Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Халықты әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының жұмысы Қазақстан Республикасының Президентi
Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес берген тапсырмаларын орындауға, мемлекеттiк және салалық бағдарламаларда, Үкiметтiң, министрлiктiң жоспарларында белгiленген әлеуметтiк-еңбек саласының мiндеттерi мен басымдылықтарын, атап айтқанда халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және әлеуметтiк бағдарламаларды орындауға бағытталған.

  • Халықты жұмыспен қамту

    Облыста халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.

    2017 жылғы 1 ақпанға қарасты жағдай бойынша 1190 адам жұмысқа орналастырылды. 408 жаңа жұмыс орны құрылды.

    653 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

    Халықтың экономикалық белсенді тұрғыдан тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,4%-ды құрады.

    Әлеуметтік әріптестік

    Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына және әлеуметтік әріптестік жөніндегі Бас келісімге сәйкес облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық кәсіподақтар кеңесі және жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер бірлестігі арасында 2015-2017 жылдарға арналған облыстық келісім жасалды.

    Келісімде үш жылға әлеуметтік әріптестікті дамытудағы негізгі басымдылықтар және облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуының кешенді бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдесу және қызметкерлерді әлеуметтік-еңбек саласында қорғау және әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамыту жөніндегі бағыттар айқындалған.

    Тараптарының мүдделерін барынша есепке алуды, еңбек қатынастарын қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мәселесі жайлы меморандумдар жасасу жұмысы жүргізілуде

    2017 жылғы 1 қаңтардағы облыстың 1941 кәсіпорны мен ұйымында меморандумдар қолданыста.

  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру

    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға (одан әрі - Бағдарлама) 2017 жылға 4,1 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде 2,4 млрд. теңге - республикалық бюджеттен, 1,7 млрд. теңге – жалпы сипаттағы трансферттер.

    Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2017 жылы техникалық және кәсіби мамандықтар бойынша 426 қатысушыны оқыту, сондай-ақ еңбек нарығында кәсібі және машығы талап етілуі бойынша жұмысшы кадрлерін қысқа мерзімді кәсіби оқытуға 1008 адамды жіберу жоспарланды.

    Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2017 жылы жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгеге 524 кредит беру жоспарлануда. Бұдан басқа Бағдарлама іс-шараларымен қарыздарын субсидиялау және кепілдендіру қаралған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 920 қатысушының оқытуын жүргізу жоспарлануда.

    Бағдарламаның «Еңбек нарығын еңбек ресурстарының мобильдігі және халықты жұмыспен қамтуына жәрдемдесу арқылы дамыту» үшінші бағыты аясында ағымдағы жылдың 1 ақпанына әлеуметтік жұмыс орындарына 44 қатысушы еңбекке орналасты (жоспардағы – 230), жастар практикасына азаматтарды жолдау ағымдағы жылдың сәуірінен бастап жоспарланды (жоспар-329 қатысушы).

    Деректер қорында болған бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 68 адам еңбекке орналасты.

    2017 жылы 113 пәтерге 4 көппәтерлі үйлер құрылысы (Есіл, Жамбыл -2, Ғ.Мүсірепов атындағы аудандарында) жоспарланды.

    Бағдарламаның үшінші бағыты аясында 27 жөндеу инфрақұрылымдық жоба қаралған, онымен 280 жұмыс орнын, соның ішінде 147- Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы құру жоспарлануда.

    Коныс аударушылар бойынша

    Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

    2017 жылда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың Бағдарламасы аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

    Бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы республиканың төрт өңірінен (Алматы, Жамбыл, Манғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан) қоныс аударушылардың 110 отбасын қабылдау жоспарланған.

    Оралмандар бойынша

    2017 жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша жалпы саны 11 адаммен 10 этникалық қазақ отбасы келіп, оралман мәртебесін алды, соның ішінде елдер бойынша Қытай Халық Республикасынан – 6 отбасы (6 адам), Өзбекстан Республикасынан 1 отбасы (1 адам), Ресей Федерациясынан 3 отбасы (4 адам) келді.

    Қоныс аударған оралмандардың қатарында 1 бала, еңбек жасындағылар 10 адам, соның ішінде: 1 (12,5%) - орта арнаулы білімі, 7 (87,5) - орта білімі бар, (7 студент).

  • Әлеуметтік әріптестік

    Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң талаптарына және әлеуметтiк әрiптестiк жөнiндегi Бас келiсiмге сәйкес облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуын ескере отырып, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi, облыстық кәсiподақтар кеңесi және жұмыс берушiлер мен кәсiпкерлер бiрлестiгi арасында 2015-2017 жылдарға арналған облыстық келiсiм жасалды.

    Келiсiмде үш жылға әлеуметтiк әрiптестiктi дамытудағы негiзгi басымдықтар және облыстың экономикалық және әлеуметтiк дамуының кешендi бағдарламаларын iске асыруға жәрдемдесу және қызметкерлердi әлеуметтiк-еңбек саласында қорғау және әлеуметтiк әрiптестiктi одан әрi дамыту жөнiндегi бағыттар айқындалған.

    Тараптарының мүдделерiн барынша есепке алуды, еңбек қатынастарын қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау мәселесi жайлы меморандумдар жасасу жұмысы жүргiзiлуде

    2017 жылдың 1 қаңтарына қарасты облыстың 1940 кәсiпорны мен ұйымында меморандумдар қолданыста.

  • Кедейлік деңгейін төмендету

    2017 жылдың 1 ақпанына қарасты жағдай бойынша көрсетілді:

    - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 7,0 млн. теңге сомаға 150 отбасынан 489 адамға. Бір алушыға орташа қосымша төлем көлемі 4791,0 теңгені құрады. Облыс бойынша МАӘК тағайындау динамикасы, демек өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстыру бойынша әлеуметтік көмек алушылар саны 182 адамға төмендеді, немесе 27,1% (2016ж. 1.02. 671 адам).
    Еңбекке қабілетті халықтың салыстырмалы салмағы АӘК алушылар құрамында жоспардағы 28,0% қарағанда 26,2% құрайды. Аталған көрсеткіш облыстың мына аудандарында: Айыртау, Аққайың, Қызылжар, Мамлют және Петропавл қаласында облыстық көрсеткіштен жоғары.

    - 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақылар, 8,0 млн. теңге сомаға 468 отбасының 1139 балаға тағайындалды.

    - үйді оқытылатын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек 2,5 млн. теңге сомаға 161 балаға.

    - тұрғын үй көмегі 4,8 млн. теңге сомаға 437 отбасына төленді.

    - өзара міндеттемелер принципінде шартты ақшалай көмек көрсету

    2017 жылда облыста «Өрлеу» жобасын іске асыру жұмысы жалғасуда, жоспармен 295 отбасын (1179 адам) ШАҚ жобасымен қамту жоспарлануда, 382 еңбекке қабілетті азамат жұмыспен қамтудың белсенді нысандарына тартылатын болады. Жобаны іске асыруға127,8 млн. теңге сомада, соның ішінде 47,5 млн. теңге шартты ақшалай көмек төлеміне бюджеттен қаржыландыру қаралған.

  • Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау

    Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,7 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан қарттар мен мүгедектерге арналған 8 үй-интернаты және мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.

    2012 жылдан бастап Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ішінде 10 орындық жастары 18 асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған күндізгі болу бөлімшесі қызмет етеді. Балалар әлуеметтік қызмет көрсету орталығы ішінде 40 орынға мүгедек балалар үшін күндізгі болу бөлімшесі қызмет етеді.

    Медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер қамқорлықтағылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып стандартта қарастырылыған көлем және түрлері бойынша ұсынылады.

    2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша облыс аумағында 35 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3 мыңнан астам қарт азаматтар мен мүгедектерге, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаларға қызмет көрсетеді.

    Қолданыстағы заңнамаларға сай облыс мүгедектері жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес санаториялық-курорттық емделумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарымен, жүріп-тұру арнайы құралдарымен қамтамасыз етіледі.

    Мемлекеттік сатып алулар жоспарына сәйкес, 2017 жылда мүгедектерді қамтамасыз ету жоспарланды:

    300 мүгедектік кресло-арбаларымен;

    329 сурдо-техникалық бірлікпен, соның ішінде 265 цифрлы есту аппараттарымен;

    234 сурдо-тифло-техникалық құралдарымен;

    3 мүгедек балаға колехарлық импланталарына сөйлеу процессорларын (Cochlear и Med-el сөйлеу процессоры)ауыстыру жөніндегі қызметпен қамтамасыз ету;

    558 мүгедекті санаторий-курорттық емделумен;

    1038 адамды - протездік-ортопедиялық бұйыммен (1218 бұйым) қамтамасыз ету жоспарлануда.

    Қала және аудандардың бюджет қаражаты есебінен мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен, ымдау тілі мамандарының және жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

    Ағымдағы жылдың басынан 170 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 33 адам әлеуметтік қызметтерімен қамтылды, соның ішінде 1 топтағы жүріп-тұруында қиындық бар 30 мүгедекке жеке көмекшінің қызметі, және естуі бойынша 3 мүгедекке – ымдау тілі маманының қызметі көрсетілді.

Мақаланың шыққан күнi: 2012.03.07 09:29

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2017.02.14 06:00

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесКешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасыҰлттық зияткерлік меншік институты
ТИЦ