Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті

«Қазақстан Республикасы Iшкi iстер Министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар комитетi Солтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментi» мемлекеттiк мекемесi— 150010, Петропавл қ., Егемен Қазақстан қыска көшесi, 1, тел./факс 8 (7152) 46-37-74.

Веб-мекен-жай: www.chs.sko.kz

Солтүстiк Қазақстан облысы ТЖ департаментiнiң сенiм телефондары: 52-21-72.

Азаматтардың үндеуі үшін негізгі e-mail: dchs_sko@emer.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық — құтқару жұмыстары қызметі» ММ азаматтардың өтініш жасауы үшін сенім телефоны: +7 7152 52-26-38.

Солтүстік қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық — құтқару жұмыстары қызметі» ММ азаматтардың өтініш жасауы үшін e-mail: fgu_spiasr_sko@mail.ru

Департаменттің басшылығы
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы

Филиппов Павел Владимирович

Филиппов Павел Владимирович Өртке қарсы қызметінің полковнигі — 11.04.1962 ж.т., орыс, білімі жоғарғы, 1991 жылдары КСРО ІІМ Жоғары инженерлік өрт-техникалық мектебінің Ташкенттік факультетін бітірген.

1981 жылдан бастап Қарулы күштерде.

1981 жылы Орал құрылыс техникумын бітіргеннен кейін Орал облысполком № 27 көпір-құрылыс басқармасында жол мастері болып жұмыс атқарған.

Өртке қарсы қызмет мемлекеттік органында 1983 жылдан бастап қызмет атқарады.

09.2006 жылдан бастап 07.2008 жылдары — Батыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет департамент бастығының орынбасары.

09.2008 жылдан бастап 03.2013 жылдары — Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі бастығының орынбасары.

2013 жылдың наурыз айынан СҚО ТЖД бастығы лауазымына қызметке өтуде.

Жетекші және басқару жұмысы жылдамдық тәжірбиесі бар. Қызмет іс щараларын жүзеге асыру кезінде кәсіби және ұйымдастыру қабілеттілігімен жақсы көрінген.

Марапатталды:

Төсбелгі «Үздік МӨҚҚ», «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» І, ІІ, ІІІ дәрежелі медалі, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар органдарының ардагері» медалі, төс белгі «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», мерейтой медалі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», Бірқатар Алғыс хат пен Құрмет грамоталары.

Үйленген. Екі баласы бар.

Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаментi бастығының орынбасары

Атығаев Нұрлан БауыржанұлыӨртке қарсы қызмет полковнигi Атығаев Нұрлан Бауыржанұлы 31.05.1978 ж.т., қазақ, бiлiмi жоғары, 2001 жылы ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын аяқтаған, өрт қауiпсiздiгiнiң инженерi.

Нұрлан Бауыржанұлы 1999 жылдан бастап ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтында оқытушы және басшылық лауазымдарда қызмет атқарды, 2009 жылдан бастап 2011 жылдар аралығында СҚО ТЖ департаментiнiң Тайынша ауданы Төтенше жағдайлар бөлiмiн басқарды.

2011- 2014 жылдар аралығында СҚО ТЖД Мемлекеттiк өрт бақылау Басқармасының бастығы болды.

2014 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы IIМ ТЖК Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаментiнiң өрт қауiпсiздiгi саласында Бақылау және алдын — алу қызметi Басқармасының бастығы лауазымын атқарды.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы ТЖ Департаментi бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Н.Б. Атығаевтың мемлекеттiк өрт бақылау саласында жұмыс тәжiрибесi мол, ол ауылдық аумақтарда өрт сөндiру кезiнде ерiктiлердiң қатысуын үлгi ретiнде таратып, халық арасында өрттердi алдын — алуға инновациялық әдiстердi енгiзу бойынша, облыс аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша Департаменттiң қызметiн одан әрi жетiлдiру бойынша бiршама бастамашылық танытты.

2015 жылы полковник Атығаевтың басшылығымен СҚО ТЖД өрт қауiпсiздiгi саласындағы бақылау және алдын — алу қызметi басқармасы «Үздiк мемлекеттiк өрт бақылау басқармасы» атты 4-шi республикалық конкурста үшiншi орынға ие болды.

Нұрлан Бауыржанұлы өзiн бастамашыл, талапшыл, мақсатшыл басшы ретiнде жақсы жағынан көрсете бiлдi.

III және II деңгейлi «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн» медалiмен, «Төтенше жағдайлар жүйесiн дамытуға қосқан үлесi үшiн» кеуде белгiсiмен марапатталған.

Үйленген. Екi баласы бар.

Бекiтемiн
Солтүстiк Қазақстан облысы
Төтенше жағдайлар
департаментiнiң бастығы
азаматтық қорғау полковнигi П.В. Филиппов
2016 ж.

Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментi басшылығымен жеке азаматтарды және заңды тұлға өкiлдерiн қабылдаудың 2016 жылдың IV тоқсанына арналған кестесi

Лауазымды тұлғаның тегі, аты-жөні Лауазымы Қабылдау күндері мен уақыты Мемлекеттік мекеменің орналасқан орны
1. Филиппов Павел Владимирович СҚО ТЖ департаментінің бастығы Сәрсенбі
сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
Петропавл қ.
Ғабит Мүсірепов к., 32
тел.: 52-27-33
2. Сарыбаев Ерік Темірханұлы СҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары Дүйсенбі
сағат 15.00-ден 17.00 дейін
Петропавл қ.
Ғ. Мүсірепов көшесі, 32 үй
тел.: 52-27-16
3. Атығаев Нұрлан Бауыржанұлы   СҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары Бейсенбі
сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
Петропавл қ.
Ғабит Мүсірепов к., 32
тел.: 52-27-16

Сенім телефоны: 1402

Ескерту: Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар кезектен тыс қабылданады.

Департамент қызметiнiң мәнi мен мақсатын

Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi республикалық, өңiрлiк аэромобильдi жедел-құтқару жасақтарын қоспағанда, облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлiмшелерiне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Төтенше жағдайлар комитетiнiң аумақтық бөлiнiсi болып табылады.

Мiндеттерi:

  • азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
  • азаматтық қорғаудың мемлекеттiк жүйесi аумақтық кiшi жүйелерiнiң жұмыс iстеуi мен одан әрi дамуын қамтамасыз ету;
  • өрт қауiпсiздiгi және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
  • өрттiң алдын алуды және сөндiрудi ұйымдастыру.

Функциялар:

  1. азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын, азаматтық қорғаудың мемлекеттiк жүйесi аумақтық кiшi жүйелерiнiң жұмыс iстеуi мен одан әрi дамуын қамтамасыз ету;
  2. азаматтық қорғау күштерiнiң қызметiн қамтамасыз ету;
  3. табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және облыс аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау iс-шараларын ұйымдастыру және өткiзу кезiнде азаматтық қорғау күштерiне басшылық жасау;
  4. табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу;
  5. Департамент пен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгiн қамтамасыз ету;
  6. жергiлiктi атқарушы органның құзыретiне кiретiн азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөнiндегi ұсыныстарды жергiлiктi атқарушы органға енгiзу;
  7. азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметiн жүзеге асыру;
  8. азаматтық қорғау саласында iргелес мемлекеттердiң шекара маңы өңiрлерiмен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
  9. табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтiру және оңалтуды қамтамасыз ету;
  10. комиссиясының құрамында өз құзыретi шегiнде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зiлзалалар мен апаттарды тергеудi ұйымдастыру және жүргiзу;
  11. қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезiнде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
  12. азаматтық қорғау құралдарына қажеттiлiктi айқындау үшiн Комитетке және жергiлiктi атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
  13. қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
  14. азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерiн даярлау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеу;
  15. азаматтық қорғаныс жоспарын әзiрлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы — облыс әкiмiне бекiту үшiн енгiзу;
  16. облыстың қалалары мен аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келiсу;
  17. жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-қимылдар жоспарларын әзiрлеу және оларды облыстың әкiмiне бекiтуге ұсыну;
  18. облыстың қалалары мен аудандарының төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-қимылдар жоспарларын келiсу;
  19. азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнiнде Комитетке ұсыныстар енгiзу;
  20. азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шараларының көлемi және мазмұны жөнiнде Комитетке ұсыныстар енгiзу;
  21. қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекшi және жылжымалы басқару пункттерiн құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы — облыс әкiмiне енгiзу;
  22. елдi мекендер мен аса маңызды мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
  23. өртке қарсы ерiктi құралымдардың тiзiлiмiн жүргiзу;
  24. төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi жоспарларды әзiрлеу;
  25. облыстың, қалалар мен аудандардың қауiпсiздiк паспорттарын және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерiнiң каталогтарын әзiрлеу;
  26. жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайлар кезiнде облыс әкiмiнiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергiлiктi атқарушы органға енгiзу;
  27. төтенше жағдайлар кезiнде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргiзу;
  28. суда құтқару және сүңгуiрлiк-iздестiру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;
  29. облыстың аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының қызметiн үйлестiру;
  30. авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын тiркеу;
  31. аттестаттау комиссияларының құрамында авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын, құтқарушыларды аттестаттаудан өткiзу;
  32. су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргiзу;
  33. өз құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органымен бiрлесiп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерiн дамыту және оларды облыстың аумағында пайдалануға әзiрлiкте ұстау;
  34. халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатерi туралы болжам болған кезде күнi бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар берудi және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
  35. облыстың аумағында бiрыңғай кезекшiлiк-диспетчерлiк «112» қызметiн дамыту және жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
  36. облыстың аумағында бiрыңғай кезекшiлiк-диспетчерлiк «112» қызметiмен автоматтандырылған жүйелердiң өзара iс-қимылын ұйымдастыру;
  37. өз құзыретi шегiнде азаматтық қорғаудың мемлекеттiк жүйесiнiң корпоративтiк ақпараттық-коммуникациялық жүйесiнiң, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
  38. азаматтық қорғау саласындағы бiлiмдi насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
  39. төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсiлдерi мен iс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерiнiң басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру;
  40. ерiктi өрт сөндiрушiлердi кейiнгi даярлаудың бағдарламасын бекiту;
  41. өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
  42. азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
  43. елдi мекендер мен объектiлерде өртке қарсы күреске өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң әзiрлiгiн бақылауды жүзеге асыру;
  44. су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
  45. өрт қауiпсiздiгi, азаматтық қорғаныс саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер жүргiзудi жүзеге асыру;
  46. анықталған бұзушылықтарды жою және өрттердi болдырмау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
  47. анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөнiндегi iс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
  48. су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын сақтамағаны үшiн азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
  49. субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;
  50. өз құзыретi шегiнде ұлттық қауiпсiздiк, мемлекеттiк құпиялар және ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi сақтауды қамтамасыз ету;
  51. өз құзыретi шегiнде ұлттық қауiпсiздiк жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды Комитетке енгiзу;
  52. өз құзыретi шегiнде терроризммен күрес жөнiндегi облыстық штабтың жұмысына қатысу;
  53. өз құзыретi шегiнде облыстық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;
  54. облыс бойынша мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлiк есептен белгiленген тәртiпте шығарылған әскери мiндеттiлердi арнайы есепке алуды жүргiзу;
  55. өтiнiш берушiнiң азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi бөлiгiнде лицензия берудi келiсу;
  56. өртке қарсы нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкестiгiне құрылысы аяқталған кәсiпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен жекелеген қондырғыларды пайдалануға қабылдау жөнiндегi жұмыс, қабылдау және мемлекеттiк қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
  57. өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлерге, нормативтiк актiлерге және стандарттарға өзгерiстер, толықтырулар енгiзу жөнiнде Комитетке ұсыныстар енгiзу;
  58. азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелдi актiлерiнде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

Департаменттің ведомстволық бағынысты мекемелері бар:

  • Петропавл қ. Төтенше жағдайлар басқармасы, тел.: +7 7152 55-10-84

Аудандардағы Төтенше жағдайлар бөлімі:

  • Айыртау ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, тел.: (+7 715 33) 79960
  • Акжар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, тел.: (+7 715 46) 79962
  • Аққайын ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, тел.: (+7 715 32) 79961
  • Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, тел.: (+7 715 35) 79966
  • Есіл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, тел.: (+7 715 43) 79972
  • Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, тел.: (+7 715 44) 79963
  • Қызылжар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, тел.: (+7 715 38) 79964
  • Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, тел.: (+7 715 31) 79967
  • Мамлютка ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, тел.: (+7 715 41) 79965
  • Тайынша ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, тел.: (+7 715 36) 79968
  • Тимирязев ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, тел.: (+7 715 37) 79969
  • Уалиханов ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, тел.: (+7 715 42) 79970
  • Шал ақын ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, тел.: (+7 715 34) 79971

Департаменттің филиалдары мен өкілдері жоқ.

Мақаланың шыққан күнi: 2012.02.22 14:45

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2016.10.17 17:02

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ