A- A A+
Мұрағат

Солтүстік қазақстан облысының әкімі Е.Х. Сұлтановтың тұрғындар алдындағы есебі, 2017 жылы 22 ақпан

Қазақстан Республикасы Президентінің “Орталық атқарушы органдар басшыларының, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халық алдында есеп беру кездесуін өткізу туралы” 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес 2017 жылдың 22 ақпан күні сағат 15-те Петропавл қаласындағы Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Хамзаұлы Сұлтановтың халық алдындағы жыл сайынғы есеп беру кездесуі өтеді. Облыс әкімінің есебін муниципалдық телерадиоарнаның сайтынан, сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсынан www.sko.gov.kz көре аласыздар.

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

31 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.

Мемлекет басшысы жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру жөнінде бірқатар міндеттер қойды.

Президенттің Қазақстанды саяси жаңғырту жөніндегі бастамасы күшті және тиімді мемлекет құруға бағытталған.

Конституциялық реформаның негізіне “Күшті Президент – Беделді Парламент – Есеп беретін Үкімет” қағидаты алынған.

Парламенттің сапалы заңдар қабылдауына және Үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саладағы істер жағдайына жауапкершілігі айтарлықтай күшейтіледі.

Конституциялық реформаларды жүзеге асыруда Мемлекет басшысына заңдар күшіне енгенге дейін және одан кейін Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы Конституциялық кеңеске өтініш жолдау құқығының берілуі маңызды.

Былтыр біздің еліміз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтті. Бұл жас мемлекеттің қалыптасуының және гүлденуінің жылдары болды. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан әлемдік қауымдастықта өзінің лайықты орнын алды.

2017 жылы біздің еліміздің дамуында жаңа кезең басталады. Мемлекет басшысының таңдап алған жаңғырту бағыты экономикамыздың жоғары қарқынын және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді қамтамасыз етеді.

Мен Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының бұрынғы кездегідей Президент бастамасын қолдайтынына және алға қойған міндеттерді шешуге лайықты үлес қосатынына сенемін.

Қымбатты достар!

2016 жылы біз ұзақмерзімді “Қазақстан – 2050” Стратегиясы мен “Нұрлы жол” бағдарламасы шеңберінде жұмыс істедік.

Өткен жыл “Бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам” Ұлт жоспарын орындаудың нақты кезеңі ретінде ерекшеленді. Жоспарды жүзеге асыру экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын қалпына келтіруге бағытталған мемлекеттің дағдарысқа қарсы ауқымды шараларды қалыптастырды.

Қаңтар айының соңында барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен есепті кездесулері басталды. Бұл кездесулер жергілікті атқарушы биліктің жұртшылықпен тиімді диалог орнатуына, тұрғындар үшін өзекті мәселелерді анықтауына және оларды бірлесіп шешу жолдарын табуына көмектеседі.

Облыс бойынша тұтастай алғанда өткен жылдың қорытындысында дамудың оң серпіні байқалады, макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілген.

Өңірлік жалпы өнімнің нақты өсімі 2016 жылы 1 пайыз деңгейінде (883,2 млрд. теңге) күтілуде.

Бюджет

2016 жылы 38,0 млрд. теңге кіріс жиналған. 2015 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 18,5 пайыз болды. Бюджеттің шығыс бөлігі 99,6 пайызға орындалды.

2016 жылы облыс экономикасына алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,9 пайыз өсіммен 165,7 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Инвестициялар

Солтүстік Қазақстан облысында инвестиция тартуға ерекше көңіл бөлінуде. Инвестицияның басым бөлігі ауыл шаруашылығына (34,3 пайыз), өнеркәсіпке (27,4 пайыз) және көлік пен қоймалауға (16,9 пайыз) тиесілі.

Өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру шеңберінде өткен жылы шетел инвестициясын тарту және облыс әлеуетінің тұсаукесері бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Инвесторлармен тура диалог жүргізуді қамтамасыз ету үшін Инвесторлардың өңірлік кеңесі құрылды және жұмыс істейді. Былтыр кеңестің екі отырысы өтті. Түпкілікті мақсаты облыс аумағында инвестициялық жобаларды қолдау мен жүргізу болып табылатын Инвестициялық мәлімдемеге қол қойылды.

Біз әртүрлі кездесулер, сапарлар барысында Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері туралы мақсатты аудиторияны кеңінен хабардар етеміз.

Былтыр Астана қаласында 33 дипломатиялық миссияның жетекшілерімен бизнесланч өткіздік. Осы кездесудің нәтижесінде Эстонияның, Германияның, Малайзияның, Швецияның, Қытайдың, Ресейдің және басқа да елдердің іскер топтарының өкілдері облысымызға іссапармен келіп, ынтымақтастықтың мүмкін бағыттарын талқылады. Жекелеген бағыттар бойынша қазірдің өзінде бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Инвесторлар үшін негізгі қызығушылық агроөнеркәсіптік кешен мен ауыл шаруашылығы машиналарын жасау салалары болып табылады.

Екінші халықаралық “Kyzylzhar Invest 2016” инвестициялық форумы (бірінші форум 2014 жылы болды) табысты өтті, оның шеңберінде қазір ынтымақтастық туралы 22 меморандум жүзеге асырылуда.

Жұмыс істеп тұрған және ықтимал инвесторлармен өзара іс-әрекет жасау үшін Солтүстік Қазақстан облысының investinsko инвестициялық порталы ашылды.

Өңірдің Инвестициялық стратегиясы жасалуда, ол одан әрі инвесторлар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-әрекеттері үшін бағдар болмақ.

Агроөнеркәсіптік кешен

Өңіріміздің негізгі саласы агроөнеркәсіптік кешен болып табылады.

Саланың үлесіне өңірлік жалпы өнімнің ширек бөлігі тиесілі. 2016 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 1,8 пайызға өсті және 416,7 млрд. теңгені құрады.

Жыл сайын біз алыс және жақын шетелдерге 1,5 млн. тонна сапалы солтүстікқазақстандық астықты, 250 мың тонна ұнды, 150 мың тонна майлы дақылдардың тұқымын экспортқа шығарамыз.

Аграрлық сектордың дамуындағы табыстар, ең алдымен, Елбасының сындарлы мемлекеттік саясатына, оның аграрлық кешенді қуатты қолдауына және елімізде жасалған қолайлы жағдайларға байланысты болып отыр.

2016 жылы ауыл шаруашылығы өндірісіне демеуқаржы үшін бюджеттен 31,5 млрд. теңге бөлінді, бұл 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,8 есе көп.

Облысымызда егіншілікті әртараптандыру жүргізіліп жатыр, ол бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған дақылдарды өсіруге қайта бағдарланған.

2016 жылы облыс диқандары гектар берекелігін орташа есеппен 17,2 центнерге жеткізіп, 5,5 миллион тонна астық жинады.

Жаңа элеваторлық қуаттар, астық кептіргіштер салу мен іске қосу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Бүгіндері өңірімізде жиналған астықты сақтау үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Облысымызда лицензия алған 52 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Олардың жалпы сыйымдылығы 86 мың тонна болатын төртеуі 2016 жылы пайдалануға берілді (3,2 млрд. теңге инвестиция). Соның нәтижесінде астықты қабылдау мен сақтау үшін сыйымдылық көлемі 6,6 млн. тоннаға жеткізілді.

Мал шаруашылығы

Облыстың агроқұрылымдары жыл сайын мал шаруашылығы үшін 20 мың бастан астам ірі қара сатып алады, бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табатын болады. Бұл сала біздің тұрғындарды жыл бойы жұмыспен қамтамасыз етеді.

Былтыр “Сыбаға” бағдарламасымен – 2261 ірі қара, “Құлан” бағдарламасы бойынша – 1691 жылқы, “Алтын асық” бағдарламасымен 4704 қой сатып алынды.

Мемлекет басшысының елді мекендерде кооперацияны енгізу, ауыл тұрғындарын тиімді жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру және жеке қосалқы шаруашылықтар әлеуетін пайдалану жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде облыста ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жөніндегі жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Қолдаудың осындай шараларының арқасында жыл сайын мал мен құстың барлық түрлерінің басы көбейіп келеді, мал шаруашылығы өндірісі ұлғаюда.

Облыстық статистика департаментінің жедел деректеріне қарағанда, 2016 жылдың қорытындысы бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара басы – 1,1 пайызға, ал ұсақ мал мен жылқы 2 пайыздан астамға көбейді. Соның нәтижесінде ет өндірісі – 1,3 пайызға, сүт 4,3 пайызға ұлғайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу облыс агроөнеркәсіптік кешенінің маңызды бағыты болып табылады. Оның өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 60 пайыздан астам.

Үстіміздегі жылдың басынан бастап тамақ өнімдерінің өндірісі 83,6 млрд. теңгені құрады. 2016 жылдың қорытындысы бойынша сарымай өндірісі – 1,6 пайызға, ұн – 32,7, ірімшік пен сүзбе – 6,6, кондитерлік өнімдер 12,0 пайызға өсті.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі картасы шеңберінде 3,4 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін сомасы 191 млрд. теңгеден асатын 64 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. 2016 жылы сомасы 7,8 млрд. теңге болатын 20 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 270 жұмыс орны ашылды.

Баға өсімін тежеу

Негізгі азық-түлік тауарларының бағасы бақылауға алынған.

Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында жедел штаб құрылды, облыстық тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Азық-түліктің 33 түрінің бағасына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.

Тұрақтандыру қорын толықтыру үшін 2016 жылдың қыркүйек айында жергілікті бюджеттен қосымша 350 млн. теңге бөлінді. Оған 1283 тонна өнім, оның ішінде 66 тонна күріш, 1020 тонна қант, 100 тонна қарақұмық жармасы және 97 тонна өсімдік майы сатып алынды.

87,2 тонна көлеміндегі өнімге тауар интервенциясы (11 тонна қант, 14,5 тонна өсімдік майы, 25,3 тонна күріш, 36,4 тонна қарақұмық жармасы) жүргізілді. Өнім нарықтағы орташа бағадан арзанға сатылуда. Өсімдік майының бағасы 14 пайызға арзан (литрі – 365 теңге, ал нарықтағы орташа баға – 433 теңге), өлшеп сатылатын күріш – 15 пайызға (килограмы – 170 теңге, нарықтағы орташа баға – 200 теңге), өлшеп сатылатын қарақұмық жармасы 26 пайызға арзан (килограмы – 250 теңге, нарықтағы орташа баға – 340 теңге).

Тұрақтандыру қорының өнімдері 4 сауда желісінің 16 нысаны және 19 сауда үйі мен базарлар арқылы 35 сауда нүктесінде сатылуда.

Жергілікті өнімдер сауда желілеріне тікелей жеткізіледі. Жергілікті тауар өндірушілерге сауда жасау үшін тегін орындар бөлінген. Әлеуметтік маңызға ие өнімдерді сату туралы сауда кәсіпорындарымен меморандумдарға қол қойылды.

Апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі, онда өнімдер нарықтағы бағадан 20 пайызға арзан сатылады.

Өнеркәсіп

Жалпы алғанда 2016 жылы өңір өнеркәсібі оң даму серпінін сақтап қалды. 192 млрд. теңгенің өнімі шығарылды немесе өткен жылмен салыстырғанда 100,5 пайыз.

Өнеркәсіп жалпы өңірлік өнімді қалыптастырушы сала ретінде өткен жылы оң және тұрақты даму серпінін жалғастырып, физикалық көлем индексінің өсу деңгейін сақтады.

Физикалық көлем индексінің артуына тау-кен өнеркәсібінің – 38 пайызға, электрмен жабдықтаудың – 9,1 пайызға, сумен жабдықтау және кәріз жүйесінің 6,3 пайызға өсуі әсер етті.

Өңдеу өнеркәсібінде сомасы 138 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Соның ішінде тамақ өнімдерін өндіру – 6 пайызға, химия өнеркәсібі – 46,7 пайызға, сусындар – 75,6 пайызға, жеңіл өнеркәсіп көлемі 19 пайызға артты.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 23 пайызын алатын машина жасау саласында 32 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Мұнай-газ компаниялары тапсырыстарының айтарлықтай қысқаруына байланысты 2015 жылмен салыстырғанда көрсеткіштер төмендеді.

Жетекші машина жасау кәсіпорындары тұрақты өсу серпінін көрсетті. Өнеркәсіп өндірісі көлемінің артуына өнім шығаруды 1,7 есеге көбейткен “ЗИКСТО” акционерлік қоғамы елеулі үлес қосты. Ол Үкіметтің қолдауы негізінде “Қазақстан Темір Жолы” ұлттық компаниясымен жасалған 15 млрд. теңгенің келісімшартының арқасында мүмкін болды.

Өнім шығару “С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ-да – 8 пайызға, “Казнефтегазмаш” АҚ-да – 43 пайызға, “Көпбейінді жабдықтар зауыты” ЖШС-інде – 29,3 пайызға, “Поиск” ВФ” ЖШС-інде 5,4 пайызға артқаны байқалды.

Машина жасау кәсіпорындарының тапсырыстар портфелін қалыптастыру және келісімдер жасау бойынша көп жұмыс атқарылуда. Қазірдің өзінде тапсырыс 2016 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 2 есе өсіп, 15 млрд. теңгеден асты. Жасалған келісімдер құрылымында ең көп үлес темір жол кешеніне – 83 пайыз, мұнай-газға 12 пайыз тиесілі.

Кәсіпкерлікті қолдау картасы

Өнеркәсіпте жаңа жоғары технологиялық өндіріс құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алғашқы бесжылдық табысты аяқталды. Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында екінші бесжылдықта экономиканың басым секторларында жүзеге асырылатын жобаларды екі есеге дейін көбейту көзделген. Жобаларды Кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізудегі басты талап оның жаңашылдығы, бәсекеге қабілеттілігі, ауқымдылығы болып отыр. 2016 жылы аталмыш талаптарға сай келетін 6 жоба картаға енгізілді.

Біз 100 млрд. теңге болатын 60-тан астам жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Қазір 41 жоба жүзеге асырылуда, соның ішінде 8,8 млрд. теңге болатын 9 жоба өткен жылы пайдалануға беріліп, шамамен 300 жұмыс орны ашылды. Бұлар – өндірісі автоматтандырылған және көп қызметкерді қажет етпейтін шағын кәсіпорындар.

“К-704-4Р “Батыр” брендімен тракторлар шығаратын Петропавл трактор зауытының ашылуы үлкен жаңалық болды. Бұл – жер жыртатын, топырақты өңдейтін, коммуналдық қажеттіліктерге жарайтын көпбейінді трактор. Құны осы санаттағы импорттық тракторлардан 3 есе төмен (30 млн. теңге). Зауыттың жылына 100 бірлік техника шығаруға мүмкіндігі бар.

Кәсіпорын, сондай-ақ, егіс кешенін де жасады. Қазір ауыл шаруашылығы машиналарының басқа модельдерін шығару жолдары қарастырылуда.

Желтоқсан айында Елбасының қатысуымен өткен Жалпыұлттық телекөпір барысында “Тайынша-май” ЖШС-нің майлы дақылдар өңдейтін зауытының бірінші кезеңі іске қосылды. Жоба қытайлық “Айцзю” компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылды. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 300 мың тонна майлы дақыл тұқымын қайта өңдеуге жетеді. Өндірілген барлық өнімдер Қытай Халық Республикасына экспортталады.

Таяу уақытта Сергеевка қаласында өз шикізатын пайдалана отырып, жылына 10 мың тонна қант шығаратын “Трансагроинвест” ЖШС-нің қант зауытын салу жобасын жүзеге асыру көзделген. Зауытты үстіміздегі жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр. Кәсіпорынның пайдалануға берілуі облыстың қантқа деген сұранысын 100 пайыз қанағаттандыруға мүмкіндік туғызады.

2017 жылы “Грибной мир” ЖШС Қазақстанда жақсы жағынан танылған голландиялық озық технологияны пайдалану арқылы қозықұйрықты өндірістік өсіретін және қайта өңдейтін зауытты іске қосуды жоспарлап отыр.

Инвестициялық жобалар картасы үнемі жаңаруда, жаңа жобаларды іздеу және тарту жұмыстары жүргізілуде.

Тоқтап тұрған кәсіпорындар

Соңғы бір жарым жыл ішінде 15 кәсіпорынның жұмысы қайтадан жанданып, 300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.

2016 жылы 5 кәсіпорын қалпына келтірілді. Олар: “Славное” сауда белгісімен сүт өнімдерін шығаратын “Казмолторг” ЖШС, ағаштан өнімдер жасаумен шұғылданатын “Санкт Иосиф” ЖШС, “Нониашвили” ЖК нан-тоқаш өнімдерін пісіруге қайта кірісті, “Норд Агро” ЖШС майлы және дәнді дақылдарды қабылдау мен сақтау жұмыстарын жүргізуде, “Сары-Арка-КЗ” ЖШС ұн мен кебек шығарады.

2017 жылы тоқтап тұрған тағы бірнеше кәсіпорынның жұмысын жандандыру жоспарланған, соның ішінде фанера (Аққайың ауданында “Токушинский май зауыты” ЖШС негізінде), кірпіш (Қызылжар ауданында “Стройкомплекс “KERAMOS” ЖШС), темір-бетон бұйымдар өндірісі (Уәлиханов ауданында “Жапаров” ЖК), астық қабылдау мен кептіру (Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда “Вест Агро ХПП” ЖШС), құс фабрикасы (Тайынша ауданында “СХП “Агадес” ЖШС), “Биохим” кешені (Тайынша ауданы), ет комбинаты мен жемазық цехы (Мағжан Жұмабаев ауданы Совет ауылы) іске қосылмақ.

“Биохим” өндірістік кешенінің қызметін қайтадан қалпына келтіру ерекше маңызға ие. Кезең-кезеңмен жүзеге асыру жоспарына сәйкес 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында диірмен кешені іске қосылады, 2-ші жартыжылдықта глютен мен балауыз өндірісі қалпына келтіріледі, ал 2018 жылдың соңына қарай биоэтанол шығаруға кіріседі.

Бұл кәсіпорындарды қайта іске қосудың нәтижесінде қосымша 650 жұмыс орны ашылады.

Кәсіпкерлікті дамыту

Бүгінгі күні облыста кәсіпкерліктің 28 мыңнан астам субъектісі жұмыс істейді, онда өңіріміздегі экономикалық белсенді тұрғындардың үштен бір бөлігі – 100 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып отыр.

Шағын және орта бизнестің жалпы өңір өніміндегі үлесі – 23,9 пайыз. Біз бұл көрсеткіш бойынша республикада 6-шы орындамыз.

Кәсіпкерлер бизнестерін дамыту үшін мемлекеттік қолдау тетіктерін белсенді пайдалануда. “Бизнестің жол картасы – 2020”, “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020”, “Агробизнес – 2020”, “Өнімділік – 2020”, “Экспортер – 2020”, тағы басқа салалық және үкіметтік бағдарламалар жүзеге асырылуда.

“Бизнестің жол картасы” жүзеге асырылған кезеңнен бері облыста 57 миллиард теңгеден астам қаржыға 936 жоба мақұлданды. Біздің облыс демеуқаржы беру бойынша қол қойылған келісімдер саны жағынан республика өңірлері арасында 1-орында тұр.

Өткен жылы кәсіпкерлердің жобаларды жүзеге асыруының нәтижесінде 10836 жұмыс орны сақталып қалды және 800-ден астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Бағдарламаның шарттары және белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары облыстың барлық аудандарын қамтуға мүмкіндік берді. Бағдарламаға қатысушылардың жалпы санына қатынасы бойынша мемлекеттік қолдауға ие болған ауыл кәсіпкерлерінің үлестік салмағы 2015 жылғы 46,2 пайыздан (116 жоба) 2016 жылы 54,6 пайызға (166 жоба) дейін артты.

Жол-көліктік инфрақұрылым

Біз үшін жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және жаңғырту маңызды мәселе болып қала бермек.

2016 жылы ұзындығы 143 шақырым “Астана – Петропавл” автожолын жаңарту жұмыстары аяқталды.

2017 жылы “Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы” Қорған қаласы бағытында жаңарту жұмыстары жалғасады.

Жергілікті маңыздағы 385 шақырым автожол 6,8 миллиард теңге қаржы жұмсалып жөнделді. Үстіміздегі жылы бұл бағыттағы жұмыс жалғасады және 10,7 миллиард теңге қаржыға ресурс үнемдеу технологиясын қолдану арқылы 640 шақырымнан астам жолды жөндеуді жоспарлап отырмыз.

2016 жылдың желтоқсан айында Петропавл қаласы әуежайы терминалы және ұшу-қону жолағын жаңарту жұмыстарынан кейін пайдалануға берілді.

2017 жылдың қаңтар айынан әуежай толық көлемде жұмыс істеп тұр. Бұл өңір үшін ерекше маңызға ие, өйткені, бұл әуежай Ресей, еуропалық және азиялық компаниялардың жүктерін транзиттеу үшін географиялық тұрғыдан тартымды.

Сумен жабдықтау

2016 жылы сумен жабдықтау және су тартуға барлығы 3,8 миллиард теңге, соның ішінде “2020 жылға дейін өңірлерді дамыту” бағдарламасы шеңберінде – 1,3 миллиард теңге, “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында 2,5 миллиард теңге бөлінді.

2016 жылдың қорытындысы бойынша “2020 жылға дейін өңірлерді дамыту” бағдарламасы шеңберінде екі елді мекенде (тұрғындар саны – 12042 адам) сумен жабдықтау жақсарды, 2 ауылға (елді мекен тұрғындарының саны – 453 адам) ауызсу берілді. Ауылдардың орталықтандырылған суға қолжетімділігі 56,3 пайызға дейін өсті (2015 жылдың соңында 55,8 пайыз).

2017 жылы “2020 жылға дейін өңірлерді дамыту” бағдарламасы шеңберінде 0,9 миллиард теңге қаржыға ауылдарды сумен жабдықтау бойынша 6 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, соның ішінде 2 жоба – 2017 жылы, ал 4 жоба 2018 жылы аяқталады.

“Нұрлы жол” бағдарламасы аясында 2017 жылы 683 миллион теңгеге Петропавл қаласында су тарту бойынша 6 жобаны жүзеге асыру басталады.

Бұл мақсатқа бюджет қаражатынан басқа халықаралық қаржы институттарының заем қаржысы да тартылуда.

Былтырдан бері Петропавл қаласында “Қызылжар су” ЖШС-і сумен жабдықтау және су тарту нысандарын жаңғырту жобасын жүзеге асыруда. Бұл мақсатқа Еуропа қайта құру және даму банкінің жалпы сомасы 3,85 миллиард теңге заемы тартылды (соның ішінде Еуропа қайта құру және даму банкінің қаржысы – 2,2 миллиард теңге, республикалық бюджеттен қосымша қаржыландыру – 1,5 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен – 150 миллион теңге).

Бұл жобаны жүзеге асыру қолданыстағы тозығы жеткен сумен жабдықтау желілерін 2020 жылға дейін 72 пайыздан 60,2 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Энергетика

Өзінің экономикалық және қаржылық көрсеткіштерін тұрақты түрде жақсарту арқылы Солтүстік Қазақстан облысының энергетика саласы табысты дамуда.

2015 жылы жаңарту барысында жылу-электр орталығында құны 5,6 миллиард теңгенің №1 трубоагрегаты іске қосылды. Аталмыш турбина электр қуатын 63 МВт-ға (479 МВт-ға дейін) арттырды. Өткен жылы құны тиісінше 3,4 және 6,6 миллиард теңге болатын №12 жылыту қазандығы агрегаты және №5 турбиналық агрегатын іске қосу белгіленген қуаттылықты 479-дан 541 МВт-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

2017 жылғы 1 қаңтарда Петропавл қаласының жылумен қамту желілерінің жалпы тозуы 66,9 пайызды құрап отыр, соның ішінде магистральді құбырлар 75,4 пайыз.

Көрсеткіштер жылумен қамту желілерінің магистраліндегі апаттар санының жыл сайын азайып келе жатқандығын аңғартады. 2015 жылы 2-санаттағы технологиялық бұзылулар 93-ке тең болса, 2016 жылы 88-ге түсті.

Бұл кезеңде апаттар мен 1-санаттағы істен шығулар болған жоқ. Үстіміздегі жылыту маусымында орын алған технологиялық бұзылуларға тозығы жеткен жылу магистральдарының таттанып, тозуы себеп болып отыр.

Тозығы жеткен жылу желілеріндегі проблемаларды түбегейлі шешу үшін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, қайта қалпына келтіру және тозығы жеткен учаскелер желісін ауыстыру бойынша шаралар жүзеге асырылуда.

2015 жылы республикалық және жергілікті бюджет қаржысы есебінен Петропавл қаласында 4,4 шақырым (Ғ.Мүсірепов к-сі, Жамбыл к-сі, Алтынсарин к-сі) (3,0 миллиард теңге) жылу желілерінің құрылысы жүргізілді.

“Нұрлы жол – болашаққа бастар жол” бағдарламасы шеңберінде 1,3 шақырым жылумен қамту желісінің (Алтынсарин к-сі – 1 ш., “Жас Өркен” шағын ауданы – 0,3 ш.,), (құны 1,48 миллиард теңге) құрылысы атқарылды.

2016 жылы “Петропавл жылу желілері” ЖШС-нің инвестициялық тарифтік жобасы шеңберінде ТМ №5 құбыр желісінің 1,053 шақырымына (Хименко к-сі) 355 миллион теңге қаржыға қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпорын Еуропа қайта құру және даму банкінің заемы және Ұлттық экономика министрлігінің бюджеттік демеуқаржысымен ТМ №5 (Я. Гашек к-сі) құбыр желісінің 1,6 шақырымын 1 миллиард 84 миллион теңгеге және ТМ №2 (Егемен Қазақстан к-сі) 0,972 құбыр желісін 415 миллион теңгеге қайта қалпына келтірді.

2017 жылы 12,6 шақырымға (Ғ. Мүсірепов к-сі, Қызылту к-сі, Алтынсарин к-сі, Жамбыл к-сі, Новый к-сі, А. Шәжімбаев тұйық көшесі, Победа к-сі, Сәтбаев к-сі, Медведев к-сі, Ермак к-сі, Московский к-сі, Батыр Баян к-сі, Ружейников к-сі, Халтурин к-сі, Мир к-сі, Крепостной к-сі, Совет к-сі, Пушкин к-сі, Казахстанская Правда к-сі, Брусиловский к-сі, Ш. Уәлиханов к-сі, Абай к-сі, С. Мұ-қанов к-сі, Ульянов к-сі, Жуков к-сі, Набережная к-сі, Жәлел Қизатов к-сі, Ватутин к-сі, Пржевальский к-сі, Интернационал к-сі, Тоқсан би к-сі, Я. Гашек тұйық көшесі, 308-ші Қызыл тулы полк к-сі, В. Демиденко к-сі, Шухов к-сі, Хименко к-сі, Жуков к-сі, Парк к-сі, Володарский к-сі, Казахстанская правда к-сі, Попов к-сі, Чкалов к-сі) және 4 шақырым жылу оқшаулағыш (С.Сейфуллин к-сі, А.Шәжімбаев к-сі, Ғ. Мүсірепов к-сі, М.Әуезов к-сі, Жәлел Қизатов к-сі, Набережная к-сі, Жуков к-сі, Промышленный к-сі, Невский к-сі, Новый к-сі, Амангелді к-сі, Брусиловский к-сі, Украин к-сі, Сәтбаев к-сі, Исмаилов к-сі, Парк к-сі, Ахременко к-сі, Абай к-сі, Сәтбаев к-сі, Алтынсарин к-сі, Уәлиханов к-сі, Брусиловский к-сі, Гагарин к-сі, Пугачев к-сі, Молодежный к-сі, Садовый қиылысы, Пугачев к-сі, Казахстанская Правда к-сі, Шухов к-сі, Бостандық к-сі, Кирпичный к-сі, Новаторная к-сі, Гуденко к-сі, Березовая к-сі, Қазақстан Конституциясы к-сі, Кошуков к-сі, Мир к-сі, Пионер к-сі, Островский к-сі, Ғ.Мүсірепов к-сі, Базарбаев к-сі) 407 миллион теңге қаржыға жылу желілеріне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Инвестициялық бағдарламалар шеңберінде 454 млн. теңге қаржыға (Егемен Қазақстан к-сі) 1,12 шақырым жылу желілерін ауыстыру көзделуде. Еуропа қайта құру және даму банкінің заемы есебінен және Ұлттық экономика министрлігінің бюджеттік субсидиясына 6,3 шақырым жылу желілеріне (Алтынсарин к-сі, Мир к-сі, Ульянов к-сі) қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Жылу желілерін жаңарту жобаларын одан әрі жүзеге асыру 2020 жылы құбырлардың тозуын 62 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Тұрғын үй құрылысы

2016 жылы 619 пәтерлік 7 тұрғын үй, сондай-ақ, “СевКазЭнерго” АҚ қызметкерлеріне арналған 90 пәтерлік бір үй салынды. “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында жұмысшы жастарға арналған 5 қызметтік тұрғын үй және облысымыздың бес ауданында 135 пәтерлік 6 жатақхана пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 2016 жылы “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-ның салымшылары және жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған тұрғындар үшін 834 пәтерлік 10 тұрғын үйдің құрылысы басталды, оның 3-еуі былтыр пайдалануға берілді. Қалған 7 үйдің құрылысы (келісімшарт міндеттемелері бойынша) 2017 жылы аяқталады. 1446 пәтерлік 16 тұрғын үй іске қосылады.

2016 жылы тұрғын үй құрылысына 15,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 62,7 пайызға артық. Тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың негізгі көзі – құрылыс компанияларының өз қаражаты. Олардың үлес салмағы 52,2 пайызды құрады.

Әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту саласын дамыту маңызды басымдықтардың бірі болып қала бермек. 2016 жылы 23 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, 11,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 2016 жылдың үшінші тоқсанында 4,9 пайызды құрады. Күнкөріс деңгейі төмен тұрғындар саны 3,2 пайызға дейін (2015 жылы – 3,7 пайыз) төмендеді.

Экономикалық белсенді тұрғындар есебінен тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,3 пайызды құрады, бұл өткен жылғы деңгейге сәйкес келеді.

“Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында 80 инфрақұрылымдық және абаттандыру бойынша 512 жоба жүзеге асырылды, шағын бизнесті ашуға және кеңейтуге 378 несие берілді.

Аз қамтылған азаматтарды “Өрлеу” жобасы арқылы белсенді жұмыс түрімен тарту мақсатында 211 әлеуметтік келісім жасалып, 228 адам жұмысқа орналастырылды. Нәтижесінде 2016 жылы аз қамтылғандар саны өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 14 пайызға немесе 1009 адамға азайды.

2016 жылы мүгедектерді әлеуметтік қамту үшін қаржыландыру 2015 жылмен салыстырғанда 31 пайызға немесе 116 миллион теңгеге ұлғайтылды. Бұл 4,5 мың адамды қамтуға мүмкіндік берді.

2017 жылғы әлеуметтік саясаттың негізгі міндеті – “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту” бағдарламасы шараларын жүзеге асыру, (оның ішінде қайта даярлау курстарына, “Жастар тәжірибесіне”, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру, кәсіпкерліктің негіздерін үйрету, шағын несие беру, инфрақұрылымдық жобаларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдау және орналастыру) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың санын, белсенді жұмыс түрлеріне тарту есебінен тұрғын үй көмегін алатындардың санын азайту, мүгедектерді және қарт адамдарды оңалту шараларымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету.

Құқық қорғау қызметі

Облыстағы криминогендік жағдай тұрақты.

2016 жылы жалпы қылмыстың 10,6 пайызға (10103-тен 9031-ге дейін) төмендеуі байқалды. Қылмыстардың барлық түрлерінің ашылуына қол жеткізілді, ауыр қылмыстың 87,2 пайызы және аса ауыр санаттағы қылмыстардың 96,7 пайызы, барлық резонансты қылмыстар ашылды.

Облыстық ішкі істер департаменті өңірде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Бұл қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар санын – 18,9 пайызға (1511-ден 1225-ке дейін), көшелерде – 26,5 пайызға (604-тен 444-ке дейін), кәмелетке толмағандар арасында – 16,1 пайызға (93-тен 78-ге дейін) және мас күйдегі қылмыстарды 3,0 пайызға (1213-тен 1177-ге дейін) азайтуға қол жеткізді.

Мен бекіткен мүлікті ұрлауға қарсы іс-әрекеттер жөніндегі барлық мүдделі органдардың өзара іс-қимылының ведомствоаралық жоспарын жүзеге асырудың нәтижесінде соңғы екі жыл ішінде қылмыстың ең көп тараған осы түрі азайғандығы байқалды.

Алдау (30,4 пайыз), тонау (7,7 пайыз), бұзақылық (56,4 пайыз) және бопсалау (64,5 пайыз) саны айтарлықтай азайды.

Есірткі бизнесіне тоқсауыл қою және нашақорлықтың алдын алу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Заңсыз айналымнан шығарылған есірткі көлемі 33 пайызға (427 килограмм) ұлғайды.

Жол-көлік апаттарының (11 пайыз), оның ішінде қаза тапқандардың (2,2 пайыз), дене жарақатын алғандардың (9,2 пайыз) саны азайды.

Тұрғындар арасында кез келген тәртіп бұзушылыққа “нөлдік төзімділік” қалыптастыру қамтамасыз етілді. 138 мыңнан астам азамат (139075 – 29 пайыз) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өткен жылы полицияның барлық әкімшілік учаскелерінің учаскелік инспекторлары өздері қызмет көрсететін аумақтарда тұрғындар алдында есеп берді. Полицияның жұмысы ашықтық пен айқындық қағидатымен жүргізіліп, тұрғындардың сенімін нығайтуға бағытталуда.

Білім беру

Білім беру саласында 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту 98 пайызға жетті.

“Нұрлы жол” бағдарламасы аясында 320 орындық балабақшаның құрылысы аяқталса, 200 орындық балабақшаның құрылысына жеке инвестиция тартылды.

2016 жылы облыста мектеп жасына дейінгі тәрбиемен қамтитын ұйымдарда 893 орын ашылды, оның ішінде 287 орын мемлекеттік тапсырыстарды жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда орналастыру жолымен іске қосылды.

Бүгіндері Петропавл қаласында балалардың 27 пайызы (2405 бала) жекеменшік балабақшаға барады. Жеке бизнестің мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мәселесіне қызығушылығы артып келеді. 2017 жылы мектепке дейінгі 782 жаңа орын ашу жоспарланған. Келісімшарттар жасалып, концессия аясында 2017 жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін 370 орындық 3 балабақшаның құрылысы басталды.

Облысымызда 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 99 пайызға, Петропавл қаласында 98 пайызға жеткізілетін болады.

Өңірімізде үш ауысымдық білім беру мәселесін түбегейлі шешу үшін “Нұрлы жол” бағдарламасы шеңберінде облысымыздың аудандарында екі жаңа мектептің құрылысы аяқталды. Осы нысандарды пайдалануға беру нәтижесінде 2016 жылы үшауысымдық және апаттық мектептер мәселесі шешілді.

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы есебінен Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында 300 орындық мектептің құрылысы аяқталды.

Білім берудің жаңартылған бағдарламаларын енгізу мақсатында облысымыздың 8404 (100 пайыз) бірінші сынып оқушысы 2016-2017 оқу жылының 1 қыркүйегінен жаңа бағдарламалар бойынша білім ала бастады. Жаңарған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 4150 мұғалім даярлық курсынан өтті, облыс бойынша екі мектепте 2-сыныпқа арналған білім беру стандарттық апробациялау жалғастырылуда.

Компьютерлік технологиялардың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы компьютерлерді жаңартуға және бір мыңнан астам компьютерді сатып алуға бюджеттен 100 млн. теңге бөлінді. Қазір 5 оқушыға 1 компьютерден келіп отыр. Облысымыздың 26 мектебінде IT-технология енгізу үшін 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап робототехника курсы өткізіледі, 107 робот жиынтығы сатып алынып, 1500 оқушы қамтылды.

Үштілділік білім беруді кезең-кезеңімен енгізу үшін облысымыздың 148 педагогі физика, химия, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту әдістемесі бойынша курстардан өтті. Оның ішінде 40 оқытушы – Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебі ұйымдастырған курстарда, 8 мұғалім Гонконг және Сеул (Корея) қалаларында мамандандырудан өтті.

2017 жылы елімізде Мемлекет басшысының “Барлығы үшін тегін кәсіптік-техникалық білім беру” жобасы іске асырыла бастайды.

Облыста 12 мыңнан астам адам білім алатын 27 кәсіптік-техникалық білім беру ұйымы жұмыс істейді.

2016 жылы 3632 түлек оқу бітірді. Оның ішінде 2376-сы мемлекеттік тапсырыс аясында оқыды. Түлектердің барлығы жұмысқа орналастырылды.

Облыстың 15 колледжінде 2475 студент 24 мамандық бойынша дуалдық оқыту жүйесімен білім алуда. Үш кәсіпорында (“ПЗТМ” АҚ, “Мұнаймаш” АҚ және СҚО бойынша “Қазтелерадио” АҚ-ның филиалы) оқу кабинеттері құрылған.

2016 жылы ғимараттардан 53 қазандық (2015 жылы – 48) шығарылды. Биыл қалған 60 қазандық шығарылатын болады.

Білім беру саласының 69 нысанына 1,2 миллиард теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (2015 жылы – 557,8 млн. теңге сомаға 30 нысан).

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласының жұмысы, ең алдымен, тұрғындардың өлім-жітімі мен мүгедектігіне әкелетін негізгі себептердің алдын алуға бағытталған. Өткен жылдың басынан Қазақстан Республикасында 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың жаңа мемлекеттік “Денсаулық” бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол қол жеткізілген нәтижелерді бекітіп, дамытуға және денсаулық сақтау мәселелеріндегі проблемаларын шешуге бағдарланған.

2016 жылы солтүстікқазақстандық дәрігерлердің кәсіби жұмысының басты нәтижесі саланың негізгі көрсеткіштерін жақсарту болып табылды. Өткен жылы сәбилердің шетінеуі – 7,8 пайызға, туберкулезбен ауырғандар көрсеткіші – 2,5 пайызға, осы сырқат салдарынан көз жұмғандар саны – 5,1 пайызға, онкологиялық аурудан қайтыс болғандар 11,4 пайызға кеміді. Туберкулезден көз жұмған ана мен бала оқиғасы тіркелген жоқ.

Онкологиялық скринингтің алты түрі енген Ұлттық скринингтік бағдарлама жұмысы тиімділігін көрсетті. Ол онкологиялық ауруға шалдыққандардың 67 пайызына дейінін ерте анықтауға мүмкіндік берді.

Өткен жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 20,4 пайызға артып, 25,4 млрд. теңгеге жетті (оның ішінде 7,4 млрд. теңге – жергілікті бюджеттен, 18 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен қаржыландырылды).

2016 жылы медициналық ұйымдарды жөндеу мен материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1,2 млрд. теңге бөлінді. Жергілікті бюджет қаржысы есебінен 9 жоба бойынша күрделі жөндеу жүргізілді. Мемлекеттік “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында 15 нысан жөндеуден өтті. 43 бірлік медициналық жабдық, 9 автокөлік, 9 су жылытатын қазандық, Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктті және Новоникольское ауылында дәрігерлік амбулаторияны орналастыратын ғимараттар сатып алынды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын және Қазақстан Республикасының денсаулықты дамыту мемлекеттік “Денсаулық” бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2017 жылы ана өлімінің алдын алып, бала шетінеуін кеміту, қан айналымы жүйесі, онкологиялық, туберкулез аурулары мен жарақаттардан өлім-жітімді азайту денсаулық сақтау саласының басым міндеттері болып қала бермек.

Үстіміздегі жылы жергілікті бюджет қаражаты (360,9 млн. теңге) есебінен “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту” мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 жоба бойынша (132,2 млн. теңге) күрделі жөндеулер жүргізіледі.

Жергілікті бюджет қаржысына (1304,3 млн. теңге) 108 бірлік медициналық қондырғылар және 26 автокөлік сатып алу жоспарланған. Тағы 2 бірлік жабдықты республикалық бюджет қаржысы (515,0 млн. теңге) есебінен алу көзделген.

Шекаралық ынтымақтастық

Облыс алыс және жақын шетелдердің 70-тен астам елімен ынтымақтастық орнатқан. Соның ішінде Ресей Федерациясы негізгі сауда-экономикалық әріптес болып табылады. Ресеймен тауар айналымының үлесі жалпы көлемнің 60 пайыздайына тең.

Облысымыз Ресейдің үш өңірімен – Омбы, Түмен және Қорған облыстарымен шектеседі. Олармен тығыз сауда-экономикалық және мәдени байланыс орнатылған. 2016 жылдың қаңтар-қараша айларында облыстың Ресей Федерациясымен сауда айналымы 246,7 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорт 32,0 АҚШ долларын құрап, 2,9 пайызға ұлғайды. Импорт 1,6 есе – 214,7 млн. АҚШ долларына кеміді.

Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Ресей Федерациясының өндірістік кәсіпорындарымен белсенді іскерлік байланыс орнатқан. “Зенченко және К” коммандиттік серіктестігі, “Казмясопродукт”, “Радуга”, “Петропавловск-Кондитер”, “Vizavi company”, “Богатырский продукт”, “Молпродукт”, “Тайынша астық” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және басқа да кәсіпорындар Қорған, Омбы, Түмен облыстарына өздерінің тамақ өнімдерін жеткізе бастады.

Бірқатар инвестор фирмалар мен дербес агроқұрылымдар егіс машиналарын, топырақ өңдейтін жабдықтар, тізбекті тырма және басқа техникаларды алу бойынша Омбы қаласының зауыттарымен жұмыс істейді. Ресейден дәнді және майлы дақылдардың тұқымдары, сонымен қатар асылтұқымды ірі қара әкелінеді. Ынтымақтастықты дамыту мақсатында ресми сапарлар, сауда-экономикалық миссиялар, іскерлік кездесулер жүйелі түрде жүргізіледі.

Мәдениет

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында өткен жылы облыста тұрғындардың көпшілігінің қатысуымен 12 мыңнан астам мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді. “Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік”, “Ауылдың үздік мәдени мекемесі – 2016”, “Солтүстік Қазақстан облысының үздік медиатекасы”, “Үздік мұрағаттық мекеме”, “Облыстың үздік мұражайы”, “Үздік мұрағатшы”, “Үздік кітапханашы” атты облыстық байқау-конкурстары өтті. Жеңімпаздарға алғаш рет жалпы құны 13,9 млн. теңгеден астам соманың ақшалай сертификаттары табысталды.

Белгілі жерлестеріміз Сәбит Мұқановтың, Иван Шуховтың, Ермек Серкебаевтың, Герольд Бельгердің, Есім Шайкиннің мерейтойларына арналған шаралар өткізілді.

Облыстың театр-концерттік ұйымдары шалғай аудандардағы елді мекендерге 45 рет гастрольдық сапарға шықты. Спектакльдер көрсетіп, концерттер мен көрмелер ұйымдастырып, қайырымдылық шараларын өткізді. Облыс театрлары 447 спектакль көрсетті, соның ішінде жиырмасы қазақ, орыс және шетел классиктерінің шығармалары бойынша дайындалған жаңа қойылымдар болды (Н.Погодин театры – 8, С. Мұқанов театры – 8, қуыршақ театры – 4).

Театрлардың Астана, Көкшетау, Өскемен, Семей, Ақтөбе, Павлодар, Ақтау қалаларына гастрольдары сәтті өтті. Сондай-ақ, шығармашылық ұжымдар республикалық байқауларда және Словения мен Хорватияда, Ресей Федерациясының Новосібір, Санкт-Петербург, Омбы, Уфа және Германияның Франфуркт қалаларында өткен халықаралық конкурстар мен фестивальдарда облыс намысын лайықты қорғады. “Қуатты өңірлер – қуатты Қазақстан” республикалық акциясы аясында Солтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы Мәдениет күндері жоғары деңгейде өтті.

2016 жылы облыстық бюджет есебінен Жастар сарайына күрделі жөндеу, тарихи-өлкетану мұражайының “Тәуелсіздік жылдарындағы Солтүстік Қазақстан облысының тарихы” және “Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы мен қалыптасуына” арналған екі залына реэкспозиция жасалып, мұражай ғимаратының ішіне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Бейнелеу өнері мұражайында республикалық бюджет есебінен қалпына келтіру-жөндеу жұмыстары жүзеге асты. Николай Погодин атындағы орыс драма театрының 130-шы маусымына орай онда облыстық бюджет есебінен театр тарихы мұражайы ашылды. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханасында жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін Сәбит Мұқановтың және жаңа жәдігерлермен толыққан сирек кездесетін кітаптар мұражайлары ашылды.

2016 жылы “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асыру аясында 12 мәдениет нысанын жөндеуге 308,1 млн. теңге бөлінді.

2017 жылы Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының қазіргі ғимаратына ыңғайластырылған 500 орындық көрермендер залының құрылысы басталады. Бүгінгі күні оның жобалық-сметалық құжаты мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жаңа ғимаратты 2018 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Біздің өңір алғашқылардың бірі болып мәдениет күндері эстафетасын өткізуді қолға алды. Солтүстік Қазақстан облысының Шығыс Қазақстандағы мәдениет күндері Семей, Өскемен қалаларында табысты өтті. Өз кезегінде шығысқазақстандықтар да біздің өңірде өз өнерлерін көрсетті. Мәдениет күндері аясында Шығыс Қазақстаннан келген меймандар теріскейліктердің назарына екі спектакль ұсынып, көрме ұйымдастырды. Шығыстан келген өнерпаздар біздің облысқа сапарын “Алтын Алтай” галаконцертімен түйіндеді.

Спорт

Өңірде 170 мыңнан астам адам немесе жалпы халық санының 30 пайызы дене шынықтыру және спортпен айналысады. Бұл жөнінде біз республика бойынша алдыңғы орындардың біріндеміз. Мұндай нәтижеге қол жеткізуге, ең алдымен, жаңа спорт нысандарын салу және барларын қалпына келтіру жұмыстары мүмкіндік туғызды. Петропавл қаласында мұз айдыны және жеңіл атлетика манежі бар заманауи Спорт сарайы жұмыс істейді.

2016 жылы спорт саласы 2,6 миллиард теңгеге қаржыландырылса, бұл алдыңғы жылға қарағанда 1,1 миллиард теңгеге артық.

Соңғы екі жылда Солтүстік Қазақстан облысында спорттың хоккей, футбол, баскетбол түрлері жандануда. 2016 жылы “Қызылжар СК” футбол клубы Бірінші лига командалары арасында ел біріншілігінің, ал “Барыс” баскетбол клубы Жоғары лиганың ерлер командалары арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегерлері атанса, 2015 жылы құрылған “Құлагер” хоккей командасы Қазақстан Республикасының кубогын жеңіп алды.

Балалар мен жеткіншектерді дене шынықтыру мен спортқа көптеп тарту мақсатында облыс аумағында балалар мен жасөспірімдердің 26 спорт мектебі, облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, жеті – спорт клубы, жоғары спорттық шеберлік мектебі (ЖСШМ), Олимпиада резервін даярлау орталығы, он бір балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубы және 23 аулалық клуб жұмыс істейді.

2016 жылы Айыртау ауданындағы Саумалкөл мен Есіл ауданындағы Заградовка ауылдарында екі жабық хоккей қорапшасы қолданысқа берілді.

Қысқы спорт маусымы басталғаннан бері 27 мұз айдыны мен 404 хоккей қорапшасы құйылды, оның 25-і аудандарда қосымша салынды.

Облыстың 12 ауданында және Петропавл қаласында көше тренажерінің 25 кешені салынды. Облыс орталығы мен алты ауданда күштік гимнастика жаттығуларына арналған 10 “Streetworkout” алаңы құрылды.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Володарское, Урожайное ауылдарында екі спорттық нысан орнатылды. Облыс аудандарында 15 спорт алаңы жабдықталды, 8 баскетбол және 7 волейбол, жасанды жамылғысы бар 18 шағын футбол алаңы ашылды.

Шал ақын ауданындағы Жаңажол ауылында және Сергеевка қаласында (“ТНС-2020” ЖШС) дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің спорт залдарының қолданысқа берілуі есебінен спорт алаңының жетіспеушілігі 867 шаршы метрге қысқарды (2016 жылы – 14762 шаршы метр, 2015 жылы – 15629 шаршы метр).

Спорт имараттары жүйесін кеңейту бойынша жұмыстар 2017 жылы жалғасын табады.

Жыл басында Қызылжар ауданының Новоникольск ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында жүргізілуде. Мұндай кешенді Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында, Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево қаласында салу жоспарланып отыр. 2017 жылдың жоспарына Петропавл қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша 1200 орындық әмбебап теннис орталығының құрылысын бастау енгізілген.

Ақжар ауданының Талшық ауылында жылы шешінетін бөлмесі мен 50 орындық көрермендер трибунасы бар 30х60 метрлік жабық хоккей қорапшасының құрылысын аяқтау жоспарланса, Қызылжар ауданының Бескөл ауылында жабық хоккей қорапшасының құрылысы басталады.

2017 жылы Петропавл қаласындағы “Қарасай” орталық стадионында футбол алаңын жасанды төселімге ауыстырумен қайта жөндеу жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ, “Жастар” стадионына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде футбол манежі орнатылады. Сонымен қатар Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево қаласындағы 1500 орындық стадион қайта жөнделеді, Айыртау және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда 200 орындық үш стадионның құрылысы, жасанды жамылғысы бар 9 шағын футбол алаңы (оның 5-еуі – Петропавл қаласында, 4-еуі – Қызылжар ауданында), Петропавл қаласында жарақаттандырмайтын жамылғысы бар көпбейінді алаң, Жамбыл ауданында бір көше тренажерлік кешені, Қызылжар ауданында бір “Streetworkout” алаңы салынады.

2016 жылдың басынан бері 302 мың адамды қамтыған 1329 спорттық шара өткізілді. Соның ішінде облыстық “Ақ бидай” жазғы спорттық және “Север” қысқы спорттық мерекелері, облыстық Денсаулық күндері, “Алтын шайба” шайбалы хоккей турнирі ұйымдастырылды.

Есепті кезеңде республикалық және халықаралық спорт жарыстарынан солтүстікқазақстандықтар 540 медаль әкелді, оның 361-і спорттың олимпиадалық түрлері бойынша. Рио-де-Жанейродағы 31-ші Олимпиада ойындарына бес солтүстікқазақстандық қатысты.

Республикалық және халықаралық деңгейде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 100 спортшыға ай сайын шәкіртақы төленеді.

Құрметті жерлестер!

Солтүстік Қазақстан облысының 2016 жылғы даму қорытындысы осындай.

Мемлекет басшысы үстіміздегі жылы біздің алдымызға жаңа ауқымды міндеттер қойды. Мемлекеттік және салалық барлық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасады.

Солтүстік Қазақстан облысы елімізді өркендетуге бағытталған мақсаттарды жүзеге асыруға өзінің сүбелі үлесін қосатынына сенімдімін!

***

Құрметтi солтүстiкқазақстандықтар!

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығы бойынша жыл сайын елiмiздiң бүкiл өңiрлерiнде барлық деңгейдегi әкiмдердiң тұрғындармен есептi кездесулерi өткiзiледi.

Есептi кездесулер тұрғындармен тиiмдi пiкiр алмасуға, жергiлiктi жерлерде туындаған проблемаларды анықтауға және оларды шешу жолдарын табуға көмектеседi.

2015 жылы атқарушы органдар қызметiнде Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» ұзақмерзiмдi Стратегиясында, «Нұрлы Жол» бағдарламасында алға қойылған мiндеттердi жүзеге асыруға басымдық берiлдi. Өткен жыл «Бес институттық реформаны жүзеге асыру жөнiндегi 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалуын бастаумен ерекшелендi.

Тұтастай алғанда өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс экономикасында оң үрдiс байқалды, макроэкономикалық көрсеткiштердiң өсiмi қамтамасыз етiлдi.

Жалпы өңiрлiк өнiмнiң нақты өсiмi 2015 жылы 102,8 пайыз (856 млрд. теңге) деңгейiнде болады деп күтiлуде.

Бюджет. 2015 жылдың қорытындысында 32 млрд. теңге өзiндiк кiрiс жиналды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 18 пайызға көп.

Бюджеттiң шығыстар бойынша көлемiнiң 1,2 есе өскенi байқалды. Егер 2013 жылы бұл көрсеткiш 114,6 млрд. теңге болса, 2015 жылы ол 133,5 млрд. теңгеге жеттi. Шығыстар бойынша бюджет 99,4 пайыз орындалды.

Бюджет тиiмдiлiгiн арттыру үшiн 2015 жылы жалпы сомасы 3,5 млрд. теңге шығыстар оңтайландырылды, ол әлеуметтiк сала нысандарының, тұрғын үйлердiң және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымдардың құрылысын аяқтауға жұмсалды.

Негiзгi капиталға инвестиция 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 28,4 пайызға өсiп, 154 млрд. теңгеден асты.

Инвестицияның ең көп көлемi экономиканың жетекшi салалары — көлiк пен қоймалауға (39 пайыз), ауыл шаруашылығына (28,6 пайыз) және өнеркәсiпке (17,7 пайыз) тиесiлi болды.

Солтүстiк Қазақстан облысы өткен жылы инвестиция өсiмiнiң қарқыны бойынша республика өңiрлерi арасында бiрiншi орынға көтерiлдi.

2015 жылы бiздiң облысқа алыс және жақын шетелдердiң 25-тен астам делегациясы (Ресей, Украина, Қытай, БАЭ, Сауд Арабиясы, Италия, Испания, Финляндия, Дания, Швеция, Франция, Беларусь, Корея, Австралия және т.б.) келдi.

Үстiмiздегi жылдың қаңтар айында 9 елдiң өкiлдерiнiң қатысуымен Солтүстiк Қазақстан облысы инвесторларының бiрiншi кеңесi өттi, оның нәтижесiнде 6 меморандумға қол қойылды.

Биылғы 5 ақпан күнi Қазақстан Республикасында тiркелген 33 дипломатиялық миссия жетекшiлерiмен кездесу өттi. Дипломаттар өңiрiмiздiң инвестициялық әлеуетi, Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында басталған iрi инвестициялық жобалар хақында толық ақпарат алды.

Өңiрге тартылған шетел инвестициясының жалпы көлемi 2 млрд. теңгедей болды.

Агроөнеркәсiптiк кешен

Облысымызда агроөнеркәсiптiк кешен негiзгi сала болып саналады. Өңiрiмiз жыл сайын республика үшiн жоғары сапалы астықтың үштен бiрiн өндiредi.

Жалпы өңiрлiк өнiм құрылымында ауыл шаруашылығына 23 пайыздан астам үлес тиесiлi. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң көлемi 7,5 пайызға өсiп, 311,1 млрд. теңгенi құрады. Ауыл шаруашылығындағы өсiм қарқыны бойынша өңiрiмiз республикамызда 3-орында.

Бұл салада 137 мың адам немесе облыстың экономикалық белсендi тұрғындарының 40 пайызы еңбек етедi. 2015 жылдың 9 айында еңбек өнiмдiлiгi 14 пайызға өсiп, 1,1 млн. теңге болды.

Егiн орағы науқаны табысты өткiзiлдi. Гектар берекелiгi орташа есеппен 17,1 центнерден айналып, 5,5 млн. тоннадан астам астық жиналды.

Машина-трактор паркi сомасы 14 млрд. теңге болатын жаңа жоғары өнiмдi 1127 техникамен толықты, оның iшiнде 6,2 млрд. теңгенiң 263 техникасы лизингке сатып алынды.

Мемлекет басшысының егiн алқаптарын әртараптандыру жөнiндегi тапсырмасын орындау шеңберiнде 2015 жылы 4,4 млн. гектар алқапқа (өсiм 20 мың гектар) — егiн, оның iшiнде 3,2 млн. гектардан астам жерге — дәндi дақылдар, 469,7 мың гектарға майлы дақылдар егiлдi. 2015 жылы жемазықтық дақылдардың көлемi 210,4 мың гектарға (653,6 мың гектар) ұлғайтылды.

Үстiмiздегi жылы агрөнеркәсiптiк кешен алдына зор мiндеттер қойылып отыр. Ауыл шаруашылығы дақылдарын кемiнде 4,4 млн. гектар алқапқа, оның iшiнде дәндi және дәндi бұршақты дақылдарды — 3,2 млн. гектарға, майлы дақылдарды — 469,7 мың гектарға, жемазықтық дақылдарды 653,6 гектарға егу, картоп пен көкөнiстi тиiсiнше 27,9 мың және 5,2 мың гектар жерге отырғызу жоспарланған.

2016 жылдың көктемгi егiсiне 490 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары құйылып алынды.

2015 жылдың желтоқсан айында ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарын уақтылы ауыстыру және жаңарту мақсатында Ресей Федерациясы ғалымдарының қатысуымен семинар-кеңес өткiзiлдi. Оған қатысушылар орташа ерте және орташа пiсу тобындағы тұқым сұрыптарын (Түмен облысының «Агро Альянс» ғылыми-өндiрiстiк кешенi, Омбы облысының «Боевое» кәсiпорны, Қорған облысының «Кургансемена» ғылыми-өндiрiстiк кешенi) пайдалануды ұсынды.

Бүгiндерi облысымыздың ауыл шаруашылығы құрылымдары тұқым әкелумен айналысуда. Үстiмiздегi жылдың 10 ақпанына дейiн 2 мың тоннадан астам тұқым жеткiзiлдi, ол алдағы уақытта тұқым жаңартудың жоспарлық көрсеткiштерiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Қазiргi уақытта өңiрiмiзде жиналған астықты сақтау үшiн барлық жағдай жасалған. 2015 жылы жалпы сыйымдылығы 138 мың тонна 7 астық қабылдау пунктi пайдалануға берiлдi және жаңғыртылды, бұл сыйымдылық көлемiн 6,6 млн. тоннаға дейiн ұлғайтуға мүмкiндiк бердi.

2016 жылы жалпы сыйымдылығы 177 мың тонна болатын 9 элеватор салу жоспарланған.

Тұтастай алғанда, облысымыз жыл сайын 1,5 млн. тонна астықты, 150 мың тонна ұнды, 200 мың тоннадан астам майлы дақылдарды жақын және алыс шетелдерге (Әзiрбайжан, Ауғанстан, Бельгия, Иран, Қырғызстан, Қытай, Польша, Тәжiкстан, Өзбекстан, Моңғолия, Италия, Латвия және т.б.) экспортқа шығарады.

Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығы жыл сайын облыс тұрғындарын (57 пайызы ауылдықтар) тұрақты жұмыспен қамтамасыз етедi.

«IҚМ етiнiң экспорттық әлеуетiн дамыту» жобасы шеңберiнде 2015 жылы 3,1 мың мал бордақылау орны бар бордақылау алаңдары, 1,8 мың басқа арналған асылтұқымды мал репродукторлары ашылды. Былтыр 969,2 тонна ет экспортқа шығарылды.

Мал шаруашылығын дамыту шеңберiнде 2015 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 3794 бас iрi қара (немесе тапсырманың 108,4 пайызы), «Құлан» бағдарламасы бойынша 1595 жылқы (159,5 пайыз), «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 5475 қой (109,5 пайыз) сатып алынды.

Мұның барлығы агроқұрылымдардағы iрi қара санының 14,7 пайызға өсуiн қамтамасыз еттi. Тұтастай алғанда сүт өндiру — 6,5 пайызға және жұмыртқа 7,5 пайызға ұлғайды.

Үстiмiздегi жылы мал басын көбейту және мал өнiмiн өндiру көлемiн ұлғайту жөнiндегi жұмыс одан әрi жалғасады. Ет өндiрудi — 93 мың тоннаға дейiн, сүттi — 510 мың тоннаға дейiн, жұмыртқаны 601 млн. данаға дейiн жеткiзу немесе 3 пайызға дейiн ұлғайту жоспарланып отыр.

21341 бас мал сатып алу жоспарланып отыр. Мемлекеттiк бағдарламаларды орындау жөнiндегi жұмыс жалғасын тауып, «Сыбаға» бойынша — 4487 бас, «Алтын асық» бойынша — 7305 бас, «Құлан» бойынша 2079 бас мал сатып алынады.

Агроқұрылымдардан iрi қара жинап, бордақылап, экспортқа шығару үшiн Тайынша ауданындағы «Вишневское» ЖШС мен «Тайынша Астық» ЖШС-iнде әрқайсысы 3000 бас малға шақталған бордақылау алаңдарының құрылысы аяқталуы тиiс.

Құрылған асылтұқымды репродукторлар негiзiнде агроқұрылымдарды асылтұқымды өнiмдi көп беретiн аналық малмен қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыс жалғастырылмақ.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу

2015 жылдың қорытындысы бойынша өндiрiс артты:

  • Қызылжар ауданындағы «Тортуманов және К» ЖШС-iнде қалбырдағы еттi өндiру 5,3 есе өсiп, 1750 тоннаға жеттi. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзiмiндегiден 1418 тонна көп;
  • iрiмшiк пен сүзбе 14 пайызға өсiп, 1274 тоннаны құрады, соның iшiнде Аққайың ауданындағы «Ростан» ЖШС-iнде — 17 тонна (43%), Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Пальчик» ЖК-де — 6 тонна (3%), «Тайынша сүт» ЖШС-iнде — 122 тонна (42%);
  • құрғақ сүт бойынша 6%, яғни 1397 тоннаны құрады, соның iшiнде Петропавл қаласындағы «Масло Дел» ЖШС-iнде — 130 тонна (14%) және «Сергеевка сүт өнiмдерi» ЖШС — 1 тонна (1%);
  • қышқыл сүт өнiмдерi 60 пайызға көбейiп, 11913 тоннаны құрады, соның iшiнде Петропавл қаласындағы «Молпродукт» ЖШС — 4459 тонна (77%) және Айыртау ауданындағы «Гормолзавод» ЖШС филиалы — 40 тонна (4,3 есе).

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу көлемiн ұлғайту жөнiндегi тапсырмасын орындай отырып, облыс 2020 жылға дейiн арналған жеке жоспарын жүзеге асыруда.

2015 жылы 1 млрд. теңгеден астам инвестиция салынған 5 жоба жүзеге асырылып, 100-ден астам жұмыс орны ашылды:

  • «ЖНВ» ЖШС-нiң еттi қайта өңдеу цехы, қуаттылығы 60 тонна, құны 50 млн. теңге, 16 жұмыс орны ашылды.
  • Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Әбiлмәжiнов» ЖК-нiң шұжық өнiмдерiн өндiру жөнiндегi цехы, қуаттылығы 80 тонна, құны 8 млн. теңге, 10 жұмыс орны ашылды;
  • Тимирязев ауданындағы «КЭСС» ЖШС-нiң қуаттылығы 46 мың тонна, құны 546 млн. теңге диiрменi жаңғыртылды, 60 жұмыс орны ашылды және Қызылжар ауданындағы «Ертегi» ЖШС-нiң қуаттылығы 10 мың тонна, құны 45 млн. теңге диiрменi жаңғыртылып, 18 жұмыс орны ашылды.
  • Аққайың ауданындағы «Икеа ТАСС ГРУПП» ЖШС-iнде қуаттылығы — 29,5 мың тонна, құны 500 млн. теңге диiрмен кешенi iске қосылып, 20 жұмыс орны ашылды.

Жоспар аясында 138 млрд. теңгеден астам инвестиция сомасына 60 жобаны жүзеге асыру көзделiп отыр. Олардың басым бөлiгi сүттi, еттi қайта өңдеу, ұн мен макарон өнiмдерiн өндiруге бағытталады.

Ас тұзы, балық, қант өндiру, жүн және терi өңдеу жөнiндегi кәсiпорындар құру өңiр үшiн мүлдем жаңа бағыт болып табылады.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу жөнiндегi екi iрi серпiндi жоба жоспарланып отыр:

  • «ЭФКО» компаниялар тобы Тайынша ауданында қуаттылығы жылына 330 мың тонна (құны 23 млрд. теңге) майлы дақылдарды қайта өңдейтiн зауыт құрылысы жобасын жүзеге асырмақ;
  • «МЭЗ-СКО» ЖШС Петропавл қаласында жылдық қуаттылығы 500 мың тонна (құны 29 млрд. теңге) майлы дақылдарды қайта өңдейтiн өсiмдiк майын өндiретiн зауыттың құрылысын жүргiзбек.

Бұған қоса, «Жаннұр Астана» КТ Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданда астықты терең өңдеп, ұн, крахмал, глютен және құрама жемазық өндiретiн жылдық қуаттылығы 250 мың тонна зауыт құрылысын қолға алмақ.

Биыл 31,3 млрд. теңге сомасына 1127 жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк беретiн 30 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Бұдан басқа, Қазақстанның инвестициялық қоры биологиялық этанол өндiретiн «Биохим» өндiрiстiк кешенiнiң жұмысын («BIO OPERATIONS» ЖШС) қайта қалпына келтiруде. Өндiрiстiң бiрiншi кезеңiнiң қанатқақты iске қосылуы үстiмiздегi жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Тұтастай алғанда, аграрлық сектордағы оң нәтижелер мемлекеттiң қуатты қолдауының арқасында қамтамасыз етiлдi. 2015 жылы салаға көрсетiлген мемлекеттiк қолдаудың көлемi 40,3 млрд. теңгенi құрады.

Баға өсiмiн тежеу

Күн сайын азық-түлiктiң 33 түрiнiң бағасына мониторинг жүргiзiледi. Сауда желiлерiне жергiлiктi азық-түлiктiң делдалдарсыз тiкелей жеткiзiлуi қамтамасыз етiлуде. Сауда кәсiпорындарымен әлеуметтiк маңызға ие азық-түлiктердi өткiзу жөнiнде меморандумдарға қол қойылған.

Апта сайын базардағыдан 20 пайызға дейiн төмен бағамен азық-түлiк сататын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесi өткiзiлiп келедi.

Өңiрлiк тауарөндiрушiлердiң фирмалық дүкендерiнiң (бөлiмдерiнiң) желiсi кеңейтiлуде. Үстiмiздегi жылы «Береке» шағынауданында «Зенченко және К» КС-нiң фирмалық дүкенi ашылмақ, онда сүт өнiмдерi өндiрушi бағасымен сатылатын болады.

Сондай-ақ, нарықты iшкi өндiрiстiң азық-түлiгiмен байыту үшiн өңiрде қант зауытының құрылысы жүргiзiлуде («Транс-агроинвест» ЖШС). Кәсiпорынды iске қосу облыстың қантқа сұранысының жартысынан көбiн жабуға мүмкiндiк берiп, осы арқылы бұл өнiмнiң бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз етпек.

Бұған қоса, 2016-2017 жылдары өсiмдiк майын өндiру жөнiндегi 4 кәсiпорынды, оның екеуi Петропавл қаласында, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Өнеркәсiп

Өнеркәсiп жалпы өңiрлiк өнiмдi қалыптастыратын негiзгi салалардың бiрi болып табылады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша саланың үлесi жалпы өңiрлiк өнiмде 11,2%-ға дейiн ұлғайды, 168,5 млрд. теңге сомасында өнiм шығарылды (ФКИ — 101,1%).

Солтүстiк Қазақстан облысы өнеркәсiп саласының өсу қарқыны бойынша республикада — 6-орында. Жалпы өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнiң 18 пайызын құрайтын машина жасау саласы өңiр өнеркәсiбiнiң жетекшi салаларының бiрi болып табылады.

Есеп беру кезеңiнде машина жасау өндiрiсiнiң көлемi 18,4 пайызға өстi.

Петропавл ауыр машина жасау зауыты «Теңiзшевройл» сияқты iрi компанияның тапсырысын орындады, ал үстiмiздегi жылы жапондық «Марубени корпорейшн» компаниясымен 509,2 млн. теңгеге және ресейлiк «Уралмаш Холдинг» кәсiпорнымен 51 млн. теңгеге шарт жасалды. «ЗИКСТО» АҚ-да өндiрiс көлемiнiң 4 есеге артқандығы байқалды.

Үкiметтiң қолдауы арқасында үстiмiздегi жылы Ұлттық компаниялардың жергiлiктi тауарөндiрушiлермен 81 млрд. теңге сомасында ұзақмерзiмдi шарттар жасауы жөнiндегi жұмыс жалғастырылуда. Бұл кәсiпорындардың өндiрiстiк қуаттылығының 80 пайызын құрайды.

Қазiрдiң өзiнде машина жасау кәсiпорындарының тапсырыс портфелi 23 млрд. теңгенi құрады. Өнiм мұнай-газ, темiр жол және энергетикалық кешендердiң қажеттiлiгiне бағдарланған.

«ПЗТМ» АҚ, «ЗИКСТО» АҚ, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «Мұнаймаш» АҚ шамамен 21 млрд. теңгенiң өнiмiн шығаруды көздеп отыр.

Индустрияландыру картасы

2015 жылы Индустрияландыру картасының екiншi бесжылдығы басталды. Оның аясында өңiрiмiзде жалпы көлемi 100 млрд. теңгеден асатын 60-тан астам жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның 15-i 2015 жылы пайдалануға берiлдi.

Сондай жобалардың бiрi «Радуга» тез дайындалатын тағамдар фабрикасы болып табылады. Бiрегей кәсiпорын Елбасының қатысуымен өткен телекөпiр барысында iске қосылды. Фабрика құрғақ таңғы астың 25 түрiн шығарады. Бұрын бұл өнiм, негiзiнен, Ресей Федерациясынан импортталса, қазiр облыс өзiн толық қамтамасыз ете алады. Өнiмнiң бiр бөлiгi экспортқа шығарылады.

«КАЗТЕХМАШ» машина жасау зауытының ашылуы облыс үшiн үлкен оқиға болды. Кәсiпорын 59 жемшөп дайындау техникасын, 46 «SAMPO ASIA» маркалы комбайнын шығарды. Ол комбайндардың 22-сi өткен жылғы орақ науқанына қатысты. Бүгiнгi күнi зауыт жергiлiктi өндiрушiлердi тарта отырып, өндiрiстi жергiлiктiлендiру бағдарламасын жасады.

Үстiмiздегi жылдың басында облыста ТМД аумағында тұңғыш рет «BARTEC Kazakhstan» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi өздiгiнен реттелетiн жылыту кабельдерiн шығаратын зауытты iске қосты. Өндiрiс тiкелей шетел инвестициялары есебiнен салынды. Кәсiпорынды жабдықтауда Германия, Швеция және Франциядан әкелiнген технологиялар трансфертi қолданылды. Зауыт ай сайын 250 мың метр өнiм өндiре алады. Кәсiпорын Индустрияландыру картасының екiншi бесжылдығындағы 16-шы және 2016 жылы Солтүстiк Қазақстан облысында iске қосылған бiрiншi инвесторлық жоба болып табылады.

Жалпы Индустрияландыру картасы аясында 2016 жылы 4,4 млрд. теңгенiң тағы 12 жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл 500-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк бередi. Олардың арасында: «Қозықұйрық өсiру және қайта өңдеу зауытының құрылысы» («Грибной мир» ЖШС); «Тез дайындалатын кеспе, ботқа, сорпа, картоп езбесiн өндiретiн цех салу» («РИМ Каз Агро» ЖШС); «Дәндi дақылдарды тереңдете қайта өңдейтiн диiрмен цехының құрылысы» («Торговый дом Богатырский продукт Север» ЖШС) бар.

Тоқтап тұрған кәсiпорындар

2015 жылы тоқтап тұрған кәсiпорындардың қызметiн қайта қалпына келтiру жұмыстары аясында өңiрiмiздегi жұмыс iстемей тұрған өнеркәсiп өндiрiсi түгенделiп, «Солтүстiк Қазақстан облысында 2015-2016 жылдары бос қалған және тоқтап тұрған кәсiпорындарды қайта қалпына келтiру бойынша Жол картасы» жасалды.

Жол картасына облыстың 6 ауданы мен Петропавл қаласында жұмыс iстемей тұрған 13 кәсiпорын енгiзiлдi. Оның iшiнде бiр кәсiпорын — «Аделиада» ЖШС 2015 жылдың желтоқсан айында сұйық май шығара бастады. Үстiмiздегi жылы жұмыс iстемей тұрған 12 кәсiпорынды қалпына келтiру жұмыстары жалғасатын болады.

Жер қойнауын пайдалану

Облыстың минералды-шикiзат кешенi зор әлеуетке ие. Пайдалы қазбалардың 286 кен орны зерттелдi. Қазақстанда өндiрiлетiн шикiзат өнiмдерiнiң iшiнде қалайының — 65, цирконийдiң 37 пайызы бiздiң өңiрде шоғырланған.

2015 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс және құмды-қиыршықтастардың қоспасын шығаруды 18 пайызға (904,6 мың текше метр) арттыру есебiнен қазба байлықтарын өндiру көлемi 19,5 пайызға көбейдi.

Облыста көп кездесетiн пайдалы қазбалар бойынша 50 және қатты қазбалар бойынша 7 келiсiмшарт тiркелген.

2015 жылдан берi «Костанайская поисковосъемочная экспедиция» ЖШС Үлкен-Қараой аумағындағы (Ақжар, Уәлиханов аудандары және Тайынша ауданының бiр бөлiгi) ресурсты болжап бағалау бойынша тереңдетiлген геологиялық карталау жұмысын жүргiзуде.

Австралиялық «Iiuka Resourses LTD» компаниясы үстiмiздегi жылы минералдық құмдарды өңдеу бойынша зауыт салуға мүмкiндiк беретiн титанды-цирконий кен орындары бар жерлерге геологиялық зерттеу жүргiзу жұмыстарына кiрiсудi жоспарлап отыр.

Кәсiпкерлiктi дамыту

Облыста 34 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектiсi бар, оларда 110 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Бұл облыстың еңбекке қабiлеттi әр үшiншi адамы жұмыспен қамтылып отырғанын бiлдiредi.

Шағын және орта бизнестiң жалпы өңiр өнiмiндегi үлесi 25,2 пайызды құрайды, облыс бұл көрсеткiш бойынша республикада бесiншi орында.

Жұмыс iстеп тұрған және iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлер мемлекеттiк қолдау тетiктерiн белсендi пайдалануда. Облыс «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 2015 жылы 2,5 млрд. теңгенi игердi. Сонымен бiрге 251 кәсiпкерлiк субъектiсiнiң өтiнiмi мақұлданды. Бұл 2014 жылғы деңгейден 13 пайызға (222 өтiнiмге) артық:

  • 145 несиенiң сыйақы мөлшерiн субсидиялауға — 6,8 млрд. теңге;
  • 847 млн. теңге сомасындағы 65 несиенi кепiлдендiруге;
  • 4 нысан бойынша 0,7 млрд. теңге сомасына өндiрiстiк инфрақұрылымды дамытуға;
  • iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлердiң 10,01 млн. теңге сомасындағы 6 жобасын гранттық қаржыландыруға;
  • «Назарбаев Университетi» АБҰ бизнес-мектеп базасында шағын және орта бизнес топ-менеджментiн оқытуға 31 өтiнiм қабылданды.

Аталмыш бағдарламаны тиiмдi жүзеге асырудың арқасында 2015 жылы кәсiпкерлердiң қатысуымен 5 мыңнан астам қолданыстағы жұмыс орны сақталып қалды және 1 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Бағдарламаға қатысушылардың жалпы санына қатынасы бойынша мемлекеттiк қолдау алған ауыл кәсiпкерлерiнiң салыстырмалы үлесi 53 пайызға дейiн артып, 115 жобаны құрады (2014 жылы — 32,8 пайыз немесе 64 жоба).

Облыста экономиканың басқа да салалары үшiн жақсы өндiрiстiк сұраныс тудыратын кәсiпорындар ашылуда. Олар: қаңқа-панельдiк үй құрылысына арналған темiр-бетондық құрама элементтерiн өндiретiн «Единство» ЖШС, керамикалық кiрпiш шығаратын «Алаугаз» ЖШС зауыты. Бұл кәсiпорын өңiрiмiзге қажеттi аталмыш құрылыс материалы көлемiнiң үштен бiрiн қамтамасыз етiп отыр.

2016 жылы өңiр экономикасының басым салаларындағы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуды одан әрi ынталандыру бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Үстiмiздегi жылы:

  • жұмыс iстеп тұрған шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi санын 36 мың бiрлiкке дейiн;
  • өнiм өндiру көлемiн 370 млрд. теңгеге дейiн;
  • жыл қорытындысында жұмыс iстейтiндер санын 115 мың адамға дейiн немесе 4,5 пайызға;
  • жалпы өңiрлiк өнiмдегi шағын және орта бизнес кәсiпкерлiгiнiң үлесiн 27 пайызға дейiн жеткiзу көзделуде.

Туризмдi дамыту

2015 жылы туризм саласын дамытуға 876 млн. теңге инвестиция бағытталды. «Жемчужина Имантау», «Арлан», «Ардагер» демалыс аймақтары ашылды, «Салтанат» және «Сокол» балалар лагерьлерiне күрделi жөндеу жүргiзiлдi. «Солнечный ВИП» демалыс аймағында пантамен емдеу қолданысқа енгiзiлдi және марал фермасы ашылды.

Петропавл қаласында осызаманға сай «Green Park» демалыс аймағы және «Европа» қонақүй-мейрамхана кешенi пайдалануға берiлдi.

Өңiрiмiздегi туристiк саланы дамыту мақсатында оның беделiн арттырып, бет-бейнесiн қалыптастыратын жұмыстар жүргiзiлуде. «СТВ» телеарнасының «Неизведанный Казахстан» бағдарламасы аясында Айыртау ауданы туралы хабарлар көрсетiлдi.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесiне дайындық аясында Ресей Федерациясының шекараға жақын (Омбы, Қорған, Түмен) өңiрлерi тұрғындары үшiн Петропавл қаласы, Айыртау ауданы арқылы «ЭКСПО — 2017» көрмесiне баратын туристiк маршрут жасалды.

2015 жылдың 9 айында солтүстiкқазақстандық туристiк нысандарда 53,5 мың адам (iшкi туризм — 50,8 мың, сырттан келушiлер — 2,7 мың адам) болған. Оларға 421,8 млн. теңгенiң қызметi көрсетiлген.

Үстiмiздегi жылы Айыртау ауданында 3 («Махметов» ЖК, «Эдельвейс» ЖШС, «Пiрманов» ЖК) және Қызылжар ауданында 1 («Таза Аспан» ЖШС) демалыс аймағының құрылысы жоспарланып отыр.

Петропавл қаласында 4 қонақүйдiң (Hampton by Hilton, «Егоровские склады» ЖШС, «Rektoration» ЖШС, «Арнау Құрылыс» ЖШС) құрылысы жалғасуда. Облыс орталығындағы «Қызыл Жар» қонақүйiн күрделi жөндеу жұмысы аяқталуға жақын.

Үстiмiздегi жылдың мамыр айында туризм апталығын өткiзу жоспарланған, оның аясында алғаш рет «Солтүстiк Қазақстан облысының туристiк әлеуетi» көрмесi өткiзiледi.

Энергетика

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавлдың 2-шi жылу тарату орталығында (ЖТО) қайта жаңғырту жұмыстары жүргiзiлуде.

2015 жылы қайта жаңартылғаннан кейiн 2-шi жылу тарату орталығында құны 5,6 млрд. теңгенiң №1 турбоагрегаты iске қосылды. Аталмыш турбинаны енгiзу электр күшiн 63 МВт-ға арттыруға, сондай-ақ, турбоагрегаттардың тозуын 14 пайызға азайтуға мүмкiндiк бердi.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2016 жылы №2 ЖЭО-ның №12 жылыту қазандығы агрегаты мен №5 турбиналық агрегатында қайта жаңарту жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр. Қос жобаның құны сәйкесiнше 3,1 және 6,5 млрд. теңге. Бұл шараларды жүзеге асыру 2016 жылдың соңына қарай қуаттылықты 541 МВт-ға дейiн жеткiзуге мүмкiндiк бередi.

2015 жылы бюджет қаржысы есебiнен Петропавл қаласында құны 3,4 млрд. теңге болатын 4,6 км жылу желiсiнiң құрылысы жүргiзiлдi. «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 1,48 млрд. теңгеге 1,3 км жылу желiсi мен сорғы станциясы салынды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту

Облыста 1710 көпқабатты тұрғын үй бар, олардың 1046-сы — Петропавл қаласында.

2011-2015 жылдары «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасына 158 үй қатысып, 2,4 млрд. теңге бөлiндi. Бұл қаржыға 120 үйдiң шатырына жөндеу жүргiзiлдi, 49-ның қасбетi, 36-сының кiреберiсi жөнделсе, 56 үйдiң инженерлiк желiлерi жаңартылды, 39 лифт жөнделiп, ауыстырылды.

2015 жылы республикалық бюджеттен бөлiнген 136,5 млн. теңгеге Петропавл қаласындағы 6 үйге жөндеу жүргiзiлдi. Сонымен қатар, қайтарылатын қаржыға тағы 3 үй (2 үй — Петропавл қаласында, 1 үй — Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданда) жөнделдi.

2016 жылы бағдарлама аясында қайтарылатын 70 млн. теңгеге Петропавл қаласындағы 4 үйге жөндеу жүргiзу жоспарланып отыр.

Тұрғын үй құрылысы

2015 жылы барлық қаржыландыру көздерi есебiнен 140,4 мың шаршы метр тұрғын үй (1086 пәтер) пайдалануға берiлдi, бұл алдыңғы жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда 116,9 пайызды құрады. Өңiрлердi дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасын (қолжетiмдi баспана салу) жүзеге асыру бойынша жалпы ауданы 23,7 мың шаршы метр 5 үй (280 пәтер) пайдалануға берiлдi. Оның iшiнде жас отбасыларға арналған 3 жалдамалы баспана (135 пәтер) және тұрғын үй-жинақ жүйесiнiң қатысушылары үшiн салынған жалпы ауданы 12,9 мың шаршы метр 2 үй (145 пәтер) бар.

Тұрғындар мен кәсiпорындардың қаржысына жалпы ауданы 105,4 мың шаршы метр тұрғын үй (606 пәтер) қолданысқа берiлдi.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жалпы ауданы 11,3 мың шаршы метр екi жатақхана (әрқайсысы 100 пәтерден) iске қосылды.

2016 жылы барлық қаржыландыру көздерi есебiнен 185 мың шаршы метр немесе 2015 жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда 131,7 пайызға артық тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Тұрғын үй-жинақ жүйесi арқылы жалпы ауданы 27,7 мың шаршы метр 4 үй (300 пәтер) салынады.

«Бәйтерек Девелопмент» АҚ жүйесi арқылы үстiмiздегi жылдың мамыр айында Петропавл қаласының Юбилейный-Семашко көшелерiнде жалпы ауданы 13,85 мың шаршы метр 2 тұрғын үйдi (198 пәтер) пайдалануға беру жоспарланған.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингi» АҚ мен «Единство» ЖШС бiрiгiп жалпы ауданы 10 мың шаршы метр 2 iрiпанельдi үйдiң (156 пәтер) құрылысын бастады.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ желiсi арқылы жалпы ауданы 11,4 мың шаршы метр болатын 2 тұрғын үй (212 пәтер) салу жоспарланған.

Юбилейный көшесiнiң бойындағы жалпы ауданы 7,04 мың шаршы метр болатын 126 пәтерлi тұрғын үйдiң құрылысын аяқтау көзделуде.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасының үшiншi бағыты бойынша үстiмiздегi жылы Аққайың ауданының Смирново ауылында жалпы ауданы 385 шаршы метр болатын 5 бiрпәтерлiк тұрғын үй салынады.

Үстiмiздегi жылдың наурыз айында жас отбасыларға жалпы ауданы 6,7 мың шаршы метр болатын 75 пәтерлi тұрғын үй пайдалануға берiледi.

Жалпы «Нұрлы Жол» және өңiрлердi дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламалары аясында 2016 жылы облыс орталығында 11 тұрғын үйдi (1011 пәтер) пайдалануға беру жоспарланған.

Автомобиль жолдары және көлiк

Қазiргi таңда Солтүстiк Қазақстан облысының автомобиль жолдары желiсiнiң ұзындығы 7530 километрдi құрап, ұзындығы жөнiнен республика өңiрлерi арасында үшiншi орынды иелендi (ШҚО — 8422 км және Қостанай облысы — 8106 км).

Өткен жылы облыста жол жөндеу кезiнде ресурсты үнемдеу технологиясы — суық ресайклирлеу және топырақты тұрақтандыру әдiсi (тұрақтандырғыш және тұтқыр материалдарды пайдалану арқылы бұрынғы жамылғыларды қалпына келтiру) қолданылды. Бұл әдiстердi қолдану арқылы кететiн шығынды 3 есеге дейiн азайтып, нәтижесiнде жөнделген жолдардың ұзындығын көбейттiк.

2015 жылы жолдарды қайта қалпына келтiру, жөндеу және оны ұстау жұмыстарына 5,2 млрд. теңге бөлiндi.

Тайынша ауданындағы Лавровка — Келлеровка — Тайынша — Чкалово автожолының 5,2 километрi қайта жаңартылды, 160 км жолға күрделi және орташа жөндеу, сондай-ақ, автожолдарға ағымдағы жөндеу және ұстау жұмыстары жүргiзiлдi. Бұл 150 мыңнан артық тұрғыны бар 210-нан астам елдi мекендi байланыстыратын жолдардың жағдайын едәуiр жақсартты.

2016 жылы бұл жұмыс жалғасын табады. 360 км жолды жөндеу жоспарланған. Бұл мақсатқа 5,6 млрд. теңге бөлу көзделiп отыр. Бөлiнген қаржыға мына жұмыстар атқарылады:

  • 11,7 км жолды қайта жаңарту;
  • Тайынша ауданындағы Лавровка — Келлеровка — Тайынша — Чкалово автожолындағы көпiрдi күрделi жөндеу;
  • дәстүрлi әдiспен 47 километр жолды орташа жөндеу;
  • 46 километр жолды жаңа технологияларды қолдану арқылы орташа жөндеу;
  • 255 километр жолға ағымдағы жөндеу және басқа да жұмыстар жүргiзу.

Үстiмiздегi жылы қашықтығы 143 км болатын Астана — Петропавл автомобиль жолын қайта жаңарту жобасы аяқталады.

Облыста 229 автобус бағыты бар, оның 5-еуi — халықаралық, 27-сi — облысаралық, 84-i — қалааралық және облысiшiлiк, 10-ы — қаламаңы, 61-i — ауданiшiлiк және 16-сы — ауыларалық, 25-i — қалаiшiлiк бағыттар. Облыста 17 автостанция, Петропавл қаласында 1 автовокзал жұмыс iстейдi.

Барлық 678 елдi мекеннiң 630-ы қоғамдық автобус қатынасымен қамтылған, қамтылу көрсеткiшi 92,9 пайыз (2014 жылы 91,6 пайыз болған, яғни 681 елдi мекеннiң 624-i).

2016 жылы облыстың елдi мекендерiн тұрақты автобус қатынасымен қамтуды ұлғайту жөнiндегi жұмыс жалғасады.

2015 жылы Үкiметтiң қорынан бөлiнген қаржыға (4 млрд. теңге) мердiгер компания «К-Дорстрой» АҚ Петропавл қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын қолданыстағы параметрлерге сай жаңартты.

Қазiргi таңда әуежайдан Петропавл — Алматы — Петропавл, Петропавл — Астана — Петропавл авиабағыттары бойынша субсидияланатын республикаiшiлiк жолаушылар тасымалы жүзеге асырылуда.

2016 жылы Үкiметтiң қорынан бөлiнетiн 1,9 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған (жасанды ұшу-қону жолағын кеңейту және ұзарту, жарықпен ескерту беру құрылғысын орнату), сонымен қатар 1,4 млрд. теңгеге әуежайдың жолаушылар терминалы жаңартылады.

Жөндеу жұмыстары аяқталған соң әуежай барлық үлгiдегi жолаушылар және жүк тасымалдайтын ұшақтарды қабылдайтын болады, бұл тұрақты түрде жолаушылар авиатасымалының санын көбейтуге, транзиттiк авиабағыттарға қызмет көрсету мүмкiндiгiн арттыруға, жүк авиатасымалдары үшiн тұрақты бағыттарды ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi.

Сумен жабдықтау

2015 жылы облыстың елдi мекендерiн сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге 4,4 млрд. теңге бағытталды (оның 4,2 млрд. теңгесi — республикалық, 0,2 млрд. теңгесi — облыстық бюджеттен). 215,8 километр су құбырын қайта жаңарту және салу жұмыстары жүргiзiлдi.

Өңiрлердi дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасы аясында 2015 жылы сумен жабдықтау бойынша 34 жоба, соның iшiнде 33 жоба ауылдарда жүзеге асырылды. Ақжар ауданының 4 ауылында (Дәуiт, Казанское, Үлгiлi, Қызылту), Аққайың ауданының 7 ауылында (Ивановка, Ленинское, Черкасское, Рублевка, Аралағаш, Трудовое, Астраханка), Мағжан Жұмабаев ауданының 3 ауылында (Бәйтерек, Медвежка, Лебяжье), Қызылжар ауданының 9 ауылында (Асаново, Знаменское, Новоникольское, Бугровое, Рассвет, Подгорное, Красная горка, Приишимка, Водопроводное), Тайынша ауданының 2 ауылында (Чермошнянка, Тихоокеанское) сумен жабдықтау нысандарында құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары, Уәлиханов ауданында су құбырын салу аяқталды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша 2,2 мың адам тұратын 3 елдi мекенге (Есiл ауданының Горное ауылы, Тайынша ауданының Чермошнянка ауылы, Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Разгульное ауылында «Приишимье Агро» ЖШС-нiң қаржысы есебiнен) су берiлдi. Тұрғындар саны 35,8 мың адамды құрайтын 41 елдi мекенде сумен жабдықтау жақсартылды. Ал 2016 жылы Тайынша қаласында су тарату желiлерi құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, аталмыш жобаға 403 миллион теңге бөлiндi.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында облыс орталығындағы сумен жабдықтау және суды бұру тораптарының қайта жаңарту жұмыстарына 3,5 миллиард теңге бағытталмақ. Кәрiздiк тазарту құрылыстарын қайта жаңарту жұмыстары жалғасын табатын болады. Еуропа қайта құру және даму банкiнен алынған қаржыға «Қызылжар су» ЖШС нысандарын жаңғырту жөнiндегi жобаны жүзеге асыру көзделуде. Жоба құны 3 миллиард 850 миллион теңге (жүзеге асырылу кезеңi 2016-2018 жылдар).

Су ресурстары жөнiндегi комитет Соколов топтық су торабының қайта жаңарту жұмыстарын аяқтайды. Бұл жұмыстың нәтижесiнде 10 ауылда сумен жабдықтау жақсартылып, 3 ауыл орталықтандырылған сумен қамтамасыз етiлетiн болады.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы

Облыста «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 13 жоба жүзеге асырылуда. Бұл мақсатқа 2015 жылы Ұлттық қордан 3,6 миллиард теңге бөлiндi. Бұл қаржыға жаңа әлеуметтiк нысандар, мектептер, 320 орынға арналған балабақша салынып, тұрғын үй-коммуналдық, көлiк және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүргiзiлуде. 2015 жылға жоспарланған қаржы толық көлемiнде игерiлдi.

Әлеуметтiк қорғау

2015 жылы 27 мыңнан астам солтүстiкқазақстандық, оның iшiнде 15,2 мың адам жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, оның 72,1 пайызы — ауылдық жерлерде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында 2015 жылы облыс 2,4 миллиард теңге игерiп, 5 мың-нан астам адам бағдарлама шараларымен қамтылды. Қолданылған шаралар жұмыссыздық деңгейiн 4,8 пайызға дейiн (2014 жылы 5,0 пайыз), табысы ең төменгi күнкөрiс кiрiсiнен төмен тұрғындардың үлесiн 3,7 пайызға дейiн (2014 жылы 4,2 пайыз) төмендетудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.

2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыс бойынша орташа еңбекақы 4,1 пайызға өсiп, 83,0 мың теңгенi құрады.

2015 жылы жұмыспен қамту органдары 556 мүмкiндiгi шектеулi адамды жұмысқа орналастыруға ықпал жасады. Мүгедектердi оңалту, олар үшiн нысандардың, көлiктiң, ақпарат пен қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолданылуда. Мүмкiндiгi шектеулi тұлғалардың әлеуметтiк нысандар мен қызметтерге қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк және жекеменшiк сектордағы 151 нысан қайта жабдықталды.

2015 жылы барлық деңгейдегi бюджеттер есебiнен 349,8 миллион теңгеге техникалық құралдар, протездiк-ортопедиялық көмек, сондай-ақ, гигиеналық құрал-жабдықтар алынып, жеке көмекшiлер қызметiмен және ым тiлi мамандарымен қамтамасыз етiлдi. Оңалту құрылғыларымен барлығы 4375 адам қамтамасыз етiлдi.

Бiлiм беру

2015 жылы облыстағы балабақшаларда 1148 жаңа орын пайдалануға берiлдi. Олардың барлығы мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк аясында ашылды. Мысалға, өңiрдегi екi iрi компания өз қаражаттарына 600 орындық екi жаңа балабақша салды. Нәтижесiнде жылдың қорытындысы бойынша мектепке дейiнгi балаларды тәрбиемен және оқытумен қамту 3,9 пайызға артып, 97 пайызды құрады.

2016 жылы жаңа мектепке дейiнгi мекемелерде 1263 орын ашу жоспарлануда. Оның 288-i — облыс аудандарында, 975-i — Петропавл қаласында. «Петрострой-Люкс» ЖШС 200 орындық жекеменшiк балабақшаның құрылысын аяқтауға жақын. Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша құрылысы жүргiзiлiп жатқан 320 орындық балабақша пайдалануға берiледi. Концессиялық жоба аясында 370 орындық 3 балабақшаның құрылысы басталады.

2015 жылдың қорытындысы туу көрсеткiшiнiң бiрте-бiрте көтерiлiп келе жатқанына көз жеткiзiп отыр. 2013 жылдағы көрсеткiшпен салыстырғанда үстiмiздегi оқу жылында бiрiншi сыныпқа барған балалардың саны 782 оқушыға өстi (2013 жылы — 7231 адам, 2014 жылы — 7551 адам, 2015 жылы — 8013 адам).

Өткен жылы облыстағы ең елеулi оқиғалардың бiрi Петропавл қаласында химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлiк мектебiнiң ашылуы болды. Облыста бұл мектеп бiлiм берудiң жаңартылған мазмұнын енгiзуде базалық оқу орны болып табылады.

2015 жылы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Буденное ауылында 90 орындық және Мамлют ауданының Мамлютка қаласында 300 орындық мектептердiң құрылысы аяқталды. Бұл облыстағы апаттық мектептердiң мәселесiн толықтай шешуге мүмкiндiк бердi. Ал үш ауысымдық оқытуды жою мақсатында Ұлттық қордан бөлiнген қаржының есебiнен Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Новоишимское ауылында 400 орындық мектеп-интернаттың және Тайынша ауданының Тайынша қаласында 300 орындық мектептiң құрылысы жүргiзiлуде. Барлық нысандар биыл пайдалануға берiлмек.

Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша бiлiм берумен айналысатын 24 мекемеде күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Ағымдағы жылы 10 бiлiм беру мекемесiнде күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу көзделуде. 46 мектепте жылыту қазандықтары қайта жаңартылды. Үстiмiздегi оқу жылының басында оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк әдебиеттердi сатып алуға бюджеттен 444,9 миллион теңге бөлiндi. Бұл мақсатқа алдағы оқу жылында 250 миллион теңге қарастырылған. Мемлекет басшысы 2017 жылды «Баршаға арналған тегiн кәсiбитехникалық бiлiм» жаңа жобасы мәре алатын жыл деп жариялады. Бiздiң облысымызда кәсiптiк және техникалық бiлiм алуға жақсы негiз қаланған. Облыста техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн 27 ұйым жұмыс iстейдi. Оларда 12 мыңнан астам студент, соның iшiнде мемлекеттiк тапсырыс бойынша 8 мыңнан астам адам (немесе 65 пайызы) бiлiм алуда. Кадрларды даярлау 75 мамандық пен 107 бiлiктiлiк бойынша жүзеге асырылуда. Үстiмiздегi оқу жылында 80 кәсiпорынмен бiрлесе отырып 12 колледжде 24 мамандық бойынша дуалды оқытуды енгiзу жүзеге асырылуда. Жыл сайын 7 мыңнан аса студент өндiрiс алаңында кәсiптiк тәжiрибеден өтедi, олардың үштен бiр бөлiгi еңбекақы төлейтiн жұмыс орындарымен қамтылған. Дуалды оқыту шеңберiнде 3 кәсiпорында («Петропавл ауыр машина жасау зауыты» мен «Мұнаймаш» АҚ-ы, «Қазтелерадио» АҚ филиалы) оқу кабинеттерi ашылды. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кадрларды сапалы даярлау мақсатында Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжi базасында электр энергиясымен жабдықтау мамандығы үшiн 5 миллион теңгенiң оқу полигонын орнатты.

Ж. Қизатов атындағы Есiл ауылшаруашылық колледжiнде 30 бас мал ұсталатын оқу фермасы жабдықталып, арнайы пәндер бойынша 3 кабинет жасақталды. Өңдеу саласы үшiн «Ет және ет өнiмдерi өндiрiсi» атты жаңа мамандық ашылды.

«Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi жаңғырту» жобасы шеңберiнде 2015 жылы Петропавл құрылыс-экономикалық колледжi «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша 41 миллион теңгенiң грантын жеңiп алды. Бұл қаржы колледждi нығайту мен дамытуға жұмсалады. Колледж негiзiнде құрылыс саласы бойынша мамандар даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмше — ресурстық орталық ашылды.

2015 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 10 мамандық бойынша 129 адам 7 колледжде бiлiм алып (2012 және 2014 жылдары қабылданған), жұмыс берушiлер өтiнiмдерiмен жұмысқа орналастырылды. Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжде жұмыспен қамту орталықтарының бағыттауымен 21 адам «Әлеуметтiк жұмыс» мамандығы бойынша 3 айлық қайта даярлау курсынан өттi.

2015 жылы «Мәңгiлiк ел жастары — индустрияға» жобасы аясында 5 колледжде 9 мамандық бойынша 249 студент пен М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнде 415 жас артық жұмыс күшi бар өңiрлерден келiп бiлiм алуда.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласындағы жұмыс тұрғындардың өлiмi мен мүгедектiгiне себеп болатын жайлардың алдын алуға бағытталған.

2015 жылы облыс пен қаладағы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн жергiлiктi бюджеттен 463 миллион теңге қаржы бөлiндi. 55 бiрлiк санитарлық көлiк сатып алынды, облыстық перинаталдық орталықтың және облыстық балалар ауруханасының сурдология кабинетiнiң жабдықтары жаңартылды, әр аудандық ауруханаға жаңа туған нәрестелердiң есту қабiлетiн тексеретiн аудиометрлер берiлдi.

Облыс тұрғындарына мемлекеттiк ұйымдарда 1413 дәрiгер, 4904 орта буын маман медициналық көмек көрсетедi. 2015 жылы денсаулық сақтау саласы 68 жас маманмен толықты, олардың 24-i ауылдарда жұмыс iстейдi. Мемлекеттiң жәрдемақысы 51 маманға берiлдi, 35 жас маман үшiн жалгерлiк тұрғын үй төлемi төленедi.

Онкоскринингтiң 6 түрi енгiзiлген Ұлттық скрининг бағдарламасы тиiмдi жұмыс iстеп, онкологиялық ауруларды ерте анықтауды 57 пайызға дейiн ұлғайтуға мүмкiндiк бердi. Онкологиялық ауруға шалдыққандардың одан кейiн бес жылға дейiн өмiр сүруi соңғы жылдары 54,3 пайызға өстi.

Өткен жылы денсаулық саласының негiзгi көрсеткiштерi облыс медицина қызметкерлерiнiң кәсiби жұмысына байланысты нәтижелi болды. Есептi кезеңде ана өлiмi мен балалардың туберкулез ауруынан қайтыс болуы тiркелген жоқ. Нәресте өлiмi — 13,8 пайызға, туберкулез ауруына шалдығу 6,7 пайызға қысқарып, туберкулезден өлу 1,3 есеге азайды.

2015 жылы облыстың төрт ұйымында (облыстық ауруханада, перинаталдық орталықта, кардиологиялық орталықта, №3 қалалық ауруханада) тұрғындарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетiлдi. Жыл бойы осындай қызметтi 1227 адам пайдаланды.

Облыстық кардиологиялық орталықта қолқақантамырын шунттеу бойынша 166 ота және 488 стенттеу, 1380 коронография және 63 ангиография жасалды.

2016 жылы жергiлiктi бюджеттен денсаулық сақтау мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн 9 жоба бойынша күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзуге 308,5 миллион теңге бөлiндi. Ол қаржының жартысынан астамы жүктi әйелдерге және балаларға көмек көрсететiн ұйымдарды жөндеуге, облыстық перинаталдық орталыққа, №3 қалалық аурухананың балалардың инфекциялық аурулары бөлiмшесiне, Жамбыл аудандық орталық ауруханасының балалар бөлiмшесiне бөлiндi.

«Бизнестiң жол картасы-2020» мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде 6 жоба бойынша медициналық мекемелерге күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшiн 120491 мың теңге (оның iшiнде 108440 мың теңге — республикалық бюджеттен, 12051 мың теңге — жергiлiктi бюджеттен) қарастырылған. Бұл қаржыға екi аудандық ауруханаға (Тимирязев пен Ғабит Мүсiрепов атындағы аудандар), балаларға көмек көрсететiн екi ұйымға (№1 қалалық емхананың балалар бөлiмшесi мен облыстық балалар ауруханасына) жөндеу жұмыстары жүргiзiледi.

2016 жылы медициналық құрал-жабдықтар мен санитарлық көлiк сатып алуға жергiлiктi бюджеттен 407,8 миллион теңге жоспарланды. Ол қаржыға 8 бiрлiк санитарлық көлiк, 35 бiрлiк медициналық техника сатып алу және ауылдық елдi мекендердегi төрт медицина ұйымының жылыту жабдықтарын ауыстыру жоспарланып отыр.

Тұтастай алғанда, алдағы жылдары саланың алдында денсаулық сақтау саласының тиiмдi жүйесiн қалыптастыру, медициналық көмектiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мiндетi қойылып отыр. Облыс тұрғындарының алғашқы медициналық-санитарлық, сол сияқты, стационарлық көмек тұрғысынан көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң сапасына риза болуына айрықша назар аударылады.

Мәдениет

Облыстағы 590 мәдениет және мұрағат нысандары, оның iшiнде 240 клуб, 317 кiтапхана, 12 мұражай, 15 мұрағат, 3 театр, филармония, кинобейнеқорды сақтау мен пайдалану орталығы жұмыс iстейдi. Бұл салада 2615 адам жұмыспен қамтылған.

2015 жылы 18 мәдениет нысаны ашылды. Оның iшiнде 12 демалыс орталығы Мағжан Жұмабаев ауданында (Надежка а.), Тайынша ауданында (Қарағаш, Заречный а.), Мамлют ауданында (Дубровное а.), Шал ақын ауданында (Ақанбарақ және Балуан а.), Аққайың ауданында (Рублевка, Добровольское а.), Қызылжар ауданында (Красноярка және Бугровое а.), Есiл ауданында (Қарағай а.), Айыртау ауданында (Жақсы-Жалғызтау а.), 6 кiтапхана Мағжан Жұмабаев ауданында (Бастомар а.), Тайынша ауданында (Новогречанка а.), Уәлиханов ауданында (Қарашiлiк, Көбенсай а.), Айыртау ауданында (Елецкое, Қаратал а.) ашылды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша екi ауылдық клубқа және Аққайың, Ақжар, Мамлют аудандарының Мәдениет үйлерiне күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Облыстық бюджеттен бөлiнген 300 миллион теңгеге облыс орталығында күрделi жөндеу жүргiзiлiп, Жастар үйi ашылды, (200 млн. теңге), Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының материалдық-техникалық базасы нығайтылды (100 млн. теңге).

2015 жылы төрт iрi мерейтойлық дата: Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығы, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтiлдi.

Астана қаласында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Солтүстiк Қазақстан облысының Мәдениет күндерi салтанатты шарасына өңiрiмiздiң үздiк шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздары, қолөнер шеберлерi қатысты.

Қазақстан Конституциясының 20 жылдығын мерекелеу шеңберiнде Шәмшi Қалдаяқов пен Кәкiмбек Салықовтың әндерiн орындаушылардың байқауы ұйымдастырылды. Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылып мұражайлардағы жәдiгерлер жаңартылды, облыс театрларында Қожаберген жырау туралы және «Бейбарыс сұлтан», «Қарт Қорқыттың ертегiлерi» атты қойылымдар көрсетiлiп, «Көшпендiлердiң мұралары» атты көрме өткiзiлдi.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылында облыстық бейнелеу және мүсiн өнерлерi мұражай қорынан көрмелер ұйымдастырылып, Астана қаласындағы Тұңғыш Президент мұражайында «Бiрлiк бесiгi» этнографиялық көрмесi, мұражайлар арасындағы ынтымақтастық шеңберiнде тарихи-өлкетану мұражайында «Қазақстан: бейбiтшiлiк, руханият және келiсiм аумағы» атты көрме өткiзiлдi.

Өңiрлер ынтымақтастығы негiзiнде облыстың қуыршақ театры Ресейдiң Омбы қаласында өткен қуыршақ театрларының халықаралық фестивалiне қатысты. Кейiн омбылық «Арлекин» қуыршақ және маска театры Петропавлға келiп, өнер көрсеттi. Ресей мен Қазақстан халықтарының мәдени мұрасын сақтау және дамыту мақсатында Омбы қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына толық жабдықталған киiз үй сыйға тартылды.

Театрлар ұжымы 5 халықаралық және республикалық фестиваль мен байқауға қатысып, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей елдерiнiң жоғары марапаттарына ие болды. Облыстық филармония ұжымы Бiрiккен Араб Әмiрлiгiнiң Дубай қаласында өнер көрсетiп, қазақ елiнiң жетiстiктерiн паш еттi.

Облыстық ғылыми кiтапхана АҚШ елшiлiгiнiң 11 мың долларды құрайтын 18-шi грантына ие болды және «ХХI ғасырдағы Қазақстанның үздiк кiтапханасы» аталымы бойынша жеңiске жетiп, 1 миллион теңгенiң сертификатын алды.

Облыста 1,5 миллион құжат сақталған 15 мұрағат мекемесi жұмыс iстейдi. Оның iшiндегi 32939-ы аса құнды құжаттар, шiркеу мен мешiттердiң 1855 жылдан бергi метркелiк кiтаптары, Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Орынбор қаласындағы мұрағаттардан алдырылған Абылай ханның өмiрi мен қызметi туралы мұрағат құжаттарының көшiрмелерi бар.

Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығы қарсаңында «Солтүстiкқазақстандық Кеңес Одағының Батырлары», «Қызылжар ауданынан шыққан Кеңес Одағының Батырлары» өмiрбаяндық анықтамалық кiтаптар жарық көрдi. Өңiрдiң және республиканың айтулы және мерейтойлық күндерiне арналған 2016 жылдың күнтiзбесi, «Мағжан Жұмабаев ауданы мұрағат қорының пайда болуы» атты ақпарат анықтамалығы дайындалды.

Облыста Ұлы Отан соғысына арналған 532 ескерткiш бар. Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығына орай Жамбыл ауданының Пресновка ауылында Даңқ мемориалы орнатылды, Қызылжар ауданының Новоникольское және Березовка ауылдарында Кеңес Одағының Батырларына арналған ескерткiштер ашылса, Петропавл қаласындағы Жеңiс саябағында қайта жаңғырту жұмыстары жүргiзiлдi.

2016 жылы ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын және облыстың 80 жылдығын тойлау аясында 1500-ден астам iс-шара өткiзу жоспарланған.

Облыс аудандарындағы мәдениет мекемелерiнiң санын 10 нысанға көбейту көзделiп отыр. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Аққайың, Айыртау және Жамбыл аудандарының ауылдық Мәдениет үйлерiне және Мағжан Жұмабаев ауданындағы Булаево қаласының Мәдениет үйiне жалпы сомасы 82,2 млн. теңгенiң күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлетiн болады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiмен бiрлесiп, Айыртау ауданының Никольское ауылында «Ботай» мұражай-қорығы» мемлекеттiк кәсiпорнын ашу бойынша жұмыс жүргiзiлуде.

Үстiмiздегi жылдың маусым айында Шығыс Қазақстан облысында Солтүстiк Қазақстан облысының Мәдениет күндерi, ал тамызда бiздiң өңiрде Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет күндерi өтедi.

Солтүстiк Қазақстан және Ресейдiң Омбы облыстары арасындағы ынтымақтастықты одан әрi нығайту және мәдениет пен мұрағат салаларында ақпарат алмасу шеңберiнде Омбы қаласының негiзi қаланғанына 300 жыл болуына орай «Ұлы дала тынысы» атты көрме экспозициясын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Қорған облысының Үкiметiмен мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм жасалды, 2016-2018 жылдары Қорған қаласында «Ұлы дала тынысы» мұражайының қорынан этнографиялық көрме мен Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының гастролi ұйымдастырылады.

Спорт

Солтүстiк Қазақстан облысында 162 020 адам (облыс тұрғындарының 28,4 пайызы) дене шынықтырумен және спортпен жүйелi түрде айналысады (республикалық орташа көрсеткiш — 26 пайыз). Бұл облысымызға бұқаралық спортпен қамту бойынша — 5-орынға және өсу екпiнi бойынша — 4-орынға көтерiлуге, нәтижесiнде 10302 адамға немесе 1,9 пайызға ұлғайтуға мүмкiндiк бердi.

Тұрғындар денсаулығын нығайту мақсатында өңiрде 2738 спорттық ғимарат жұмыс iстейдi. Спорт ғимараттарының жүйесi 345 бiрлiкке көбейдi.

Облыс аумағында 91 (жалпы саны — 391) хоккей корты салынса, 20 хоккей корты қайта қалпына келтiрiлдi, 213 футбол және шағын футбол алаңдары қатарға қосылды.

Орын тапшылығын азайту мақсатында спорт алаңдарында:

  • Петропавл қаласының «Жас өркен» шағынауданында мұз айдыны мен жеңiлатлетика манежi бар, жалпы аумағы 14853 шаршы метрлiк Спорт сарайы;
  • демеушiлердiң қаражаты есебiнен «Қарасай» стадионында жабық хоккей корты пайдалануға берiлдi.

Балалар мен жасөспiрiмдердi дене шынықтыру және спортпен қамту мақсатында облыста балалар мен жасөспiрiмдердiң 26 спорт мектебi, спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернат, Олимпиада резервiн даярлау орталығы, 2 жоғары спорт шеберлiгi мектебi, 7 спорт клубы жұмыс iстесе, олардың үшеуi («Қуаныш» әйелдер волейбол клубы, «Барыс» баскетбол клубы және «Құлагер» хоккей клубы) 2015 жылы ашылды.

Өңiрде спорттың 77 түрi тараған. 2015 жылы солтүстiкқазақстандықтар 15 әлем бiрiншiлiгiне, 14 Азия, 154 Қазақстан бiрiншiлiгiне және 48 халықаралық турнирлерге қатысты. Спортшылар үшiн 60-тан астам оқу-жаттығу жиындары өткiзiлдi.

2015 жылы Айдар Қазов (ауыр атлетика), Тимур Хайыров (жүзу), Евгений Горбузняк (грек-рим күресi), Руслан Толчеев пен Мария Тимошина (жатып сығымдап көтеру), Алексей Баталов, Серафима Шахова, Виктория Фролова және Антонина Фролова (армрестлинг) Азия бiрiншiлiгiнiң жеңiмпаздары атанды.

Азия бiрiншiлiктерiнiң жүлдегерлерi атанғандар — велосипедшiлер Жандос Бижiгiтов (2-орын) пен Артем Захаров (3-орын), Лада Фомина (3-орын, жеңiл атлетика), Мария Зуева (3-орын, еркiн күрес), Назгүл Маратова (3-орын, дзюдо).

«ITF» таэквон-до бойынша әлем бiрiншiлiгiнде Илья Хван (арнайы техника) жеңiмпаз атанды. Грек-рим күресiнен өткен әлем бiрiншiлiгiнде Аманғали Бекболатов жастар арасында қола медальға ие болса, Дастанбек Алпамыс грек-рим күресiнен өткен әлем бiрiншiлiгiнде жасөспiрiмдер арасында үшiншi болды.

Жазғы президенттiк көпсайыстан әлем чемпионатында сынға түскен Юлия Пропустина ел құрамасының қоржынына қола медаль салды.

Мұса Сұлтанов пен Мария Хасанетдинова спорттық биден өткен әлем кубогының жеңiмпаздары атанса, Дани Жаукин мен Анна Конопкина қола жүлдеге қол жеткiздi.

Германияның Инцель қаласында конькимен сырғанау спортынан өткен әлем кубогында «В» тобында кезең жеңiмпазы атанған Роман Креч әлемдiк рейтингте 10-шы орынға көтерiлдi. Дарья Назарова таэквон-до бойынша өткен әлем кубогында алтыннан алқа тағынды.

Солтүстiкқазақстандық гiр көтерушiлер әлем бiрiншiлiгiнен екi күмiс және үш қола медальмен оралды. Атап айтқанда, Михаил Вологодский мен Владислав Третьяков күмiс медаль алса, Елена Костенко мен Василий Слепых қола жүлдегер атанды.

Гiр спортынан өткен Еуропа бiрiншiлiгiнде Мария Наумова, Виталий Диденко, Радик Арсланов, Әдiл Бекетов күмiс медальға қол жеткiздi. Назгүл Маратова дзюдодан өткен Еуропа кубогында үшiншi болды.

Бiздiң жерлесiмiз, кәсiби боксшы Жанат Жақиянов өткен жылдың қараша айында «WBA» нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионының белбеуiне ие болып, Қазақстан боксы тарихында аталмыш атақ иеленген төртiншi боксшы атанды.

Бүгiнгi күнi 339 солтүстiкқазақстандық спорттың бiрнеше түрлерi бойынша Қазақстанның ұлттық құрама командаларына кiрiп отыр.

Облыс жаттықтырушылары 6 халықаралық дәрежедегi спорт шеберiн, 11 спорт шеберiн, 122 спорт шеберлiгiне үмiткердi және 140 бiрiншi разрядты спортшыны дайындады.

Есептi кезеңде республикалық және халықаралық жарыстарда жерлестерiмiз 530 медаль иелендi. Оның 194-i — олимпиадалық, 336-сы олимпиадалық емес спорт түрлерi бойынша.

2015 жылы 90 спортшы облыс әкiмiнiң стипендиясын алды. Бұл — 2014 жылмен салыстырғанда 26 стипендияға артық.

2016 жылғы басты мақсат — Рио-де-Жанейрода өтетiн Олимпиада ойындары және паралимпиялық ойындарға жолдама ұтып алу.

ХХХI Олимпиада ойындарына 9 солтүстiкқазақстандық спортшы үмiткер. Олар:

  • жеңiлатлетшiлер — Маргарита Мұқашева, Ирина Эктова, Евгений Эктов, Максим Литвин;
  • велосипедшiлер — Алексей Луценко, Артем Захаров, Бахтияр Қожатаев;
  • ауыр атлетшi — Айдар Қазов;
  • грек-рим балуаны — Жанарбек Қабдолов.

2016 жылы облыста бұқаралық спортпен айналысушылардың санын арттыру мен спорттық нысандар жүйесiн кеңейту бағытындағы жұмыстар жалғастырыла бередi.

2016 жылы Қызылжар ауданының Новоникольское ауылында (бассейнi және ойын залы бар) және Шал ақын ауданының Жаңажол ауылында екi дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Петропавл қаласында 1000 орындық әмбебап теннис орталығының құрылысын бастау жоспарлануда. Онда бiр мезгiлде 3 жабық, 3 ашық кортта 66 адам ойнай алатын болады.

Жастар саясаты

Облыста жастарды қолдау үшiн жастар саясаты жөнiндегi кеңестер мен жастар бастамалары орталықтары жұмыстарын жалғастыруда. Мемлекет ауыл жастарын қолдау үшiн қолайлы жағдай жасауда. «Дипломмен — ауылға!» жобасы шеңберiнде 2015 жылы 321 жас маман жалпы сомасы 44,5 миллион теңге болатын жәрдемақы алды. Осы кезеңде 157 маманға 415,3 миллион теңге несие берiлдi.

Былтыр жұмыс берушiлердiң белсендi қолдауымен «Жастар практикасы» жобасы шеңберiнде 352 жас маман «Жастар практикасынан» өттi. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 323 адам жұмыспен қамтылды.

Жастарды еңбекке орналастыруға мемлекеттiк қолдау шаралары нәтижесiнде облыста жұмыссыз жастар деңгейi 2015 жылдың қорытындысы бойынша 2,9% болды.

Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету өңiрiмiздегi қалыпты өмiр мен қызметтi қолдаудың аса маңызды құрамдас бөлiгi болып табылады. Былтыр облыстың iшкi iстер органдары аудан әкiмдерiмен бiрлесе отырып, ауылдық жерлерде тұрғындардың 1025 жиынын өткiздi, оларда азаматтардың құқық тәртiбiн қорғауға, қоғамдық малды бағуды ұйымдастыруға, «Сақшы» отрядын құруға қатысты мәселелер көтерiлдi.

Нәтижесiнде облыста мал ұрлау оқиғасы 44 пайызға қысқарды, оларды ашу көрсеткiшi 13 пайызға өстi. Көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда тәртiп орнату жөнiндегi жұмыс жанданды. Облыс орталығында үшауысымдық патрульдеу енгiзiлдi.

Облыс аумағында 158 бейнебақылау қондырғысы (облыс орталығында — 74, аумақтық бөлiмшелерде — 84) жұмыс iстейдi. Олардың көмегiмен 13 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, 282 қылмыс ашылды.

Тәртiп пен заңдылықты қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстардың нәтижесiнде кiсi өлтiру саны 19,5 пайызға (ашылуы 96,7%); тонау 17,5 пайызға (ашылуы 81,2%); бопсалаушылық 51,6 пайызға (ашылуы 100%); бөтен адамның мүлкiн ұрлау 12,9 пайызға (ашылуы 71,4%); зорлау 19,2 пайызға (ашылуы 100%); бұзақылық 5,8 пайызға (ашылуы 100%) қысқарды.

Ресей өңiрлерiмен ынтымақтастық

2015 жылдың 11 айында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен өзара сауданы есепке алғанда, облыстың жалпы тауар айналымы 542, 2 млн. АҚШ долларын құрады. Оның iшiнде экспорт — 120 млн. АҚШ доллары, импорт — 422,2 млн. АҚШ доллары.

Облыстың негiзгi экспорттық тауарлары бидай мен ұн болып қалуда. Негiзiнен, машиналар мен қондырғылар, көлiк және тамақ өнiмдерi импортталады.

Облыс алыс және жақын 70-тен астам елмен байланыс орнатқан.

Солтүстiк Қазақстан облысының басты сауда-экономикалық серiктесi Ресей Федерациясы болып табылады. Облыстың тауар айналымының жалпы көлемiнiң 70 пайызға жуығы Ресейге тиесiлi.

Ресейдiң шекаралас Омбы, Түмен және Қорған облыстарымен ынтымақтастық сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және басқа да салаларда жасалған келiсiмдер негiзiнде жүзеге асырылады.

Өзара тиiмдi қызметтер көрсету және тауарлар жеткiзу мақсатында Солтүстiк Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының кәсiпорындары арасында келiсiмшарттар жасалып, жүзеге асырылуда.

Солтүстiк Қазақстан облысы мен Ресей өңiрлерiнiң ресми делегациялар алмасу тәжiрибесi жалғасуда.

2015 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының делегациясы ресми iскерлiк сапармен Омбы, Түмен және Челябi облыстарында болды.

Омбы, Түмен, Қорған және Челябi облыстарының делегациялары өз кезегiнде жұмыс сапарымен Солтүстiк Қазақстан облысына келдi.

Нәтижесiнде бiрлескен 25 құжатқа қол қойылды (7 келiсiм, 15 меморандум, 2 хаттама, 1 бiрлескен жоспар).

Облыстың Ресеймен әрiптестiк қатынасын дамыту одан әрi жалғаса бередi.

Қымбатты жерлестер!

Тұтастай алғанда, Солтүстiк Қазақстан облысының 2015 жылдағы даму қорытындысы осындай болды. Мемлекет басшысының ел халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсiм, реформалар, даму» Жолдауында айқындалған тапсырмалар ескерiле отырып, өңiрiмiздiң дамуының алдағы кезеңiне зор мiндеттер қойылып отыр. Барлық мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру жөнiндегi жұмыс одан әрi жалғастырылатын болады.

Солтүстiк Қазақстан облысы алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзуге өзiнiң лайықты үлесiн қосатындығына сенiмдiмiн.

Мақаланың шыққан күні: 02.03.2017 17:26
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.03.2019 10:51
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

DAMU.KZ — «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы