Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Сала жағдайы туралы жалпы мәліметтер

2016 жылғы қаңтар-қыркүйектiң нәтижесi бойынша ақпарат

Өнеркәсiп

Өнеркәсiптiк өндiрiс көлемi 112,8 млрд. теңгенi, соның iшiнде өңдеу өнеркәсiбi 79,7 млрд. теңге құрады.

Өнеркәсiптiк өндiрiсiнiң НКИ 100,1%, оның iшiндегi өңдеу өнеркәсiбi 95,9% құрады.

2016 жылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша облыстың машина жасау кәсiпорындарының тапсырыс қоржыны 35,1 млрд. теңгенi құрады, ең көп жасалған шарттар көлемi мұнай-газ компанияларына тиесiлi — 6,4 млрд. теңге және темiржол кешенiнiң үлесi — 18,4 млрд. теңгенi құрады. Жасалған келiсiмшарттар аясында 10 млрд. теңгеге өнiм жасалды.

Қазiргi уақытта машина жасау кәсiпорындарының жүктелуiн арттыру аясында:

«ЗИКСТО»АҚ және «Қазақстан Темiр Жолы» ҰК» АҚ арасында 17,5 млрд.теңге сомасына шарт жасалды.500 млн. теңгеге «Мұнаймаш» АҚ және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ арасында келiссөздер жүргiзiлiп жатыр.

Тоқтап тұрған кәсiпорындарды қайтадан iске қосу жұмысы жүргiзiлiп жатыр. Осы мақсатпен Жол картасы әзiрлендi, оның аясында 2015 жылы 10 кәсiпорынның жұмысы қалыпқа келдi. Ағымдағы жылы картаға 17 тоқтап тұрған кәсiпорын енгiзiлдi. Жыл басынан «Казмолторг» ЖШС кәсiпорнымен сары май және құрғақ сүттiң өндiрiсi қайтадан iске қосылды. Сауда нүктелерiнде «Славное» сауда маркасымен сатылатын өнiм шығарылып жатыр. Сондай-ақ 2016 жылғы 6 шiлдеде терезе мен есiктердi жасайтын Есiл ауданындағы «Санкт-Иосиф» ЖШС кәсiпорны өз жұмысын бастады. 2016 жылғы 29 тамызда Мамлют ауданында «Нониашвили» ЖК кәсiпорны ашылды, 30 бөлке нан өндiрiлдi. Жалгер өнiмдi аудан бойынша сату үшiн Газель автокөлiгiн сатып алды. Тәулiгiне 250 бөлке нан шығару жоспарланып отыр. Сондай –ақ 2016 жылғы 15 қыркүйекте Ғ.Мүсiрепов ауданында «NORDAGRA» ЖШС дәндi және майлы дақылдарды қабылдайтын кәсiпорын ашылды. Жаңа жиналған егiннен 5163 мың тонна дәндi дақылдарды және 1397 тонна майлы дақылдарды қабылдады. Қазiргi уақытта Жол картасында 13 тоқтап тұрған объектi бар.

Облыста пайдалы қазбалар кен орындарын дамыту және айналымға алу жұмысы жүрзiлiп жатыр. Минералды — шикiзаттық кешеннiң ең iрi жобаларының бiрi құрамында қалайы бар кендердi өңдейтiн Сырымбет тау кен — металлургиялық комбинатының құрылысы болып табылады. Аталмыш жоба аймақтық Индустрияландыру картасына енгiзiлдi. Жобаны iске асыру үшiн 70 млн. долларды жұмсау көзделiп отыр, 500 жұмыс орны құрылады. Қазiргi уақытта қорды есептеу есебi Геология және жер қойнауын пайдалану Комитетiне жiберiлдi. Есеп бекiтiлгеннен кейiн өндiру жұмыстарын қолға алу жоспарланып отыр.

2016 жылғы қаңтар-мамырында Солтүстiк Қазақстан облысының өнеркәсiптiк кәсiпорындарымен қолданыстағы бағаларда 66,6 млрд. теңгенiң өнiмi өндiрiлдi, ол өткен жылдың сәйкес кезеңiне 100,4% құрады. Өңiр бөлiгiнде өндiрiс көлемiдерiнiң өсуiнiң жоғары темптерi Аққайың (11,6% өсiм), Шал ақын (8,5% өсiм), Қызылжар (7,3% өсiм), Ақжар (7,2%) көрiнедi.

Облыстың кен өндiру өнеркәсiбiнде өндiру көлемi 268,7 млн. теңге құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңiне 116,3% құрады.

Өндеу өнеркәсiбi облыстың өнеркәсiп өндiрiс құрамында 65,1% алады. Үстiмiздегi жылдың 5 айы бойынша өндеу өнеркәсiбiнде 43,4 млрд. теңгеге өнiм өндiрiлдi (94,1%).

2015 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда сусындардың өндiрiсi 3,2, химиялық өнеркәсiп өнiмдерi 3, металлды емес минералды өнiм 51,8% ретке өстi.

Өндеу өнеркәсiбi көлемiнде 20,5% алатын, машина жасау саласында 8 887,3 млн. теңге сомаға өнiм өндiрiлдi және қызметтiң өнеркәсiптiк түрi көрсетiлдi.

2016 жылдың қаңтар-мамырына машина жасау кәсiпорнының тапсырыс портфелi 16,4 млрд. теңге құрады, шарттардың маңызды көлемдерi мұнайгаз компанияларына — 5,6 млрд. теңге және темiржол кешендерiне — 2,8 млрд. теңге келедi. Жасалған келiсiмшарттар аясында 6,8 млрд. теңгеге өнiм өндiрiлдi.

Өнеркәсiп салалары бойынша жалпы азық түлiк 2,7% (ет, макарон, сүт өнiмдерi), жеңiл өнеркәсiп өнiмi — 24,5% (былғар өндiрiсi), машина жасау — 26,8%, пластмастан жасалған бұйымдар — 13% (пластикалық құбырлар) өндiрiстерiнiң көлемi төмендетiлдi.

Электрмен қамту, газ беру, бу және ауа кондиционерiнде физикалық көлемнiң индексi үстiмiздегi жылы 115,7% құрады.

Сумен қамтуда; канал жүргiзу жүйесiнде, қалдықтарды жинауды және таратуды бақылауда 2016 жылдың қаңтар-мамырына физикалық көлемнiң индексi 107% құрады.

Мақаланың шыққан күнi: 2012.03.05 14:48

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2016.12.09 12:16

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесКешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасыҰлттық зияткерлік меншік институты
ТИЦ