Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Көлiк және байланыс

  • Автомобиль көлігі

    Автомобиль көлігі2015 жылғы 1 тамызға жүк айналымы көлемi 1775,8 млн. тонна км немесе 2014 жылдың осы кезеңiне 104,8% құрады. Тасымалданған жүк көлемi 27586,7 мың тоннаны немесе 2014 жылдың осы кезеңiне 99,7% құрады.

    Жолаушы айналымы көлемi 2157,1 млн. жолаушы км немесе 2014 жылдың осы кезеңiне 98,8% құрады, жолаушыларды тасымалдау көлемi 282476,7 мың адамды құрады.

    201 маршрут жұмыс iстеуде, тасымалдау тұрақтылығы — 94%.

    Автомобиль көлігі

    Елдi мекендердiң қамтылуы — 92%.

    Қалалардың ресми такси тасымалымен қамтамасыз етiлуi — 100%.

  • Теміржол көлігі

    Теміржол көлігі

    2015 жылғы 1 сәуірге:

    Облыста РФ Қатынас жолдары министрлiгiнiң «Оңтүстiк Орал темiр жолы» ФМУК «Петропав бөлiмшесi» еншiлес кәсiпорны орналасқан. Ұзақтығы 184,96 км.

    Солтүстiк Қазақстан облысының аумағы арқылы «Қазақстан Темiр Жолы» ҰК» АҚ ұзақтығы 615 км темiржолы өтедi.

    «ООТЖ» ФМУК «Петропавл бөлiмшесi» құрылымдық бөлiмшелерi:

    1. Локомотив депосы

    2. Вагон депосы

    3. № 18 жол қашықтығы

    4. Байланыс сигнализациясы дистанциясы

    5. Электрмен жабдықтау дистанциясы

    6. Азаматтық құрылыстар, сумен қамту және су бөлу дистанциясы

    7. № 175 жол машина станциясы

    8. Тиеу-түсiру жұмыстары дистанциясы

    9. № 705 құрылыс-монтаж пойызы

    10. Жол бөлiмшесi

    11. Петропавл станциясы

    12. НОДХ (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлiмшесi)

    Әлеуметтiк сала нысандары:

    1. Мәдениет үйi — тапсырылды

    2. 2 балабақша — тапсырылды

    3. Стадион (Локомотив) — тапсырылды

    4. № 75 мектеп —2005 ж.1.09 тапсырылды.

    5. № 2 мектеп-интернат — 2005 ж. 1.09. тапсырылды.

    6. Аурухана — 2006 жылғы 1.01. тапсырылды.

    Теміржол көлігіҚызметкерлердiң орташа тiзiмдiк саны 5 189 адам.

    Темiржол вокзалы 16 пар пойыз жөнелтедi: жазғы кезеңде — 32 пар, қаламаңылық — 4 пар

    Халықаралық пойыздар жоқ, оның iшiнде, ҚР қалаларынан — 19 пойыз. Транзиттiк пойыздар: №83 Қарағанды–Москва. №823/824 Петропавл–Омск жүрдек электр пойыз.

    2015 жылғы 1 сәуiрге облыста темiржол көлiгiмен 191,6 мың тонна жүк тасымалданды, ол 2014 жылдың сәйкес кезеңiне 89,8%. Жүк айналымы 6912 млн. тонна км немесе 2014 жылдың өткен кезеңiне 94,6% құрады. Жолаушыларды тасымалдау көлемi 203,3 мың жолаушыны немесе өткен есептiк кезеңнiң 99,9% құрады. Жолаушыайналымы — 47,6 млн. жол-км немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңiне 99,2% құрады.

  • Әуе көлiгi

    Әуе көлiгi2015 жылғы 1 тамызға.

    Петропавл қаласының әуежайы 1975 жылы пайдалануға берiлдi, 2001 жылғы 6 желтоқсанда халықаралық әуежай мәртебесi берiлдi. Өзiнiң техникалық сипаттамасы бойынша ЯК-40, АН-24, Ми-8, Фоккер-50 типтi әуе кемелерiн қабылдау мұмкiндiгi бар. Аэровокзалдың өткiзу қабiлетi сағатына 200 жолаушы, жалпы алаңы 2763,8 кв.м.

    Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 05 қаулысына сәйкес «Петропавл қаласының халықаралық әуежайы» АҚ 100% акциясы коммуналдық меншiктен республикалық меншiкке берiлдi. Петропавл қаласының әуежайы «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ «KTZ Express» АҚ сенiмдi басқаруына берiлдi.

    Әуе көлiгiҚазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Президенттерiнiң қатысуымен 2016 жылы Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдiң өңiраралық ынтымақтастығының XIII форумын өткiзуге дайындалу шеңберiнде «Петропавл қаласының халықаралық әуежайы» АҚ реконструкциялау бойынша жұмыстар басталды. ҚР Үкiметiнiң резервiнен ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстарын бастауға сомасы 4 млрд.теңге қаражат бөлiндi.

    Қазiргi уақытта жұмыстарын мердiгерiн айқындау бойынша барлық рәсiмдер аяқталды, шарт жасалды және 28 шiлде күнi құрылыс жұмыстары басталды.

    2015 жылдың 1 тамызға «Петропавл қаласының халықаралық әуежайы» АҚ 412 ұшақ рейсi орындалды, 5399 адам жолаушы тасымалданды.

  • Байланыс

    Байланыс«Қазақтелеком» АҚ филиалы, Облыстық Телекоммуникациялар Дирекциясы байланыс қызметтерiн ұсынады.

    ОТД құрылымында: 15 аудандық телекоммуникация торабы (с.i. Чкалов және Чистополье аудандық телекоммуникация торабы), 8 орталықтан тұратын бас кәсiпорындары:

    1. Ақпараттық технологиялар орталығы

    2. Инвестициялар, жобалау және күрделi құрылыс орталығы

    3. Ортақ техникалық қолдау орталығы

    4. Техникалық пайдалану орталығы

    5. Техникалық қызмет көрсету орталығы

    6. Кеңейтiлген сервис орталығы

    7. Сату орталығы

    8. Пайдалану-шаруашылық қамтамасыз ету орталығы

    Қызметкерлердiң саны 1600 адам.

  • Автомобиль жолдары

    Автомобиль жолдарыСолтүстiк Қазақстан облысының автомобиль жолдарының желiсi 8998 км құрайды, оның iшiнде 1468 км республикалық маңызы бар, 2427 км облыстық және 5103 км аудандық маңызы бар жол, қара жамылғымен — 4489 км, қиыршықтасты жамылғымен — 2625 км және топырақты -1884 км. Ұзақтығы бойынша Солтүстiк Қазақстан облысының автомобиль жолдары Шығыс Қазақстан облысы мен Қостанай облысынан кейiн республика бойынша үшiншi орын алады. Қиыршықтасты-топырақты автожолдар ұзақтығының үлкен үлесi Қостанай облысымен салыстырғанда 1,2 есе, Павлодар облысымен 1,7 есе, Ақмола облысымен 1,3 есе көп.

     

    Автомобиль жолдары

    2014 жылғы күздегi тескерiстiң қорытындысы бойынша жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарының 19% (1430 км) техникалық жақсы жағдайда, 32% (2410 км) қанағаттанарлық жағдайда, 49% (3690 км) қанағаттанарлықсыз жағдайда екендiгi белгiлi болды.

    Автомобиль жолдары

    Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарда ұзақтығы 2181 п.м. 36 көпiр мен жол өткелi, ұзындығы 20247,6п.м. 1511 су өткiзгiш құбыр, 9045 п/м қауiпсiздiк қоршаулары (арқан және темiрбетон қисық сызықты бiлеу), отыратын алаңдары бар 288 автопавильон, 4479 километрлiк баған, эстакадалары мен қоршаулары бар автокөлiкке арналған 18 демалыс алаңы, 25 темiржол өтпесi (күзетiлетiн және күзетiлмейтiн), 9 өндiрiстiк база (га­раждар, қоймалар, шеберханалар, қазандықтар және т.б.) орналасқан.

    Көлiк құралдарының қауiпсiз, апатсыз және үздiксiз қозғалысын, қозғалыстың сақталуын, жергiлiктi маңызы бар жолдардың техникалық жағдайын қамтамасыз ету үшiн ҚР Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 сәуiрдегi № 423 қаулысымен бекiтiлген қолданыстағы нормативтiк қажеттiлiктерге сәйкес 7530 км автожолды ағымдағы жөндеу мен күтiп ұстауға жыл сайын 10 425 млн. теңге қажет. Одан басқа, жұмыстарды орындаудың жөндеуаралық мерзiмiн ескере отырып, күрделi жөндеу үшiн 5 100 млн. теңге, орташа жөндеу үшiн — 5 800 млн. теңге қажет.

  • 2016 жылға арналған жоспар

    2016-2020 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы

    2016 жылға облыстық және аудандық автожолдарға 6 820 951 мың теңге сомасында қаражат бөлiнген, соның iшiнде 1 580 605,4 мың теңгенi республикалық трансферттер, 5 240 345,6 мың теңгенi — жергiлiктi бюджет құрайды.

    Облыстық жолдарды жөндеуге 5 698 396 мың теңге сомасында қаражат былай бөлiндi:

    КТ-68 «Лавровка-Келлеровка-Тайынша-Чкалово» автожолын реконструкциялауға — 1 006 278 мың теңге бөлiнген, соның iшiнде: автожолдың 11,790 км реконструкциялауға республикалық бюджеттен 859 993 мың теңге және жергiлiктi бюджеттен 84 444 мың теңге, республикалық бюджеттен кредиторлық берешектi өтеуге 49 028 мың теңге, жергiлiктi бюджеттен ЖСҚ түзетуге 12 813 мың теңге.

    Күрделi жөндеуге жергiлiктi бюджеттен 199 202 мың теңге бөлiнген, соның iшiнде:

    • КТ-68 «Лавровка-Келлеровка-Тайынша-Чкалово» автожолының 117 км көпiрiн жөндеуге — 110 487 мың теңге (Тайынша ауданы);
    • КТ-26 «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» автожолының 53 км құбырын жөндеуге — 24 949 мың теңге (Есiл ауданы);
    • ЖСҚ әзiрлеуге — 36 622 мың теңге;
    • кредиторлық берешегiн өтеуге — 27 144 мың теңге.

    Орташа жөндеуге 2 581 622 мың теңге бөлiнген, соның iшiнде: жергiлiктi бюджеттен 56 961 мың теңге кредиторлық берешегiн өтеуге, 2 524 661 мың теңге автожолдың 106,2 км орташа жөндеуге, оның iшiнде республикалық бюджеттен 336 520 мың теңге.

    2487 км автомобиль жолын ағымдағы жөндеу және күтiп ұстауға жергiлiктi бюджеттен 1 911 294 мың теңге бөлiнген, оның iшiнде 1 185 007 мың теңге ағымдағы жөндеуге.

    Аудандық жолдарды жөндеуге 1 122 555 мың теңге қаражат былай бөлiнген:

    • облыстық бюджеттен KTUL-341 «Құлыкөл-Қаратал» автожолын күрделi жөндеуге — 13 891,2 мың теңге (Уәлиханов ауданы);
    • облыстық бюджеттен KTKG-89 «Бостандық-Менжинский» автожолын күрделi жөндеуге — 20 320 мың теңге (Ақжар ауданы);
    • облыстық бюджеттен автожолды орташа жөндеуге — 207 456,8 мың теңгенi;
    • республикалық бюджеттен ТЖ салдарын жоюға — 335 064,4 мың теңге;
    • облыстық бюджеттен автожолдарды ағымдағы жөндеуге — 291 726,1 мың теңге;
    • ЖСҚ әзiрлеуге — 3 100 мың теңге;
    • 5043 км автожолды ағымдағы жөндеу және күтiп ұстауға аудандық бюджеттерден 250 996,3 мың теңге бөлiнген.
    Бағыт 4-бағыт. Ифрақұрылымдық кешенді дамыту
    Бағдарламаның мақсаты 20-мақсат: Көлік инфрақұрылымын дамыту
    Нысаналы индикаторлар
    • Жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі,%
    • Елді мекендерді жолаушылар автокөлік қатынастарымен қамту үлесі,%

Мақаланың шыққан күнi: 2012.03.05 14:13

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2016.12.27 18:08

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесКешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасыҰлттық зияткерлік меншік институты
ТИЦ