Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Солтүстiк Қазақстан облысының энергетикалық кешенi және коммуналдық шаруашылығы

Солтүстiк Қазақстан облысының энергетикалық кешенi «СЕВКАЗЭНЕРГО» тобының және «Көкшетау Энерго» ЖШС компанияларымен көрсетiлген.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» компаниясы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ (2-ЖЭО) энергия өндiрушi кәсiпорнын, жылу және электр желiлерi «Петропавл Жылу Жүйелерi» ЖШС, «Солтүстiк Қазақстан ЭТК» АҚ және энергиямен жабдықтаушы ұйым «Севказэнергосбыт» ЖШС-iн бiрiктiредi.

Энергия өндiру

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ (2-ЖЭО) Петропавл қаласы жылу энергиясының және Солтүстiк Қазақстан облысындағы сегiз ауданының және Петропавл қаласының электр энергиясының негiзгi көзi болып табылады. Iшкi нарықты қамтамасыз етумен бiрге, облыс шегiнен тысқары электр энергиясымен қамтамасыз етудi жүзеге асырады.

Негiзгi жабдығының құрамына 12 энергетикалық тас көмiр тозаңы қазандықтары және 7 турбоагрегат кiредi.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша станцияның бекiтiлген электрлiк қуаты 455 МВт; жылу қуаты 791,6 Гкал/сағ құрайды. Станция екiбастұздық көмiрде жұмыс iстейдi. Көмiрдiң жылдық қажеттiлiгi 2,5 млн. тонна, мазуттыкi 2,8 мың тоннаны құрайды.

Петропавл 2-ЖЭО 2014 жылы электр энергиясын өндiруi 2 733 млн. кВтсағ, 2015 жылдың тоғыз айында 1889 млн. кВтсағ құрады. 2014 жылдағы жылу энергиясын өндiруi 1 945 млн. Гкал, 2015 жылдың тоғыз айында 1,156 млн. Гкал құрады.

2014 жылдың желтоқсан айында «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО-да № 8 жаңа қазан агрегаты жұмысқа қосылды. Соның арқасындабу бойынша станцияның бекiтiлген қуаттылығы сағатына 270 тоннаға артты, қазандықтардың пайдалы әрекетiнiң жалпы коэффициентi 88,98% жеттi, бұл бiр жылда 3 мың тонна көмiрдi үнемдеп қалуға болады. Жобаның құны 5,1 млрд. теңгенi құрады.

2015 жылғы 18 қыркүйекте 2-ЖЭО жаңартудан кейiн құны 5,6 млрд. теңге № 1 к-63-90 турбоагегаты жұмысқа қосылды. Осы турбина қолда бар энергия қуаттылығын 63 МВт-қа арттырды, бұл бiр жыл iшiнде 500 млн. кВтсағ электр энергиясын өндiруге мүмкiндiк жасайды. Жоспарланып отырған көмiр үнемдiлiгi жылына 37 мың тоннаны құрайды.

2016 жылы 2-ЖЭО «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ № 12 қазан агрегаттың және № 5 түрбоагрегаттың жаңартылуын аяқтау жоспарланып отыр. Жобалардың құны 3,1 млрд. және 6,5 млрд. теңгенi құрады. Осы iс-шаралар 2016 жылдың соңына қарай бекiтiлген қуаттылықты 541 МВт-қа дейiн арттыруға мүмкiндiк бередi.

Жылу энергиясын беру және тарату

Петропавл қ. тұтынушыларына жылу энергиясын беру және тарату «Петропавл Жылу Жүйелерi» ЖШС қызметiнiң негiзгi түрi болып табылады. Кәсiпорын қаланың тұрмыс секторының 68 мың абонентi мекенжайына және 2 мыңнан артық абонент — заңды тұлғаларға жылу энергиясын тасымалдауды жүзеге асырады.

Кәсiпорын теңдiгiнде 233,3 км, соның iшiнде 83,7 км магистралдық желiлер және 149,6 км таратушы, 5 магистралдық сорап станциясының және 47 абоненттiк жылу жүйесi бар.

ЕҚДБ қарызы аясында төрт жыл iшiнде (2011-2014) сомасы 1529 млн.теңгеге 8,5 км жылу желiсi ауыстырылды. 2015 жылы «Петропавл Жылу Жүйелерi» ЖШС 10,756 км желiнiң жөндеуi мен жаңартылуын өткiзу, 3,4 км құбырдың жалаңаштанған бөлiктерiнiң жылу оқшаулауын орындау, 187 дана iлмек арматурасын ауыстыру жоспарланған.

Петропавл қ. бюджеттiк қаражат есебiнен сомасы 3,8 млрд. теңгеге 6,3 км жылу желiсiн салу жоспарланып отыр, тапсырыс берушi: Петропавл қ. құрылыс бөлiмi. «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» бағдарламасы аясында 1,3 км жылумен жабдықтау желiлерiнiң құрылысы жоспарлануда. Осы жобаның құны 1,48 млрд. теңгенi құрайды.

Электр энергиясын беру және тарату

«Солтүстiк Қазақстан ЭТК» АҚ Петропавл қ. үшiн және облыстың сегiз солтүстiк аудандарына электр энергиясын беру және таратуды жүзеге асырады. Кәсiпорын теңдiгiнде электр берудiң 13,5 мың км әуе және кабельдiк желiлерi, 2 469 қосалқы станция және трансформаторлық пунктер бар. 2015 жылы «Солтүстiк Қазақстан ЭТК» АҚ 2014-2015 жж. орта мерзiмдi кезеңге бекiтiлген инвестициялық бағдарлама аясында құрал-жабдықтарды қайта жаңарту мен жаңғыртуға 1,1 млрд. теңге мөлшерiнде қаражат жiберiлдi.

«Көкшетау Энерго» ЖШС Солтүстiк Қазақстан облысының бес оңтүстiк ауданы бойынша (Айыртау, Ақжар, Ғ. Мүсiрепов атындағы, Тайынша, Уәлихан) электр энергиясын тарату және бөлудi жүзеге асырады. Кәсiпорын балансында электр берудiң 8,9 мың км әуе және кабельдiк желiсi, 1 749 қосалқы станция және трансформатор пунктiлерi бар.

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар

Солтүстiк Қазақстан облысы территориясында екi энергиямен жабдықтау ұйымы бар — «Севказэнергосбыт» ЖШС және «Солтүстiк Энерго Орталық» ЖШС. «Севказэнергосбыт» ЖШС Петропавл қаласында және облыстың сегiз солтүстiк ауданында, «Солтүстiк Энерго Орталық» ЖШС бес оңтүстiк ауданында әрекет етедi.

Орта жiберiлу тарифiнiң өзгеру динамикасы

Солтүстiк Қазақстан облысындағы электр энергиясына

«Севказэнергосбыт» ЖШС қызмет көрсету аймағында

«Севказэнергосбыт» ЖШС қызмет көрсету аймағында

«Солтүстiк Энерго Орталық» ЖШС қызмет көрсету аймағында

«Солтүстiк Энерго Орталық» ЖШС қызмет көрсету аймағында

Петропавл қ. бойынша Жылу энергиясы тарифiнiң өзгеру динамикасы («Севказэнергосбыт» ЖШС)

Петропавл қ. бойынша Жылу энергиясы тарифiнiң өзгеру динамикасы («Севказэнергосбыт» ЖШС)

Солтүстiк Қазақстан облысының энергетика саласы тұрақты жұмыс iстейдi, жылу және электр энергиясын тұтынушы барлық топтардың сұранысын толық көлемде қамтамасыз етiлген.

Энергияның жаңғырмалы көздерi

Облысымызда жасыл технологиялар енгiзiлуде. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК және Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды жүзеге асыру бойынша iс-шаралар жоспары аясында «Зенченко и К» сенiм серiктестiгiмен «NEG MICON» герман фирмасының қуаттылығы бойынша 1 МВт-тан екi жел энергетикалық қондырғы сатып алынып ағымдағы жылдың 1-орамында iске қосылды. Осы сенiм серiктестiгiмен бұдан бұрын 2012 жылы жалпы қуаттылығы 1,5 МВт 2 жел генераторы пайдалануға енгiзiлген.

Барлығы 2014 жыл үшiн объектiлермен энергияның жаңғырмалы көздерiн пайдалану бойынша 17 млн. кВт/сағ артық энергия өндiрiлген. Солтүстiк Қазақстан облысында тұтынудың жалпы көлемiнде энергияның балама көздерiн пайдалану үлесi 1,7% құрады.

Энергияның жаңғырмалы көздерi бойынша ақпарат

№ п/п Ұйымның атауы Қондырғы түрі Орналасу орны Қуаттылығы 2013 жылғы өнім 2014 жылғы өнім 2015 жылы 9 айдағы өнім
1     Сергеев ГЭС Сергеев гидроторабықұрамындағыкіші арналы ГЭС СҚО, Шал ақын ауданы, Есіл ө. орналасқан   2,26 МВт 16,5 млн. кВт/сағ 16,21 млн. кВт/сағ 12,06млн. кВт/сағ
2 «Зенченко и К» СС NEG MICON өндірісінің 2 жел электр станциясы Қызылжар ауданының Новоникольскселосы 1,5 МВт 2 млн. кВтч 1,47 млн. кВт/сағ 1,33млн. кВт/сағ
3 Қазақтелеком 3 жел-күн генераторы Уәлиханов және Ақжар аудандары 9,4 кВт 53,6 тыс. кВт/сағ. 53,13 тыс. кВт/сағ 6,3 тыс. кВт/сағ

2015 жылдың 9 айында энергияның жаңғырмалы көздерiнiң электр энергиясын өндiруi 14,05 млн. кВт/сағ. құрады.

Сумен жабдықтау және су бұру

Облыста 570 мың адамнан артық тұрғынымен 678 ауылдық елдi мекен (бұдан әрi — АЕМ) және 5 қала бар. Орталықтандырылған сумен тұрғындары саны 509,7 мың (87,4%) 361 АЕМ және 5 қала қамтылған. Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау тұрғындары 72,2 мың адам (12,4%) 300 АЕМ бар және тұрғындары 1,17 мың адам (0,2%) 18 АЕМ басқа жақтан әкелiнетiн суды пайдаланады.

Облыстың негiзгi сумен жабдықтаушы кәсiпорындары «Қазсушар» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының «Есiл су» филиалы (облыстың 11 ауданына қызмет көрсетедi) және «Қызылжар су» ЖШС (Петропавл қ. қызмет көрсетедi) болып табылады.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау: «Қазсушар» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының «Есiл су» филиалының шаруашылық басқаруындағы Есiл, Булаев, Преснов, Соколов топтық су құбырлары арқылы Есiл өзенiнен жүзеге асырылады.

«Қызылжар су» ЖШС Петропавл қ. бойынша сумен жабдықтаудың өзiндiк жүйесi бар. Сонымен бiрге облысымыздағы орталықтандырылған сумен жабдықтау жер асты суларынан жүзеге асырылады.

Облысымызда бар Сергеев гидроторабы су қоймасы Есiл өзенi су ағарларын реттеудi қамтамасыз етедi және республикамыздың Солтүстiк Қазақстан облысын, iшiнара Қостанай облысын, сондай-ақ Ресей Федерациясының Түмен облысын сумен қамтамасыз ететiндiктен мемлекетаралық маңызы бар.

Су бұру Петропавл, Сергеевка, Булаево және 5 ауылдық елдi мекенде (Саумалкөл, Явленка, Покровка, Бескөл және Новоишимское) жүзеге асырылады.

Петропавл қаласының су бұру жүйесiне коллекторлардан, кәрiздiк тазалау құрылыстарынан және бiр жыл iшiнде жинақтауды реттеуге және қалалық ағарлардың жоспарлы тастауды орындауға мүмкiндiк беретiн ағынды сулар жинақтаушысынан тұратын кешен қосылады.

«Қызылжар су» ЖШС қызмет көрсеттуiндегi кәрiздiк желiлердiң жалпы ұзақтығы 240,1 км құрайды.

«Қызылжар су» ЖШС реттелетiн қызметтер тарифi

  Тұтынушылар тобы ҚҚС бұрынғы тариф теңге/м3
(30.11.2012-30.11.2013)
ҚҚС қазіргі тариф теңге/м3
(01.12.2013-тен 01.12.2016 дейін енгізілген)
су беру:
1 1-топ 1 адамға 3 м3 су тұтынатын тұрғындар 41,19 76,02
1 адамға 3 м3 көп су тұтынатын тұрғындар 50,66 76,02
есептеу құралдарынсыз су тұтынатын тұрғындар 61,78 76,02
2 2-топ бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар 135,21 212,8
3 3-топ 1 және 2 тұтыну топтарына жатпайтын басқа кәсіпорындар және басқа тұтынушылар 144,49 212,8
ағындарды бұру:
1 1-топ тұрғындар 41,74 66,09
2 2-топ бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар 111,38 186,23
3 3-топ басқа кәсіпорындар және басқа тұтынушылар 118,78 186,23

Облысымызда аудандар елдi мекендерiнде сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiн пайдаланатын 13 мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын жұмыс iстейдi.

Мақаланың шыққан күнi: 2012.03.05 14:46

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2015.12.22 16:31

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесКешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасыҰлттық зияткерлік меншік институты
ТИЦ