Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Солтүстік Қазақстан облысының 2012 жылғы қаңтар–желтоқсан айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсіп. 2012 жылдың қаңтар0желтоқсан айы бойынша облыстың өндірістік кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығы секторын қоса есептегенде) қолданылып жүрген бағалармен 122 515,5 млн.теңгеге өнім өндірді, бұл 2011 жылғы қаңтар–желтоқсан-деңгейінен 2,3% жоғары.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында барынша үлес алатын (74,6 пайыз) өңдеу өнеркәсібінде 2012 жылдың қаңтар–желтоқсанында 91 429,8 млн.теңгеге өнім өндірілді немесе 2011 жылдың қаңтар–желтоқсаннан 2,1% жоғары.

2012 жылдың қаңтар–желтоқсан айы бойынша облыстың өндірістік кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығы секторын қоса есептегенде) қолданылып жүрген бағалармен 122 515,5 млн.теңгеге өнім өндірді, бұл 2011 жылғы қаңтар–желтоқсан-деңгейінен 2,3% жоғары.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында барынша үлес алатын (74,6 пайыз) өңдеу өнеркәсібінде 2012 жылдың қаңтар–желтоқсанында 91 429,8 млн.теңгеге өнім өндірілді немесе 2011 жылдың қаңтар–желтоқсаннан 2,1% жоғары.

2012 жылдың қаңтар–желтоқсанында 50 058,9 млн.теңгені құрап тамақ өнімдері өндірілді, құс еті — 16,3%, ұн — 8,8%, күнбағыс май өндірісі — 2,2 есеге өңделген сүт — 26,8%, макарондар — 3,0% ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 22,8 пайызын алатын машина жасау саласында 27 955,6 млн. теңге сомаға өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілген.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру саласында 3695,0 млн.теңгеге өнімі өндірілді, өзге металл емес минералды өнімдер өндірісінде 1170,3 млн.теңгеге өнім өндірілді.

2012 жылдың қаңтар–желтоқсан көлемі электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласында, 2011 жылдың қаңтар–желтоқсан-деңгейімен салыстырғанда 0,5 пайызға жоғары және 24 596,4 млн.теңгені құрады.

Су жабдықтау саласында 2012 жылдың қаңтар–желтоқсан айы бойынша көлем 2,8 пайызға 2011 жылдың қаңтар–желтоқсан-деңгейіне жоғарлап 5102,5 млн.теңгені құрады.

2010–2014 жылдарға арналған индустриализациялау картасы аясында облыста 2012 жылы жалпы құны 8760,0 млн. теңге 7 жоба іске асырылынды.

Ауыл шаруашылығы. 2012 жылдың қаңтар–желтоқсан айы бойынша облыста ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 238 639,1 млн. теңгені, нақты көлем индексі 2011 жылдың қаңтар–желтоқсан-деңгейінен 69,1% құрайды.

Ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты, жедел мәліметтер бойынша бастапқы кіріске алынған салмақтағы астықты жалпы жинау 4,9 млн. тоннаны құрады, бұл 2011 жылғы-деңгейден 3,9 млн. тоннаға кем.

2011 жылдың қаңтар–желтоқсан-деңгейіне ет өндірісі 94,4 мың тоннаны құрады, сүт 436,1 мың тонна, жұмыртқа 430,6 млн. дана.

1.01.2013 жылға барлық шаруашылық санаттарында мал басы мынаны құрады:

  • ірі қара мал 256,3 мың бас;
  • с.i. сиырлар 146,3 мың бас;
  • қой мен ешкi 295,2 мың бас;
  • жылқы 96,4 мың бас;
  • шошқа 224,2 мың бас;
  • құстар 3309,6 мың бас.

Кәсіпкерлік. Облыста 2013 жылдың 1 қаңтарыңа рынокта белсенді жұмыс істейтіндердің шағын және орта кәсіпкерлік субьектілер саны 22607 бірлік құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында белсенді жұмыспен қамтылғандар саны 99 081 адамды құрды, бұл 2011 жылдың сәйкес датасы-деңгейінен 0,6 пайызға жоғары.

Барлық шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерімен 2012 жылдың қаңтар–желтоқсан 251,8 млрд.тенгеге өнім шығарылды.

Инфляция. Облыста 2012 жылдың қаңтар–желтоқсан айында тауарлар мен қызметке бағалар бойынша инфляция-деңгейі 106,0% құрады, бұл орташа республикалық деңгейіде. 2012 жылғы қаңтар–желтоқсанда азық-түлік тауарларының бағасы 5,6%-ға, азық-түлік емес тауарлардың — 3,1%-ға, ақылы қызметтер — 9,4%-ға өсті (Қазақстан Республикасы бойынша — сәйкесінше 5,3%-ға, 3,5%-ға және 9,3% — ға).

Негізгі капиталға инвестиция. 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанға қайта есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 96737,4 млн. теңгені немесе 2011 жылғы қаңтар–желтоқсанға 134,6 пайызды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері кәсіпорындар, ұйымдар және тұрғындардың меншікті қаражаттары (жалпы көлемнен 59,5%), бюджеттік қаражаттар (27,5%), қарыз қаражаттары (12,8%), шетел қаражаттары (0,2%) болып табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (жалпы көлемнен 41%), өнеркәсіп (32,5%), көлік және қоймада сақтау (9,9%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (6,4%) болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы. Облыс аумағында кәсіпорындармен және тұрғындармен жалпы аумағы 100603 ш.м. тұрғын үй енгізілген, бұл 2011 жылғы ұқсас кезеңге 101,6% құрайды, соның ішінде тұрғындар қаражаты есебінен пайдалануға 51202 ш.м. пайдалануға енгізілді (жалпы көлемнен 50,9%), бюджеттік қаражаттар есебінен — 39297 ш.м. (39,1%), кәсіпорынның өз қаражаты — 10104 ш.м. (10%).

Сумен жабдықтау. 2012 жылы облыстағы елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге 6,4 млрд. теңге көзделген, соның ішінде республикалық бюджеттен — 4,8 млрд. теңге, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер — 1,5 млрд. теңге, облыстық — 147 млн. теңге.

2012 жыл нәтижесі бойынша 99,1 км су құбыры салынды және реконструкциялау орындалды, соның ішінде:

  • 4 ауылға топты су құбырларының 3 бұрғышында 18,3 км;
  • 14 ауылда тарату желілерінің 72 км;
  • 3 ауылда жер асты су құбырларынан бұталы ұңғымалы бастағанда 2,7 км;

3 ауылда 3 жергілікті ұңғымалы бастоғанда 6,1 км.

Сумен жабдықтаудың 13 объектісі берілген, ауыз суын 11 ауылда беру және облыстың 6 ауылында сумен жабдықтауды жақсарту жоспарлануда.

Әлеуметтік қорғау. 2013 жылы 1 қантарға өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,5 пайызға азайып 1326 адамды құрады. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық белсенді халықтың 0,4 пайызын құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен 0,1 пайыздық пунктке төмен.

2013 жылы 1 қантарға 15617 жаңа тұрақты жұмыс орыны, соның ішінде 916 маусымдық жұмыс орны құрылып, 30745 жұмыссызға жұмысқа орналасыға жәрдем көрсетіледі. Қоғамдық жұмыстарға 4961 адам жіберілді.

Кедейшілік шегінен төмен-деңгейде тұратын адам саны 3480 адамды құрайды. Кедейшілік-деңгейі 0,6 пайызды құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен 0,5 пайыздық пунктке төмен.

2013 жылы 1 қантарға жағдай бойынша 1746 аз қамтылған азаматтарға 107,2 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек белгіленді.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға 176,8 млн.тенге сомада мемлекеттік ай сайынғы жәрдемақы 6735 өтініш берушіге (14960 балаға) белгіленді.

2012 жылдын қантар–қараша айындағы облыста жалдамалы жұмыс бойынша істейтіндердің ай сайынғы орташа номиналдық жалақысы 67713 теңгені құрады. Номиналдық жалақының индексі 2011 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 112,3 пайызды құрады, мерзімге нақты жалақы индексі 107,3 пайызды құрады.

Білім беру. Бала бақшалардың жалпы саны 71 бірлікті құрайды, соның ішінде 61 мемлекеттік, 10 мемлекеттік емес. Бұдан басқа, «мектеп-бала бақша» 2 кешені (1 жекеменшік), 505 шағын-орталық (2 жекеменшік) қызмет атқарады.

2012–2013 оқу жылының басына облыстағы мектептер жүйесі 598 бірлікті құрады.

2011 жылы білім беру жүйесін дамытуға 35,6 млрд. теңге бөлінді, 2012 жылғы 1 қаңтарға игеру 35,5 млрд. теңгені құрайды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім объектілерін дамытуға 747,7 млн. теңге бөлінді:

  • Айыртау ауданы Кирилловка с. 240 орынға арналған мектеп салуға, Петропавл қ. 320 орынға арналған балабақша салуға, Есіл ауданы Тау-Ағаш ауылында 90 орынға арналған мектеп ғимаратын салуға, Жамбыл ауданы Айтуар аулында 80 орынға арналған негізгі мектеп салуға, Аққайың ауданы Смирнов орта мектебінің аумағындағы суйық отынмен жанатын қазандық салуға, Ақжар ауданы Талшық с. бұрынғы 2 қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй ғимаратын 60 орынға арналған балабақша ғимаратына реконструкциялауға, Ғ. Мүсірепов атындағы аудан Новоишимское с. және Шал, ақын ауданы Сергеевка қ. стадиондарды реконструкциялауға, Петропавл қ. ғимаратын 75 орынға арналған балабақшаға реконструкциялауға;
  • 8 білім беру объектісін салу және реконструкциялау ұшін ЖСҚ әзірлеуге.

Білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1 150 млн. теңге (631,8 млн. теңге игерілді), күрделі жөндеуге — 690,8 млн. теңге (562 млн. теңге игерілді) бөлінді.

Денсаулық сақтау. 2013 жылғы 1 қантарға облыстың денсаулық сақтау жүйесі 4444 кереуетке арналған 30 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен ұсынылды, одан 4389 төсек орынға арналған 28 мемлекеттік, 30 төсек орынға арналған 1 ведомстволық, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншік, 149 амбулаторлық-емханалық мекеме, 103 — мемлекеттік (соның ішінде 4 өзіндік емхана, әйелдер консультациясы, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы, 95 дәрігерлік амбулатория), ведомстволық — 1, жеке меншік — 46 заңды тұлға. Бұдан басқа, 46 ФАП, 474 медициналық пункт бар.

2013 жылғы 1 қаңтарға «Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 17,9 млрд. теңгені құрайды, есепті кезеңдегі жоспар — 17,9 млрд. теңге, игерілгені 17,3 млрд. теңге немесе есепті кезеңге арналған жоспардан 96,6%, соның ішінде:

  • денсаулық сақтау объектілерін салу 1 млрд. 612 млн.теңге (РБ — 1 млрд. 586,8 млн.теңге, ЖБ — 25 млн.теңге)

Үстіміздегі жылғы 1 қантарға жағдай бойынша бюджетті дамыту бойынша игерілгені 1 млрд. 105 млн.теңге;

  • денсаулық сақтау объектісін күрделі жөндеу — 405,6 млн. теңге, үстіміздегі жылғы 1 қантарға игеру 375,6 млн. теңге (есептік кезеңіндегі жоспардан 92,6%);
  • медициналық жабдықтармен және санитарлық көлікпен жарақтандыру 1 млрд. 29 млн. теңге (РБ — 586,2 млн. теңге, ЖБ — 442,6 млн. теңге), үстіміздегі жылғы 1 қантарға игеру 998,7 млн. теңге (есептік кезеңіндегі жоспардан 97%).

Сыртқы сауда айналымы.

Алдын ана мәлімет бойынша 2012 жылғы қаңтар–қарашадағы облыстың сыртқы сауда айналымы (РФ және БР тауар айналымын есепке алмағанда) 418,3 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, экспорт — 243,9 млн, АҚШ долларын, импорт — 174,4 млн, АҚШ долларын құрады.

Экспорт бойынша негізгі серіктестері: Латвия (барлық экспорт көлемінің 34,0 пайыз), Ауғанстан (19,3 пайыз), Тәжікстан (15,5 пайыз), Өзбекістан (9,9 пайыз), Қырғызстан (5,5 пайыз), Әзербайжан (5,4 пайыз).

Экспорттық жеткізулерде мына тауарлық топтардың азық-түліктері ең үлкен үлесті орынға ие болады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын сауда-саттық тауары» (экспорттың барлық көлемінен 97,2 пайыз немесе 237,0 млн. АҚШ доллары), «Минералды өнімдер» (1,8 пайыз немесе 4,4 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (0,7 пайыз немесе 1,7 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері Қытай болып табылады (импорттың барлық көлемінен 15,6 пайыз), Украина (14,5 пайыз), Литва (11,0 пайыз) АҚШ (9,9 пайыз), Германия (8,0 пайыз), Польша (5,3 пайыз), Австрия (5,2 пайыз).

Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті орынға келесі өнім топтары ие болады: «машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінен 59,5 пайыз немесе 103,8 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын сауда-саттық тауары» (14,6 пайыз немесе 25,4 млн. АҚШ доллары), «Химия және оған байланысты өнеркәсіп саласының өнімі» (14,4 пайыз 25,2 млн. АҚШ доллары).

Солтүстік Қазақстан облысы статистика департаментінің алдын ала мәліметтері бойынша 2012 жылғы қаңтар-қазанға Кедендік одаққа мүше мемлекеттерімен облыстың өзара сауда-саттық көлемі 607,8 млн. АҚШ долларын құрады және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13,5 пайызға артты. Бұл ретте, экспорт — 44,0 млн. АҚШ доллары, импорт — 563,8 млн. АҚШ доллары.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық.

«ПЗТМ» АҚ «Нефтемаш» БРҒЗИ-мен бірлесіп, мұнай-химия жабдықтарының өлшемдерін есептеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

«С. М. Киров ат. зауыт» АҚ Бүкілресейлік автоматтандыру және байланыс ғылыми-зерттеу институтымен микропроцессорлық блоктау жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етілуін (АБТЦМ) және кешендік локомотивтік қауіпсіздік қондырғыларын (КЛУБ) әзірлеу мен жеткізу бойынша, сондай-ақ осы жабдықтарды шығару кезінде ғылыми-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру бойынша ынтымақтастығын жалғастыруда.

«ЗИКСТО» АҚ «Промтехэксперт» ЖШҚ-мен (Мәскеу қ.) бірлесіп, жүк вагондарының пайдалану мерзімін ұлғайту мақсатында оларды техникалық диагностикалау жұмысын жалғастыруда.

«ПЗТМ» АҚ, «ЗИКСТО» АҚ, «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ СҚМУ және «ХИМПЭК» Орал холдингтік компаниясымен (Пермь қ.) бірлесіп өндірісте инновациялық жобалардың, ғылым мен техникалардың жетістіктерін жеделдетіп енгізу бойынша қызметке бағыттары жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады.

Мұнай сорғыларын және өткізу рыногы шығаратын номенклатурасын кеңейту, өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа технологиялар алу және мұнай газ секторлары жаңа өнімдері түрлерін игеру мақсатында «Мунаймаш» АҚ «ЭЛКАМ-Нефтемаш» ЖАҚ-мен (Пермь қ.) ынтымақтастықты жүзеге асырады.

«Қазмұнайгазмаш» АҚ «Корвет» АҚ» ААҚ-мен (Қорған қ.) жинақтаушы бұйымдар жеткізу және мұнай мен газды тасымалдауға арналған ұңғыма аузы мен құбыржол арматурасы жабдықтарын бірлесе өндіру жөнінде ынтымақтасады.

«Блок» ЖШС 2012 жылға «Раскомплект» ЖШБ-мен электр оқшаулау материалдарының экспорттық жеткізіліміне шарт жасалды.

«Петропавл құрылыс материалдар зауыты» ЖШС — Омбы қаласына («Компания «ОмскСинтезПласт» ЖШБ) полиэтилен және су қысымды құбырлары экспортын жүзеге асырады.

«Блок» ЖШС 2012 жылға «Электромаш» ААҚ, «АгрегатПривод» ШАҚ, «КБ Электросистема» ЖШБ (Мәскеу қ.) электр оқшаулау материалдарының экспорттық жеткізіліміне шарт жасалды.

«Изолит» ЖШС 2012 жылға «Электромаш» ААҚ-мен (Мәскеу қ.) электр оқшаулау материалдарының экспорттық жеткізіліміне шарт жасалды.

Көлік саласындағы ынтымақтастық.

Оңтүстік Орал теміржолының Петропавл бөлімшесі Ресей Федерациясының Петухов, Макушин және Есілкөл аудандарын қамтумен қала маңы қатынастарына қос төрт электр пойыз арқылы қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Бұдан басқа, 2006 жылдан бастап «Омбы-Петропавл-Омбы» жедел электр пойызы қызмет етеді.

Қазіргі уақытта Ресей Федерациясы аумағына 5 халықаралық автобус бағыты жүзеге асырылады: «Петропавл-Ишим», «Петропавл-Тобольск», «Петропавл-Түмен», «Петропавл-Тайынша-Омбы», «Петропавл-Қорған».

Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық.

Жүректің туа біткен, ақаулары бар балаларға кардиохирургиялық көмек көрсету бойынша Түмен облыстық клиникалық орталықпен ынтымақтастық орнатылды. Жылдың басынан Петропавл қаласының облыстық балалар ауруханасының негізінде 12 операция.

Ресей қалаларындағы Мәскеу, Санкт-Петербурга, Новосибирск қалаларының клиникалары базасында дәрігерлерді оқыту тәжірибесі жалғастырылуда.

Мәдениет саласындағы ынтымақтастық.

Бірнеше жылдың ішінде бейбітшілік шығармашылық «Томирис» сән театры облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының балаларын Мәскеу қ. Вячеслав Зайцевтің сән Орталығымен байланыстырады. Жыл сайын танымал модельердің патронатымен өткізілетін әртүрлі шараларға «Томирис» театрының қатусышылары қатысады. Сәуір айында біздің жас артістер Мәскеу қ. балалар сән театрының Халықаралық конкурсына қатысты.

Үстіміздегі жылғы сәуір айында Мәскеу қ. «Заманауи балалық шақтың өзекті мәселелері» тақырыбына халықаралық конференция өтті, оған Солтүстік Қазақстан облыстық «Жандостар» балалар ассоциациясының төрағасы А. Ф. Штро қатысты.

Шілдеде Петропавл қаласында Астана, Қарағанды қалалары, Белоруссия, Ресей (Мәскеу қ.) мемлекеттері жастарының қатысумен «Достық империясы» слеті өтті.

Дене шынықтыру және спорт салаларындағы ынтымақтастық.

Өңірлік және шекаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Ресей Федерациясы қалаларының спортшыларымен бірлескен спорттық-бұқаралық іс-шаралар өтіп тұрады.

2012 жылғы қаңтарда петропавлдық хоккеисттер «Единая Россия» партиясының жүлдесіне ресейлік турнирге қатысты. Турнирға Тара қаласынан («Соболь» командасы), Исилькуль («Форпост») және Любино («Колос») кенттерінен жасөспірімдер жиналды, Қазақстаннан петропавлдық «Авангард» командасы шақырылды, ол барлық бәсекелес командаларды жалпы 28:11 шотымен жеңіп шықты.

2012 жылғы 7–15 қаңтар аралығында Омбы қ. спорттық акробатика бойынша хореографиялық жиындар өтті, оған солтүстікқазақстандық спортшылар қатысты.

26–29 қаңтар аралығында Екатеринбург қ. жасөспірімдер арасында грек-рим күресі бойынша Г. Мамедалиев ат. халықаралық турнир өткізілді.

Сондай-ақ, Омбы қ. жасөспірімдер арасында баскетбол бойынша «Проминские встречи» атты халықаралық турнир өтті.

Үстіміздегі жылғы, ақпанда петропавлдық Георгий Емельянов Омбы қ. аралас жекпе-жекке қатысып, сенімді жеңіске ие болды.

2012 жылғы 17–19, ақпан аралығында Омбы қ. солтүстікқазақстандық спортшылардың қатысуымен каратэ бойынша өңіраралық турнир өтті.

Үстіміздегі жылғы наурызда Омбы қ. «Надежды Сибири» көркем гимнастикасы бойынша ашық турнир өтті.

25–28 наурыз аралығында Қорғанда жасөспірімдер арасындағы футбол бойынша халықаралық турнир өтті, оған солтүстік қазақстандық спортсмендер қатысты.

2012 жылғы сәуірде Омбы қ. «Сибирские ласточки» көркем гимнастикасы бойынша халықаралық турнир өтті.

Үстіміздегі жылғы 20–22 сәуірде Қорғанда солтүстік қазақстандық спортсмендердің қатысуымен грек-рим күресі бойынша ашық турнир өтті.

Үстіміздегі жылғы 7–18 қыркүйекте Қорған қ. жеңіл атлетика бойынша оқыту-жаттығу жиындары өтті.

2012 жылғы қазанда Омбы қаласында баскетбол бойынша халықаралық турнир өтті, ал Қорған қаласында солтүстікқазақстандық спортшылардың қатысуымен жеңіл атлетика бойынша жарыстар өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2012 жылғы қаңтар–желтоқсан айы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2012 жылғы қаңтар–желтоқсан айы бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

Мақаланың шыққан күнi: 2013.01.23 12:54

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2013.01.23 12:54

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ