A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының нәтижелерi туралы анықтама

Өнеркәсiп. 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айының нәтижесi бойынша облыстың өнеркәсiптiк кәсiпорындарымен қолданыстағы бағамен 160 999,3 млн. теңге сомаға өнiм шығарылды, бұл 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейiнен 5,4%-ға жоғары.

Өнеркәсiптiк өндiрiс құрылымында ең көп үлестi алатын өңдеу өнеркәсiбiнде 70,4%), 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек 113 347,2 млн. теңгеге өнiм шығарылды немесе бұл 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейiнен 4,9%-ға жоғары.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айы бойынша СҚО бойынша өңдеу өнеркәсiбiнiң құрылымы

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi 68985,9 млн. теңгенi құрады, заттай түрде ет және iшек-қарын өнiмдерiнiң өндiрiсi артты — 10,4%, өңделген сүт — 29,3%, сары май — 15,5%, ұн — 6,4%, iрiмшiк және сүзбе — 18,0%, кондитер өнiмдерi — 11,0%, макарондар — 7,4%, малға арналған дайын жем-шөп-6,4%.

Өңдеу өнеркәсiбi көлемiнiң 25,7%-ын алатын машина жасау саласында 29136,4 млн. теңге сомаға өнiм өндiрiлдi және өндiрiстiк сипаттағы қызмет көрсетiлдi, бұл 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек көлемiнен 2,2 есе жоғары.

Резеңке және пластмасса өнiмдерiнiң өндiрiсiнде 3601,8 млн. теңгеге өнiм шығарылды немесе бұл 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейiнен 22,6%-ға жоғары.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйек электрмен жабдықтау, газ, бу беру саласының көлемi 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек айымен салыстырғанда 6,0% жоғарлап, 40137,3 млн. теңгенi құрады.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйек сумен жабдықтау саласының көлемi 6387,8 млн. теңгенi құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейiнен 7,3% жоғары.

2017 жылы Кәсiпкерлердi қолдау картасы аясында 151 жаңа жұмыс орын құрумен құны 6,6 млрд.тенге сомаға 8 жобаны енгiзу жоспарлануда.

Одан 1 046 млн. теңгеге 2 жоба енгiзiлдi, 10 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Ауыл шаруашылығы. 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң өндiрiс көлемi 368 312,6 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейiне 102,6%.

Ет өндiрiсi (тiрiдей салмақта) 67,5 мың тоннаны немесе 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейiне 100,9% құрады.

Сүт — 453,6 мың тонна (103,3%),

Жұмыртқа — 529,3 млн. дана (116,1%).

2017 ж. 01.10. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:

IҚМ — 364,7 мың бас (103,0%);

с.i. сиыр — 191,0 мың бас (104,4%);

қой мен ешкi — 387,7 мың бас (102,7%);

жылқы — 115,3 мың бас (104,1%);

шошқа — 191,2 мың бас (97,3%);

құс — 5147,1 мың бас (105,6%).

Инфляция. 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айының нәтижесi бойынша тауарлар мен қызметтердiң бағасы 5,0% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 0,8% жоғары. Азық-түлiк тауарлардың бағасы 3,7%, азық-түлiк емес тауарлардың бағасы 4,4%, ақылы қызметтердiң бағасы 7,2% қымбаттады.

Кәсiпкерлiк. 2017 жылғы 1 қазанға облыста базарлардағы шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеп жатқан субъектiлерiнiң саны 28 213 бiрлiктi құрады немесе 2016 жылғы сәйкес дата деңгейi 4,1% жоғары.

2017 жылғы қантар-қыркүйек айлары бойынша тұтыну баға индексi %-те

Негiзгi капиталға инвестициялар. 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айында негiзгi капиталға инвестициялар көлемi 122 726,6 млн. теңгенi немесе 2016 жылғы ұқсас кезеңге 105,2 пайызды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздерi кәсiпорындар, ұйымдар және тұрғындардың меншiктi қаражаты (жалпы көлемнен 63,1%), бюджеттiк қаражат (16,5%), банк кредиттерi (13,8%) және басқа қарыз қаражат (6,6 %) болып табылады.

Негiзгi капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (43,2%), өнеркәсiп (20,9%), әкiмшiлiк және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметтер (9,9%) келедi және жылжымайтын мүлiкпен операцияларға (8,4%).

2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айында құрылыс жұмыстарының көлемi 37 193,3 млн. теңгенi құрады, бұл 2016 жылғы ұқсас кезеңге 87,6% құрайды.

Тұрғын үй құрылысы. 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айында облыс аумағында жалпы ауданы 80 986 ш.м. тұрғын үй енгiзiлдi, бұл 2016 жылғы ұқсас кезеңiне 133,5% құрайды.

Сумен жабдықтау. «Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту» бағдарламасы аясында бөлiнгенi:

  • АЕМ сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн дамытуға, ЖСҚ әзiрлеуге — 2 083 млн. теңге (РБ — 1 690,7 млн. теңге, ЖБ — 392,3 млн. теңге). Ү.ж. 1 қазандағы жағдай бойынша 1 326,8 млн. теңге игерiлдi;
  • «Петропавл қ. тазарту кәрiз имараттарының қолда бар технологиялық сызбаларын жаңғыртуды аяқтау — реконструкциялаудың 4 кезеңi» жобасы бойынша — 50 млн. теңге. Ү.ж. 1 қазандағы жағдай бойынша 48,6 млн. теңге игерiлдi;
  • сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын аса маңызды топты және жергiлiктi сумен жабдықтау жүйелерiнен су беру қызметiнiң құнын субсидиялауға — 2 232,4 млн. теңге. Ү.ж. 9 айдағы жоспар 1 715,6 млн. теңгенi құрады, игеру күнтiзбелiк жоспардан 100%.

Әлеуметтiк қорғау. 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекке өкiлеттi органдарда тiркелген жұмыссыздар саны 4201 адамды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 2,1 есе артық. Экономикалық белсендi халық санынан тiркелген жұмыссыздар үлесi 1,4 пайызды құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезенгi деңгейден 0,8 пайызға артық.

2017 жылғы 1 қазанға 11990 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 25592 жұмыссызға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетiлдi. Қоғамдық жұмыстарға 3248 адам жiберiлдi.

2017 жылғы 1 қазанға 1329 азаматқа 33,9 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтiк көмек белгiлендi.

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға 54,1 млн. теңге сомада мемлекеттiк ай сайынғы жәрдемақы 1,6 мың отбасына (4,0 мың балаға) белгiлендi.

Бiлiм. Бала бақшалардың жалпы саны 78 бiрлiктi құрайды, соның iшiнде: 67 — мемлекеттiк, 11 — жекеменшiк. Бұдан басқа, 1 «Мектеп-бала бақша» кешенi, 443 шағын-орталық (8 жекекменшiк) жұмыс атқарады.

2017-2018 оқу жылының басына облыстағы жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жүйесi 498 бiрлiктi құрайды.

Бiлiм жүйесiн дамытуға 2017 жылы 47,5 млрд. теңге бөлiндi. 2017 жылғы 1 қазан жоспарындағы 36,3 млрд. теңгеден игерiлу 36,3 млрд. теңгенi немесе 99,9% құрады.

Бiлiм объектiлерiнiң күрделi шығыстарына 1984,4 млн. теңге бөлiндi. Есептi кезең жоспарындағы 1709,2 млн. теңгеден игерiлу 1703,8 млн. теңгенi немесе 99,7% құрады

Денсаулық сақтау. 2017 жылғы 1 қазанға облыстың денсаулық сақтау жүйесi 3576 төсек орынға арналған 25 ауруханадан тұратын емдеу-алдын алу ұйымдарының желiсiмен ұсынылды, одан 3551 төсек орынға арналған 24 мемлекеттiк, 25 төсек орынға арналған 1 жеке меншiк, 120 амбулаторлық-емханалық мекеме: 64 — мемлекеттiк (соның iшiнде 3 өзiндiк емхана, облыстық балалар стоматологиялық емханасы, ЖҚТБ орталығы), жеке меншiк — 56 заңды тұлға, 59 дәрiгерлiк амбулатория. Бұдан басқа, 51 ФАП, 442 медициналық пункт бар.

Денсаулық сақтау саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 12 млрд. 725,5 млн. теңгенi құрады. 2017 жылғы 1 қазан жоспарындағы 9 млрд. 491 млн. теңгеден 9 млрд. 444,1 млн. теңге немесе 99,5% игерiлдi, соның iшiнде:

Денсаулық сақтау объектiлерiн күрделi жөндеуге жылдық жоспар — 618,8 млн. теңге (ЖБ — 618,8 млн. теңге) құрады, есептi кезең жоспарындағы 485,7 млн. теңгеден 485,7 млн. теңге игерiлген.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар — 1 млрд. 718,6 млн. теңге (РБ — 515 млн. теңге, ЖБ — 1 млрд. 203,6 млн. теңге), есептi кезең жоспарындағы 980,8 млн. теңгеден (ЖБ — 980,8 млн. теңге) 980,8 млн. теңге игерiлген (ЖБ — 980,8 млн. теңге).

Ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiн өндiру

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2015 жыл 2016 жыл Қаңтар-қыркүйек 2017 ж. 2016 ж. %
2016 жыл 2017 жыл
Ет, тірі салмағы мың тонна 90,6 91,8 66,9 67,5 100,9
Сүт мың тонна 504,1 525,6 439,0 453,6 103,3
Жұмыртқа, барлығы млн. дана 583,7 584,7 456,1 529,3 116,1

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлiмет бойынша 2017 жылғы қаңтар-тамыда облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 125,7 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылғы ұқсас кезеңнен 3,2% кем. Бұл ретте, экспорт — 64,1 млн АҚШ долларын (3,5% қысқарумен), импорт — 61,6 млн. АҚШ долларын (3,0% қысқарумен) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 2,5 млн. АҚШ долларында оң қалыптасты.

Экспорт бойынша негiзгi әрiптестерi: Ауғаныстан (барлық экспорт көлемiнiң 39,4%), Өзбекстан (14,9%), Тәжiкстан (9,9%), Қытай (9,8%), Латвия (6,8%).

Экспорттық жеткiзулерде айтарлықтай үлестi келесi тауарлық топтардың өнiмдерi алады: «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (барлық экспорт көлемiнiң 99,4%-ы немесе 63,7 млн. АҚШ доллары), «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, құралдар мен аппараттар» (0,5 пайыз немесе 0,3 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнiмнiң жетекшi жеткiзушiлерi: Қытай (барлық импорт көлемiнiң 31,6%), Швеция (12,3%), Германия (8,6%), Украйна (5,4%), АҚШ (4,9%), Польша (4,8%).

Импорттық жеткiзулердiң құрылымында негiзгi үлестi орынды келесi тауарлық топтардың өнiмi алады: «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемiнiң 53,1%-ы немесе 32,7 млн. АҚШ доллары), «Химия өнеркәсiбiнiң және оған байланысты өнеркәсiп салаларының өнiмдерi» (22,2%-ы немесе 13,7 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (9,7%-ы немесе 6,0 млн. АҚШ доллары), «Ағаш, орман материалдары және қағаз-қағаздан жасалған бұйымдар» (5,2%-ы немесе 3,2 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (4,9%-ы немесе 3,0 млн. АҚШ доллары).

Сыртқы сауда айналымы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2017 жылғы қаңтар-шiлде айларында Солтүстiк Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемi 214,7 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылғы ұқсас кезеңнен 1,4 есе артық. Бұл ретте, экспорт — 26,6 млн. АҚШ доллары (28,5% ұлғайды), импорт — 188,1 млн. АҚШ доллары (1,5 есе ұлғайды).

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемiнiң индексi

Мақаланың шыққан күні: 24.10.2017 10:58
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.11.2017 17:31
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы