A- A A+
Цифрландыру

Цифрландыру

  • «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру

    Солтүстiк Қазақстан облысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру аясында былтырғы жылдан бастап 5 басым бағытты (бiлiм беру, денсаулық сақтау, қаупсiздiк, көлiк және ТҮКШ) цифрландыру жүргiзiлiп жатыр.

    Бiлiм беру саласы

    Облыста 485 жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi, барлығы Интернет желiсiне 100% қол жеткiзген. Облыстың 333 мектебiнде және 335 мектепке дейiнгi ұйымда 2 мемлекеттiк қызмет автоматтандырылды: «Мектепке дейiнгi жастағы (7 жасқа дейiн) балаларды кезекке қою» және «Бiрiншi сыныпқа қабылдау туралы жолдама беру».

    «Smart мектеп» және «Smart балабақша» жобалары iске асырылып жатыр. Бүгiнгi таңда бұл жобалар 5 мектепке және 13 мектепке дейiнгi балалар ұйымына енгiзiлдi. Осы жылы 12 мектепке және 15 мектепке дейiнгi балалар ұйымына енгiзу жоспарланып отыр.

    «Bilimland» бiлiм беру платформасына мектептер 100% қосылды. Облыстың 96,2% мектебi (467) «Күнделiк KZ» бiрыңғай ақпараттық жүйесiнде жұмыс iстейдi. Сонымен қатар, 16 IT-сынып ашылды. Жылына 1200-ден астам оқушы қамтылады. Облыстың 20 колледжiне «Сова» ААЖ енгiзiлдi.

    Денсаулық сақтау саласы

    Медицина персоналы жұмыс орындарының 91% компьютерлiк техникамен жабдықталған. Аудан деңгейiнен төмен медициналық ұйымдарда және ТМККБК аясында қызмет көрсететiн медициналық ұйымдарда медициналық ақпараттық жүйелердi енгiзу 33% және тиiсiнше 27% құрайды. Аудан деңгейiнен жоғары ұйымдарда бұл көрсеткiш 100% болып табылады.

    Медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргiзу медицина персоналының қызметiн автоматтандыруға, бастысы пациенттерге қолайлы жағдай жасауға мүмкiндiк бердi. Нәтижесiнде Петропавл қаласының емханаларында пациенттердiң дәрiгер қабылдауына жазылуы және дәрiгердi үйге шақыртуы DamuMed және SKOMed мобильдi қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

    ТҮКШ саласы

    Облыстың 70-тен астам кәсiпорнын (Севказэнерго, Қызылжар су, Қазақтелеком, т.б.) қамтитын Бiрыңғай есеп айырысу орталығы бар. ТҮКШ саласын құралдандыру аясында электр тұтынуды есептеудiң автоматтандырылған жүйесi енгiзiлдi және көрсеткiштi автоматты түрде беретiн 30 мыңнан астам жеке есептеу құралы орнатылды. 35 километр жарықтандыруды ауыстыру жұмысы жүргiзiлдi, көше шамдарындағы кернеудi реттеуге мүмкiндiк беретiн диммирлеу жүйесi орнатылды.

    Көлiк саласы

    Петропавл қаласында қалалық әкiмдiк пен тасымалдаушыларға қолжетiмдi диспетчерлендiру жүйесi бар. GPS жүйесi барлық қоғамдық көлiкте орнатылды. Адамдарға нақты уақыт режимiнде барлық қалалық автобустардың қозғалысын бақылауға мүмкiндiк беретiн «InfoBus» мобильдi қосымшасы бар.

    2018 жылдан бастап «KazInterSoft» ЖШС-ның 29 автобус павильонын электронды табломен жабдықтау орнатылды. Сонымен бiрге Петропавлдағы автовокзал электрондық билет сатуды енгiзудi жоспарлап отыр.

    Қауiпсiздiк саласы

    Қазiргi уақытта ПД Жедел басқару орталығына әлеуметтiк және мәдени ойын-сауық мекемелерiн қоса алғанда, 2000-нан астам бақылау камерасы қосылған. Шұғыл ден қою мәселелерi бойынша «112 Бiрыңғай кезекшi-диспетчерлiк қызметiн» iске қосу жоспарланып отыр.

    Петропавл станциясының темiржол вокзалында, автовокзалда орнатылған және ЖБО видеобақылау жүйесiмен бiрiктiрiлген түр-келбеттi тану жүйесi қолданылады. Барлығы 12 камера бар. Номердi тану және ЖҚЕ бұзуды тiркеудiң 7 интеллектуалдық жүйесi жұмыс iстейдi.

    «Әкiмшiлiк өндiрiстiң бiрыңғай тiзiлiмi» жобасын iске асыру аясында облыста бүгiнгi күнi 89 планшет және 3 мобилдi принтер жұмыс iстейдi. Сонымен бiрге 427 планшет пен 513 мобильдi принтер сатып алу жоспарланған.

    Ауыл шаруашылығы саласы

    Бүгiнгi күнi 4,8 млн. гектар (98,9%) егiстiк цифрландырылды. Нақты егiншiлiкпен айналысатын 107 ауыл шаруашылығы кәсiпорны бар (7 — цифрлық, 4 — озық және 96 — базалық шаруашылық).

    Шаруашылықтарда нақты егiншiлiктi цифрландыру элементтерi қолданылғандықтан, еңбек өнiмдiлiгi орта есеппен 2,5% өстi және шығымдылық 30 ц/га артты.

    Мал шаруашылығы саласы бойынша 12 «Озық ферма» жұмыс iстейдi (өнiмдiлiгi жылына 38 мың тонна сүт өндiретiн 16 сүт кешенiнен тұрады), онда цифрландыру элементтерi қолданылады — жайылымды қоршау (электронды бақташы), жылытқышы бар мал суаратын автоқұрылғы, электронды таразы, малға енсырға тағу және басқалары. Осы жылы 1920 басқа арналған 3 «Ақылды» сүт кешенi салынады

    Қаланы ақылды басқару

    Облыста Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң базасында 2017 жылдың қазанынан «Ашық әкiмдiк» жүйесi жұмыс iстейдi. Ол қала әкiмдiгiнiң жұмыс процесiн фронт-офис пен бэк-офиске бөлуден тұрады (келушiлер аймағы мен қызмет көрсететiн жердi бөлу). Сондай-ақ, консультативтi ақпарат алу үшiн электронды кезек пен Reception бар. «Ашық әкiмдiктiң» функциялық мүмкiндiгiн кеңейту жоспарланған.

    Осы жылдың 29 мамыры Шал ақын ауданында «Ашық әкiмдiк» iске қосылды, сондай-ақ жыл соңына дейiн 3 ауданда осындай жобаны iске асыру жоспарланып отыр.

    «Ашық әкiмдiк» жобасын дамыту аясында Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң базасында әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi 109 диспетчерлiк қызметiн құру жұмысы жүргiзiлiп жатыр. Аталған жүйе 2009 жылдан берi «Петропавл қаласы ТҮКШ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ апаттық коммуналдық қалалық қызметi базасында жұмыс iстейтiн қолда бар 109 қызметiн кеңейтумен iске асырылатын болады.

  • Нәтиже

    Бiлiм беру саласы

    Бiлiм беру саласыбiлiм сапасын 65%-ке дейiн арттыру (2016-2017 оқу жылы — 62%);

    қалалық және ауылдық мектептер арасындағы бiлiм сапасының алшақтығын 35% қысқарту (қала — 82%, ауыл — 47%);

    1200-ден астам мектеп оқушысының базалық бағдарламалау дағдысын меңгеруi;

    кезекке қою кезiндегi кезектi 2 есе қысқарту;

    мектепке дейiнгi ұйымдарға кезекке тұру ашықтығын 30% ұлғайту;

    бiлiм алушылар мен мамандардың АТ саласындағы бiлiмiнiң сапасын 30% арттыру;

    бағдарламалау, робот техникасы, 3D модельдеу бойынша модульдер есебiнен бiлiм сапасын 10% арттыру.

    Денсаулық сақтау саласы

    Денсаулық сақтау саласыдәрiгерлер уақытының 50%-iн үнемдеу;

    жанды кезектi 2 есе төмендету;

    нәтиже алу уақытын 2,5 есе қысқарту;

    медициналық құжаттаманы жүргiзуге жұмсалған еңбек шығынын 60%, еңбек iс-әрекетiн iске асыруды 30% төмендету;

    картадан алынған үзiндi шығынын 60% дейiн төмендету;

    қағаз құжаттарды 10% азайту;

    кезекте күту уақытын 20%-ке дейiн қысқарту.

    ТҮКШ саласы

    ТҮКШ саласыақылды датчиктер — бiр маусымда 6 мың Гкал. дейiн үнемдеу, жылу мен судың нормативтiк шығасын қысқарту;

    көше жарықтандыру смарты — электр энергиясы шығынын 25% төмендету;

    Бiрыңғай есептеу орталығы — коммуналдық төлемдердi жинау деңгейi 2 есе ұлғайтылды;

    үйге ортақ жылу есептегiш құралдарды (ҮОЖЕ) орнату есебiнен шығынды 40% азайту;

    төлемнiң ашықтығын 80%-ке дейiн ұлғайту;

    сыбайлас жемқорлық тәуекелiн 30%-ке дейiн азайту;

    ЕПИК — үйге қызмет көрсету сапасын 50%-ке дейiн арттыру.

    Көлiк саласы

    Көлiк саласыАялдама павильондарындағы ақпараттық табло — халықтың қоғамдық көлiкке қанағаттану деңгейiн 40%-ке дейiн арттыру;

    қоғамдық көлiктi пайдаланатын адамдардың санын арттыру;

    диспетчерлендiру және мобильдi қосымша — автобустың кестеден ауытқуын 50%-ке дейiн қысқарту, автобус күту уақытын 30%-ке дейiн төмендету;

    халықтың қанағаттану деңгейiн арттыру.

    Қауiпсiздiк саласы

    Қауiпсiздiк саласықылмыс санын 30%-ке дейiн қысқарту;

    қоғамдық қауiпсiздiк деңгейiн арттыру және қоғамдық орындардағы қылмыстарды 20% төмендету;

    апаттылықты 20% төмендету.

     

    Ауыл шаруашылығы саласы

    Ауыл шаруашылығы саласынақты егiншiлiктi цифрландыру еңбек өнiмдiлiгiн 2,5 есе ұлғайтып, ауыл шаруашылығының шығымдылығын 30 ц/га дейiн көтеруге мүмкiндiк бередi. Осылайша, Атамекен компаниясында соңғы 4 жылда жаңа технологияларды енгiзудiң нәтижесi барлық дақылдардың жалпы жиыны 262,3 мың тоннадан 495 мың тоннаға дейiн құрайтынын көрсеттi.

     

  • Видео материалдар

    1. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру

    2. Оқушылар сарайының ашылуы

    3. Қауіпсіздік датчиктері

    4. Өшелерді жарықтандыру смарты

    5. Ақпараттық табло

    6. 3 қалалық емхананы цифрландыру

    7. Денсаулық КЕЖМ цифрландыру

    8. Үйге ортақ жылу энергиясын есептеу құралдары

    9. Есептеу құралдарының көрсеткішін беруді автоматтандыру

    10. IT-сыныптарының ашылуы

    11. QR-кодтары бар таблицалар

  • Пайдалы сiлтемелер

Мақаланың шыққан күні: 03.10.2018 17:34
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.07.2019 10:02
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы