Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері

  1. 2017 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша iшкi мемлекеттiк аудит департаментiмен 2016 жылы өткiзiлген мемлекеттiк аудит қорытындылары жөнiнде ақпарат

2016 жылы Департаментпен 72 аудиторлық iс-шара жүргiзiлiп, жалпы 10 839,2 млн.теңге сомада бұзушылық анықталды, оның iшiнде: мемлекеттiк сатып алу туралы заңнама бұзушылығы 7553,2 млн.теңге сомада, ағымдағы шығындар — 2 622,7 млн.теңге, трансферттердi және бюджеттiк субсидияларды ұсыну бойынша бұзушылық — 450,1 млн.теңге, бухгалтерлiк есептi енгiзу және қаржылық есептеменi құрастырудағы заңнама бұзушылығы — 213,2 млн.теңге.

Департаментпен анықталған заңнама бұзушылықтарының жалпы сомасынан 59,2 млн.теңге қайтарылуға және қалпына келтiруге жатады, қолданылған шаралармен 10,5 млн.теңге қалпына келтiрiлдi және қайтарылды.

Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Кодексiне сәйкес бюджеттiк заңнама, мемлекеттiк сатып алу туралы заңнама, бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептеме туралы заңнама бойынша жiберiлген бұзушылықтары үшiн Департаментпен жалпы 6,2 млн.теңге сомада айыппұл түрiнде 43 әкiмшiлiк жаза салынып, есеп мерзiмiнде оның 5,7 млн.теңгесi немесе 92% бюджет кiрiсiне өтелдi, қалдық бойынша — 0,5 млн.теңге өтеу мерзiмi келген жоқ, ал түскен бар материалдар мәжбүрлi өтеуге тапсырылды.

Өткен мерзiмде Департаментпен бұзушылықтарды жоюға жiберiлген ұйғарымдардың негiзiнде бақылау объектiлердiң 60 лауазымды тұлғасы тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылды, жалпы 4 629,6 млн.теңге сомаға мемлекеттiк сатып алулардың 17-сiнiң қорытындылары күшiн жойды және қайта қарастырылды.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 30 бабына сәйкес Департаментпен облыстың мемлекеттiк сатып алулардың камералдық бақылауы жүргiзiлуде.

Камералдық бақылауды әртүрлi ақпарат көздерiнен алынған мәлiметтердi салыстырып тексеру жолымен  мемлекеттiк аудит объектiсiне бармай тұрақты негiзде жүргiзедi.

Камералдық бақылау жүргiзудiң мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттiк аудит объектiсiне камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттiк аудит объектiлерiне әкiмшiлiк жүктеменi төмендету болып табылады.

Мемлекеттiк аудит объектiлерiне бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру үшiн камералдық бақылау тек салдарын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоюға болатын бұзушылықтар бойынша жүргiзiледi.

2016 жылдың өткен мерзiмiнде камералдық бақылаумен жалпы 72,9 млрд.теңге сомада тәртiбi (лоттар) қамтылып, оның 1668 тәртiбi 13,9 млрд.теңге сомада бұзушылықпен жүргiзiлген.

Камералдық бақылау қорытындылары бойынша Департаментпен анықталған бұзушылықтарды жою туралы 887 хабарлама жiберiлiп, оның 884-i орындалды, үш хабарлама бойынша шарттық мiндеттемелердiң орындалуына байланысты бұзушылық толық көлемде жойылған жоқ. Осыған байланысты Департаментпен Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» кодексiнiң 464 бабына сәйкес осы мекемелердiң басшылары әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

Камералдық бақылаудың қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жолымен хабарламалардың мерзiмiнде орындалуына байланысты 123 астам лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» кодексiнiң 207 бабының ескертудiң 2 бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiктен босатылды.

Мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әрекеттерiне мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы орналастырған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, Департаментке шағым жасалған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмi шағымды қарау мерзiмi аяқталғанға дейiн он жұмыс күнi iшiнде тоқтатыла тұрады. Шағымды қарау нәтижелерi бойынша Департаментпен мемлекеттiк сатып алу қорытындысының күшiн жою не күшiн жоюдан бас тарту туралы шешiм қабылданады.

Сонымен қатар, Департаментпен мерзiмiнде және қолданыстағы заңнама шеңберiнде заңды және жеке тұлғалардың 151 өтiнiшi қарастырылып, көбiнде өтiнiш берушiнiң дәлелдерi расталды. Өтiнiштердi қарау қорытындылары бойынша Департаментпен өкiлеттiгi аясында шаралар қолданылды.

Мемлекеттiк сатып алуларды өткiзуде бұзушылықтарды ескерту және алдын алу мақсатында Департаментпен тұрақты түрде камералдық бақылауды жүргiзу ерекшелiктерiн түсiндiру бойынша семинар-кеңестер жүргiзiлуде.

Мақаланың шыққан күнi: 2016.12.22 16:50

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2017.01.20 17:17

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ