Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша iске асыру қорытындылары туралы 2015 жылға ақпарат

Солтүстiк Қазақстан облысында 2014 жылы Мемлекеттiк бағдарлама аясында 78 iс-шара жоспарланған және iске асырылуда.

Мемлекеттiк бағдарламаның бiрiншi бағыты азаматтардың денсаулығын сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету мәселелерi бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара iс-қимылды күшейту болып табылады.

Үй-жайлардың, ойын алаңдарының тиiстi түрле жоспарлануына, заманауи мектеп жабдықтарымен қамтамасыз етудi бақылауды күшейту мақсатында Комитет Төрағасының 2011 жылғы 20 мамырдағы № 115 бұйрығымен жалпы бiлiм беру мектептерiндегi ойын орындарын жоспарлауға, заманауи спорттық жабдықтармен және мектеп жиһазымен жарақтандыруға санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту көзделген. № 115 бұйрық денсаулық сақтау және бiлiм басқармаларының басшыларының, сондай-ақ жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң, жалпы бiлiм беру мектептерiн және интернат ұйымдарын заманауи спорттық жабдықтармен және мектеп жиһазымен жарақтандырумен саласында жұмыс iстейтiн жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткiзiлдi.

Облыста бiлiм беру нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша бiрқатар бағдарламалар iске асырылып жатыр.

Қайтадан 15 спорт алаңы және 27 спорт және ойын алаңы ашылды, облыстың 67 мектебiне жаңа спорт жабдықтары сатып алынды, 2 спорт залы, 9 ойын және 4 спорт алаңы қалпына келтiрiлдi.

Жаңа оқу жылына қарай Ғ. Мүсiрепов, Мамлют аудандарында жаңа орта мектептерде және «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» бiлiм беру автономды ұйымының «Петропавл қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлiк мектебi» жаңа мектеп-филиалында спорт алаңдары ашылды.

Оқу жиһазының балалардың бой-жас ерекшелiктерiне қарай сай келуiн бақылау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Мектеп жиһазы 81% ауыстырылды, өткен жылы 65% болған.

Жаңа оқу жылына қарай 54 жалпы бiлiм беретiн мектепте күрделi жөндеу жүргiзiлдi.

Мектептердiң балалармен тығыздығының пайызы 3,4%-дан 1,2%-ға дейiн төмендедi.

Өткен кезеңде 3516 жиһаз өлшеу жасалды, олардың iшiнде 2 өлшем сәйкес келмедi, бұл 0,05% құрады.

Жол-көлiк оқиғаларын азайту мақсатында облыста жоспарға сәйкес мектеп жасындағы балалар мен жастар арасында жол-көлiк және тұрмыстық жарақат алудың алдын алу бойынша айлықтар мен онкүндiктер өткiзiледi, олардың аясында дөңгелек үстелдер, баспасөз конференциялары, семинарлар, конкурстар, жол полициясының жас инспекторларының слеттерi, мамандардың БАҚ-та баяндамалары өткiзiледi.

2015 жылы өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда ЖКО саны 310-нан 255 оқиғаға дейiн азайды.

СҚО бойынша СӨСҚ орталығы МҰ және тұрғындар арасында СӨС ҚП Ұлттық орталығының эскиздерi бойынша әзiрленген аурулардың алдын алу және СӨС мәселелерi жөнiндегi ақпараттық-бiлiм алу материалдарын таратады.

Мемлекеттiк бағдарламаның екiншi бағыты: алдын алу шараларын, скринингтiк зерттеулердi күшейту, негiзгi әлеуметтiк жағынан елеулi аурулар мен жарақаттардың диагностикасын, емдеудi және сауықтыруды жетiлдiру.

Есiл ауданының Явленка селосында, Аққайың ауданының Смирнов селосында, М. Жұмабаев ауданының Булаев қаласында және шал ақын ауданының Сергеевка қаласында 250 қабылдауға арналған 4 аудандық емхананың құрылысы аяқталды.

2015 жылы жергiлiктi бюджет қаражатына 83971,8 мың теңге сомасына облыстық перинаталдық орталыққа, 28629,0 мың теңгеге облыстық балалар ауруханасына медициналық жабдықтар, 13080,0 мың теңге сомасына ОАА босану бөлiмшелерiне жаңа туылған нәрестелерде есту қабiлетiне скрининг жүргiзуге арналған аудиометрлер сатып алынды.

«Емхана» ААЖ» порталының мәлiметтерi бойынша 2015 жылдың 12 айында тұрғындардың алдын ала тексерiп-қараулар жүргiзудiң қорытындысы:

  • қан айналу жүйесiнiң ауруларын анықтау үшiн 47 993 адам қаралуы тиiс болатын, 47993 қаралды (жылдық жоспардың 100 %), 1 845 (3,8) науқас анықталды;
  • сүт безiнiң обырын және обыр алды күйлерiн анықтау үшiн 13 886 әйел тексерiлуге тиiс болатын, 13 886 әйел (жылдық жоспардың 100%) тексерiлдi, 2 287 (16,5%) анықталды;
  • жатыр мойнының обырын және обыр алды күйлерiн анықтау үшiн 14 604 әйел тексерiлуге тиiс болатын, 14 604 әйел (жылдық жоспардың 88,9%) тексерiлдi, 1 194 (8,2%) анықталды;
  • қант диабетiн анықтау үшiн 51 338 адам қаралуы тиiс болатын, 51 338 қаралды (жылдық жоспардың 100%) тексерiлдi, 235 (0,5%) анықталды;
  • глаукоманы ерте анықтау үшiн 58 731 адам қаралды, олардың iшiнде 58 731 (жылдық жоспардың 100%) тексерiлдi, 64 (0,1%) анықталды;
  • тоқ және тiк iшек обырын және обыр алды күйлерiн ерте анықтау үшiн 37 324 әйел тексерiлуге тиiс болатын, 37 324 әйел (жылдық жоспардың 88,9%) тексерiлдi, 81 (0,2%) науқас анықталды;
  • қуық асты безiнiң обырын ерте анықтау үшiн 8 069 адам тексерiлуге тиiс болатын, 8 069 (жылдық жоспардың 100%) тексерiлдi, 259 (3,2%) науқас анықталды;
  • өңеш пен асқазанның обырын ерте анықтау үшiн 16 000 адам тексерiлуге тиiс болатын, 15 853 адам (жылдық жоспардың 99,1%) тексерiлдi, 121 (0,8%) науқас анықталды;
  • бауырдың обырын ерте анықтау үшiн 95 адам тексерiлуге тиiс болатын, 95 адам (жылдық жоспардың 100%) тексерiлдi, науқастар анықталған жоқ;
  • 18 жасқа дейiнгi 134 481 бала тексерiлуге тиiстi болатын, 122 687 бала (жылдық жоспардың 91,2%) тексерiлдi, 6 775 (5,5%) анықталды, 3 245 (47,9%) сауықтырылды.

2015 жылы 166 аорто-коронарлық тұйықтау операциясы (2014 ж. — 173), 488 стент қойылды (2014 ж. — 514), 1 380 коронаргография (2014 ж. — 1 451), 63 ангиография (2014 ж. — 54) жасалды.

Ұрпақты болу проблемалары бар отбасылық жұптарға көмек көрсету үшiн облыстық перинаталдық орталықта бедеулiктi емдеу кабинетi жұмыс iстейдi. 2015 жылы бедеулiк бойынша 305 отбасылық жұп көмекке жүгiндi. 50 жұпта емдеудiң оң нәтижесi бар, олардың iшiнде 25 жұп — жүктiлiк емделуден кейiн болды және 25 жағдайда жәрдемдесетiн репродуктивтiк технологиялардың қолдану нәтижесiнде жүктi болды (олардың 18 ТМККК аясында, 7 ақылы негiзде).

2012 жылдың қыркүйек айынан бастап «№3 қалалық аурухана» ШЖҚ КМК базасында репродукция бөлiмшесi ашылды, онда экстракорпоральдiк ұрықтандыру жүзеге асырылады, бұл отбасыларға бедеулiк сияқты проблеманы шешуге мүмкiндiк бердi. Репродукция бөлiмшесiнiң мамандары Израильде, Алматыда және Киевте оқудан өттi. 2015 жылы 32 жәрдемдесетiн репродуктивтiк технологиялар бағдарламасы жасалды, олардың iшiнде 6 әйелде оң нәтиже бар. 3 әйел бала көтерiп жүр.

Үшiншi бағыт: санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi жетiлдiру.

Облыста 2012 жылдың мамыр айынан бастап балаларға пневмококкқа қарсы екпе қою жүргiзiледi, осы өткен кезеңде 7626 бала немесе 97,8% бiрiншi рет алды, 7622 бала немесе 97,8% екiншi рет, 7824 бала немесе 98,4% үшiншi рет алды.

2015 жылы облыстағы жұқпалы аурулар бойынша эпидемиялық жағдай аса қауiптi аурулардың жоқ болуына және бiрқатар аурулардың азаюына байланысты тұрақты. Сальмонеллезбен науқастану 100 000 тұрғынға шаққанда 6,94-тен 5,42-ге дейiн 21,9%-ға (40-тан 31 жағдайға дейiн), қышыма ауруымен науқастану 100 000 тұрғынға шаққанда 0,52-ден 0,17-ге дейiн 3,1 есе (3-тен 1 жағдайға дейiн), жiтi вирустық гепатиттермен науқастану 2,95-тен 1,75-ке дейiн 1,7 есе (17-ден 10 жағдайға дейiн) азайғаны белгiлi болды.

Күл ауруы тiркелген жоқ (2014 ж. — 0 жағдай).

Төртiншi бағыт: Бiрыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесiнде медициналық көмектi ұйымдастыруды, басқаруды және қаржыландыруды жетiлдiру.

БҰДСЖ енгiзу аясында облыс тұрғындарында медицина ұйымын еркiн таңдау мүмкiндiктерi бар. Жергiлiктi БАҚ үнемi Портал арқылы емделуге жатқызылу тәртiбi туралы мақалалар жарық көрiп тұрады. Сондай-ақ құрамында ДСБ, МФҚБКД, МҚАТКД, ДСДРО өкiлдерi, облыстық медицина ұйымдарының басшылары бар жедел топтың халық арасында БҰДСЖ бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзу үшiн барлық аудандарға сапарлары ұйымдастырды.

Облыстың аурухана ұйымдарында 2015 жылы 97 334 пациент емдеу курсынан өттi, өткен жылдың осы кезеңiнде — 99 338 пациент (2004 жағдайға аз), Стационарлық көмектi пайдалану 1 000 тұрғынға шаққанда 1 829,4 орын/күндi құрады.

Бесiншi бағыт: Медициналық, фармацевтикалық бiлiмдi жетiлдiру, медицинада инновациялық технологияларды дамыту және енгiзу.

2016 жылғы 01.01. жағдай бойынша облыс халқына медициналық көмектi. 1 413 дәрiгер және 4 904 орта медицина қызметкерi медициналық қызмет көрсетедi.

Медицина қызметкерлерi санының азаюы СӨС ұйымының меншiк түрiнiң жеке меншiкке өзгеруiне, медициналық ЖОО 12 түлегiнiң келмеуiмен (9 адам — резидентураға түстi, 3 адам — Қазақстан Республикасының Қарулы күштерiнiң қатарына шақыртылды) байланысты.

ҚР ДСМ жүйесiнде дәрiгерлермен қамтамасыз етiлу 2015 жылдың 4-тоқсанында 10 000 адамға шаққанда 24,8 құрайды, 2014 жылдың осы кезеңiнде 24,8. Орта буын медицина қызметкерлерiмен қамтамасыз етiлу 86,1 құрады, бұдан бұрынғы кезеңнен төменiрек — 87,0.

Облыс бойынша кадрлар тапшылығы — 170 дәрiгердi құрайды, олардың iшiнде қала бойынша — 97, аудандар бойынша — 73.

Жас мамандарды облыста қалтыру мақсатында әкiмдiктер «әлеуметтiк пакет» түрiнде әлеуметтiк қолдау шарасын ұсынады (Петропавл қаласында көтерме ақы 200 АЕК көлемiнде), ауылдық жерлерде — 70 АЕК көлемiнде және 1500 АЕК көлемiнде тұрғын үй сатып алуға бюджеттiк кредит). Тұрғын үй мәселесiн шешу үшiн медицина ұйымдары бюджеттен тыс қаражат есебiнен тұрғын үйдi жалға алған үшiн ақы төлейдi.

2011 жылдан 2014 жылға дейiн облыстың медицина ұйымдарына 291 жас маман келдi, олардың iшiнде 155 ауылға келдi. Көтерме ақыны барлығы 178 маман алды.

35 жас маманға жалға алынған тұрғын үйге қосымша ақы төленедi, олардың iшiнде 3 ауылдық маман.

Алтыншы бағыт. Халыққа дәрiлiк заттардың қол жетiмдiгi мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыруды жақсарту.

«2015-2017 жылдары Бiрыңғай дистрибьютерден сатып алуға тиiстi ТМККК аясында дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тiзiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице-министрiнiң 2014 ж. 27.06. № 356 бұйрығына сәйкес денсаулық сақтау басқармасы мен медицина ұйымдары арасында «СК-Фармация» ЖШС-мен шарттар жасалды.

Тегiн рецепттер бойынша препараттарды фармацевтикалық қызметтердi берушiлер бөлшектеп сату объектiлерi, қала емханалары мен ОАА-дағы дәрiханалар арқылы бередi, шалғай орналасқан елдi мекендерде фельдшерлiк-акушерлiк пункттер, медициналық пункттер арқылы бередi.

2015 жылғы қорытындысы бойынша Мемлекеттiк бағдарламаның негiзгi индикаторлары бойынша:

  • жалпы өлiм көрсеткiшi 1000 адамға шаққанда 12,07-ден 12,00-ге дейiн 0,6% төмендедi;
  • бала өлiмiнiң көрсеткiшi 1000 тiрi туылғанға шаққанда 8,08-ден 6,28-ге дейiн 22,3% төмендедi;
  • жарақаттар мен уланулардан қайтыс болу көрсеткiшi 100 000 тұрғынға шаққанда 142,19-дан 136,68-ге дейiн (748-ден 715 жағдайға дейiн) 3,9% төмендедi;
  • ана өлiмi жағдайлары тiркелген жоқ (2014 ж. жоспары — 11,9);
  • нәресте өлiмiнiң көрсеткiшi (2014 ж. — 0 жағдай);
  • туберкулезбен науқастану көрсеткiшi 100 000 тұрғынға шаққанда 80,8-ден 74,8-ге дейiн 6,7%-ға төмендегенi белгiлi болды;
  • туберкулезден қайтыс болу көрсеткiшi 100 000 тұрғынға шаққанда 5,2-ден 3,7-ге дейiн 1,4 есе (30-дан 21 жағдайға дейiн) азайды;
  • балалар арасында туберкулезден қайтыс болу жағдайлары тiркелген жоқ.

Проблемалық мәселелер:

  1. СҚО бойынша дәрiгер кадрлардың қажеттiлiгi.

Облыста дәрiгерлер тапшылығы 170 адамды құрайды, олардың iшiнде ауыл бойынша — 73 адам.

Дәрiгер кадрлардың кетуiнiң негiзгi себебi әлеуметтiк қанағаттанбаушылық (тұрғын үйдiң жоқтығы).

Шешу жолдары:

Әлеуметтiк пакеттi ұлғайту: ведомстволық тұрғын үймен, бала-бақшалармен қамтамасыз ету, төленетiн көтерме ақыны ұлғайту.

Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша іске асыру қорытындылары туралы 2015 жылға ақпарат (Zip 16 Kb)

Денсаулық сақтау ұйымдары жөнiндегi мәлiметтер

№ р/р Ұйым атауы Ұйымның мекенжайы Ұйымның басшысы
Аты-жөні телефон (жұмыс)
1 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Брусиловский көшесі, 20
Белоног Юрий Анатольевич 46-46-63
2 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Пушкин көшесі, 23
Завьялов Олег Владимирович 46-43-27
3 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық балалар стоматологиялық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Абай көшесі, 43
Гирицан Дария Шабаевна 46-75-94
4 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық перинаталдық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Казахстанская правда көшесі, 233
Мауытова Жанна Қабиденқызы 42-18-95
5 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық тері-венерологиялық диспансер» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Интернациональная көшесі, 90
Сұлтанов Серік Хамзаұлы 33-89-89
6 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық онкологиялық диспансер» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
М. Әуезов көшесі, 133
Әбдірімов Ермек Ғаббасұлы 52-55-84
7 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан медицина колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Шухов көшесі, 42
Ахметова Марина Болегенқызы 50-85-60
8 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «№1 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
М. Әуезов көшесі, 130
Кашенцева Светлана Тимофеевна 52-70-13
9 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «№2 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Васильев көшесі, 123
Әбілев Жеңіс Маратұлы 50-27-23
10 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «№3 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Юбилейная көшесі, 7а
Тәшетова Әлия Жақсылыққызы 53-76-93
11 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «№1 қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Қ. Сәтпаев көшесі, 3
Маметова Галина Абугалиевна 38-03-40
12 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Кардиологиялық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Васильев көшесі, 123
Мағзұмов Азамат Белгібайұлы 33-45-45
13 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «№3 қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Рига көшесі, 102
Әбуғалиев Ержан Бекетұлы 50-07-22
14 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Айыртау орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Айыртау ауданы,
Саумалкөл селосы
Молдахметов Саят Ғазизұлы 8(71533) 2-06-96
15 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Ақжар орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Ақжар ауданы,
Талшық селосы
Сәбитова Шолпан Қайыргелдіқызы 8(71546) 2-11-32
16 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Аққайың орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Аққайың ауданы,
Смирнов селосы,
Молодежная көшесі, 6
Өтебаев Асхат Оңғарбайұлы 8(71532) 2-16-28
17 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Явленка орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Есіл ауданы,
Явленка селосы,
Амангелді Иманов көшесі, 78
Барабаш Александр Иванович 8(71543) 2-16-95
18 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Жамбыл орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл ауданы,
Пресновка селосы,
Логовая көшесі, 46
Мүсетаев Ерлан Әскерұлы 8(71544) 2-11-03
19 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Мағжан Жұмабаев ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны М. Жұмабаев ауданы,
Булаев қаласы,
Мир көшесі, 8
Уваров Валерий Васильевич 8(71531) 2-81-25
20 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Қызылжар орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Қызылжар ауданы,
Бескөл селосы,
Пирогов көшесі, 19
Құдайбергенов Александр Эдуардович 8(71538) 2-18-85
21 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Мамлют орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Мамлют ауданы,
Мамлютка қаласы Больничный городок
Коробкова Марина Германовна 8(71541) 2-25-23
22 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Ғ. Мүсірепов атындағы аудан,
Новоишимское селосы
Айманов Нұрлан Бақдәулетұлы 8(71535) 2-14-37
23 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Тайынша орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Тайынша қаласы, Крыжановский көшесі, 72 Рафальский Анатолий Павлович 8(71536) 2-12-57
24 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Тимирязев орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Тимирязево селосы,
Горький көшесі, 75
Қосубаева Жанар Әлібайқызы 8(71537) 2-05-93
25 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Уәлиханов орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Кішкенекөл селосы,
С. Мәліков көшесі, 100
Уахитов Ербол Файзуллаұлы 8(71542) 2-21-97
26 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Сергеевка қаласы,
П. Гончаров көшесі, 119
М.а. Асылбекова Айнагүл Жасұланқызы 8(71534) 2-01-88
27 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Психоневрологиялық диспансер» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Рига көшесі, 6
Ланда Игорь Эммануилович 46-20-77
28 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Петропавл қаласы,
4-ші линия көшесі, 2
Бижанов Қаныш Болатұлы 53-75-41
29 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық наркологиялық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
2-ші Кірпіш көшесі, 4
Бейсембаев Дәуренбек Жұмағұлұлы 50-75-45
30 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық жедел медициналық көмек орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Ульянов көшесі, 98
Байғұлов Мамадияр Шайзадаұлы 46-53-58
31 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы,
Театральная көшесі, 56
Тәукелов Сабыржан Әбдірахманұлы 46-57-97
32 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Сәбилер үйі» мемлекеттік мекемесі Петропавл қаласы,
М. Әуезов көшесі, 174А
Қапенова Мәруәр Тұрсынқызы 50-11-69
33 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі облыстық орталық» мемлекеттік мекемесі Петропавл қаласы,
Рига көшесі, 102
Сыздықова Айман Кеңесқызы 51-54-90
34 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық арнайы медициналық қамтамасыз ету базасы» мемлекеттік мекемесі Петропавл қаласы,
Е. Бөкетов көшесі, 1
Габдуллина Алтынтас Тасболатқызы 46-60-80

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)

Әзірлеу үшін негіз

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» атты Ұлт жоспары.

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

Бағдарламаның мақсаты

Еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту

Міндеттері

Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту;
аурулардың профилактикасын және басқаруды жетілдіру;
денсаулық сақтау жүйесін басқарудың және қаржыландырудың тиімділігін арттыру;
ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және саланың инфрақұрылымын жетілдіру

Іске асыру мерзімі

2016-2019 жылдар

Нысаналы индикаторлар

2020 жылға қарай өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы 73 жасқа жетеді

Қаржыландыру көздері мен көлемдері

2016-2019 жылдары Бағдарламаны іске асыруға  мемлекеттік бюджеттің және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражат бағытталатын болады. Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жұмсалатын жалпы шығын 1 969 729 500 мың теңгені құрайтын болады.

Жылдар бойынша

Барлығы

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Басқа да көздер (МӘСҚ, ҰҚ)

2016 ж.

128 034 799

92 389 291

34 945 508

700 000

2017 ж.

408 080 865

69 309 875

19 035 944

319 735 046

2018 ж.

709 797 105

46 769 024

2 244 785

660 783 296

2019 ж.

723 816 732

46 701 636

2 259 174

674 855 922

Жиыны:

1 969 729 500

255 169 825

58 485 411

1 656 074 264

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде әрі республикалық және жергілікті бюджеттердің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының кіріс бөлігінің мүмкіндіктері тұрғысынан, сондай-ақ басқа да балама көздердің тартылуымен нақтыланатын болады.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы (Zip 7Mb)

Мақаланың шыққан күнi: 2012.03.06 17:44

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2016.12.22 17:37

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ