Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Облыс бюджетінің атқарылуы 2012 жылғы 3 тоқсан

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы өзінің Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстандық жолдың жаңа кезеңі — экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері…», деп атап өтті.

Салық салынатын базаның өсуі, түсімдер жоспарының уақытылы және сапалы орындалуы экономиканы нығайтудың ажырамас бөлігі болып табылады.

1. Облыс бюджеті кіріс бойынша 2012 жылдың 1 қазанына 100,3% атқарылды, немесе жоспардағы 80440,9 млн теңгеден 80715,5 млн теңге түсті.

Меншікті кірістер бойынша жоспар 16969,9 млн теңге сомасында немесе 105,8% атқарылды (жоспар — 16039,7 млн теңге).

Салық комитетімен есепке алынатын салықтар мен алымдар бойынша нақтыланған жоспар 15608,4 млн теңгені құрайды, оның ішінен облыстық бюджеттің жоспары 7414,6 млн теңге, аудандар мен Петропавл қ. — 8193,8 млн теңге.

Есепті кезең ішінде облыс бюджетіне 16516,4 млн теңге, немесе нақтыланған жоспардан 105,8% түсті, соның ішінде облыстық бюджетке 7678,4 млн теңге, немесе 103,6%, аудандық бюджеттер мен Петропавл қаласының бюджетіне — 8838 млн теңге, немесе 107,9%.

Республикалық бюджеттен трансферттер жоспардағы 62211,4 млн теңгеден 61555,8 млн теңге сомасында түсті.

2. Шығыстар бойынша облыс бюджеті 2012 жылдың 1 қазанына 95,6% атқарылды, жоспардағы 83228,2 млн. теңгеден шығыстар 79559,4 млн теңге сомасына жүргізілді. Шығыстар 3668,8 млн теңге сомасында игерілмеген.

Білім берудің мекемелері мен кәсіпорындары бойынша шығыстар 2012 жылдың 1 қазанына 26389,8 млн теңгені құрады (1 таблицаға сәйкес), немесе жоспардан 97,8% (жоспар — 26973,4 млн.теңге).

Білім берудің объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспардағы 770,4 млн теңгеден игеру 449,2 млн теңгені немесе 58,3% құрады.

Мектептер мен мектептен тыс мекемелердің күрделі жөндеуі 630 млн теңге сомасына жүргізілді. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 614,9 млн теңге бағытталған, жоспардан игеру 88,5 пайызды құрады (жоспар 694,8 млн теңге).

1 таблица

Облыс бюджетінің атқарылуы 2012 жылғы 3 тоқсан

Денсаулық сақтау бойынша 2012 жылдың 1 қазанына шығыстар 12942,2 млн теңгені құрады (2 таблицаға сәйкес), немесе жоспардан 98,2% (жоспар 13453,6 млн теңге).

Денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға 715 млн теңге жұмсалды.

Медициналық мекемелерге күрделі жөндеу 254,2 млн теңге сомасына жүргізілді. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 503,7 млн теңге бағытталған, жоспардан игеру 88,4% құрады.

2 таблица

Облыс бюджетінің атқарылуы 2012 жылғы 3 тоқсан

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша шығыстар 3026,1 млн теңгені құрады, немесе жоспардан 99,7% (жоспар 3034,8 млн теңге).

Әлеуметтік қорғау объектілерін күрделі жөндеуге 50,9 млн теңге бағытталды (жоспар 51,6 млн.теңге). Әлеуметтік қорғау объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 30,4 млн.теңге бағытталған, жоспардан игеру 99,3% құрады (жоспар 30,6 млн теңге).

3 таблица

Облыс бюджетінің атқарылуы 2012 жылғы 3 тоқсан

Мәдениет бойынша шығыстар 1395,4 млн теңгені, жоспардағы 1406,1 млн теңге немесе 99,2% құрады (4 таблицаға сәйкес). Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мәдениет объектілерінің күрделі жөндеуі жоспардағы 219 млн теңгеден 195,4 млн теңгеге жүргізілді. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 52,8 млн теңге бағытталған.

4 таблица

Облыс бюджетінің атқарылуы 2012 жылғы 3 тоқсан

Туризм және спорт бойынша — жоспардағы 1281,2 млн теңгеден 1274,1 млн теңге немесе 99,4% игерілді (5 таблицаға сәйкес). Туризм және спорт объектілерін дамытуға 45,1 млн теңге бөлінді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен туризм және спорт объектілерінің күрделі жөндеуі 46,9 млн теңгеге жүргізілді. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға қаражат 65,4 млн теңге сомасында бағытталды (жоспар 66,2 млн теңге немесе 98,8%).

5 таблица

Облыс бюджетінің атқарылуы 2012 жылғы 3 тоқсан

Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргізілді. 2012 жылдың 1 қазанына тұрғын үй салуға шығыстар 2577,9 млн теңгені құрады (жоспар 3534,9 млн теңге немесе 72,9%), республикалық бюджет қаражаты есебінен 1646,7 млн теңге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруға бағытталды.

Сумен жабдықтау объектілерін салуға 2012 жылдың 1 қазанына 1760,4 млн теңге бағытталды (жоспар 1894 млн теңге немесе 92,9%).

2012 жылдың 1 қазанына облыстың автомобиль жолдары желісін дамытуға 938,9 млн теңге бағытталды. Қаражат толық көлемде игерілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының мақсаты экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және баланстандырылған өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты орындар құру болып табылады. Бағдарламаның міндеттері болып мыналар табылады: 1) Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау; 2) Кәсіпкерлік секторын сауықтыру; 3) Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету; 4) Кәсіпкерлік әлеуетін күшейту.

2012 жылға «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен 928428 мың теңге бөлінді, оның ішінен:

  • кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 398000 мың теңге;
  • шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру бағдарламасы бойынша 76482 мың теңге;
  • бизнес жүргізуді сервистік қолдауға 30885 мың теңге;
  • индустриялық инфрақұрылымды дамытуға 423061 мың теңге.

2012 ж. 01.10 жағдайына индустриялық инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша есепті кезеңнің жоспарындағы 428,4 млн теңгеден атқарылу 246,2 млн теңгені немесе 57,5% құрады, 182,2 млн теңге игерілмеген.

Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде 2012 жылға 3465 млн теңге бөлінген, соның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 3156 млн теңге, 309 млн теңге жергілікті бюджет қаражаты есебінен. 2012 жылғы 1 қазанына 2793 млн теңге бөлінген, 2119,4 млн теңге немесе 75,9% игерілді. 673,6 млн теңге игерілмеген, соның ішінде 592,4 млн теңге — республикалық бюджет, 81,2 млн теңге — жергілікті бюджет.

Бірінші бағыт бойынша жылға нақтыланған жоспар 970,9 млн теңгені құрайды (республикалық бюджет қаражаты есебінен), 2012 жылғы 1 қазанына игеру жоспардағы 673,1 млн теңгеден 665,8 млн теңгені құрайды, 7,3 млн теңге игерілмеген.

Екінші бағыт бойынша жылға нақтыланған жоспар 671,9 млн теңгені құрайды (республикалық бюджет қаражаты есебінен), 2012 жылғы 1 қазанына игеру жоспардағы 642,7 млн теңгеден 601,5 млн теңгені құрайды, 41,2 млн теңге игерілмеген.

Үшінші бағыт бойынша жылға нақтыланған жоспар 1361,7 млн теңгені құрайды, соның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 1052,7 млн теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 309 млн теңге, 2012 жылғы 1 қазанына игеру жоспардағы 1016,7 млн теңгеден 425,6 млн теңгені құрайды, 591,1 млн теңге игерілмеген соның ішінде республикалық бюджет 509,9 млн теңге, жергілікті бюджет 81,2 млн теңге.

Төртінші бағыт бойынша жылға нақтыланған жоспар 460,5 млн теңгені құрайды (республикалық бюджет қаражаты есебінен), 2012 жылғы 1 қазанына игеру жоспардағы 460,5 млн теңгеден 426,5 млн теңгені құрайды, 34 млн теңге игерілмеген.

Мақаланың шыққан күнi: 2013.01.21 09:46

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2013.01.21 09:46

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ