A- A A+
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің СҚО бойынша департаменті

Ресми атауы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi Медициналық және фармацевтикалық қызметтi бақылау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесi

Басшының м.а.: Алыпқарина Айгүл Айтайқызы, тел. 8 (7152) 36-02-22

Пошта мекенжайы, индекс: 150008, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi 36

Электрондық пошта мекенжайы: sko_kkmfd@mail.ru

Сайт: www.dkkmfd.sko.kz

Байланыс телефондары: 8 (7152) 36-02-22, 46-49-86

Сенiм телефоны: 8 (7152) 36-02-22, 46-49-86

Азаматтарды қабылдау кестесi: апта сайын, дүйсенбiде сағат 16:00-ден 18:00-ге дейiн.

Департаменттiң негiзгi мақсаттары:

  1. медициналық қызметтердiң көрсетiлуiн бақылау саласындағы, дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
  2. халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауiпсiз, тиiмдi және сапалы дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргiзу;
  3. медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттiк қызметтiң қол жетiмдiгi мен сапасын қамтамасыз ету.

Департаменттiң функциялары:

  1. Құзыретi шегiнде мемлекеттiк қызметтердi, оның iшiнде электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету;
  2. Денсаулық сақтау мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғалардың үндеулерiн қарау ;
  3. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жеке кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғалардың қызметтерiн немесе жекелеген қызмет түрлерiн тоқтата тұру;
  4. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау және әкiмшiлiк жаза салу;
  5. Медициналық қызмет көрсетуге бақылау саласында және дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналысы саласындағы бақылауда мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
  6. Қазақстан Республикасының аумағына гуманитарлық көмек немесе төтенше жағдайлар кезiндегi көмек ретiнде дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуге (соның iшiнде тiркелмеген) келiсiм, қорытынды (рұқсат құжаттары) берудi жүзеге асыру;
  7. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы шығаруды келiсiм беру;
  8. Жоғарғы мамандандырылған медициналық көмек көрсету талаптарына денсаулық сақтау субъектiлерiнiң сәйкестiгiн анықтау;
  9. Азаматтардың көрсетiлетiн медициналық көмек деңгейiмен және сапасымен қанағаттануын анықтау;
  10. Денсаулық сақтау саласында бiлiктiлiк емтихандарын өткiзудi ұйымдастыру;
  11. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен бiлiм ұйымдарына мемлекеттiк аттестацияны ұйымдастыру;
  12. «Рұқсат етулер және ескертулер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылған тәртiпте денсаулық сақтау саласында қызметтi жүзеге асыруды бастау немесе тоқтату туралы ескерту хаттарды қабылдауды iске асыру;
  13. Денсаулық сақтау субъектiлерiн аккредиттеудi өткiзу;
  14. Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн жеке тұлғаларды аккредиттеу аясында тестiлеудi өткiзу;
  15. Денсаулық сақтау саласында аккредиттелген субъектiлер және тәуелсiз сарапшылардың деректер банкiн құруға қатысу;
  16. Дәрiлiк заттар бағасын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыруға қатысу;
  17. Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне бақылауды жүзеге асыру, соның iшiнде денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды, медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу бойынша лицензиялау ережелерiн, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы ескерту тәртiбiн сақтауға;
  18. Алдын алу, диагностика, емдеу және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерiн енгiзуде бақылау жасау;
  19. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есiрткi құралдарының, психотропты заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылау;
  20. Медициналық қызметтi, дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын мемлекеттiк бақылау;
  21. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және қамсыздандыру бойынша бiрыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар тiзiмiн анықтауға қатысу;
  22. Халықаралық және шетелдiк фармакопея стандарттарын, сондай-ақ шетелдiк мемлекеттердiң фармакопеялық баптары (монографиялары) мен дәрiлiк заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға арналған стандарттау жөнiндегi өзге нормативтiк құжаттарын тану бойынша жұмыстарды жүргiзуге қатысу;
  23. Медициналық көмек көрсетудiң барлық деңгейлерiнде дәрiлiк заттардың тиiмдi тағайындалуын мемлекеттiк бақылау;
  24. Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық техниканың тиiмдi қолданылуын мемлекеттiк бақылау;
  25. Дәстүрлi медицинаның, халық медицинасының (емшiлiк) қызметiн көрсету субъектiлерiнiң қызметiне бақылау;
  26. Қазақстан Республикасы заңнамасы қарастырған өзге де функциялар.
Мақаланың шыққан күні: 23.06.2016 10:37
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.06.2016 10:37
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы