Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Облыс бюджетінің атқарылуы 2012 жылғы 1 тоқсан

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы өзінің Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстандық жолдың жаңа кезеңі — экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері…», деп атап өтті.

Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақытылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Барлық атқарушы органдарымен, салық қызметтерімен, кәсіпорындармен, шағын және орта бизнес объектілерімен жүргізілген мақсатты және жүйелі жұмыс орташа жалақыны ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, жылдың басымен салыстырғанда бересіні азайтуға мүмкіндік берді.

1. Облыс бюджеті кіріс бойынша 2012 жылдың 1 сәуіріне 101,8% атқарылды, немесе жоспардағы 20667,3 млн теңгеден 21031,2 млн теңге түсті.

Меншікті кірістер бойынша жоспар 5009,7 млн теңге сомасында немесе 120,7% атқарылды (жоспар — 4151,2 млн теңге). Кіріс бөлігінің асыра орындалуы жалпы облыс бойынша 858,5 млн теңгені құрады.

Салық комитетімен есепке алынатын салықтар мен алымдар бойынша нақтыланған жоспар 4151,1 млн теңгені құрайды, оның ішінен облыстық бюджеттің жоспары 2081,8 млн теңге, аудандар мен Петропавл қ. — 2069,3 млн теңге.

Есепті кезең ішінде облыс бюджетіне 4891,7 млн теңге, немесе нақтыланған жоспардан 117,8% түсті, соның ішінде облыстық бюджетке 2251,8 млн теңге, немесе 108,2%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетіне — 2639,9 млн теңге, немесе 127,6%.

Республикалық бюджеттен трансферттер жоспардағы 16216,1 млн теңгеден 16021,5 млн теңге сомасында түсті.

2. Шығыстар бойынша облыс бюджеті 2012 жылдың 1 сәуіріне 95,4% атқарылды, жоспардағы 22238,1 млн. теңгеден шығыстар 21214,6 млн теңге сомасына жүргізілді. Шығыстар 1023,4 млн теңге сомасында игерілмеген.

Білім берудің мекемелері мен кәсіпорындары бойынша шығыстар 2012 жылдың 1 сәуіріне 8123 млн теңгені құрады (1 таблицаға сәйкес), немесе жоспардан 99,3 пайыз.

Білім берудің объектілерін салуға және реконструкциялауға 134,5 млн теңгеге шығыстар жасалды.

Мектептер мен мектептен тыс мекемелердің күрделі жөндеуі 11,3 млн теңге сомасына жүргізілді.

1 таблица

 

Денсаулық сақтау бойынша 2012 жылдың 1 сәуіріне шығыстар 3997,6 млн теңгені құрады (2 таблицаға сәйкес), немесе жоспардан 96,5 пайыз.

Денсаулық сақтау объектілеріне санитарлық автокөлік сатып алуға 25 млн теңге игерілді.

2 таблица

 

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 874,9 млн теңгені құрады, немесе жоспардан 97,5 пайыз (3 таблицаға сәйкес).

Әлеуметтік қорғау объектілерін күрделі жөндеуге 11,9 млн теңге бағытталды. Әлеуметтік қорғау объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6,3 млн.теңге бағытталды.

3 таблица

Мәдениет бойынша шығыстар 438,1 млн теңгені құрады (4 таблицаға сәйкес). Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мәдениет объектілерінің күрделі жөндеуі 5,4 млн теңгеге жүргізілді. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 14,9 млн теңге бағытталды.

4 таблица

Туризм және спорт бойынша — 472,4 млн теңге (5 таблицаға сәйкес). Туризм және спорт объектілерін дамытуға 12,6 млн теңге. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға қаражат 2,8 млн теңге сомасында бағытталды.

5 таблица

Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2012 жылдың 1 сәуіріне тұрғын үй салуға шығыстар 307,9 млн теңгені құрады, республикалық бюджет қаражаты есебінен 225,4 млн теңге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруға бағытталды.

Сумен жабдықтау объектілерін салуға 2012 жылдың 1 сәуіріне 350,4 млн теңге бағытталды.

2012 жылдың 1 сәуіріне облыстың автомобиль жолдары желісін дамытуға 322,5 млн теңге бағытталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының мақсаты экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және баланстандырылған өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты орындар құру болып табылады. Бағдарламаның міндеттері болып мыналар табылады: 1) Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау; 2) Кәсіпкерлік секторын сауықтыру; 3) Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету; 4) Кәсіпкерлік әлеуетін күшейту.

2012 жылға «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен 901946 мың теңге бөлінді, оның ішінен:

  • кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 398000 мың теңге;
  • шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру бағдарламасы бойынша 50000 мың теңге;
  • бизнес жүргізуді сервистік қолдауға 30885 мың теңге;
  • индустриялық инфрақұрылымды дамытуға 423061 мың теңге.

2012 ж. 01. 04 жағдайына индустриялық инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша есепті кезеңнің жоспарындағы 126900 мың теңгеден атқарылу 88824,4 мың теңгені немесе 70% құрады. Өңірлік үйлестіру кеңесінде келісілген жобалардың болмауы себебінен 38075,6 мың теңге игерілмеген.

Мақаланың шыққан күнi: 2012.05.17 14:23

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2012.05.17 14:23

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ