Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Мұрағат 2015 ж.

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. Мақсаттар 2017. Ұлттық iс-қимыл жоспары» сайлауалды платформасын iске асыру барысы туралы ақпарат

Бiлiм және ғылым.

2015 жылы бiлiм беру жүйесiн дамытуға 38,9 млрд. теңге бөлiнген.

Мектепке дейiнгi мекемелер желiсi — 560 бiрлiктi құрайды, соның iшiнде — 78 балабақша, 1 — «Мектеп-балабақша» кешенi және 481 шағын-орталық. 2015 жылдың басынан облыста 11 мектепке дейiнгi ұйым ашылды, соның iшiнде 9 мемлекеттiк-жекеменшiк серiктестiк аясында садынған. 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту пайызы — 97% құрады (жоспар — 93,3%). Осылай, 2015 жылғы болжамды көрсеткiштерi 3,7% қайта орындалды.

2015-2016 оқу жылының басына облыстағы жалпы бiлiм беретiн мектептердiң желiсi 533 бiрлiктi құрайды, оның iшiнде бастауыш — 92, негiзгi — 114, орта — 327, сондай-ақ 7 — түзету метктептерi, 1 — кешкi, 1 — мемлекеттiк емес, 1 — дене шынықтыру және спорт басқармасы жанындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты. 2 мектепт құрылысы аяқталды: Ғ.Мүсiрепов ат. ауданы Буденное а. (90 орындық) және Мамлют ауданы Мамлютка қ. (300 орындық). Осыған орай, облыстағы апатты жағдайдағы мектептер мәселесi шешiлдi. Петропавл қаласында 120 орындық жатаханасымен 720 орындық химия-биологиялық бейiндегi Назарбаев Зияткерлiк мектебi ашылды. Үш ауысымдық мектеп орнынаа екi оқу мекемесiнiң құрылысы жалғастырылуда: Ғ.Мүсiрепов атындағы ауданда Новоишим қазақ орта мектеп интернаты және Тайынша ауданы Тайынша қ. №5 орта мектебi. Осы объектiлердi 2016 жылы енгiзгеннен кейiн үш ауысымдық мектеп мәселесi шешiледi.

Интернет желiсiне қолжетiмдiлiк облыстағы барлық мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектептерде бар. Кең жолақты интернетке қосылған мектептердiң саны 376 бiрлiктi немесе 70,5% құрайды. Облыстың 179 мектебiнде (33,4%) электронды оқыту жүйесi жұмыс жасайды. Мүмкiндiктерi шектеулi балалардың оқуы үшiн «тосқауылсыз» жағдай 281 бiлiм ұйымында немесе 52,7% құрылған. Мектептегi педагогикалық жұмысшылар үлесiнiң 51% бiрiншi және жоғары санаттағылар. Осылай, 2015 жылғы болжамды көрсеткiштерге қол жеткiзiлдi. 560 оқытушы бiлiктiлiктi арттыру курсынан өттi және бiлiктiлiк емтихандарын жетiсiктi тапсырды, бұл 2015 жылғы болжамды мәлiметтерден 24 адамға артық.

Облыста 27 техникалық және кәсiптiк бiлiм ұйымы әрекет етедi, соның iшiнде 22 мемлекеттiк және 5 жеке. Онда 75 мамандық және 107 бiлiктiлiк бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылады. 2328 студенттi қамтитын 12 колледжде 24 мамандық бойынша дуалдық оқыту жүйесi бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылады. Дуалдық оқыту шеңберiнде 3 кәсiпорында (ПАМЖЗ АҚ, «Мұнаймаш» АҚ және СҚО бойынша «Қазтелерадио» АҚ филиалы) оқу кабинеттерi құрылған, жұмысқа кәсiпорынның 23 шебер-тәлiмгерi тартылған. Осыған орай, 2015 жылғы болжау көрсеткiштерiне қол жетiлдi.

Ұлт денсаулығы.

Облыстың денсаулық сақтау жүйесi26 аурухана ұйымынан, 73 амбулаторлық-емханалық ұйымнан, соның iшiнде 68 дәрiгерлiк амбулаториядан, 449 медициналық пункттен және 52 ФАП-тан тұратын медициналық ұйымдар желiсiмен ұсынылған.

2016 жылғы 1 қаңтарға Солтүстiк Қазақстан облысында ҚРДСМ жүйесiнде 1413 дәрiгер, 4904 орта буын медициналық қызметкерлер жұмыс iстейдi.

Облыс бойынша кадрлар тапшылығы 114 дәрiгердi құрайды, соның iшiнде қала бойынша — 64, аудандар бойынша — 50.

2015 жылғы 11 ай нәтижесi бойынша (ҚРҰЭМ Статистика комитетiнiң мәлiметтерi бойынша) 2014 жылғы сәйкес кезеңнiң деңгейiне қарағанда туып-көбею көрсеткiшi халықтың 1000 жан басына шаққанда 14,39-дан 14,33-ке дейiн 0,4% төмендедi (абсолюттi цифрларда — 70 сәбиге азайды).

Жалпы өлiм-жiтiм көрсеткiшi халықтың 1000 жан басына шаққанда 12,07-ден 12,0-ге дейiн 0,6% төмендедi, қайтыс болғандардың абсолюттi саны 70 жағдайға азайды. Сәбилер өлiм-жiтiмiнiң көрсеткiшi тiрi туғандардың 1000 жан басына шаққанда 8,08-ден 6,28-ге дейiн 22,3% төмендедi.

2015 жылы ана өлiм-жiтiмi жағдайлары тiркелмеген (2014 ж. — 0 жағдай).

2014 жылға қарағанда туберкулезбен аурушаңдық көрсеткiшi 100 мың тұрғынға шаққанда 80,1-ден 74,8-ге дейiн 6,6%-ға төмендедi (аурушаңдық жағдайларының саны 33 төмендедi). Туберкулезден өлiм-жiтiм көрсеткiшi 100 мың тұрғынға шаққанда 5,2-ден 3,7-ге дейiн (30 жағдайдан 21-ге дейiн) 1,4 есе төмендедi. Балалар арасында туберкулезден өлiм-жiтiм жағдайлары тiркелмеген.

Солтүстiк Қазақстан облысында 162,2 мыңнан астам (облыс халқының жалпы санынан 28,4%) жүйелi түрде дене шынықтыру және спортпен айналысады. 2014 жылмен салыстырғанда 1,9% немесе 10,3 мың адамға ұлғаю байқалады.

Өңiрде спорттың 77 түрi танымал етiледi, олардың iшiнде ең бұқаралық — «север» қысқы спорт мерекесi, облыстық денсаулық күнi және қазақ күресi бойынша «Қызылжар барысы» облыстық турнир, «Золотая шайба» шайбамен хоккей бойынша турнир, Олимпиадалық жүгiру күнi, «Надежда» мүмкiндiктерi шектеулi адамдар арасындағы облыстық спартакиада, ұлттық спорт түрлерi бойынша облыстық спартакиада, облыстық әйелдер спартакиадасы, күзгi кросс, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерi бойынша жарыс, «құлагер» ҚШ үй ойындары, оларға шамамен 285 адам қатысты.

Балалар мен жасөспiрiмдердi дене шынықтыру және спортпен неғұрлым көп қамту мақсатында облыста 26 бала-жасөспiрiм спорт мектебi, спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты, 2 ЖСШМ, олимпиада резервiн даярлау орталығы, 12 ДЮКФП және 22 аула клубы жұмыс iстейдi.

Азаматтарды әлеуметтiк қамтамасыз ету.

Халықты жұмыспен қамту қабылданып жатқан шаралардың нәтижесiнде жұмыссыздық деңгейiнiң төмендеу үрдiсi байқалады. Мәселен, 2012 жылдан бастап бұл көрсеткiш 5,2%-дан 4 пайыздық тармаққа төмендеп, 4,8%-ға жеттi.

Статистика органдары 2014 жылдан бастап «Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы өзiн-өзi нәтижелi жұмыспен қамтыған халықтың үлесi» деген көрсеткiш бойынша есеп жүргiзуде. Мемлекеттiк және салалық бағдарламалар бойынша жұмыспен қамтудың белсендi шараларын iске асыру өзiн-өзi нәтижелi жұмыспен қамтыған халықтың үлесiн 73%-дан 87%-ға дейiн арттыруға мүмкiндiк бердi.

2015 жылғы 3 тоқсан мерзiмiнде халықтың экономикалық белсендiлiк деңгейi 75,6% (344 478 адам) жеттi, олардың iшiнде ер адамдардың көрсеткiшi 80,7% (171 430 адам), әйел адамдардың көрсеткiшi 71,2% (173 048 адам) болды.

2015 жылғы 3 тоқсан мерзiмiнде жұмыспен қамтылған адамдар саны 327 855 адамға жеттi, олардың iшiнде ер адамдар саны 165 384 адам және әйел адамдардың саны 162 471 адам болды.

2015 жылғы 3 тоқсан мерзiмiнде өз бетiнше жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 117 347 адам болды, олардың iшiнде ер адамдар саны 51 277 адам және әйел адамдар саны 66 070 адам болды.

Жұмыспен қамтылған халық санындағы өз бетiнше жұмыспен қамтылғандардың үлесi 35,8% құрайды.

Жұмыспен қамту және тұрғындардың кiрiсi.

2015 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасына 4362 адам қатысты, оның iшiнде 2717 өз бетiншежұмыспен қамтылғандар (62,3%), 1576 жұмыссыздар (36,1%), 128-аз қамтылғандар (2,9%).

Қатысушылардың жалпы санынан 1893 (43,4%) әйел адамдар және 2037 немесе 46,7% — жастар.

2015 жылы бойынша 5062 адамға жұмысқа орналасу бойынша шаралар көрсетiлдi, оның iшiнде 4179-тұрақты жұмыс орындары немесе 82,6%.

Бағдарламаның бiрiншi бағытының шеңберiнде жұмысқа орналасқан жұмыс берушiлермен 338 жұмыс орыны құрылды, жұмысқа орналастырылғандардың жалпы санынан жұмыспен қамту орталықтары арқылы 191 адам немесе 56,5%.

2015 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасының екiншi бағытыбоынша 310 заемшымен (Бағдардамаға қатысушылардың жалпы санынан 7,1%) жеңiлдетiлген шағын несие берiлдi, оның iшiнде 231 (74,5%) өз iсiн ашуға.

Бағдарламаның үшiншi бағыты аясында 2012 және 2014 жылдары жiберiлгендердiң арасынан 129 адам кәсiби оқуды аяқтады. Әлеуметтiк қызмектер мамандығы бойынша Бағдарламаның 21 қатысушысы қайта даярлау курстарын өттiнi.

2016 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша ағымдағы жылғы оқуға жiберiлгендердiң арасынан 139 адам оқуды, оның iшiнде 127 тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды немесе 92,7%.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын iске асырудың басынан 515 пәтерлi 414 үй пайдалануға берiлдi, сонымен қатар Петропавл қаласында жастарға арналған екi жатақхананың құрылысы аяқталды. Бағдарлама аясында салынған үйлерге 517 отбасы қоныстанды.

2015 жылы өткен жылдарды қоса алғанда, көшiрiлген азаматтардың санынан жұмысқа орналасуға мұқтаж 130 немесе 100% адам жұмысқа орналастырылды.

2015 жылғы қаңтар-желтоқсан айында облыс аумағында жалпы ауданы 140 402 ш.м. тұрғын үй енгiзiлдi, бұл 2014 жылғы сәйкес кезеңiне 116,9% құрайды.

Тұрғын үй енгiзу бойынша 2015 жылға арналған жоспар 12,3%-ға (124,5 мың ш.м) асыра орындалған.

Инновациялық экономика.

2015 жылы 5 140 188 мың теңге бөлiндi. Бөлiнген қаражат есебiнен жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарында автожолдың 5,2 км реконструкциялау, 160 км күрделi және орташа жөндеу, сондай-ақ, 7 530 км ағымдағы жөндеу мен ұстау жұмыстары жүргiзiлдi. 2015 жылғы күзгi тексерiс нәтижесi бойынша жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергiлiктi маңызы бар автожолдардың үлесi 53% құрады.

Ауылды қолдау және дамыту.

Жыл сайын ауыл шаруашылығында еңбек өнiмдiлiгi өсiп келе жатыр, егер 2014 жылғы 9 айда ол бiр қамтылғанға 868,7 мың теңгенi құраса, 2015 жылғы 9 айда 1079,5 мың теңгенi құрады. 2015 жылғы 9 айда еңбек өнiмдiлiгi өсiмi өткен жылғы сәйкес кезеңге 113,9% құрады.

2015 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы, мал мен құстың өнiмдiлiгi деңгейiнiң артуы есебiнен ауыл шаруашылығының жалпы өнiмi 311,1 млрд. теңгенi құрады, НКИ — 107,5%.

2015 жылы облыстың егiстiк алқабы 4366,4 мың га құрады, бұл өткен жылғыдан 19,6 мың га артық. Дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар алқабы — 3210 мың га құрады, соның iшiнде бидай 2323,3 мың га. Майлы дақылдар алқабы 469,7 мың га, жем-шөп — 653,6 мың га, картоп пен көкөнiс — 27,9 мың га және 5,2 мың га.

Дәндi дақылдардың жалпы жиналымы орташа шығымдылығы гектардан 17,3 центнер бола тұра, 5,5 млн. тоннаны құрады, майлы дақылдар — 401,8 мың тонна, шығымдылығы — 8,8 ц/га.

Үстiмiздегi жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын артыру және топырақ құнарлығын сақтау үшiн 674,5 мың га ауданға 45,6 мың тонна көлемiнде минералды тыңайтқыш енгiзiлдi.

Техникалық парк 13,9 млрд. теңгеге 1125 бiрлiк жаңа өнiмдiлiгi жоғары техникамен толықты, соның iшiнде лизингке — 6,1 млрд. теңгеге 262 бiрлiк.

Облыста астық қоймаларының жалпы сыйымдылығы 6,5 млн. тоннаны құрайды, соның iшiнде 54 лицензияланға нан қабылдау кәсiпорнында 3,4 млн. тонна, жеке агроқұрылымдарда — 3,1 млн. тонна. 2015 жылы сыйымдылығы 138 мың тонна 7 НҚП пайдалануға берiлдi және жаңғыртылды.

Мал шаруашылығы өнiмiн өндiру.

2015 жыл iшiнде тiрi салмақта 90,5 мың тонна ет, сүт — 504,1 мың тонна, жұмыртқа — 583,7 млн. дана өндiрiлдi.

Асыл тұқымды репродукторлар құру үшiн 2641 бас асыл тұқымды iрi қара малдың төлi сатып алынды, 3600 бордақылау орынға арналған бордақылау алаңшасы енгiзiлдi.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 3794 бас IҚМ, «Құлан» бағдарламасы бойынша — 1595 бас жылқы, «Алтын Асық» бағдарламасы бойынша — 5475 бас қой сатып алынды. «Ырыс» бағдарламасы бойынша 6 сүт-тауар фермасы құрылды.

2015 жылы ет экспорты 969,2 тоннаны құрады.

2015 жылғы 12 айда «Қазақтелеком» АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының жүйелi жұмысы нәтижесiнде меншiктi қаражат есебiнен негiзгi телефон аппараттарының 9606 қондырғысы орнатылды, соның iшiнде ауылдық жерде — 4685, қалалық — 4921. Барлығы Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша негiзгi телефон аппараттарының 187871 қондырғысы орнатылды. Монтаждалған сыйымдылық бойынша цифрлендiрiлу деңгейi — 100%.

Халық бiрлiгi.

Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес облыста мемлекеттiк және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту бойынша жүйелi жұмыстар атқарылуда.

Бағдарламаның бiрiншi бағытын iске асыру Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi меңгеру жүйесiн құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды көздейдi.

2015 жылы «Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту» бюджеттiк бағдарламасын iске асыруға облыстық бюджеттен 46 млн. 329 мың теңге бөлiндi.

2015 жылы «Қызылжар» қосымша бiлiм беру және қызмет көрсету орталығында 140 топта 2000-нан астам мемлекеттiк қызметшiлер, облыс тұрғындары тiлдердi оқыды. Оның iшiнде 136 топта қазақ тiлi, 4 топта ағылшын тiлi.

Аудан және Петропавл қаласының бюджетiнен бөлiнген 13 млн. теңгеден астам сомаға қосымша 1389 тыңдаушы үшiн қосымша 82 топ ұйымдастырылды.

Жалпы облыстың ұйым, кәсiпорындарында 1000-ға жуық үйiрмеде 12000-нан астам тыңдаушы мемлекеттiк тiлде дәрiс алды.

2015 жылдың мамыр-маусым айларында Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ұлттық тестiлеу орталығымен өткiзiлген «Қазтест» сынағынан 1636 адам және «Қызылжар» қосымша бiлiм беру және қызмет көрсету орталығы арқылы 2161 астам адам сынақтан өттi.

Өңiрiмiзде тiлдi деңгейлеп меңгерудiң халықаралық стандарты негiзiнде мемлекеттiк тiлдi үздiксiз оқыту жүйесiн енгiзу бойынша жұмыс жүргiзiлуде.

Облыс бойынша 533 жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi. Оның 132-i қазақ, 276-i орыс, 125-i аралас тiлдi.

Ана тiлiнде бiлiм алатын қазақ балаларының үлесi жыл санап артуда. Егер 2012-2013 оқу жылында Солтүстiк Қазақстан облысында қазақ балаларының 65,6% өз ана тiлiнде бiлiм алса, биылғы оқу жылында бұл көрсеткiш 67,2%-ды құрап отыр.

Өзге ұлт өкiлiнiң 273 оқушысы қазақ тiлiнде бiлiм алуда.

Жүйелi жұмыстарды жүргiзу арқасында Солтүстiк Қазақстан облысы аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының нысаналы индикаторларға қол жеткiзiлдi.

Мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындар үлесi 29% жеттi (жоспар 29%).

Жастарды қолдау.

Жастарды жұмысқа орналастыру бойынша қабылданған мемлекеттiк қолдау шараларының нәтижесiнде 2015 жылғы бiрiншi жартыжылдықта жастар (15-28 жастағы) жұмыссыздығының деңгейi 3,4 құрады.

Бүгiнгi күнi облыста «Дипломмен ауылға!» жобасын iске асыру аясында көп жұмыстар жүргiзiлуде, ол жас мамандарды ауылдық жерге тұруға және жұмыс iстеуге тартуға бағытталған.

2009-2015 жылдары осы жобаны iске асыру аясында ауылдық елдi мекендерге әлеуметтiк сала мен АӨК-нiң 2942 маманы жұмылдырылды, оның iшiнде 2286 немесе жалпы келгендер санының 77,7%-ы педагог, 497 (16,9%) денсаулық сақтау маманы, 159 (5,4%) мәдениет, әлеуметтiк қамсыздандыру, спорт және АӨК маманы.

Жобаның iске асырылуына жасалған талдау көрсеткендей, олардың көбi Қызылжар, Айыртау, Ақжар, Ғ. Мүсiрепов ат., Есiл аудандарының экономикалық даму әлеуетi жоғары және орташа ауылдарына барады. 7 жыл iшiнде аталған аудандардың әрқайсысы бойынша тартылған жас мамандар саны 250-ден асты.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 321 жас маман (238 — бiлiм беру, 52 — денсаулық сақтау, 5 — мәдениет саласы, 8 — спорт, 2 — әлеуметтiк сала, 16 — АӨК мамандары) 44,5 млн. теңге сомаға көтерме жәрдемақы және 157 маман (114 — бiлiм беру, 29 — денсаулық сақтау, 5 — мәдениет саласы, 1 — әлеуметтiк сала, 2 — спорт, 6 — АӨК мамандары) 415,3 млн. теңге сомаға кредит қаражатын алды.

Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста шағын және орта кәсiпкерлiктiң (бұдан әрi — ШОК) 40074 субъектiсi тiркелдi, одан 34333 (93,9%) субъект жұмыс iстейдi.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте ШОК субъектiлерiмен 224,1 млрд. теңгеге өнiм шығарылды, бұл 2014 жылғы сәйкес кезең деңгейiнен 7,1% жоғары.

2015 жылы «бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасын iске асыру үшiн трансферттер көлемi 2,5 млрд. теңгенi құрады, одан субсидиялау, кредиттер мен гранттарға кепiлдiк беру — 1,2 млрд. теңге. Инфрақұрылымды дамытуға 1,3 млрд. теңге жiберiлдi.

2015 жыл iшiнде Өңiрлiк үйлестiру кеңесiнiң (бұдан әрi — ӨҮК) 16 отырысында 251 өтiнiм, одан субсидиялауға және екiшнi деңгейдегi банктердiң кредиттерiне кепiлдiк беруге 7,7 млрд. теңгеге 210 жоба мақұлданды.

4 бағыт аясында:

  • Петропавл қ. және аудандардың 745 кәсiпкерге 1080 сервистiк қызмет көрсетiлдi, олардың қаржыландырылуы 2015 жылдан бастап СҚО кәсiпкерлер палатасына берiлдi;
  • «Бизнес-кеңесшi» жобасы бойынша 610 тыңдаушы оқып шықты, соның iшiнде облыс аудандарында — 402 тыңдаушы, облыс орталығында — 208. Жалпы осы компонентпен облыстың барлық аудандары қамтылды.

Жасыл экономика.

Облыстың тұрғын үй қоры 1705 көп пәтерлi тұрғын үйден тұрады, одан облыс орталығында 1041 кондоминиум объектiсi және аудандарда 664 үй. 2015 жылы күрделi жөндеудi талап ететiн кондоминиум объектiлерiнiң үлесi 18,2% құрады.

Осы көрсеткiштiң төмендеуi Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту бағдарламасы аясында көп пәтерлi тұрғын үйлердi жөндеу мен терможаңғырту жөнiндегi жобаларды iске асыру есебiнен қамтамасыз етiлдi.

2015 жылы Петропавл қ. 136,5 млн. теңге сомаға 6 үйдi жөндеуге шарттар жасалды. 5 үйде жұмыстар аяқталды, 1 үй бойынша жұмыстар 2016 жылғы 1-iншi жартыжылдықта аяқталады.

2012-2016 жылдарға «Нұр Отан» сайлауалды платформасы көрсеткiштерiнiң тiзбесi (Zip 20 Kb)

Мақаланың шыққан күнi: 2016.08.04 09:58

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2016.08.04 09:58

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ