыс аумағында (республикалық маңызы бар қалалар, астана) таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асыру;

10.Өз құзыретiнiң шеңберiнде шаруашылық қызметiнiң объектiлерiне мемлекеттiк экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу;

11.Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларға тiркеу жүргiзу;

12.Мамандандырылған және арнайы жалпы бiлiм беру оқыту бағдарламаларын iске асыратын беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру;

13.Облыс деңгейiндегi мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу;

14.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңына сәйкес облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары күтiмi және жөндеу, қайта жаңарту, құрылысы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

15.Жолаушылар мен жүктi тұрақты ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) автомобилдi тасымалдау бағыттарының тiзiлiмiн жүргiзу;

16.Тұрақты қалааралық облысiшiлiк, ауданаралық жолаушылар мен жүктi (қалааралық облысiшiлiк) автомобиль көлiгiмен тасымалдауды және ауданаралық (қалааралық) жолаушылар темiр жол көлiгiмен тасымалдауды ұйымдастыру, олардың қызмет көрсетуге құқығына конкурстар жүргiзу;

17.Коммуналдық меншiктегi Ұлттық мұрағаттық қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;

18.Ауыл шаруашылық малдарын сәйкестендiру бойынша деректер қорын жүргiзудi ұйымдастыру;

19.«Мекен жай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiн толықтыруды және жүргiзудi қамтамасыз ету;

20.Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының аудандық коммуналдық мүлiктi басқару саласындағы, құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша жұмыстарын үйлестiру;

21.Балалар мен жас өспiрiмдердiң психикалық денсаулығын тексерудi және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетудi қамтамасыз ету;

22.Облыс кiтапханаларының, мұражайларының, театраллық, музыкалық ұйымдардың, кино мекемелерiнiң, балалар және жастар, өздiгi мен қалыптасқан ұжымдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

23.Облыстық коммуналдық мүлiктi облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекiту;

24.Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау, есепке алу, қорғау бойынша жұмыстар жүргiзу;

25.Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтады, есепке алуды, қорғауды қамтамасыз ету және тарих және мәдениет ескерткiштерiне ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргiзу;

26.Қажет болған жағдайларда, мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiмдеу бойынша тарихи және мәдени ескерткiштерге байланысты, тариғи және мәдени ескерткiштердi және қоршаған ортаны қорғау объектiлерiн қорғауды және пайдалануды жүзеге асыру;

27.Тиiстi аумақтарды эконмикалық және әлеуметтiк дамыту жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарихи және мәдени ескерткiштердi есепке алу, қорғау және ғылыми-жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру жөнiнде iс-шараларды жоспарлау;

28.Мемлекет меншiгiндегi, жергiлiктi маңызы бар тарихи және мәдени ескерткiштердi пайдалануға беру туралы мәселенi шешу;

29.Коммуналдық меншiктегi Ұлттық мұрағаттық қорының құжаттары бойынша мәлiметтер базасын қалыптастыру;

30.Облыстық коммуналдық мүлiктiң есепке алынуын ұйымдастыру, оның тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету;

31.Театр, музыка және кино өнерi, мәдени-демалыс қызметi, кiтапхана және мұражай iсi саласында облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату, сондай-ақ олардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру;

32.Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлердi кадрмен қамтамасыз етудi, әлеуметтiк қызметкерлердi кәсiптiк даярлау, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;

33.Жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттiк органдармен арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асыру;

34.Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында ветеринарлық-санитарлық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде ветеринарлық iс-шаралар жүргiзудi ұйымдастыру;

35.Қазақстан Республикасының Үкiметiмен бекiтiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесi бойынша алдын алу жөнiнде ветеринарлық iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

36.Қазақстан Республикасының заңнамасын бекiтiлген тәртiпте қиын өмiрлiк жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға еңбектiк және тұрмыстық құрылыс, басқа да көмек көрсету бойынша шаралар қабылдау;

37.Еңбек нарығының бiрыңғай ақпараттық базасын құру негiзiнде жұмыс күшiне деген сұраныспен ұсынысты талдау, және болжау. Халықты және Қазақстан Республикасы Үкiметiн жұмыс нарығының жай-күйi туралы хабардар ету;

38.Арнайы қоймаларын (көму орындарын) күтiпұстау және қолдауды ұйымдастыру;

39.Салауатты өмiр салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау және қалыптастандыру, гигиеналық оқытуды ұйымдастыру;

40.Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне бақылау және мониторингiн ұйымдастыру және жүргiзу;

41.Балаларды арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз ету;

42.Дарынды балаларды мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз ету;

43.Коммуналдық меншiктегi ведомстволық құжаттардың сақталуына, iс жүргiзудiң жай-күйiне ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық және бақылау;

44.Бюджеттiң орындалуын ұйымдастыру және бюджеттiң орындалуы бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң қызметiн үйлестiру;

45.Статистикалық әдiснамасы талаптарын сақтай отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық бақылауларды жүзеге асыру;

46.Мемлекеттiк сатыпалу есептерiнiң жинақ деректерiн қалыптастыру;

47.Облыстық коммуналдық мүлiктi басқару, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру;

48.Өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандардың және жайсыз отбасылардың өңiрлiк есебiн жүргiзу;

49.Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, республикалық маңызыбар қалалардағы, астанадағы көшелердi салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

50.Облыстың коммуналдық меншiгiне жататын жолдарды және жол кәсiпорындарын басқаруды жүзеге асыру;

51.Облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желiсiн, елдiмекендер көшелерiн басқару;

52.Коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткiштердi қорғау, оларды сақтау мен қолдану;

53.Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының кадрлық қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру;

54.Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп, халықтың денсаулығын жануарларға және адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды iске асыру;

55.Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, қауiпсiздiк және еңбектi қорғау талаптарының ұсталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

56.Жұмыс берушiлермен ұсынылған ұжымдық келiсiм-шарттың мониторингiн жүзеге асыру;

57.Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекiтiлген тәртiпте өндiрiстегi жазатайым жағдайларға тергеулер жүргiзу;

58.Жұмыс берушiнiң қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты басқарушы жұмысшылардан және тұлғалардың бiлiмiне тексеру жүргiзу

59.Қауiпсiздiк және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша жұмысшылардың, жұмыс берушiлердiң және олардың өкiлдерiнiң өтiнiштерiн қарастыру;

60.Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша тиiстi ақпараттарды ұсыну;

61.Ауыр кемiстiктерi бар балаларға күтiм жасау жөнiндегi әлеуметтiк көмектi ұйымдастыру мен көрсету жөнiндегi қызметтi үйлестiру;

62.Азаматтарды және оралмандарды медициналық көмекпен және дәрi дәрмекпен, тегiн медициналық көмекпен кепiлдемелiк көлем шеңберiнде медициналық белгiленген заттармен қамтамасы зету;

63.Бюджеттiк мониторингi;

64.Мекеме тапсырыс берушi болып келетiн объектiлерде құрылыс тәртiбiн ұстануға, жүргiзу барысына, атқарылған құрылыс-монтаж жұмыстарын қабылдауға бақылауды және бюджеттiк қаражаттың игерiлуiн ұйымдастыру және жүзеге асыру;

65.Сатыпалу-сату шарттарының сақталуына бақылауды және жекешелендiру объектiлерiн сатыпалу-сату шарттарын әзiрлеудi және жасауды жүзеге асыру;

66.Соғысқа қатысушылармен соғыс мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларын, тылда еңбек етiп, әскери қызмет атқарған азаматтарды әлеуметтiк қорғау және олардың емделу орындарына жүру жолына жеңiлдiктер жөнiнде, қосымша шаралар белгiлеу;

67.Мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiру;

68.Туристiк қызмет субъектiлерiне туристiк қызметтi ұйымдастыруға қатысты мәселелерде әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсету;

69.Қауiпсiздiк және еңбектi қорғау нормативтерiн жетiлдiру мәселелерi бойынша жұмысшылармен жұмыс берушiлердiң уәкiлеттi өкiлдерiмен өзара iс-қимыл;

70.Бекiтiлген тәртiпте, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, шағымдарын, ұсыныстарын қарастыру;

71.Мемлекеттiк тапсырыс аясында мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүзеге асыру үшiн отандық және шетелдiк газет-журналдық, аудио-визуалдық өнiмнiң талдауы мен мониторингiн жүзеге асыру;

72.Тұрғындарды қоршаған ортаға қауiп төндiретiн аурулар және әлеуметтiк маңызды аурулардың таралуы туралы хабардар ету;

73.Жалпы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге келiсiм-шарттың орындалуын және әрекетiн тоқтатуды қамтамасыз ету;

74.Пайдалы қазбаларды барлаудың, табудың, бiрiктiре барлаумен табуды жүргiзу үшiн контрактiлiк құжаттардың жобаларына экономикалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу не оларға қосымша, барлау және (немесе) табуға байланысты емес, жер асты құрылысының құрылысын пайдалану және (немесе) құрылысы, сондай-ақ қатты және көпшiлiкке таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша техникалық — экономикалық негiздемесi;

75.Тиiстi аумақтарда жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң пайдаланылу және күтiп-ұстау тәртiбiн, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

76.Жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды бередi, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге салу жөнiндегi мәмiлелердi тiркеу;

77.Барлауға арналған келiсiм шарттарды қорытындылауды, тiркеудi және орындауды, табуға және қатар барлауға және кең таралған пайдалы қазбаларды табуды жүзеге асыру;

78.Өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

79.Жануарлар әлемiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өздерiне ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыру;

80.2010–2014 жылдарға арналған индустрияландыру картасына енген инвестициялық жобалардың iске асырылуына талдау жүргiзу;

81.Техникалық және кәсiби, орта бiлiмнен кейiнгi кәсiби оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының негiзiнде аяқтаған тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

82.Өндiрiстiк травматизм, кәсiби сырқаттардың, кәсiби улану себептерiне талдау жүргiзу және олардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

83.Еңбек шарттары бойынша өндiрiстiк объектiлердiң аттестатталуына мониторингтi жүзеге асыру;

84.Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбектi қорғау және қауiпсiздiк бойынша ақпараттық жүйенiң негiзiнде қауiпсiздiк және еңбектi қорғау мониторингiнiң кезеңдiк есебiн, сондай-ақ нәтижесiн ұсыну;

85.Жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттiк қамтамасыз ету, оларды мiндеттi жұмысқа орналастыру және тұрғын-үймен қамтамасыз ету;

86.Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметтiң, Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң тапсырмаларын, актiлерiн, облыс әкiмдiгiнiң қаулыларын, шешiмдерiн, өкiмдерiн және облыс әкiмiнiң тапсырмаларын орындау үшiн iшкi аудит жүргiзу және орындауды ұйымдастыру;

87.Аудан әкiмдерiнiң (облыс мәндегi қалалар) халықпен есептi кездесулерiн өткiзудi үйлестiру;

88.Аудан әкiмдiктерiнiң (облыс мәндегi қалалар) құқықтық әрекетiн үйлестiру, прокурорлық елеулердiң енгiзiлген актiлерiн талдау;

89.Электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша аудан әкiмдiктерiнiң (облыс мәндегi қалалар) облыс бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру;

90.Мемлекеттiк басқаруға мемлекеттiк тiлдi енгiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұдайы ақпараттандыруды қамтамасыз ету, халық арасында мемлекеттiк тiлдi насихаттау;

91.Халықты жоспарланған аумақтық құрылыс не өзге де қала құрылыстарының өзгеруi туралы хабардар ету;

92.Уәкiлеттi органға шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу жөнiндегi ақпараттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау жөнiндегi мәлiметтердi табыс ету;

93.Мәлiметтердi, оның iшiнде, өзiнiң басқаруындағы мемлекеттiк заңды тұлғалардың және оларға қатысты мемлекеттiң акционер (қатысушы) ретiнде басқаруға қатысу құқығын өзi жүзеге асыратын мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тiзбесiн, бұл мәлiметтердi мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiнде көрсету үшiн дайындау;

94.Медициналық техника және медицинаға арналған бұйымдар, медициналық емес жабдықтар, санитарлық көлiктi, сондай-ақ мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарына күрделi жөндеу жүргiзуге қызметтi сатып алуды ұйымдастыру;

95.Ата-аналарының және өзгеде заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен «қауiптi» скрининг нәтижесiнде анықталған балалар тобын психологиялық-медициналық-педагогтық кеңеске жолдауды қамтамасыз ету;

96.Бекiтiлген тәртiпте жетiм балаларды, және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды мiндеттi жұмыспен қамтуды жүзеге асыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;

97.Мiндеттермен төлемдер бойынша қаржыландырудың барлық жеке жоспарларының жалпы сомасының, айлар бойынша төлемдер бойынша түсiмдермен қаржыландырудың жинақ жоспарының, Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк классификатордың әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша мiндеттер бойынша жинақ жоспарының сомасына сәйкестiгiне тексеру жүргiзу;

98.Өз құзыретi шегiнде жер учаскесiн сатып алу-сату шарттарымен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

99.Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардың орындауын бақылау;

100.Жеке және заңды тұлғалардың Дiни қызметтер және дiни бiрлестiктер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзылуына қатысты өтiнiштерiн қарастыру;

101.Облыстық (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) есепкеалу, қорғау, консервация және реставрация, сондай-ақ тарихи ескерткiштердi материалдық және рухани мәдениеттi пайдалану, сондай-ақ елдiң атақты мәдени қайраткерлерiн мәңгi еске алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

102.Жоғары және орта медициналық оқу орындары үшiн жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының клиникалық базасын ұсыну;

103.Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етiлуiн бақылауды ұйымдастыру;

104.Коммуналдық меншiктегi Ұлттық мұрағаттық қорының құжаттарын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу және сақталуын қамтамасыз ету;

105.Облыстағы мемлекеттiк мәдени ұйымдардың қызметкерлерiн аттестаттауды жүргiзу;

106.Автовокзалдар және автостанциялар тiзiлiмiн жүргiзу;

107.Ауданаралық (қалааралық, облысаралық) және қала сыртындағы темiр жол хабарламаларын анықтау;

108.Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы ұсыныстар енгiзу;

109.Халықтың санитарлық-эпидемиялогиялық саулығы сақтау саласында уәкiлеттi органмен, бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен келiсу бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерiн бекiту;

110.Тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асыру;

111.Астық қабылдау кәсiпорындарын: бекiтiлген графиктерге сәйкес жаңа егiннiң астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсiпорындарын жыл сайынғы тексерудi; астық қабылдау кәсiпорындарын зерттеп-тексеру актiлерiн ресiмдеудi қамтитын бақылау;

112.Бюджеттiк мониторингтiң қорытындылары бойынша бюджеттiң талдау есептерiн қосқанда, бюджеттiң атқарылуы бойынша уәкiлеттi органдардың бюджеттiк есебi;

113.Бюджеттiң атқарылуы бойынша орталық уәкiлеттi органға есептерiн ұсыну;

114.Жергiлiктi бюджеттердiң дебиторлық және кредиттiк берешегi туралы бюджеттiк есебiн құру;

115.Бюджеттiк есебiнiң орындалуы бойынша республикалық бюджеттен бөлiнген кредиттер және дамыту үшiн нысаналы трансферттер, нысаналы ағымдағы трансферттердi iске асырудың нәтижелерi туралы орталық уәкiлеттi органға ұсыну;

116.Мемлекеттiк мекемемен тауарды (жумысты, қызметтi) сатудан түскен, олардың қарамағында қалатын түсiмнiң жиынтық жоспарын және ақша шығының қалыптастыру;

117.Әкiмдiкке, облыстың ревизиялық коммисиясына, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiллеттi органға, iшкi бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға облыстық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп беру;

118.Әкiмдiкке, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiллеттi органға, iшкi бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға облыстық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп беру;

119.Жергiлiктi атқарушы орган резервi ақшасын пайдалану және сәйкес кезеңдегi оның қалдықтары туралы ақпаратты әкiмдiкке ұсыну;

120.Тиiстi бюджеттi түзетудi жүзеге асыру;

121.Мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын құрастыру, бекiту және жүргiзу, түсiмдердiң жиынтық жоспары мен төлемдер бойынша жоспарлау;

122.Мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттер бойынша демеушiлiк және қайырымдылық көмектен ақшаның түсуi және оның жұмсалуы туралы есептi қалыптастыру.

Мақаланың шыққан күнi: 2012.02.20 16:38

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2016.11.15 10:03

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ