Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Облыс бюджетінің атқарылуы 2014 жылғы

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан жолы — 2050: бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауында айтқандай, «Стратегия — күннен күнге, жылдан жылға елiмiздi, қазақстандықтардың өмiрiн жарқын ете түсетiн нақты практикалық iстер бағдарламасы. Бiрақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиiмдi еңбектену керектiгiн әркiм-ақ түсiнуi тиiс. Мемлекеттiң мiндетi — осыған барлық жағдайды жасау. Мен әлемнiң озық елдерi арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгiлiкке бiрiктiретiнiне сенiмдiмiн».

Қазақстанның әлемдегi ең дамыған 30 елдiң қатарына кiру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзiмдi басымдықтары белгiленген. Экономиканы нығайту, басым бағыттар бойынша бiрқатар мәселелердi шешу қажет.

. . . экономиканы нығайтудың ажырамас бөлiгi болып табылады.

1. Кiрiстер бойынша облыс бюджетi 2015 жылғы 1 қаңтарда 126030,7 млн.теңге атқарылған.

Жеке табыстар бойынша жоспар 27192,0 млн.теңге сомасында орындалды.

Салық комитетiмен ескерiлетiн салықтар мен алымдар бойынша нақтыланған жоспар 28139,4 млн.теңгенi құрайды, соның iшiнде облыстық бюджет жоспары 12497,6 млн.теңге, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 15641,8 млн.теңге.

Есептi кезеңде облыс бюджетiне 27036,2 млн. теңге түстi, соның iшiнде облыстық бюджетiне 12554,5 млн. теңге, аудандар мен Петропавл қаласы бойынша — 14481,7 млн. теңге.

Республикалық бюджеттен трансферттер жоспардағы 96843,4 млн. теңгеден 96843,4 млн. теңге сомасында түстi.

2. Шығыстар бойынша облыс бюджетi 2014 жылдың 98,7% атқарылды, жоспардағы 128818,8 млн. теңгеден шығыстар 127202,5 млн. теңге сомасына жүргiзiлдi.

Бiлiм мекемелерi мен кәсiпорындары бойынша шығыстар 2014 жылы 27054,4 млн. теңгенi құрады (1-таблицаға сәйкес) немесе жоспардан 99,2% (жоспар — 37342,0 млн. теңге).

Бiлiм объектiлерiн салуға және реконструкциялау бойынша игеру 394,9 млн. теңгенi құрады.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 301,9 млн. теңге бағытталды, жоспардан игеру 99,1 пайызды құрады (жоспар 304,5 млн. теңге).

1-таблица

Исполнение бюджета области за 2014  год

Денсаулық сақтау бойынша 2014 жылғы 1 қаңтардағы шығыстар 22244,1 млн. теңгенi құрады (2-таблицаға сәйкес) немесе жоспардан 99,6% (жоспар 22325,3 млн. теңге).

2-таблица

Исполнение бюджета области за 2014  год

Халықты әлеуметтiк қорғау бойынша шығыстар 3935,8 млн. теңгенi немесе жоспардың 99,9% құрады (жоспар 3938,5 млн. теңге).

Әлеуметтiк қорғау объектiлерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға 18,6 млн.теңге бағытталды, жоспардан игеру 100% құрады (жоспар 18,6 млн. теңге).

3-таблица

Исполнение бюджета области за 2014  год

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар бойынша шығыстар жоспардағы 2248,3 млн. теңгеден 2240,8 млн. теңгенi немесе 99,7% құрады (4-таблицаға сәйкес). Мәдениет және мұрағаттар объектiлерiнiң күрделi жөндеуi 280,4 млн. теңгеге жүргiзiлдi. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 24,6 млн. теңге бағытталды.

4-таблица

Исполнение бюджета области за 2014  год

Ескерту: мәдениет бойынша 2012 жылғы шығыстар, 2013-2014 жылдардағы шығыстар мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар бойынша Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес.

Туризм және спорт бойынша — жоспардағы 3439,4 млн. теңгеден 3346,9 млн. теңге игерiлдi (5-таблицаға сәйкес). Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 35,2 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды (жоспар 35,2 млн. теңге немесе 100%).

5-таблица

Исполнение бюджета области за 2014  год

Жаңа тұрғын үй саясатын iске асыру мақсатында коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүргiзiлдi. 2015 жылғы 1 қаңтарға тұрғын үй салуға шығыстар 4759 млн. теңгенi құрады, республикалық бюджет қаражаты есебiнен 3612,7 млн. теңге тұрғын үй құрылысына.

Сумен жабдықтау объектiлерiн салуға және реконструкциялауға 3189,4 млн. теңге бағытталды.

Облыстың автомобиль жолдары желiсiн дамытуға 6267,2 млн. теңге бағытталды.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 сәуiрдегi № 301 қаулысына сәйкес «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасының мақсаты экономиканың шикiзат емес секторларында өңiрлiк кәсiпкерлiктiң тұрақты және теңгерiмделген өсiмiн қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады. Бағдарламаның мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау; 2) Кәсiпкерлiк секторын сауықтыру; 3) Кәсiпкерлердiң валюталық тәуекелдерiн төмендету; 4) Кәсiпкерлiк әлеуеттi күшейту.

2014 жылға бекiтiлген жоспармен «Бизнестiң жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберiнде республикалық бюджеттен 947,6 млн.теңге бөлiндi, 2015 жылғы 1 қаңтардағы атқарылу 946,5 млн.теңгенi немесе 99,8% құрады:

- пайыздық мөлшерлеменi субсидиялауға есептi кезең жоспарындағы 601,4 млн. теңгеден 601,4 млн.теңге немесе 100% игерiлдi;

- жеке кәсiпкерлiктi қолдауға есептi кезең жоспарындағы 12,0 млн.теңгеден 12,0 млн.теңге немесе 100% игерiлдi;

- шағын және орта бизнеске кредиттердi iшiнара кепiлдендiруге жылдық жоспардағы 102,5 млн. теңгеден, 102,5 млн.теңге немесе 100% игерiлдi;

- индустриалды инфрақұрылымды дамытуға есептi кезең жоспарындағы 185,4 млн.теңгеден 184,3 млн. теңге немесе 99,4% игерiлдi.

2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын iске асыруға 4455,3 млн.теңге бюджеттiк қаражат (нақтылау есебiмен) бөлiндi, соның iшiнде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 4138,9 млн.теңге. Жыл қорытындысы бойынша атқарылу 4329,3 млн.теңгенi құрады. Бағыттар бойынша атқарылу былайша сипатталады:

Бiрiншi бағыт бойынша 2014 жылға инженерлiк-көлiктiк, коммуналды-инженерлiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның 92 объектiсiнiң жөндеуi бойынша жұмыстар жүргiзуге 2559,3 млн.теңге бөлiндi, атқарылу 2538,8 млн.теңгенi немесе 99,2 пайызды құрады.

Екiншi бағыт бойынша жылдық жоспар 1054,1 млн.теңгенi құрайды, атқарылу 1050,2 млн.теңгенi немесе 99,6 пайызды құрады, соның iшiнде:

Бағдарлама қатысушыларын кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту — жоспардағы 11,4 млн.теңгеден атқарылу 100 пайызды құрады;

микрокредит беру — жоспардағы 1000,0 млн.теңге толық көлемде атқарылды;

дамыту, абаттандыру және (немесе) жетiспейтiн инженерлiк — коммуникациялық инфрақұрылымды сатып алу — жоспардағы 42,7 млн.теңгеден атқарылу 38,8 млн. теңгенi құрады.

Үшiншi бағыт бойынша атқарылу 537,9 млн.теңгенi құрады, оның iшiнде:

- әлеуметтiк жұмыс орындарының қатысушыларына жалақыны жарым-жартылай субсидиялау, жастар практикасы, кадрларды қайта даярлау, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және көшу — жылдық жоспар 202,7 млн.теңгенi құрайды, кассалық атқарылу 100 пайызды құрады,

- кәсiби дайындық жылдық жоспар 111,6 млн.теңгенi құрайды, кассалық атқарылу 100 пайызды құрады;

- құрылыс және қызметтiк үй сатып алу мен дамыту және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды сатып алу атқарылу 121,8 млн. теңгенi құрады.

- жатақхана құрылысы (Петропавл) атқарылу 51,9 млн.теңгенi құрады.

- халық арасында кәсiби бағыт бойынша жұмыс ұйымдастыру жылдық жоспары 49,9 млн. теңге, атқарылу 100 пайызды құрады.

Өзге шығындар:

- 14 жұмыспен қамту орталықтарын ұстау жылдық жоспары 197,1 млн.теңге, атқарылу 100 пайыз.

- Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу жылдық жоспары 4,8 млн.теңге, атқарылу 100 пайызды құрады.

- халықтың мақсатты тобын жұмысқа орналастыру үшiн мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс, соның iшiнде 50 жастан асқан тұлғалар үшiн жылдық жоспар 0,6 млн. теңге, атқарылу 100 пайызды құрады.

Мақаланың шыққан күнi: 2015.02.27 14:52

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2015.02.27 14:52

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ