A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Өнеркәсiп. 2016 жылы бойынша облыстың өнеркәсiптiк кәсiпорындарымен қолданыстағы бағамен 198 031,9 млн. теңге сомаға өнiм шығарылды, бұл 2015 жылдан 0,5% -ға жоғары.

Өнеркәсiптiк өндiрiс құрылымында ең көп үлестi алатын өңдеу өнеркәсiбiнде (72,8%) 2016 жылы 144 188,8 млн. теңгеге өнiм өндiрiлген.

2016 жылы бойынша СҚО бойынша өңдеу өнеркәсiбiнiң құрылымы

2016 жылы тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi 87 052,9 млн. теңгенi құрады, заттай түрде өңделген ұн — 41,4%, ыстық нан — 10,5%, кондитер өнiмдерi — 21,2%, мал арналған дайын жем-шөп — 4,5%.

Өңдеу өнеркәсiбi көлемiнiң 22,9%-ын алатын машина жасау саласында 33 093,8 млн. теңге сомаға өнiм өндiрiлдi және өндiрiстiк сипаттағы қызмет көрсетiлдi.

Резеңке және пластмасса өнiмдерiнiң өндiрiсiнде 4 292,1 млн. теңгеге өнiм шығарылды, басқа да металл емес минеральдiк өнiмдер 4 701,6 млн. теңгеге шығарылды.

2016 жылы электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласының көлемi 2015 жылғы қаңтар- желтоқсанмен салыстырғанда 8,4% өсiп, 43 354,3 млн. теңгенi құрады.

2016 жылы сумен жабдықтау саласының көлемi 7318,0 млн. теңгенi құрады, бұл 2015 жылдан 6,0% жоғары.

Ауыл шаруашылығы. 2016 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң өндiрiс көлемi 411 485,6 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi 2015 жылға 101,7%.

Ет өндiрiсi 91,8 мың тоннаны немесе 2015 жылға 101,3% құрады.

Сүт — 525,5 мың тонна (104,3%),

Жұмыртқа — 584,7 млн. дана (99,4%).

2017 ж. 01.01. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

IҚМ — 330,4 мың бас (100,9%);

с.i. сиыр — 168,5 мың бас (101,1%);

қой мен ешкi — 373,4 мың бас (102,3%);

жылқы — 111,5 мың бас (102,0%);

шошқа — 141,8 мың бас (84,7%);

құс — 4 018,8 мың бас (110,7%).

Инфляция. 2016 жылғы қаңтар- желтоқсан айының нәтижесi бойынша тауарлар мен қызметтердiң бағасы 8,2% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 0,3% жоғары. Азық-түлiк тауарлардың бағасы 9,6%, азық-түлiк емес тауарлардың бағасы 9,5%, ақылы қызметтердiң бағасы 5,4% қымбаттады.

Кәсiпкерлiк. 2017 жылғы 1 қантардағы облыста базарлардағы шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеп жатқан субъектiлерiнiң саны 28 683 бiрлiктi құрады.

2016 жылғы қантар-желтоқсан айлары бойынша тұтыну баға индексi %-те

Негiзгi капиталға инвестициялар. 2016 жылда қоса есептеумен негiзгi капиталға инвестициялар көлемi 167 066,2 млн. теңгенi немесе 2015 жылғы ұқсас кезеңге 105,1 пайызды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздерi кәсiпорындар, ұйымдар және тұрғындардың меншiктi қаражаты (жалпы көлемнен 65,4%), бюджеттiк қаражат (23,9%), басқа қарыз қаражат (7,4%) банк кредиттерi (3,3%) болып табылады.

Негiзгi капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар өнеркәсiп (30,4%), ауыл, орман және балық шаруашылығы (15,7%), көлiк және қоймалау (23,8%), жылжымайтын мүлiкпен жасалатын операциялар (16,2%), бiлiм беру (2,3%).

Тұрғын үй құрылысы. 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан айында облыс аумағында жалпы ауданы 164 256 ш.м. тұрғын үй енгiзiлдi, бұл 2015 жылғы сәйкес кезеңiне 117% құрайды.

Сумен жабдықтау. 2016 жылға «Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту» бағдарламасы аясында сумен жабдықтауға республикалық бюджеттен — 1 475,9 млн. теңге (с.i. ауыз су беру қызметтерiн субсидиялауға 1075,1 млн. теңге), облыстық бюджеттен — 1 134,9 млн. теңге (с.i. ауыз су беру қызметтерiн субсидиялауға 933,6 млн. теңге) бөлiндi.

Су бұру объектiлерiн салу мен реконструкциялауға республикалық бюджеттен 756 млн. теңге, облыстық бюджеттен — 61,6 млн. теңге бөлiндi.

2016 жыл нәтижесi бойынша РБ-дан 2 231,9 млн. теңге және ЖБ-дан 1 175,4 млн. теңге бөлiндi.

Бұдан басқа, 2016 жылға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн реконструкциялауға 3,287 млрд. теңге бөлiндi. 2016 жылы объектiлер бойынша игеру 2 454,1 млн. теңгенi немесе 74,7% (жалпы бөлiнген сомадан 3 287 млн. теңге) құрады. Жобаларды iске асыру кезеңi 2016-2017 жылдар.

2016 жыл нәтижесi бойынша «Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту» бағдарламасы аясында 2 елдi мекеннiң (халық саны 12 042 адам) сумен жабдықталуы жақсарды, 2 елдi мекенге (халық саны 453 адам) су берiлдi. Ауылдардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетiмдiгi 56,3 % дейiн ұлғайды (2015 жыл соңына қарай 55,8% құрады).

Бюджеттiк қаражаттан басқа халықаралық қаржы институттарының қарыз қаражаты да тартылады.

2016 жылы 3,85 млрд. теңге сомаға с.i. РБ қоса қаржыландыру — 1 500 млн. теңге, ЖБ — 150 млн. теңге) Еуропа реконструкциялау және даму банкiнiң тартылған қарызы аясында Петропавл қ. «Қызылжар су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiн жаңғырту жобасы iске асырыла бастады.

Осы жобаны iске асыру қолданыстағы сумен жабдықтау желiлерiнiң тозуын 2020 жылға қарай 72%-дан 60,2%-ға дейiн төмендетуге мүмкiндiк бередi.

Әлеуметтiк қорғау. 2016 жылға өкiлеттi органдарда тiркелген жұмыссыздар саны 996 адамды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 8 пайызға артық. Экономикалық белсендi халық санынан тiркелген жұмыссыздар үлесi 0,3 пайызды құрады, бұл өткен жылғы деңгейде.

2016 жылға 10621 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 23286 жұмыссызға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетiлдi. Қоғамдық жұмыстарға 4060 адам жiберiлдi.

2016 жылға 536 аз қамтылған азаматтарға 54,1 млн теңге сомада атаулы әлеуметтiк көмек белгiлендi.

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға 78,1 млн. теңге сомада мемлекеттiк ай сайынғы жәрдемақы 2151 өтiнiш берушiлерге (5143 балаға) белгiлендi.

Бiлiм. Бала бақшалардың жалпы саны 78 бiрлiктi құрайды, соның iшiнде: 66 — мемлекеттiк, 12 — жекеменшiк. Бұдан басқа, 1 «Мектеп-бала бақша» кешенi, 466 шағын-орталық (9 жекекменшiк) жұмыс атқарады.

2016-2017 оқу жылының басына облыстағы жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жүйесi 517 бiрлiктi құрайды.

2016 жылы бiлiм жүйесiн дамытуға 49,5 млрд. теңге бөлiндi. 2017 жылғы 1 қаңтарға жоспар 49,5 млрд. теңге бола тұра, игерiлу 49,2 млрд. теңгенi немесе 99,4% құрады.

Ұлттық қордан нысаналы трансферттер есебiнен 1710,3 млн. теңге бөлiнген, соның iшiнде:

  • СҚО Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның Новоишимское а. 200 орынға арналған жатын орнымен 400 орынды мектеп-интернат құрылысы — 898,9 млн. теңге. Есептi кезең жоспарындағы 898,9 млн. теңгеден игерiлу 898,9 млн. теңгенi құрайды.
  • СҚО Тайынша ауданы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы к., 255А мекенжайындағы 300 орынды мектеп құрылысы — 439,1 млн. теңге. 2017 жылғы 1 қаңтарға жоспар 439,1 млн. теңге бола тұра, игерiлу 439,1 млн. теңгенi құрады.
  • СҚО Петропавл қаласы Мир-Строительная көшелерiндегi 320 орынды балабақша құрылысы — 372,3 млн. теңге. 2017 жылғы 1 қаңтарға жоспар 372,3 млн. теңге бола тұра, игерiлу 372,3 млн. теңгенi құрады.

Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен бiлiм объектiлерiн дамытуға 2016 жылы 1150,6 млн. теңге бөлiндi, соның iшiнде мыналарға:

СҚО Петропавл қаласы Мир-Строительная көшелерiндегi 320 орынды балабақша салу — 72,3 млн. теңге. 2017 жылғы 1 қаңтарға жоспар 72,3 млн. теңге бола тұра, игерiлу 70,9 млн. теңгенi құрады, төлем орындалған жұмыс фактiсi бойынша жүргiзiлдi;

СҚО Қызылжар ауданының Бәйтерек а. 300 оқушыға арналған мектеп салуға жоспардағы 824,3 млн. теңгеден, есептi кезең жоспарындағы 824,3 млн. теңгеден игерiлу 824,3 млн. теңгенi құрады;

СҚО Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның Новоишимское а. 200 орынға арналған жатын орнымен 400 орынды мектеп-интернат салу — 160,9 млн. теңге, есептi кезең жоспарындағы 160,9 млн. теңгеден игерiлу 160,9 млн. теңгенi құрады;

СҚО Тайынша ауданы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы к., 255А мекенжайындағы 300 орынды мектеп салу — 93,1 млн. теңге, есептi кезең жоспарындағы 93,1 млн. теңгеден игерiлу 93,1 млн. теңгенi құрады;

Бiлiм объектiлерiнiң күрделi шығыстарына 2636,0 млн. теңге бөлiндi. Есептi кезең жоспарындағы 2636,0 млн. теңгеден игерiлу 2615,6 млн. теңгенi немесе 99,2% құрады.

Денсаулық сақтау. 2017 жылғы 1 қаңтарға облыстың денсаулық сақтау жүйесi 3748 кереуетке арналған 25 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желiсiмен ұсынылды, одан 3723 төсек орынға арналған 24 мемлекеттiк, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншiк, 127 амбулаторлық-емханалық мекеме: 72 — мемлекеттiк (соның iшiнде 3 өзiндiк емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы, 67 дәрiгерлiк амбулатория), жеке меншiк — 55 заңды тұлға. Бұдан басқа, 49 ФАП, 445 медициналық пункт бар.

2016 жылға «Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 25 млрд. 376 млн. теңгенi құрады, 2017 жылғы 1 қаңтарға 25 млрд. 349,3 млн. теңге игерiлдi, соның iшiнде:

Денсаулық сақтау объектiлерiн күрделi жөндеуге — 640,4 млн. теңге (РБ — 108,4 млн. теңге, Ұлттық қордан НТ — 194,2 млн. теңге, ЖБ — 337,8 млн. теңге), 639,3 млн. теңге игерiлдi (РБ — 108,4 млн. тенге, Ұлттық қордан НТ — 193,1 млн,тенге, ЖБ — 337,8 млн. тенге);

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар — 532,1 млн. теңге (шығындарды өтеуге РБ-дан НТ — 120 млн. теңге, ЖБ — 412,1 млн. теңге), 532,1 млн. теңге игерiлдi (шығындарды өтеуге РБ-дан НТ — 93,9 млн. теңге, ЖБ — 412,1 млн. теңге);

Денсаулық сақтау объектiлерiн салуға ЖБ қаражаты есебiнен — 30 мың теңге, есептi кезеңге жоспар — 30 мың теңге, игерiлу 28,6 мың теңге. 

Ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiн өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл 2016 ж. 2015 ж. %
Ет, тірі салмағы мың тонна 91,9 90,6 91,8 101,3
Сүт мың тонна 473,3 504,1 525,6 104,3
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 543,0 583,7 584,7 99,4

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлiмет бойынша 2016 жылғы қаңтар-қараша облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 173,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2015 жылғы ұқсас кезеңнен 2,5%-ға артық. Бұл ретте, экспорт — 97,3 млн АҚШ долларын (12,2%-ға ұлғаюмен), импорт — 75,9 млн АҚШ долларын (7,7% қысқарумен) құрады.

Экспорт бойынша негiзгi әрiптестерi: Ауғанстан (барлық экспорт көлемiнiң 45,7%-ы), Өзбекстан (15,0%-ы), Тәжiкстан (9,5%-ы), Бельгия (6,6%-ы), Польша (4,1%-ы) болып табылады.

Экспорттық жеткiзулерде айтарлықтай үлестi келесi тауарлық топтардың өнiмдерi алады: «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (барлық экспорт көлемiнiң 99,4%-ы немесе 96,7 млн. АҚШ доллары), «Былғары шикiзаты, аң терiсi және олардан жасалған өнiмдер» (0,2%-ы немесе 0,2 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнiмнiң жетекшi жеткiзушiлерi: АҚШ (барлық импорт көлемiнiң 21,8%-ы), Қытай (18,3%-ы), Израиль (15,3%-ы), Украина (7,6%-ы) Германия (6,8%-ы) болып табылды.

Импорттық жеткiзулердiң құрылымында негiзгi үлестi келесi тауарлық топтардың өнiмi алады: «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, приборлар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемiнiң 56,5%-ы немесе 42,9 млн. АҚШ доллары), «Химия өнеркәсiбiнiң және оған байланысты өнеркәсiп салаларының өнiмдерi» (17,5%-ы немесе 13,39 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (10,9%-ы немесе 8,3 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (6,9%-ы немесе 5,2 млн. АҚШ доллары).

Сыртқы сауда айналымы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Статистика комитетiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2016 жылғы қаңтар-қазандағы Солтүстiк Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемi 239,7 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, экспорт — 30,1 млн. АҚШ доллары, импорт — 209,6 млн. АҚШ доллары.

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2016 жылы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2016 жылы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2016 жылы бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2016 жылы бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Мақаланың шыққан күні: 03.08.2017 18:34
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.08.2017 18:49
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы