Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

«Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» «Нұр Отан» ХДП сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жоспары

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. Мақсаттар 2017. Ұлттық iс-қимыл жоспары» сайлауалды платформасын iске асыру барысы туралы ақпарат

Бiлiм және ғылым.

2016 жылы бiлiм беру жүйесiн дамытуға 49,1 млрд. теңге бөлiндi, игерiлгенi 25,4 млрд теңге.

2016 жылғы 5 маусымға мектепке дейiнгi мекемелер желiсi 559 бiрлiктi құрайды, соның iшiнде — 79 балабақша, 1 — «Мектеп-балабақша» және 479 шағын-орталық. 2016 жылдың басынан облыста мектепке дейiнгi ұйымдарда 25 жаңа орын ашылды. 3-тен 6 жасқа дейiнгi жастағы балаларды қамту 97% құрады.

2015-2016 оқу жылдарында облыстың жалпы бiлiмдiк мектептер желiсi 533 бiрлiктi (контингент — 70124 адам) құрады, одан: бастауыш — 92, негiзгi — 114, орта — 327, сондай-ақ 7 — түзету мектеп, 1 — кешкi, 1 — мемлекеттiк емес, 1 — дене шынықтыру және спорт басқармасы жанындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернат: Ғ.Мүсiрепов атындағы ауданның Буденовская орта мектеп (90 орын) және Мамлют ауданының № 2 Мамлютка орта мектебi (300 орын). Сөйтiп, облыста апаттық мектептер проблемасы шешiлдi. Үш ауысымды мектептердiң орнына екi оқу орындарының құрылысы аяқталды: Ғ. Мүсiрепов атын ауданның Новоишимская қазақ мектеп-интернаты және Тайынша ауданының Тайынша қ. №5 орта мектебi. 2016 жылы осы объектiлердi енгiзуде үш ауысымды мектептер проблемасы шешiлетiн болады.

Интернетке қол жетiмдiлiк облыстың барлық мемлекеттiк жалпы бiлiмдiк мектептерiнде бар. Кең жолақты интернетке қосылған мектептер саны 351 бiрлiктi құрайды немесе 66,4%. Облыстың 178 мектебi кең жолақты интернетке қосылған (33,4%), электрондық оқу жүйесi жұмыс iстейдi. Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды оқытуға арналған «Безбарьерные» жағдай 281 бiлiм ұйымдарында құрылған немесе мектептердiң 52,7%-да. Мектептiң бiрiншi және жоғары санатты педагогикалық қызметкерлер үлесi 51% құрайды. Сөйтiп, 2016 жылғы болжамды көрсеткiштерге қол жеткiзiлдi. 2323 мұғалiм бiлiктiлiктi арттыру курсынан өттi және бiлiктiлiк емтиханын табысты бердi.

Облыста 27 техникалық және кәсiби бiлiм беру ұйымдары жұмыс iстейдi, с.ш. 22 мемлекеттiк және 5 жеке меншiк. Онда 75 мамандық және 107 бiлiктiлiк бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылады. 12 колледжде 2328 студенттi қамтумен 24 мамандық бойынша дуальдiк жүйеде оқыту бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылады.

Дуальдiк оқыту аясында 3 кәсiпорындарда (ПЗТМ АҚ, «Мунаймаш» АҚ және СҚО бойынша «Казтелерадио» АҚ филиалы) оқу кабинеттерi құрылған, кәсiпорынның 23 шебер-тәлiмгерi жұмысқа тартылды.

Ата-аналарының қамқорынсыз қалған жетiм-балаларға арналған ұйымдарда (жетiмдер үйi) 474 тәрбиеленушi (2015 жылмен салыстырғанда 40 адамға қысқарған) бар. Қазақстан азаматтарымен ата-аналарының қамқорынсыз қалған жетiм-балаларға арналған ұйымдар тәрбиеленушiсiн асырап алу талдау кезеңiне жоқ.

Кәсiпорынның 23 шебер-тәлiмгерi тартылған. Осыған орай, 2015 жылғы болжау көрсеткiштерiне қол жетiлдi.

Ұлт денсаулығы.

Облыстың денсаулық сақтау жүйесi 26 ауруханалық ұйымнан, 73 амбулаторлық-емханалық ұйымнан, соның iшiнде 68 дәрiгерлiк амбулаториядан, 446 медициналық пункт пен 50 ФАП-тан тұратын медициналық ұйымдар желiсiмен ұсынылған.

2016 жылғы 1 шiлдеге солтүстiк Қазақстан облысында ҚР ДСӘД жүйесiнде 1380 дәрiгер, 4802 орта буын медициналық қызметкер жұмыс iстейдi.

Облыс бойынша дәрiгерлер тапшылығы 270 дәрiгердi құрайды, соның iшiнде қала бойынша — 134, аудандар бойынша — 136.

2016 жылғы 4 айда туып көбеюдi тiркеу 2 534 сәбидi (2015 ж. — 2 697), халықтың 1 000 адамына шаққанда 14,37-ден 13,49-ға дейiн 6,1% төмендедi.

2016 жылғы 4 айда облыс бойынша 2 329 өлiм-жiтiм жағдайы тiркелген (2015 ж. — 2 272). Жалпы өлiм-жiтiм көрсеткiшi халықтың 1 000 адамына шаққанда 12,11-ден 12,40-қа дейiн 2,4% ұлғайды.

2016 жылғы 6 айда ана өлiм-жiтiмi жағдайлары тiркелген жоқ (2015 ж. — 0 жағдай).

2016 жылғы 6 айда туберкулезбен аурушаңдық көрсеткiшiнiң 100 000 тұрғынға шаққанда 38,8-ден 36,9-ға дейiн 4,9% төмендегенi байқалады (222 жағдайдан 210-ға дейiн). Туберкулезден өлiм-жiтiм көрсеткiшi 100 000 тұрғынға шаққанда 1,6-дан 1,9-ға дейiн 18,8% ұлғайды (9 жағдайдан 11-ге дейiн). Балалар арасында туберкулезден өлiм-жiтiм жағдайлары тiркелген жоқ.

Азаматтарды әлеуметтiк қамтамасыз ету.

Халықты жұмыспен қамту қабылданып жатқан шаралардың нәтижесiнде жұмыссыздық деңгейiнiң төмендеу үрдiсi байқалады. Мәселен, 2012 жылдан бастап бұл көрсеткiш 5,2%-дан 2 пайыздық тармаққа төмендеп, 5,0%-ға жеттi.

Статистика органдары 2014 жылдан бастап «Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы өзiн-өзi нәтижелi жұмыспен қамтыған халықтың үлесi» деген көрсеткiш бойынша есеп жүргiзуде. Мемлекеттiк және салалық бағдарламалар бойынша жұмыспен қамтудың белсендi шараларын iске асыру өзiн-өзi нәтижелi жұмыспен қамтыған халықтың үлесiн 73%-дан 83%-ға дейiн арттыруға мүмкiндiк бердi.

2016 жылғы 1 тоқсан мерзiмiнде халықтың экономикалық белсендiлiк деңгейi 72,4% (329308 адам) жеттi, олардың iшiнде ер адамдардың көрсеткiшi 79,1% (167539 адам), әйел адамдардың көрсеткiшi 66,7% (161769 адам) болды.

2016 жылғы 1 тоқсан мерзiмiнде жұмыспен қамтылған адамдар саны 312972 адамға жеттi, олардың iшiнде ер адамдар саны 157642 адам және әйел адамдардың саны 155330 адам болды.

2016 жылғы 1 тоқсан мерзiмiнде өз бетiнше жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 99325 адам болды, олардың iшiнде ер адамдар саны 46154 адам және әйел адамдар саны 53171 адам болды.

Жұмыспен қамтылған халық санындағы өз бетiнше жұмыспен қамтылғандардың үлесi 31,7% құрайды.

2016 жылғы қаңтар-маусым айында облыс аумағында жалпы ауданы 38 382  ш.м. тұрғын үй енгiзiлдi, бұл 2015 жылғы сәйкес кезеңiне 121,8% құрайды. 2016 жылы тұрғын үй бойынша облыстық жоспар 132,6 мың ш. метрдi құрайды.

Жұмыспен қамту және тұрғындардың кiрiсi.

Ағымдағы жылдың 1 шiлдедегi жағдай бойынша Жұмыспен қамту 2020 жол картасына 2871 адам қатысты, оның iшiнде 1592 өз бетiншежұмыспен қамтылғандар (55%), 1235 жұмыссыздар (43%), 44-аз қамтылғандар (2%).

Қатысушылардың жалпы санынан 1130 (39,4%) әйел адамдар және 1179 немесе 41,1% — жастар.

3194 адамға жұмысқа орналасу бойынша шаралар көрсетiлдi, оның iшiнде 2550-тұрақты жұмыс орындары немесе 79,8%.

Бағдарламаның бiрiншi бағытының шеңберiнде жұмысқа орналасқан жұмыс берушiлермен 596 жұмыс орыны құрылды, жұмысқа орналастырылғандардың жалпы санынан жұмыспен қамту орталықтары арқылы 308 адам немесе 51,6%.

Ағымдағы жылдың 1 шiлдедегi жағдай бойынша Жұмыспен қамту 2020 жол картасының екiншi бағытыбоынша 144 заемшымен (Бағдардамаға қатысушылардың жалпы санынан 5%) жеңiлдетiлген шағын несие берiлдi, оның iшiнде 82 (57%) өз iсiн ашуға.

Бағдарламаның үшiншi бағыты аясында 94 кәсiптiк оқуды, (қайта даярлау 70 адам, бiлiктiлiгiн арттырукурстарына — 24 адам) аяқтады, олардың iшiнде 89 адам жұмысқа орналасты.

Әлеуметтiк жұмыс орындарына 254 қатысушы жұмысқа орналастырылды, жастар практикасын өтуге 82 адам жiберiлдi.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1754 адам дерекқордағы бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

2016 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасының үшiнiшi бағытының екiншi құрамдас бөлiгi аясында облысымыздың 5 ауданында еңбекшi жастарға арналған 135 пәтерге 6 жатақхана салу, сондай-ақ Аққайың ауданының Смирнов ауылында 5 жеке тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылдың басынан берi Петропавл қаласында Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша салынған жастар жатақханасына жалпы саны 283 адаммен 190 отбасы қоныстанды.

Инновациялық экономика.

2016 жылға облыстық және аудандық автожолдарға 6 030 160,8 мың теңге сомасында қаражат бөлiнген, соның iшiнде 1 028 492 мың теңгенi республикалық трансферттер, 5 001 668,8 мың теңгенi — жергiлiктi бюджет құрайды. Жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген қаражат есебiнен385 км автомобиль жолдарын реконструкциялау, күрделi, орташа, ағымдағы жөндеу бойынша, сондай-ақ 7 530 км автомобиль жолдарын ұстау бойынша жұмыстар жүргiзiлетiн болады. 2015 жылғы күзгi тексеру нәтижесi бойынша жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарының үлесi 53% құрады. 2016 жылға арналған жоспар 55% құрайды.

Ауылды қолдау және дамыту.

Жыл сайын ауыл шаруашылығындағы еңбек өнiмдiлiгi өсiп келедi, егер 2014 жылы ол бiр жұмысқа қамтылғанға 1567 мың теңгенi құраса, 2015 жылы 1666,7 мың теңгенi құрады. 2016 жылғы 1 жартыжылдықта еңбек өнiмдiлiгi 111,6 мың теңгенi құрады.

2016 жылғы 1 жартыжылдықта ауыл шаруашылығының жалпы өнiмi 51,1 млрд. теңгенi құрады, НКИ — 102,2%.

2016 жылы облыс бойынша барлық егiстiк алқап 4366,4 мың га құрады. Дәндi және дәндi-бұршақты дақылдардың алқабы — 3210 мың га, соның iшiнде бидай — 2323,3 мың га. Майлы дақылдардың алқабы — 469,7 мың га, жем-шөп дақылдарының — 653,6 мың га, картоп пен көкөнiс — 27,9 мың га және 5,2 мың га.

Бүгiнгi күнi ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын артыру және топырақ құнарлығын сақтау үшiн 444 мың га алқапқа 22,9 мың тонна көлемiнде минералды тыңайтқыш енгiзiлдi.

Техникалық парк 4,5 млрд. теңгеге 379 бiрлiк жаңа, өнiмдiлiгi жоғары техникамен толықты, соның iшiнде лизингке — 1,2 млрд. теңгеге 87 бiрлiк.

Облыста астық қоймаларының жалпы сыйымдылығы 6,5 млн. тоннаны құрайды, соның iшiнде 52 лицензияланған нан қабылдау кәсiпорнында 3,6 млн. тонна, жеке агроқұрылымдарда — 3,1 млн. тонна. Жыл басынан Уәлиханов ауданында «Северная Нива» ЖШС сыйымдылығы 27 мың тонна бiр астық қоймасын пайдалануға берiлдi. Үстiмiздегi жылдың соңына дейiн сыйымдылығы 49 мың тонна үш нан қабылдау кәсiпорынын пайдалануға беру жоспарлануда.

Мал шаруашылығы өнiмiн өндiру.

2016 жылғы қаңтар-маусымда тiрi салмақта 32,6 мың тонна ет, сүт — 240,2 мың тонна, жұмыртқа — 277,8 млн. дана өндiрiлдi.

Мал басын сатып алу жұмыстары жалғастырылуда, үстiмiздегi жыл басынан 12009 бас IҚМ сатып алынды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 708 бас IҚМ, «Құлан» бағдарламасы бойынша — 801 бас жылқы, «Алтын Асық» бағдарламасы бойынша — 758 бас қой сатып алынды. «Ырыс» бағдарламасы бойынша 61 сүт-тауар фермасы құрылды.

2016 жылғы 1 жартыжылдықта ет экспорты 83,8 тоннаны құрады.

Байланыс. 2016 жылғы қаңтар — маусым айында iшiнде байланыс қызметiнен кiрiс 3 676,3 млн. теңгенi немесе 2015 жылғы ұқсас кезеңге 96,5% құрады.

Төмендеу ұялы (21,2%-ға), қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерiнiң (33,6%-ға) қысқаруы есебiнен орын тапты. Монтаждалған сыйымдылық бойынша цифрлендiрiлу деңгейi — 100%.

Сумен жабдықтау. 2016 жылы жалпы 22,4 млн. теңге сомаға М. Жұмабаев ауданының Бастомар а., Конюхово с., Майбалық с. тарату желiсiнiң реконструкциясы аяқталады. Жергiлiктi бюджет есебiнен жалпы 64,7 млн. теңге сомаға Уәлиханов ауданының Қаратерек а., Жасқайрат а. сумен жабдықтау бойынша 2 жобасы iске асырылады.

Бұдан басқа, Су ресурстары жөнiндегi комитетiсен Соколов топты су құбырының реконструкциясы аяқталады, оның аясында 10 ауылдың сумен жабдықталуы жақсарады (Қызылжар ауданының Вагулино, Ташкентка, Ольшанка, Соколовка, Глубокое, Пресновка, Налобино, Затон, Якорь, Петерфельд селолары), 3 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етiледi (Қызылжар ауданының Вознесенка, Вишневка, Гайдуково селолары).

Жүргiзiлген жұмыс нәтижесiнде 2016 жылдың соңына қарай ауылдардың орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етiлуiн 56,6% дейiн ұлғайту жоспарлануда

Халық бiрлiгi.

Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес облыста мемлекеттiк және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту бойынша жүйелi жұмыстар атқарылуда.

Бағдарламаның бiрiншi бағытын iске асыру Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi меңгеру жүйесiн құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды көздейдi.

2016 жылы «Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту» бюджеттiк бағдарламасын iске асыруға жергiлiктi бюджеттен 46 млн. 160 мың теңге бөлiндi.

Өңiрiмiзде тiлдi деңгейлеп меңгерудiң халықаралық стандарты негiзiнде мемлекеттiк тiлдi үздiксiз оқыту жүйесiн енгiзу бойынша жұмыс жүргiзiлуде.

Облыс әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 31 мамырдағы №195 қаулысы негiзiнде «Тiлдердi оқыту орталығы» КММ құрылды. Ағымдағы жылғы II жарты жылдықтан бастап аталған мекеме базасында 140 топта оқыту ұйымдастырылатын болады. Оның iшiнде 120 топта қазақ тiлi, 20 топта ағылшын тiлi оқытылады.

Бұдан басқа облыстың ұйым, кәсiпорындарында 1000-ға жуық үйiрмеде 12000-нан астам тыңдаушы мемлекеттiк тiлге оқытылуда.

2016 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ұлттық тестiлеу орталығымен өткiзiлген «Қазтест» сынағынан 2602 адам өттi. Облыстық «Қызылжар» тiлдердi оқыту орталығы арқылы 1795 адам тестiлеуден өттi.

Облыс бойынша 2015-2016 жылы 533 жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi. Оның 132-i қазақ, 276-i орыс, 125-i аралас тiлдi.

Ана тiлiнде бiлiм алатын қазақ балаларының үлесi жыл санап артуда. Егер 2012-2013 оқу жылында Солтүстiк Қазақстан облысында қазақ балаларының 65,6% өз ана тiлiнде бiлiм алса, биылғы оқу жылында бұл көрсеткiш 67,2%-ды құрап отыр.

Өзге ұлт өкiлiнiң 273 оқушысы қазақ тiлiнде бiлiм алуда.

Өңiрiмiзде басқа этнос өкiлдерiнiң салт-дәстүрiн сақтауға және ана тiлдерiн оқытуға жағдай жасалған.

Облыста өзге ұлт өкiлдерiнiң 542 баласы ана тiлдерiн үйренуде. Халықтың 22%-ын поляк ұлтының өкiлдерi құрайтын Тайынша ауданының 8 мектебiнде 335 оқушы поляк тiлiн ана тiлi ретiнде оқиды.

Петропавл қаласының №17 Ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенiнiң 9 бөлiмшесiнде (поляк, татар, армян, немiс, шешен-ингуш, кәрiс, украин, әзiрбайжан, қазақ) әр түрлi ұлт өкiлдерiнiң 207 баласы ана тiлi мен әдебиетiн, тарихы мен мәдениетiн оқып-үйренуде.

Жүйелi жұмыстарды жүргiзу арқасында мемлекеттiк тiлдi меңгерген облыстың ересек тұрғындарының үлесi 30% пайыздан асты.

Жастарды қолдау.

Жастарды жұмысқа орналастыру бойынша қабылданған мемлекеттiк қолдау шараларының нәтижесiнде 2016 жылғы 1 тоқсанда жастар (15-28 жастағы) жұмыссыздығының деңгейi 3,9 пайызды құрады.

Облыста «Дипломмен ауылға!» атты жобаны атқару аясында үлкен жұмыс жүргiзiлуде, ол ауылдық жерлерде тұру және жұмыс iстеу үшiн мамандарды тартуға бағытталған.

2009 жылдан бастап осы жобаны iске асыру арқасында ауылдық елдi мекендерге әлеуметтiк сала және АӨК 3089 маман тартылған, одан 2395 педагог немесе келгендердiң жалпы санынан 77,5%, 525 денсаулық сақтау маманы (17%), 169 мәдениет мамандары, әлеуметтiк қамсыздандыру, спорт және АӨК (5,5%).

Жобаны iске асырудағы талдау Айыртау, Ғ. Мүсiрепов атын., Қызылжар, Есiл, Ақжар аудандарының экономикалық даму әлеуетi жоғары және орта ауылға мамандардың айтарлықтай санының келуiн көрсеттi. Жобаны iске асыру басынан бастап әрбiр аталған аудандардан тартылғандар саны 270-тен 448-ге дейiнгi мамандарды құрайды.

2016 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша 21,6 млн.теңге сомаға көтерме жәрдемақыны 147 маман алды (109 — бiлiм, 28 — денсаулық сақтау, 3 — мәдениет саласы, 4 — спорт, 1 — АӨК), одан 59 маманға 152,8 млн.теңге сомаға тұрғын үй сатып алу және салуға (45 — бiлiм, 7 — денсаулық сақтау, 3 — мәдениет саласы, 1 — әлеуметтiк сала, 1 — спорт, 2 — АӨК) кредиттiк қаражат берiлген.

Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау.

2016 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша облыста шағын және орта кәсiпкерлiктiң (бұдан әрi — ШОК) 38499 субъектiсi тiркелдi, одан 28009 (72,7%) субъект жұмыс iстейдi.

2016 жылғы қаңтарнаурызе ШОК субъектiлерiмен 50,4 млрд. теңгеге өнiм шығарылды, бұл 2015 жылғы сәйкес кезең деңгейiнен 4% жоғары.

2016 жылы «бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасын iске асыру үшiн трансферттер көлемi 1,8 млрд. теңгенi құрады, одан субсидиялау, кредиттер мен гранттарға кепiлдiк беру — 1,5 млрд. теңге. Инфрақұрылымды дамытуға 318,9 млн. теңге жiберiлдi.

Өңiрлiк үйлестiру кеңесiнiң (бұдан әрi — ӨҮК) 11 отырысында 154 өтiнiм, одан субсидиялауға және екiшнi деңгейдегi банктердiң кредиттерiне кепiлдiк беруге 6,6 млрд. теңгеге 122 жоба мақұлданды.

4 бағыт аясында:

  • Петропавл қ. және аудандардың 999 кәсiпкерге 1365 сервистiк қызмет көрсетiлдi, олардың қаржыландырылуы 2015 жылдан бастап СҚО кәсiпкерлер палатасына берiлдi;
  • «Бизнес-кеңесшi» жобасы бойынша 510 тыңдаушы оқып шықты, соның iшiнде облыс аудандарында — 370 тыңдаушы, облыс орталығында — 140. Жалпы осы компонентпен облыстың барлық аудандары қамтылды

Жасыл экономика.

Қазiргi уақытта облыстың барлық қасында (с.ш. шағын қалалар Сергеевка, Тайынша, Мамлютка, Булаево) орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетiмдiлiгi бар, алайда Петропавл қ. жататын Тепловское с. және 2639 км аялдама пунктi сумен жабдықтау желiлерiне қосылмаған, сәйкесiнше облыста орталықтандырылған сумен жабдықтауға қалалардың қол жетiмдiлiгi 99,9% құрайды.

Үстiмiздегi жылы «Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту» (Ақ бұлақ) бағдарламасы бойынша 403,7 млн.теңге сомаға Тайынша қ. 23,4 км тарату желiлерiн салу аяқталатын болады.

2016 жылы «Қызылжар су» ЖШС Петропавл қаласының су құбыры-кәрiз шаруашылығы кәсiпорынымен қалалар желiлерiнде су шығыны деңгейiн төмендету үшiн бiрқатар iс-шаралар өткiзiлуде. Үстiмiздегi жылғы 6 ай iшiнде желiлердiң апаттық учаскелерiн ауыстыру жүргiзiлген, соның iшiнде: су құбыры — 2,2 км, кәрiз — 1,5 км.

30 су құбыры құдықтарына (жылдық жоспардан 30%), 97 кәрiз құдықтарына (80%), 22 жапқышқа (18%), 42 өрт гидранттарына (84%) күрделi жөндеулер жүргiзiлген. Құдықтар, жапқыштар мен гидранттарды ағымдағы жөндеу бойынша үлкен көлем орындалуда. 18 км аулалық желiлер мен коллекторларды жоспарлы жуу жүргiзiлдi (45%). Кешендi су құбырларын тазарту имараттары бойынша технологиялық құбырөтпелерiн және тиектi арматураларын жартылай ауыстыру жүргiзiлуде.

2012 жылы «Қызылжар Су» ЖШС желiлерiндегi шығындар 19,4%, 2013 жылы — 18,9%, 2014 жылы — 18,5%, 2015 жылы және осы кезеңге дейiн — 17,9% құрады. Оң қарқын байқалады. Осы бағытта жұмыс жалғастырылатын болады.

Үстiмiздегi жылғы 1 шiлдеге облыстың тұрғын үй қоры 1712 көп пәтерлi тұрғын үйден тұрады, одан облыс орталығында 1048 кондоминиум объектiсi және аудандарда 664 үй. 2016 жылы күрделi жөндеудi талап ететiн кондоминиум объектiлерiнiң үлесi 18% құрады, бұл 2015 жыл көрсеткiшiнен 0,2 пайыздық тармаққа кем.

Осы көрсеткiштiң төмендеуi Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту бағдарламасы аясында көп пәтерлi тұрғын үйлердi жөндеу мен терможаңғырту жөнiндегi жобаларды iске асыру есебiнен қамтамасыз етiлдi.

2016 жылы Петропавл қ. Украинская көш,256 бойында 32,1 млн. теңге сомаға үйдi жөндеу және Ғ. Мүсiрепов ат. ауданның Новоишимское с. Абылай-Хан, 16 көш. бойында 18,4 млн. теңгеге үйлердi жөндеу жұмыстары басталды.

Спорт.

«Дене шынықтырумен және спортпен айналысушы азаматтарды қамту» көрсеткiшi бойынша 2016 жылға 27,6% жоспарланған, 2016 жылдың 1-шi жарты жылдығының қорытындысы бойынша 28,5% (0,9% жоспарланғаннан артық).

«Балалар мен жеткiншектердiң жалпы санынан дене шынықтырумен және спортпен айналысушы балалар мен жеткiншектердi қамту» көрсеткiшi бойынша 2016 жылға 15,4% жоспарланған, 2016 жылдың 1-шi жарты жылдығының қорытындысы бойынша 15,4%.

Сайлау алды тұғырнамасын жүзеге асыруға арналған қаражаттар 100% игерiлетiн болады.

Жалпы 2015 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткiштерге қол жеткiзiлдi. Заманауи жағдайда жұмыстың басты басымдығы жергiлiктi жерлерде дене шынықтыру және спортқа жетекшiлiк ететiн бөлiмдерге жүктеледi. Қазiргi уақытта спорт бөлiмдерi облыстың барлық аудандарында және Петропавл қ. жұмыс iстейдi, олар аудандар мен Петропавл қ. спорттық базаларын дамытуға, спорт қызметкерлерiнiң сапалы құрамын, облыс халқын сауықтандыру жөнiндегi дене шынықтыру ұжымдарының жұмысын жақсартуға, салауатты өмiр салтын жүргiзуге және дене шынықтырумен және спортпен айналысудың саналы түрдегi қажеттiлiгiн қалыптастыруға қатысты әлеуметтiк-маңызды проблемалардың кең кешенiн шешедi.

2012-2016 жылдарға «Нұр Отан» сайлауалды платформасы көрсеткiштерiнiң тiзбесi Zip (20 Kb)

Мұрағат 2015 ж.

Мұрағат 2014 ж.

Мақаланың шыққан күнi: 2013.07.26 11:00

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2016.08.04 10:06

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ