A- A A+
Бюджеттік жоспарлау

2017 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысының бюджеті

Алдағы үш жылдық кезеңге бюджеттік саясаттың негізі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген аса маңызды бағыттар болып табылады.

2017-2019 жылдарға арналған облыс бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы», «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамдарына сәйкес әзірленіп, бекітілді.

«2017-2019 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті жобасы туралы» облыс әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 372 қаулысы және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 8/1 шешімінің негізінде 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет бекітілді.

«2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет, аудандар мен Петропавл қаласының бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» облыстық мәслихат шешімінің күші жойылуына байланысты, ҚР бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет, аудандар мен Петропавл қаласының бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 8/2 шешімімен 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер бекітілді.

Кірістер және шығыстар бойынша 2017 жылға арналған облыс бюджеті 157 502 млн. теңге көлемінде бекітілді, соның ішінде облыстық бюджет — 14 597 млн. теңгеге өсуімен 88 524 млн. теңге.

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бюджетке 4 нақтылау және 8 түзету жүргізілген.

Нақтылауға келесі көздер негіз болып табылады:

қаржы жылының басына қалыптасқан бюджеттік қаражаттың бос қалдығы — 2 123 млн. теңге;

қосымша кірістер — 6 194 млн. теңге;

республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер — 12 468 млн. теңгеге ұлғайтылды;

бюджеттік кредиттер — 1 692 млн. теңгеге ұлғайтылды.

Облыс бюджетіне түсімдер мынаны құрайды:

меншікті кірістер — 40 754 млн. теңге,

республикалық бюджеттен:

субвенциялар — 91 616 млн. теңге,

нысаналы трансферттер — 41 159 млн. теңге,

нысаналы кредиттер — 3 565 млн. теңге,

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен — 7 018 млн.тенге,

бюджеттік кредиттерді өтеу — 1 483 млн. теңге.

2017 жылғы 1 қазандағы жағдайында инвестициялық жобаларға 22 020 млн. теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен — 13 559 млн. теңге, республикалық бюджеттен кредиттер — 1 126 млн.теңге, жергілікті бюджеттен — 7 335 млн. теңге бағытталды. Білім, мәдениет, спорт, сумен жабдықтау, тұрғын үй құрылысы және көлік инфрақұрылымын дамыту салалары басым бағыттар болып айқындалды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында іс-шараларды іске асыруға 3 791 млн. теңге бағытталды, соның ішінде:

республикалық бюджеттен — 1 863 млн. теңге;

жергілікті бюджеттен — 1 928 млн. теңге;

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында іс-шараларды іске асыруға 4 816 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

республикалық бюджеттен2 725 млн. теңге, соның ішінде мына бағыттар бойынша:

кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру — 1 692 млн. теңге;

қызметтік тұрғын үй салуға — 510 млн. теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту — 184 млн. теңге;

жастар практикасы — 112 млн. теңге;

облыс орталықтарында кәсіпкерлікті дамытуды қолдау — 90 млн. теңге;

көшіруге субсидиялар беру — 68 млн. теңге;

жалақыны жартылай субсидиялау — 68 млн. теңге;

ақпараттық жұмыс — 1 млн. теңге;

жергілікті бюджеттен2 091 млн. теңге, соның ішінде:

әлеуметтік сала объектілерін күрделі, ағымдағы жөндеу — 497 млн. теңге;

қызметтік тұрғын үй салуға — 378 млн. теңге;

мобильдік орталықтарда оқытуды қоса алғанда, еңбек нарығында талап етілген кәсіптер бойынша жұмыс кадрларын қысқа мерзімді кәсіби оқыту — 307 млн.теңге;

халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету — 273 млн. теңге;

облыс орталықтарында кәсіпкерлікті дамытуды қолдау — 210 млн. теңге;

ауылдардағы кепілдендірілген шағын қаржыландыру — 177 млн. теңге;

қоныс аударушылар мен оралмандарға арналған үйлерді жалға алу (жалдау) бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар — 102 млн. теңге;

алғашқы кәсіпті алу үшін тегін кәсіби оқыту — 85 млн. теңге;

қалалардағы кепілдендірілген шағын қаржыландыру — 36 млн. теңге;

ауылда шағын қаржылық ұйымдардың операциялық шығыстарын субсидиялау — 26 млн. теңге.

Сонымен, 2017 жылға арналған нақтыланған облыс бюджеті 189 318 млн. теңге құрады, соның ішінде салалар бойынша: 

  • білім — 47 458 млн. теңге;
  • денсаулық сақтау — 12 723 млн. теңге,(5 765 млн.теңге сомасындағы шығыстар республикалық деңгейге берілді);
  • әлеуметтік қорғау — 6 057 млн. теңге, 2016 жылғы бюджетке 18,1 пайызға өсумен;
  • мәдениет — 3 206 млн. теңге;
  • спорт — 4 038 млн. теңге, 2016 жылғы бюджетке 26,5 пайызға өсумен;
  • архивтер — 270 млн. теңге;
  • БАҚ — 705 млн. теңге;
  • тілдерді дамыту — 73 млн. теңге, 2016 жылғы бюджетке 37,7 пайызға өсумен;
  • дін — 20 млн. теңге;
  • Қазақстан халқының Ассамблеясы — 53 млн. теңге, 2016 жылғы бюджетке 47,2 пайызға өсумен;
  • жастар саясаты — 156 млн. теңге, 2016 жылғы бюджетке 48,6 пайызға өсумен;

барлығы әлеуметтік-мәдени іс-шараларға — 74 760 млн. теңге немесе облыс бюджетінен 39,5 пайыз

  • қорғаныс — 389 млн. теңге, 2016 жылғы бюджетке 32,3 пайызға өсумен;
  • құқық қорғау органдары — 5 170 млн. теңге, 2016 жылғы бюджетке 8,7 пайызға өсумен;
  • басқару органдары — 10 723 млн. теңге, 2016 жылғы бюджетке 12,8 пайызға өсумен;
  • ЖАО резерві — 723 млн. теңге, 2016 жылғы бюджетке 42 пайызға өсумен;
  • нақты сектор — 88 330 млн. теңге, 2016 жылғы бюджетке 1,3 есе өсуімен:

соның ішінде:

  • ауыл шаруашылығы — 43 079 млн. теңге, 2016 жылғы бюджетке 35,1 пайызға өсумен;
  • сумен жабдықтау — 4 697 млн. теңге, 2016 жылғы бюджетке 60,1 пайызға өсумен;
  • жолдар — 13 024 млн. теңге, 2016 жылғы бюджетке 1,3 есе өсумен;
  • тұрғын үй салу және сатып алу — 8 051 млн. теңге, 2016 жылғы бюджетке 1,2 есе өсумен;
  • инженерлік-коммуникациялық желілер — 3 516 млн. теңге;
  • эпизоотияға қарсы іс-шаралар өткізу — 659 млн. теңге, 2016 жылғы бюджетке 23,4 пайызға өсумен;
  • ТКШ және елді мекендерді абаттандыру — 3 894 млн. теңге, 2016 жылғы бюджетке 57,3 пайызға өсумен;
  • ауылдағы әлеуметтік сала мамандарын қолдау — 802 млн. теңге, 2016 жылғы бюджетке 1,8 есе өсуімен;
  • кәсіпкерлікті дамыту — 3 696 млн. теңге, 2016 жылғы бюджетке 1,5 есе өсуімен;
  • Бизнестің жол картасы 2020 аясында индустриалдық инфрақұрылымды дамыту — 2 123 млн. теңге, 2016 жылғы бюджетке 3,3 есе өсуімен;
  • «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы — 359 млн. теңге;
  • туристік қызмет — 11 млн. теңге;
  • басқалар (орман шаруашылығы мекемесін ұстау, жарғылық капитал және т.б.) — 4 419 млн. теңге.
Мақаланың шыққан күні: 25.07.2016 17:39
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.10.2017 18:16
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Экономикалық сала - 79
35%
Әлеуметтік сала - 55
25%
Денсаулық сақтау - 51
23%
Мәдениет - 19
8%
Білім - 20
9%
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы