Шрифт:  A+  A A-
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
 

Құқықтық консультация (сұрақ-жауап)

1. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына қандай азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi функциялар берiлген?

Жауап. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына, «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1397 қаулысына сәйкес азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласындағы функциялар жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына берiлдi.

«Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518 Кодексiнiң негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдар азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi келесi функцияларды жүзеге асырады:

  1. Баланың тууын тiркеу;
  2. Неке қиюды тiркеу;
  3. Неке бұзу;
  4. Бала (қыз) асырап алу;
  5. Әке болуды анықтау;
  6. ТАӘ өзгерту;
  7. Қайтыс болуды тiркеу.

Жергiлiктi атқарушы органдар ТАӘ өзгерту бойынша материал құжаттарын жинауды өндiредi, iстер ресiмделедi, қорытындыларды бекiтiп орындайды.

Азаматтық хал актiлер жазбасына түзетулер, өзгертулер енгiзу бойынша iстер ресiмдеу үшiн құжаттарды жинау, акт жазбасын қалпына келтiру және жою бойынша iстердi, iстердi ресiмдейдi, өндiредi, қорытындыларды бекiтiп орындайды.

Азаматтық хал актiлер жазбасына заңнамаға сәйкес, түзетулер, өзгертулер енгiзедi.

Азаматтық хал актiлердi тiркеу туралы және көрсетiлген мерзiмде азаматтық хал актiлердi тiркеу туралы куәлiк бланкiлерiн қолдану туралы есептi әдiлет органдарына ұсынады.

Азаматтық хал актiлердi мемлекеттiк тiркеу кiтаптарын сақтау және есеп ресiмдеудi және басқа құжаттамаларды көрсетiлген мерзiмде қамтамасыз етедi.

Азаматтық хал актiлердi мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама, қайталама куәлiктердi, азаматтық хал актiлерi жазбаларының жоқ болуы туралы хабарлама тапсырады.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтардың жүгiнуi кезiнде, хабарламалар, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тәртiбi туралы iстегi заңнаманы талқылау өндiрiледi.

Азаматтық хал актiлердi мемлекеттiк тiркеумен қатысты басқа уәкiлеттердi орындайды.

2. «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 121 Заңына сәйкес алқабилер тiзiмi қалай қалыптастырылады?

Жауап. Алқабилер тiзiмi «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 121 Заңына сәйкес қалыптастырылады.

4-бап. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерi

  1. Алқабилердi iрiктеу процесiне Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жергiлiктi атқарушы органдар жыл сайын алқабиге кандидаттар iрiктелетiн жыл алдындағы жылдың 1 желтоқсанына алқабиге кандидаттардың бастапқы, бiрыңғай және қосалқы тiзiмдерiн жасайды.
  2. Жергiлiктi атқарушы органдар мемлекеттiк органдардан, ұйымдар мен азаматтардан осы Заңның 10-бабында белгiленген, алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптарға азаматтардың сәйкес келуiн тексеру үшiн қажет ақпаратты сұратуға құқылы. Жергiлiктi атқарушы органдардың сауалдарына жауаптар сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей олардың мекен-жайына жiберiлуге тиiс.
  3. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерi әлiпбилiк тәртiппен жасалады. Тiзiмдерде алқабиге кандидаттың тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы (жасы жиырма бесте болса — қосымша күнi мен айы) және тұрғылықты жерi көрсетiледi.

5-бап. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiне енгiзiлетiн азаматтардың саны

  1. Алқабиге кандидаттардың бастапқы, бiрыңғай және қосалқы тiзiмдерiне енгiзiлетiн азаматтардың саны тиiстi облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасы жыл сайын ұсынатын алқабиге кандидаттардың санына негiзделедi.
  2. Тиiстi облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасының ұсынуы сот талқылауына қатысу үшiн алқабиге кандидаттардың тiзiмдерi бойынша алқабилердi iрiктеу жүргiзiлетiн жыл алдындағы жылдың 1 қыркүйегiнен кешiктiрiлмей облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына жiберiлуге тиiс.
  3. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы жыл сайын, облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасының ұсынуын алған күннен бастап үш күн мерзiмнен кешiктiрмей, әрбiр ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) алқабиге кандидаттардың санын айқындайды және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарын алқабиге кандидаттардың саны туралы хабардар етедi.

6-бап. Алқабиге кандидаттардың бастапқы тiзiмдерiн жасау рәсiмi

1. Алқабиге кандидаттардың бастапқы тiзiмiн жасау үшiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:

  1. ауданнан алқабиге кандидаттардың саны туралы хабарламаны алған күннен бастап бiр ай мерзiмде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте тұрақты тұратын азаматтар қатарынан тиiстi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сайлаушылар тiзiмдерiнiң негiзiнде, осы Заңның 10-бабында белгiленген алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптарға сай келмейтiн адамдарды сайлаушылар тiзiмдерiнен шығарып тастау арқылы алқабиге кандидаттардың алдын ала бастапқы тiзiмiн жасайды;
  2. алқабиге кандидаттардың алдын ала бастапқы тiзiмiн жасау аяқталған кезден бастап жетi күн мерзiм iшiнде азаматтардың жергiлiктi атқарушы органның үй-жайында алқабиге кандидаттардың алдын ала бастапқы тiзiмiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi, тiзiмдегi қателер мен дәлсiздiктер туралы өтiнiштердi қарайды және оған тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы мәселелердi шешедi;
  3. тиiстi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы айқындаған санда, жеке-жеке әр аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша алқабиге кандидаттардың алдын ала бастапқы тiзiмiнен азаматтарды кездейсоқ таңдап алуды жүргiзедi;
  4. кездейсоқ таңдап алу нәтижелерi бойынша алқабиге кандидаттардың бастапқы тiзiмiн жасайды, оны жергiлiктi атқарушы органның мөрiмен бекiтедi және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына жiбередi.

2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асыратын әрекеттерiне, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органның азаматтардың алқаби ретiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу үшiн iрiктеу рәсiмдерiне қатысуға құқықтарын бұзатын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алқабиге кандидаттардың алдын ала бастапқы тiзiмiмен азаматтарды таныстыру мерзiмi аяқталған кезден бастапқы жетi күн мерзiмде сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген рәсiм ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының шешiмдерiне шағым жасау мерзiмi аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi.

4. Осы бапта көзделген рәсiмдердi жүргiзудiң жалпы мерзiмi ауданнан алқабиге кандидаттардың саны туралы хабарлама алған күннен бастап екi айдан аспауға тиiс.

7-бап. Алқабиге кандидаттардың қосалқы тiзiмiн жасау рәсiмi

1. Алқабиге кандидаттардың қосалқы тiзiмiн жасау үшiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы:

  1. облыс орталығында (республикалық маңызы бар қалада, астанада) тұрақты тұратын азаматтар қатарынан алқабиге кандидаттардың саны туралы облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасының ұсынуын алған күннен бастап бiр ай мерзiмде облыс орталығында не басқа тиiстi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) соты тұрақты орналасқан жерде тұрақты тұратын азаматтар қатарынан сайлаушылар тiзiмдерiнiң негiзiнде, осы Заңның 10-бабында белгiленген алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптарға сай келмейтiн адамдарды сайлаушылардың мұндай тiзiмдерiнен шығарып тастау арқылы, алқабиге кандидаттардың алдын ала қосалқы тiзiмiн жасайды;
  2. алқабиге кандидаттардың алдын ала қосалқы тiзiмiн жасау аяқталған кезден бастап жетi күн мерзiм iшiнде азаматтардың жергiлiктi атқарушы органның үй-жайында алқабиге кандидаттардың алдын ала қосалқы тiзiмiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi, тiзiмдегi қателер мен дәлсiздiктер туралы өтiнiштердi қарайды және оған тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы мәселелердi шешедi;
  3. алқабиге кандидаттардың алдын ала қосалқы тiзiмiнен алқабиге кандидаттардың бiрыңғай тiзiмiне енгiзiлетiн азаматтар санының төрттен бiрiне тең санда азаматтарды кездейсоқ таңдап алуды жүргiзедi;
  4. кездейсоқ таңдап алу нәтижелерi бойынша алқабиге кандидаттардың қосалқы тiзiмiн жасайды, оны облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының мөрiмен бекiтедi.

2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асыратын әрекеттерiне, сондай-ақ облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының азаматтардың алқаби ретiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу үшiн iрiктеу рәсiмдерiне қатысуға құқықтарын бұзатын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алқабиге кандидаттардың алдын ала қосалқы тiзiмiмен азаматтарды таныстыру мерзiмi аяқталған кезден бастап жетi күн мерзiмде сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген рәсiм облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының шешiмдерiне шағым жасау мерзiмi аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi.

4. Осы бапта көзделген рәсiмдердi жүргiзудiң жалпы мерзiмi облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасының облыстан (республикалық маңызы бар қаладан, астанадан) алқабиге кандидаттардың саны туралы ұсынуын алған күннен бастап екi айдан аспауға тиiс.

8-бап. Алқабиге кандидаттардың бiрыңғай тiзiмiн жасау рәсiмi

1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы:

  1. алқабиге кандидаттардың бастапқы тiзiмдерiнiң негiзiнде алқабиге кандидаттардың бiрыңғай тiзiмiн жасайды;
  2. алқабиге кандидаттардың бiрыңғай және қосалқы тiзiмдерiн тиiстi облыстық және оған теңестiрiлген сотқа жiбередi.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген рәсiмдi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасының облыстан (республикалық маңызы бар қаладан, астанадан) алқабиге кандидаттардың саны туралы ұсынуын алған күннен бастап үш ай мерзiмнен кешiктiрмей жүргiзедi.

9-бап. Алқабиге кандидаттардың қосымша тiзiмi

  1. Алқабиге кандидаттардың бiрыңғай және қосалқы тiзiмдерiнiң ресурстары таусылған ерекше жағдайларда, облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келiсе отырып, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына азаматтардың талап етiлетiн қосымша саны туралы және осыған байланысты алқабиге кандидаттардың қосымша тiзiмiн жасау қажеттiгi туралы ұсыну жiберуге құқылы.
  2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасының ұсынуын алған күннен бастап он күн мерзiмде осы Заңның 7-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының талаптарына сәйкес азаматтардың талап етiлетiн санына қарай алқабиге кандидаттардың қосымша тiзiмдерiн жасайды және оларды тиiстi облыстық және оған теңестiрiлген сотқа жiбередi.

10-бап. Алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптар

1. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiне:

  1. алқабилердiң тiзiмдерiн жасау кезiнде жиырма бес жасқа толмаған;
  2. өтелмеген не алынбаған сотталғандығы бар;
  3. сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адамдар;
  4. судьялар, прокурорлар, тергеушiлер, адвокаттар, мемлекеттiк қызметшiлер мен әскери қызметшiлер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерi;
  5. наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған адамдар енгiзiлмейдi.

2. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiне азаматтарды енгiзуге шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бiр шек қоюға жол берiлмейдi.

3. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiнен:

  1. қылмыстық iс бойынша сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмейтiн адамдар;
  2. өздерiнiң дене кемiстiгi немесе психикалық кемiстiгi салдарынан алқабидiң мiндеттерiн атқаруға қабiлетсiз адамдар;
  3. алпыс бес жастан асқан адамдар;
  4. дiни қызметшiлер өздерiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша алып тасталады.

Жеке басты куәландыратын құжаттар:

  1. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
  2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi;
  3. шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
  4. азаматтығы жоқ адамның куәлiгi;
  5. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
  6. Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорты;
  7. босқын куәлiгi;
  8. Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң жеке куәлiгi;
  9. шетелдiк паспорт;
  10. қайтып оралуға арналған куәлiк;
  11. туу туралы куәлiк жеке басты куәландыратын құжаттар болып табылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде көзделген жағдайларда, жүргiзушiнiң куәлiгi және әскери билет жеке басты куәландыратын құжаттар болып танылуы мүмкiн.

(«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Заңының 6-бабы 1-тармағы)

Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiнiң түрлерi

Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi:

1) құқықтық ақпарат беру;

2) құқықтық консультация беру;

3) Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген жағдайларда және тәртiпте жеке тұлғалардың мүдделерiн соттарда, қылмыстық iзге түсу органдарында, өзге де мемлекеттiк органдарда және мемлекеттiк емес ұйымдарда қорғау және бiлдiру түрiнде көрсетiледi.

(Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шiлдедегi № 122-V Заңы)

Азаматтық қызметшi деген кім?

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексiне сәйкес «Азаматтық қызметшi — Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорындарда, мемлекеттiк мекемелерде, ақылы штаттық лауазымда iстейтiн және олардың мiндеттерi мен функцияларын iске асыру және мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын адам».

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуының қандай негіздері қолданыстағы заңнамамен көзделген?

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы 1 тармағымен мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн келесі негіздер көзделген:

1) олардың өз тiлегi бойынша жұмыстан босату туралы арыз беруi;

1–1) тараптардың өзара келісуі бойынша еңбек шартын жасасу жолымен олардың мемлекеттік қызметте болу мерзімін жыл сайын ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы;

2) еңбек шарты мерзiмiнiң бiтуi не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша келiсiм-шарттың бұзылуы;

3) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiмет беруi;

4) осы Заңда белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамауы;

5) меншiк құқығымен тиесiлi мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға бермеуi;

6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;

7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауы;

7–1) соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуi;

7–2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын жұмыстан босатылған адамды жұмысқа қабылдауы;

7–3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін, ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтатуы;

7–4) мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болуы мүмкiн көрiнеу жалған құжаттар мен мәлiметтердi беруі;

7–5) мемлекеттiк лауазымға тағайындалу кезiнде осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

8) осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымды конкурстан тыс атқаруы;

9) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;

9–1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексерудiң терiс нәтижелерi;

10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге-де негіздемелер негіз болып табылады.

Азаматтық қызметте болумен байланысты қандай шектеулер қолданыстағы заңнамамен көзделген?

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 231 бабымен азаматтық қызметте болумен байланысты келесі шектеулер көзделген:

1) материалдық-техникалық, қаржылық және, ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік, ақпаратты қызметтік емес мақсатта пайдалануға;

2) азаматтық қызметтің қалыпты жұмыс істеуіне және лауазымдық

міндеттерді атқаруға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысуға;

3) қызмет жағдайын азаматтық қызметпен байланысты емес мақсатта пайдалануға;

4) азаматтық қызметті өткеру кезеңінде белгілі болған мемлекеттік құпияны, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге-де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге құқылы емес.

«Медиация» дегеніміз не және медиаторларды таңдау регламенті қандай заңмен реттеледі?

Медиацияға қатысты мәселелер «Медиация туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401 Заңымен регламенттеледі.

Медиатор — осы заңның талаптарына сәйкес кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптармен тартылатын тәуелсіз жеке тұлға;

Медиация — тараптардың ерікті келісімі бойынша іске асырылатын, олармен өзара ұтымды шешімге қол жеткізу мақсаттарында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемімен тараптар арасындағы дауларды (келіспеушіліктерді) реттеу рәсімі;

9 — бап. Медиаторларға қойылатын талаптар

1. Медиация тараптарының өзара келісімімен таңдалған, медиаторлар тізіліміне енгізілген және медиатор функциясын орындауға келісім берген, іске қатысы, қызығушылығы жоқ, тәуелсіз, әділ жеке тұлға медиатор бола алады.

2. Медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіби медиатор) сондай-ақ, және кәсіби емес негізде жүзеге асырылуы мүмкін.

3. Қырық жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімінде тұрған тұлғалар кәсіби емес негізде медиатор қызметін жүзеге асыра алады.

4. Жоғары білімі бар, жиырма бес жасқа толған, Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалатын тәртіпте бекітілген медиаторларды дайындау бағдарламасы бойынша оқытудан өткендігін растайтын құжаты (сертификат) бар және кәспқой медиаторлар тізілімінде тұратын тұлға кәсіби негіздегі медиатор қызметін жүзеге асыра алады.

5. Медиатордың қызметі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.

6. Медиатордың қызметін жүзеге асыратын тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған кез келген басқа да қызметтерді іске асыруға құқылы.

7. Медиатор бола алмайтындар:

1) мемлекеттік функцияларды орындайтын өкілетті тұлға және оған теңестірілген тұлға;

2) заңмен белгіленген тәртіпте сотпен әрекет етуге қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылғандар;

3) оларға қатысты қылмыстық із кесу әрекеті жүргізіліп жатқандар;

10 бап. Медиатордың құқықтары мен міндеттері

1. Медиатор мыналарға құқылы:

1) медиация барысында барлық тараптармен бір уақытта, сондай-ақ әр тараппен жекелей кездесулер өткізуга және оларға дауларды(тартыстарды) шешу жөнінде ауызша және жазбаша ұсынымдар беруге;

2) құпиялық қағидасын сақтаумен өз қызметін жүзеге асыру туралы қоғамды хабардар етуге.

2. Медиатор мыналарға міндетті:

1) медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптарының келесімдері бойынша ғана әрекет етуге;

2) медиацияны бастағанға дейін тараптарға мадиация тараптарына оның мақсатын, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге.

3. Кәспқой медиатор Медиаторлардың кәсіби әдебінің кодексін, медиаторлар ассоциациясымен (одағымен) бектілген, сақтауға міндетті.

4. Медиатор, Қазақстан Республмкасының заңнамасымен көзделген басқа да құқықтары болады және басқа да міндеттер ұстайды.

15 бап. Жергілікті қауымдастық мүшелерімен медиация жүргізу

1. Өз қызметтерін кәсіптік емес негізде жүзеге асыратын медиаторлармен қатар медиацияны жергілікті қауымдастықтың жиналысымен(жиынмен) сайланатын, осы мақсат үшін жергілікті қауымдастық мүшелері, үлкен өмір тәжірибесі, беделі бар және кінәратсыз, өткізе алады.

2. Жергілікті қауымдастық жиналысының(жиынының) хаттамасы жергілікті қауымдастық мүшелерін сайлау туралы, кәсіпқой емес медиаторлар ретіндегі, он жұмыс күні аралығында уәкілетті органға, 16 бап 2 тармақта көзделген құжаттарды, сондай-ақ осы Заңның 16 бабы 3 тармағына сәйкес деректерді қоса отырып, кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне енгізу үшін жолданады.

16. бап. Кәспқой емес медиаторлардың тізілімін, қаладағы аудан, аудандық маңыздағы қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ

әкімінің жүргізуі

1. Кәспқой емес медиаторлардың Тізілімін, Қазақстан Республикасы аумағында медиацияны жүзеге асыратын, кәсіпқой емес негізде, қаладағы аудан, аудандық маңыздағы қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі (бұдан әрі — уәкілетті орган) жүргізеді.

2. Кәсіпқой емес негізде медиацияны жүзеге асыратын, медиаторлар, жеке куәлігінің (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды түрде расталған көшірмесі, салғыстыру үшін) көшірмесін қоса отырып, кәсіпқой емес медиаторлар Тізіліміне енгізу үшін уәкілетті органға өтініш жасауға міндетті;

наркологиялық көмек көрсететін, және психоневрологиялық ұйымдардан, үміткердің жергілікті жері бойынша берілген, медициналық ұйымдардан медициналық анықтамасын, сотталмағадығы туралы анықтаманы ұсынуға міндетті;

.

3. Кәсіпқой емес медиаторлар Тізілімі мыналарды қамтиды:

1) медиатордың тегін, атын, әкесінің атын(болған жағдайда);

2) медиатордың заңды мекенжайын;

3) медиатордың байланыс мәліметтерін (пошталық мекенжайы немесе электрондық пошта мекенжайы, телефоны немесе телефакс нөмірі);

4) медиация саласы бойынша дерегі, медиатор маманданатын;

5) медиатордың медиацияны жүзеге асыра алатын тілі туралы дерек;

6) медиатор қызметін тоқтату туралы деректі.

4. Медиаторлар уәкілетті органмен, жазбаша ескертпе тәртібінде сәйкес өтініш алынған күннен он күн аралығында, осы баптың 2 тармағына және осы Заңның 9 бабы талаптарына сәйкес болған жағдайда, кәсіпқой емес медиаторлар Тізіліміне енгізіледі.

Кәсіпқой емес медиаторлар Тізіліміне енігзілмеген жағдайда, уәкілетті орган сәйкес өтініш алынған күннен, бас тарту себептері туралы жазбаша дәлелді жауап беруге міндетті.

5. Медиаторлар, медиаторлар тізіліменен күнтізбелік жыл өткесін, егер сәйкес жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде кезекті күнтізбелік жылға Тізілімде болу мерзімін ұзарту туралы медиатордың өтініші ұсынылмағанда Тізілімнен шығарылады. Тізілімде болу мерзімін ұзарту туралы өтініш электрондық түрде электрондық уәкілетті органның мекенжайына ұсынылуы мүмкін.

6.Кәсіпқой емес медиаторлар Тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде, болмаса қоғамдық қолжетімді орындарда орналастырлуы тиіс және оған медиаторларды енгізуге қарай жаңартылады.

Уәкілетті кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін мерзімдік баспасөз басылымдарында жариялауға құқылы.

Медиаторларды таңдау рәсімі

1. Жергілікті қауымдастық мүшелерінің жиналысы(жиынын) өткізіледі.

2. Медиаторға үміткер жергілікті қауымдастық қатарынан(40 жастан кем емес, мемлекеттік функциялар орындауға уәкілетті емес және оларға теңестіліген, белгіленген заңнамалық тәртіпте оған қатысты қылмыстық іздестіру жүргізілмейтін, белгіленген заңнамалық тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған сотталуының болуы) таңалады.

3. Жиналыс(жиын) хаттамасы 10 күн аралығында қладағы аудан әкіміне, аудандық маңыздағы қала, кент, ауыл (село) ауылдық (селолық) округ әкіміне(бұдан әрі- Әкім), мынадай құжаттарды қоса отырып, жіберіледі:

  • кәсіпқой емес медиаторлар Тізіліміне енгізу туралы үміткердің өтініші;
  • үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі (жеке куәлігінің түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды түрде расталған көшірмесі, салғыстыру үшін);
  • наркологиялық көмек көрсететін, және психоневрологиялық ұйымдардан, үміткердің жергілікті жері бойынша берілген, медициналық ұйымдардан медициналық анықтамасы;

— сотталмағандығы туралы анықтама.

4. Әкім өтінішті алғаннан соң 10 күн аралығында барлық құжаттарын тексеруге міндетті және үміткер заңнама талаптарына сәйкес болған жағдайда үміткерді кәсіпқой емес медиаторлар Тізіліміне енгізеді, ол туралы жазбаша түрде түсіндірме жазады.

Медиаторды кәсіпқой емес медиаторлар Тізіліміне енгізбеген жағдайда, әкім сәйкес өтініш алған күннен соң он күн аралығында бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәледі жауап беруге міндетті.

5. Әкім кәсіпқой емес медиаторлар Тізілімін аулдық (селолық) округ әкімі аппаратының интернет-ресурсана қазақ және орыс тілдерінде болмаса, қоғамдық қолжетімді орындарға орналастырады және оны оған медиаторларды енгізген сайын жаңартып отырады.

Әкім кәсіпқой емес медиаторлар Тізілімін мерзімдік баспалық баслымдарда жариялауға құқылы.

Петропавл қаласының аумағында митингтер өткізу тәртібі қандай?

Аталмыш мәселе «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 Заңымен регламенттеледі.

Қызметкердiң еңбек қызметiн қандай құжаттар растайды?

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Еңбек кодексiнің 34-бабына сәйкес қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттар мына құжаттардың кез келгенi болып табылады:

1) еңбек кiтапшасы;

2) тоқтату күнi мен оны тоқтатудың негiзi туралы жұмыс берушiнiң белгiсi бар еңбек шарты;

3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негiзiнде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушi актiлерiнен үзiндi көшiрмелер;

4) қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзiндi көшiрмелер;

5) жұмыс берушiнiң қолы қойылған, ұйымның мөрiмен расталған не нотариат растаған қызмет ету тiзiмi (қызметкердiң жұмысы, еңбек қызметi туралы мәлiметтер тiзбесi);

6) қызметкердiң еңбек қызметi туралы мәлiметтер қамтылған мұрағаттық анықтама.

Нормативтiк құқықтық актiлер сатысы

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күшi бар.

2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заң күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:

1) Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн Заңдар:

2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлықтары;

2-1) Қазақстан Республикасының Кодекстерi;

3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары;

4) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк жарлықтары;

6) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;

7) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң нормативтiк қаулылары;

7-1) 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8) мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары, әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi.

3. Төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.

4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады.

5. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заң актiлерiмен белгiленедi.

6. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негiзделедi және барлық өзге нормативтiк құқықтық актiлер оларға қайшы келуге тиiс емес.

Аумақтық кәсiподақтар бiрлестiгiнiң негiзгi функциялары

«Кәсiптiк одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ 12-бабының 4-тармағы аумақтық кәсiподақтар бiрлестiгiнiң негiзгi функциялары:

1) өзiнiң мүшелiк ұйымдарының құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру, қорғау;

2) өңiрлiк деңгейде әлеуметтiк әрiптестiк жүйесiн дамытуға жәрдемдесу;

3) өңiрлiк жұмыс берушiлер бiрлестiктерiмен және Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өңiрлiк келiсiм жасасу кезiнде әлеуметтiк әрiптестiк тарапы болып әрекет ету, келiсiм жобасын дайындау және оны жасасу жөнiндегi келiссөздерге қатысу;

4) әлеуметтiк әрiптестiк жөнiндегi өңiрлiк үшжақты комиссияның жұмысына қатысу;

5) жарғылық мақсаттарды iске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Мақаланың шыққан күнi: 2012.03.02 11:26

Парақтағы соңғы өзгерiстер: 2015.04.30 16:45

Жаңалықтар күнтізбесі

Инвестиционная декларация Северо-Казахстанской области

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Террористiк актiлердi
болдырмау жөнiндегi
халыққа арналған
жадынама

Ресми интернет-ресурсты
жақсарту үшін Сіздің
ескертулерініз бен
ұсыныстарыңыз


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес
ТИЦ