Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Халықаралық ынтымақтастық

  • Сыртқы сауда айналымы

    Алдын ала мәлiметтер бойынша 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте Еуразия экономикалық одағының мүше-мемлекеттерiмен өзара сауданы ескергенде Солтүстiк Қазақстан облысының сыртқы сауда айналымы 346,7 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте — 457,5 млн. АҚШ доллары). Бұл ретте, жалпы экспорт — 97,3 млн АҚШ долларын құрады (2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте — 95,5 млн. АҚШ доллары), жалпы импорт — 249,4 млн АҚШ долларын құрады (2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте — 362,0 млн. АҚШ доллары).

    Солтүстiк Қазақстан облысының сыртқы тауар айналымы, млн. АҚШ доллар

    Алдын ала мәлiмет бойынша 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 141,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2015 жылғы ұқсас кезеңнен 1,1%-ға кем. Бұл ретте, экспорт — 72,1 млн АҚШ долларын (1,5%-ға ұлғаюмен), импорт — 69,1 млн АҚШ долларын (3,8% қысқарумен) құрады.

    Экспорт бойынша негiзгi әрiптестерi: Ауғанстан (барлық экспорт көлемiнiң 44,1%-ы), Өзбекстан (17,6%-ы), Тәжiкстан (10,7%-ы), Бельгия (5,5%-ы), Польша (4,0%-ы) болып табылады.

    Экспорттық жеткiзулерде айтарлықтай үлестi келесi тауарлық топтардың өнiмдерi алады: «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (барлық экспорт көлемiнiң 99,2%-ы немесе 71,5 млн. АҚШ доллары), «Былғары шикiзаты, аң терiсi және олардан жасалған өнiмдер» (0,3%-ы немесе 0,2 млн. АҚШ доллары).

    Импорттық өнiмнiң жетекшi жеткiзушiлерi: АҚШ (барлық импорт көлемiнiң 23,8%-ы), Қытай (17,7%-ы), Израиль (16,5%-ы), Украина (7,4%-ы) Германия (6,1%-ы) болып табылды.

    Импорттық жеткiзулердiң құрылымында негiзгi үлестi келесi тауарлық топтардың өнiмi алады: «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, приборлар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемiнiң 55,8%-ы немесе 40,2 млн. АҚШ доллары), «Химия өнеркәсiбiнiң және оған байланысты өнеркәсiп салаларының өнiмдерi» (17,5%-ы немесе 12,6 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (10,1%-ы немесе 7,3 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (5,4%-ы немесе 3,9 млн. АҚШ доллары).

    Сыртқы сауда айналымы

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте Солтүстiк Қазақстан облысының Еуразия экономикалық одағының мүше-мемлекеттерiмен өзара сауда көлемi 205,5 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, экспорт — 25,2 млн. АҚШ доллары, импорт — 180,3 млн. АҚШ доллары.

    2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыстың Ресей Федерациясымен тауар айналымының көлемi 186,4 млн. АҚШ долларын құрады (2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте — 306,4 млн. АҚШ доллары). Экспорт — 23,2 млн. АҚШ доллары (2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте — 22,4 млн. АҚШ доллары), импорт — 163,2 млн. АҚШ доллары (2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте — 284,0 млн. АҚШ доллары).

    Солтүстiк Қазақстан және Ресей Федерациясының шекаралас облыстарымен (Омбы, Түмен және Қорған) ынтымақтастығы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және басқа салалардағы өзара қарым-қатынас ынтымақтастығы туралы Келiсiм негiзiнде жүзеге асырылады.

  • Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық

    Солтүстiк Қазақстан облысының шаруашылық субъектiлерi ресейлiк компанияларымен өз өнiмдерiн экспорттау, сондай-ақ өндiрiсте пайдаланылатын шикiзат, материалдар мен жинақтаушы бұйымдарының импорты бойынша ынтымақтастығын жалғастыруда.

    «Солтүстiк-Қазақстан электржелiлiк тарату Компаниясы»АҚ РФ жабдықтар мен олардың бөлшектерiнiң импортын — «Омскметаллооптторг» ААҚ-ның металлопрокатын жүзеге асырады (Омбы қаласы).

    «Торговый дом Богатырский продукт» ЖШС «Азия Трейд» ООО-мен құрылыс материалдарын сатып алу бойынша ынтымақтасады және «Центр разработки нормативной документации» по разработке нормативно-технической документации для предприятия. АО «СЕВКАЗЭНЕРГО» мынадай РФ кәсiпорындармен ынтымақтасады:

    • «Ветагромаркет» ООО, Омбы қ. (ветеринариялық препараттарды жеткiзу);
    • «Подкорм» ООО Омбы қ. (жануарлар және өсiмдiктерден алынған жемдердi жеткiзу).

    «Прометей» ЖШС «ЖШҚ Омскагротехсервис» агроөнеркәсiп кешенiмен (ж. Омбы облысы, Калачинск қ.) а/ш техникасына жинастырушы бұйымдарды жеткiзу бойынша ынтымақтастық жасауда.

    Сонымен қатар, «Көпсалалы құрал-жабдықтар зауыты» ЖШС «Штамп и К» ООО (Қорған қ.), «Есiл механикалық зауыты» ААҚ қосалқы бөлшектер мен құралдарды, «Политерм-Тюмень» ООО (Түмен қ.) полимерлi концентратты экспорттайды.

  • Ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық

    Өсiмдiк шаруашылығы, мал шаруашылығы, ғылыми әзiрлемелер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын, машиналар мен жабдықтарды жеткiзу салаларында ынтымақтастық жүзеге асырылуда.

    Ресей Федерациясымен шектес өңiрлермен ынтымақтастықты дамыту шеңберiнде тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.

    Қазiргi уақытта егiн себу үшiн 2016 жылы Солтүстiк Қазақстан облысына Ресей Федерациясынан 6,2 мың тонна дәндi және майлы дақылдардың тұқымы, соның iшiнде бидай 4 449 тонна, 636 тонна арпа, 95 тонна сұлы, 653 тонна асбұршақ, 164 тонна зығыр, 40 тонна укекiре, 34 тонна қытайбұршақ пен т.б.

    2015 жылдың желтоқсан айында Қорған облысының «Кургансемена» Агрохолдингiнiң ғылыми орталығымен осы ғылыми орталығының ғылыми қызметкерлерiнiң қатысуымен ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын алмастыру және сортын жаңарту мәселелерi жөнiнде семинар-кеңес өткiзiлдi, қарқынды технологиялар бойынша дәндi дақылдарды өсiрудiң агротехника тәжiрибесiмен алмасу жүзеге асырылуда. 2016 жылғы көктемгi-егiс жұмыстарын жүргiзу бойынша семинар-кеңестiң жұмысына Қорған облысының «Қорғантұқымдары» агрохолдингi және Түмен облысынан «Агроальянс» ҒӨК ОО өкiлдерi қатысты.

    Облыстың агроқұрылымдары жыл сайын Ресей Федерациясынан асыл тұқымды iрi қара мал басын әкелуде. 2015 жылы 842 IҚМ басы әкелiндi: ангус — 660 бас (Воронеж облысы), қызыл басты дала — 152 бас (Алтай өңiрi), симментал — 30 бас (Оренбург облысы). Биылғы жылдың басынан берi «Акса-Север» ЖШС (М.Жұмабаев ауданы) — 115 IҚМ басы (РФ Алтай өңiрi), «Астык-STEM» (Тайынша ауданы) — 115 симментал тұқымдас мал басы (РФ Түмен облысы), «Союз» ШҚ (Мамлют ауданы) — 101 бас қара ала тұқымдас мал басы (РФ Түмен облысы) әкелiндi.

    Солтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерi соңғы жылдары Ресей Федерациясының өнеркәсiп кәсiпорындарымен белсендi ынтымақтастық жасауда.

    Бiрнеше фирма-инвесторлар мен өзiндiк агроқұрылымдар егiн себетiн машиналарды, топырақ өңдейтiн құралдарды, тiзбектi тырмаларды жеткiзу бойынша Омбы қаласының зауыттарымен жұмыс iстеп жатыр.

    Солтүстiк Қазақстан облысында 8 мыңға жуық астық жинайтын комбайн бар (оның iшiнде 80% РФ өндiрiлдi), 1131 егiстiк кешендер (1,2%), 5 мың астық бастыратын машина (15%), 16,1 мың егiн сепкiштер (13,5%) мен 1,2 мыңға жуық басқа да ауыл шаруашылығы машина (20%-ға жуығы ресейде өндiрiлген).

    2015 жылы 13 трактор, 70 астық жинайтын комбайн, 3 егiстiк кешенi, 98 дәндi дақыл сепкiштерi, 340 басқа да ауыл шаруашылығы техника сатып алынды. Жыл басынан берi 1,5 млрд. теңгеге 7 трактор, 35 астық жинайтын комбайн, 3 егiстiк кешенi, 101 бiрлiк басқа да техника сатып алынды.

    Барлығы 5 жылда (2011-2015қ.) 1746 бiрл. техника сатып алынды.

    Бұл техниканың негiзгi өнiм берушiлерi дилерлiк және сервистiк орталықтар болып табылады. Олар: «Ростсельмаш» КЗ ООО (астық жинайтын комбайндар), «Каметекс» ЖШС («Клевер» зауытының азық жинайтын техника), «We Agro Group» ЖШС (топырақ өңдейтiн жабдық), «СЗК-Агро» ЖШС (Новосибирск машина жасау зауытының астық тазалайтын және кептiретiн жабдық), «СевАгроМаш» ЖШС («Мельинвест» АҚ Нижний Новгород қ. астық тазалайтын және кептiретiн жабдық), «Урал ЛТД» ЖШС (тракторлар, егiстiк кешендер).

    М. Жұмабаев ауданының «ЖНВ» ЖШС «АРС» АҚБ омбы кәсiпорнымен бiрлескен қызмет туралы шарты бойынша К-700А, К-701, 702, 744 тракторларды жинау және күрделi жөндеу жөнiндегi қызметтердi жүргiзуде.

    2016 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi мен Қорған облысының әкiмшiлiгi арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Осы меморандум шеңберiнде Қызылжар ауданындағы «Зенченко және К» КС ай сайын Қорған облысына 40 тоннаға жуық ашыған сүт өнiмiн жеткiзiп отырады.

    Мал шаруашылығы аумақтық инспекциясының мәлiметi бойынша «Молпродукт» ЖШС, «Зенченко и К» КС және т.б.б сүттi қайта өңдеу кәсiпорындарымен жыл басынан Омбы, новосибирск, Қорған, Түмен, Свердловск, Барнаул өңiрлерiне 5 мың тоннандан астам сүт өнiмдерi экспортталған.

    Ресей Федерациясымен одан-әрi қарым-қатынас жасау мақсатында облыстың қайта өңлеу кәсiпорындары азық-түлiк тағамы үшiн ораушы материалды (пленка, тетрапакеттер) сатып алу жөнiнде «Резонанс» ТФ АҚБ Омбы қ. фирмасымен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институты Омбы филиалымен ашыған сүт өнiмдерi үшiн ұйытқыны сатып алу бөлiгiнде байланыс орнатты.

    Солтүстiк Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшiн 400-ден аса жұмыс орындарын құра отырып, жалпы қуаттылығы 330 мың тонна майлы дақылдар өңдейтiн зауыт салу бойынша «ЭФКО» Компаниялар тобының қазақстан-ресейлiк бiрлескен жобасын iске асыру жоспарлануда.

  • Көлік саласындағы ынтымақтастық

    Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясының Петухов және Макушин аудандары қамтылған шекаралас Мамлютка және Булаев темiр жол шекаралық өткiзудiң екi пунктi бар.

    2006 жылдан бастап жолаушылар қатынасына қызмет көрсету үшiн «Омбы — Петропавл — Омбы» бағыты бойынша жедел электр пойызы қызмет етедi.

    Қазiргi уақытта Солтүстiк Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясы арасында 6 халықаралық автобус бағыты қызмет етедi: «Петропавл — Ишим», «Петропавл — Тобольск», «Петропавл — Түмен», «Петропавл — Омбы», «Петропавл — Екатеринбург», «Пресноака с. — Қорған қ.».

  • Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық

    Шекаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру бiлiм беру үрдiсiн бiрiктiру мiндетiн iске асыруға ықпал етедi. Солтүстiк Қазақстан облысында бiрнеше жылдар iшiнде Ресей Федерациясы бiлiм мекемелерiмен табысты ынтымақтасып отыр.

    Омбы облысының бiлiм мекемелерi арасында тәжiрибелiк алмасу белсендi өтiп жатыр. Омбы облысының бiлiм мекемелерiнiң студенттерi мен оқушылары арасында Мағжан оқуларына үнемi қатысушылары мен жүлдегерлерi.

    Бiлiм мекемелерiнiң оқушылары Ресей Федерациясында (Мәскеу облысы Еоролев қ. «Человек-Земля-Космос», Мәскеу қ. «Матемматика және жобалау») Халықаралық ғылыми жарыстарға, конкурстарға және олимпияларға белсендi қатысады және жеңiмпаздары.

    Облыстың және Ресей Федерациясы шекаралас аудандарының техникалық және кәсiби бiлiм оқу орындары арасында ынтымақтастық аясында әдiстемелiк жоспарда әдебиет алмасу тәжирбесi жүзеге асырылады, тұрақты негiзде бiрлескен халықаралық конференция жүргiзiлiп отырады.

    М.Жұмабаев атын. гуманитарлық колледжi студенттерiнiң командасы Екатеринбург қ. «Желiлiк және жүйелiк басқару» құзыретi бойынша оқытудың Халықаралық кәсiби шеберлiк олимпиадасына қатысты (дистанциялық).

    Ағылшын тiлi мұғалiмдерiнiң басшылық етуiмен және колледж студенттерiнiң ақпараттық тәртiбi «Еуразия-2016 зияткерлiк көпсайыс» Халықаралық электрондық конкурсқа, «Инфосабақ» атты ағылшын тiлiндегi жоба бойынша Халықаралық дистанциялық олимпиадаға қатысты және жүлделi орындарға ие болды.

    Петропавл темiр жол көлiгi колледжiнде 2016 жылғы 7 сәуiрде «Темiр жол саласында кәсiби бiлiмдi дамытудың халықаралық үдерiсiнiң бiрi болатын құзыреттiлiк тәсiл» тақырыбына II Халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференция өттi.

    Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы техникалық және кәсiби бiлiм ұйымдарының және Ресей Федерациясы орта кәсiби ұйымдарының 30 педагогика қызметкерлерi қатысты.

    Барлық конференцияға қатысқандар сертификат алды. Конференция материалдары бойынша материалдар жиыны шығарылды.

    2016 жылғы наурыз айында Петропавл темiр жол көлiгi колледжi Қорған темiр жол көлiгi институты — «Орал жол қатынастары мемлекеттiк университетi» федералдiк мемлекеттiк бюджеттiк бiлiм беру мекемесi жоғары бiлiм филиалымен ынтымақтастық туралы шарт жасалды. Шарттың мәнi бiрлескен семинарлар, конференциялар, тақырыптық конкурстар, олимпиадалар, бiлiктiлiктi арттыру, студенттердi кәсiпке бағдарлау саласында ынтымақтастық болып табылады.

    «ХХI ғасырда кәсiби бiлiм берудiң проблемасы мен келешегi» IV Халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференциясы, ол Омбы қ. Сiбiр кәсiби колледжi базасында өттi, оған Солтүстiк Қазақстан кәсiби-педагогикалық колледжiнiң 10 мұғалiмi қатысты. Мұғалiмдердiң сөз сөйлеу материалдары конференция жинақтарында жарияланды.

    Ж.Қизатов атын. Есiл ауылшаруашылық колледжi базасында дистанциялық оқыту орталығы бар, онда «Агроном», «Ветеринар», «Агроинженер», «Орман iсi», «Экономика» мамандықтары бойынша Север Зауралья Түмен мемлекеттiк аграрлық университетiмен ынтымақтастық аясында жоғары кәсiби бiлiммен мамандар даярлау жүзеге асырылады. Қазiргi уақытта 135 адам оқуда, үстiмiздегi жылы 25 адам оқу бiтiрiп шықты.

    Гуманитарлық-техникалық колледжi базасында Түмен мемлекеттiк университетi өкiлдiгiнiң iс-әрекет етуi жалғастырылуда, онда студенттер үшiн ТүменММ жетекшi оқытушыларының тiкелей бейнедәрiс көрсетiледi.

  • Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық

    Байланыстар орнату аясында Ресей қалалары клиникаларының базаларында облыс дәрiгерлерiн оқыту және бiлiктiлiгiн арттыру тәжiрибесi жалғастырылуда.

    2016 жылғы ақпанда Мәскеу қ. алғаш рет «САМКО-2016» коронарлық асқынулар бойынша Бүкiлресейлiк ғылыми-тәжiрибелiк конференциясы өттi, оған «Кардиологиялық орталық» ШЖҚ КМК рентгенхирург-дәрiгерi қатысты.

    «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» КМҚК торакальдi хирург дәрiгерi торакальдiк хирургия бойынша V Ресей-Еуропалық бiлiмдiк симпозиумға қатысты, ол 2016 жылғы 25-27 ақпанда Қазан қ. өттi.

    2016 жылғы 10 наурызда «Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК, «3-iншi қалалық аурухана» ШЖҚ КМК және РФ ДСМ «Академик Г.А. Илизаров атындағы «Қалпына келтiретiн травматология мен ортопедия» Ресей ғылыми орталығы» ФГБУ арасында меморандум жасасылды.

    РФ ДСМ «Академик Г.А. Илизаров атындағы «Қалпына келтiретiн травматология мен ортопедия» Ресей ғылыми орталығы» ФГБУ базасында «Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК травматологиялық бөлiмше дәрiгерлерi 2016 жылғы сәуiр-мамырда бiлiктiлiктi арттыру курсынан өттi.

    2016 жылғы қарашада «3-шi қалалық аурухана» ШЖҚ КМК травматолог-ортопед дәрiгерi «Травматология мен ортопедиядағы сүйек арқылы остеосинтез» циклi бойынша Илизаров орталығында оқып шықты.

    2016 жылғы 25 қарашада Қорған облыстық мәдени-көрме орталығында «Зауралье денсаулық сақтау iсi — бүгiнi мен ертеңi» көрмесi өттi. Iс-шараға аймақтың әртүрлi меншiк нысанындағы үздiк медицина ұйымдары, денсаулық орталықтары, сақтандыру медициналық компаниялары, сауықтыру орталықтары қатысты. Сонымен қатар Солтүстiк Қазақстан облысының үздiк медицина ұйымдары өздерiнiң жетiстiктерiн көрсеттi.

    Iс-шараның қорытындысы бойынша Солтүстiк Қазақстан медицина колледжi мен «Қорған базалық медицина колледжi» мемлекеттiк бюджеттiк кәсiби бiлiм еру мекемесi арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын атап өту қажет. Бұл оқу-өндiрiстiк практикада кезiнде студенттердiң академиялық мобильдiгiне ықпал етедi.

  • Дене шынықтыру және спорт салаларындағы ынтымақтастық

    Мәдениет және мұрағаттар саласында ынтымақтастық пен ақпараттық алмасу жалғастырылып отыр.

    Демек, 2016 жылғы мамыр айында облыстық филармония орындаушылары Новосибирск қ. «Сибирь зажигает звезды» халықаралық жобаның конкурс-фестивалiне қатысты.

    Петропавл қ. үстiмiздегi жылғы маусым айында Ресейдiң ғылым және мұрағат қызметкерлерiнiң қатысуымен Халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференция өттi.

    Үстiмiздегi жылғы 9 шiлдеде облыс делегациялары Түмен облысы Казанское с. «Құрылтай 2016» атты мерекеге қатысты.

    Бұдан басқа, С. Мұқанов атын. қазақ сазды-драма театры «Алуа» халық би ансамблi Санкт-Петербург қ. «Салют Талантов» атты Халықаралық конкурс-фестивалiне, қыркүйек айында «Әлқиса» фольклорлық ансамблi мен облыстық филармония орындаушылары Түмен қ. Қазақ мәдениетi күнiнiң жабылуына қатысты.

    Мәдениет және өнер саласында одан әрi ынтымақтастық мақсатында Солтүстiк Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы мен Қорған облысының мәдениет басқармасы арасында Меморандумға қол қойылды.

    Тұрақты негiзде шекаралас және өңiрлiк ынтымақтастықты дамыту мақсатында Ресей Федерациясы қалаларының спортсмендерiмен бiрлесiп спорттық-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлiп отыр.

    2016 жылғы қаңтар-тамызда облыс спортсмендерi жасөспiрiмдер арасында грек-рим күресi, бокс бойынша «Орал-Сiбiр-Қазақстан» турнирi бойынша Жалпыресейлiк турнирге, баскетбол бойынша халықаралық турнирге, «Надежды Сибирь» көркемдiк гимнастика бойынша облыстың алғашқы ашылымына, спорттық би бойынша халықаралық турнирге, халықаралық жартылай марафон — гандикаптың, «қазақ күресi» күрес турнирiне, тоғызқұмалақ, асық ату, Омбы қ. өткен батутта, акробатикалық жолда және екi есе шағын-трампқа қатысты.

    Сондай-ақ, үстiмiздегi жылдың ақпан айында бiздiң спортсмендер Қорған облысы Петухово қ. жасөспiрiмдер арасында грек-рим күресi бойынша турнирге, ақпан-наурыз айында — Есiл қ. жасөспiрiмдер арасында матчтық кездесуге және Түмен облысының Түмен қ. жүзу бойынша матчтық кездесуге қатысты.

    Бұдан басқа, Олимпияда чемпионы естелiгiне арналған грек-рим күресi бойынша халықаралық турнирге, марафон бойынша Ресей чемпионатына, спорт билерi бойынша халықаралық турнирге, Мәскеу қ. кекушинкай-карате бойынша Еуропа чемпионатына қатысты.

    Бұдан басқа, облыс спортшылары Ресейдiң басқа да қалаларына (Красноярск, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Новокузнецк, Алупка, Новосибирск, Сочи, Сасово, Иркутск, Қорған, Ялуторовск, Исилькүль, Татарск, Копейск, Ишим, Омбы, Қазан, Түмен, Нефтекамск, Златоуст, Реж) барып, еркiн күрес бойынша халықаралық турнирге, әйелдер еркiн күресi бойынша гран-При турнирiне, «Дорога жизни» халықаралық марафонға, грек-рим күресi бойынша бүкiлресейлiк турнирге, велосипед спорты бойынша жарысқа, батутта секiру бойынша бiрiншiлiкке, қысқы полиатлон бойынша Әлем чемпионатына, жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы биатлон бойынша жарыстарға, хоккей бойынша турнирге, ересектер арасында бокс бойынша халықаралық турнирге, «Белые ночи» халықаралық марафонға, тай боксы бойынша әлем кубогына және т.б. қатысты.

    Омбы, Қорған, Түмен, Ишим қалаларының спортшылары Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында өткiзiлген трек ипподром жарыстарына қатысты, Омбыдан келген спортшылар «Веселый дельфин» атты жүзу бойынша республикалық турнирге, жаттықтырушыларды еске алуға арналған турнирге, сондай-ақ, республикалық көп күндiк велосипед жарысына және басқаларына қатысты.

  • Төтенше жағдайлардың алдын-алу саласында

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысы төтенше жағдай жөнiндегi департаментi және Ресей Федерациясының Омбы, Қорған және Түмен облыстары бойынша Төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiгi Бас басқармасымен өзара iс-әрекет жоспарлары аясында трансшекаралас жағдайлар туындаған және болған жағдайда жүзеге асырылатын жұмысты ұйымдастыру.

    Ақпараттық алмасу және ұсыну, сондай-ақ командалық-штабтық оқуларды бiрлесiп өткiзу және тәжiрибелiк алмасу жүзеге асырылуда.

    Сондай-ақ, кадрларды бiрлескен оқыту, жаттығу, оқу және бiлiктiлiгiн арттыру, ақпарат және технологиялармен алмасу тұрақты жүргiзiледi.

  • Құқық қорғау саласында

    Солтүстiк Қазақстан облысы iшкi iстер органдарының және Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының құқық қорғау органдарының өзара iс-қимылы аясында қылмысқа қарсы жұмыста белгiлi бiр оң нәтижелерге бiрлесiп, қол жеткiзiлдi. Осы жұмыста негiзгi күш есiрткi бизнесiне қарсы тұруға, заңсыз көшi-қонға, контрабандаға және iздеудегi адамдардың орналасу орнын белгiлеуге бағытталған.

  • Ынтымақтстық туралы меморандумдар

    1. ҚХР Сиань қаласы мен ҚР Солтүстiк Қазақстан облысы арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту туралы меморандум Zip (1 Mb)
    2. Солтүстiк Қазақстан облысы мен Алматы облысы әкiмдiктерi арасында сауда-экономикалық, гуманитарлық және өзге де салалардағы ынтымақтастық туралы меморандум Zip (442 Kb)
    3. Қазақстан Республикасы Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi мен Қытай Халық Республикасы Шэньси провинциясы Сиань қаласының Халық Өкiлдерiнiң бүкiл қытайлық жиналысы арасындағы өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастық туралы меморандум Zip (18 Mb)
    4. Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданында агроөнеркәсiптiк парк құрудағы ынтымақтастық туралы меморандум Zip (360 Kb)

Мақаланың шыққан күнi: 2012.03.02 17:16

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2017.02.20 06:00

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесКешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасыҰлттық зияткерлік меншік институты
ТИЦ