A- A A+
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі

Мекен-жайы: 150007, Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57 «В», 3-қабат, тел./факс 8/7152/53-37-23, тел.: 8/7152/50-48-45

е-mail: dkremzk.sko@economy.gov.kz

Департамент басшылығы

Ермағамбетов Жандос Мүбаракұлы — Департамент басшысы, тел.: 8/7152/53-37-23;

Наталья Николаевна Шаяхметова — Департамент басшысының орынбасары, тел.: 8/7152/50-20-62.

Джаншина Гүлнәр Маратқызы — тауар нарыктарында монополияға карсы заннаманы бұзушылыктарды тергеу бөлімінің басшысы, тел.: 8/7152/50-20-63;

Алмагүл Ерғалиқызы Байгүлбаева — Мемлекеттік органдардың бәсекелестікке карсы іс-әрекегтерін тергеу бөлімінің басшысы, тел.: 8/7152/50-48-44

Елена Константиновна Ганзёра — табиғы монополиярды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы, тел.: 8/7152/53-37-34;

Гүлмира Төлегенқызы Көшеғалдина — заңнаманың сақталуын бақылау және талап-арыз жұмысы бөлімінің басшысы, тел.: 8/7152/50-48-46;

Бибігүл Есмағзиқызы Макенова — талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы, тел.: 8/7152/53-37-26;

Мияшева Ләзім Ысмағұлқызы — тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы, тел.: 8 /7152/ 53-41-94.

Департаменттің мемлекеттік қызметшілері жағынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзу фактілері туралы азаматтар 8/7152/53-37-26 сенім телефонына хабарласа алады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жедел телефон желісі 8(7152) 53-41-94

Департамент басшылығымен азаматтарды қабылдау уақыты:

Ж.М. Ермағамбетов — әрбір бейсенбі сағат 1700-ден 1800-ға дейін

Н.Н. Шаяхметова — әрбір сәрсенбіі күні сағат 1700-ден 1800-ға дейін

Қабылдауға 8 (7152) 53-37-23, 50-48-45 телефондары арқылы жазылуға болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi (бұдан әрi — Департамент) тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындабасшылықты, мемлекеттiк монополия саласына жатқызылған қызметтiбақылау мен реттеудi, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi, телекоммуникация және пошта байланысы аясындағы, аэронавигация және әуежайлар аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндiрушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметiн бақылау мен реттеудi және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң (бұдан әрi — Комитет) аумақтық бөлiмшесi болып табылады.

Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Департаменттiң негiзгi мiндеттерi

  1. телекоммуникациялар және пошта байланысы, әуежайлар және аэронавигацияның көрсетiлетiн қызметтерiн қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында және бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;
  2. тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру.

Департаменттiң функциялары

1) телекоммуникация және пошта байланысы, әуежайлар және аэронавигациялардың көрсетiлетiн қызметтерiн қоспағанда, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн бақылау мен реттеудi;

Қазақстан Республикасының бәсекелестiктi қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды;

2) телекоммуникациялар және пошта байланысы, әуежайлар және аэронавигацияның көрсетiлетiн қызметтерiн қоспағанда, табиғи монополиялар саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында, бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласында мемлекеттiк саясатты және тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелерi жөнiнде зерттеулер жүргiзу, ақпараттық-сауаттандыру жұмыстары жәнехалыққа консультациялық көмек көрсету бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзiрлеу;

3) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық және құқықтық актiлердi әзiрлеу, бекiту және келiсу, сондай-ақ Комитеттiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi қызметтi ұйымдастыруға қатысу;

4) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiм қабылдау және нормативтiк құқықтық актiлерге ресми түсiндiру ұсыну;

5) Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк кодексiне, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нұсқамалар енгiзу;

6) өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қозғау және қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жаза қолдану;

7) өз құзыретi шегiнде сотқа жүгiну және талап-арыздар беру, оның iшiнде бiр мәселе бойынша оннан астам тұтынушының құқықтары бұзылған жағдайларда тұтынушылардың айқындалмаған тобының құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша, сондай-ақ нарық субъектiсiн мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлiмшелерi базасында бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды бөлiп шығару туралы талап қою, сондай-ақ бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе келiсiлген iс-әрекеттер жасау салдарынан алған монополиялық кiрiсiн алып қоюдан босату туралы өтiнiшхатпен жүгiну;

8) өз құзыретiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты өз құзыретi шегiнде сұрату және алу;

9) табиғи монополиялар субъектiлерi ұсынатын қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) осы салалар шеңберiнде реттелiп көрсетiлетiндерге жатқызу мәнiне талдау жүргiзу;

10) табиғи монополиялар субъектiлерi мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiн қалыптастыру және жүргiзу;

11) инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындау туралы табиғи монополиялар субъектiлерiнiң ақпаратына талдау жүргiзу;

12) мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобаларының тұжырымдаларын, концессиялық ұсыныстарды, мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобаларының, оның iшiнде концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн, мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобасының, оның iшiнде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын, мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiкшарттарының, оның iшiнде концессия шарттарының жобаларын, оның iшiнде табиғи монополиялар саласына жатқызылатын тауарлардың, жұмыстардың,көрсетiлетiн қызметтердiң тарифтерiн (бағаларын, алымдар мөлшерлемелерiн) қалыптастыру және бекiту тәртiбi бөлiгiнде оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу кезiнде келiсу;

13) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды беру;

14) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау;

15) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, мөлшерлемелердi, алымдарды) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн қолдану;

16) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерiн) және тарифтiк сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту тәртiбiн қолдану;

17) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларын және инвестициялық жобаларын iске асыру тиiмдiлiгiн мониторингiлеу;

18) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерiн) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге арналған өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу;

19) табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн тарифтердiң (бағалардың, алым мөлшерлемелерiнiң) құрамына кiретiн қолданысқа енгiзiлген активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза кiрiс) мөлшерлемесiн есептеу;

20) тағайындалатын оңалдыратын басқарушының кандидатурасын және табиғи монополия субъектiсiнiң оңалдыру жоспарын келiсу;

21) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген номенклатура бойынша өнiмге, тауарларға, көрсетiлетiн қызметтерге бағаларды реттеу;

22) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтiк сметаларды бекiту;

23) электр энергетикасы саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiпте энергия өндiрушi ұйымдар үшiн жеке тариф бекiту;

24) энергия өндiрушi ұйымдармен инвестициялық шарт жасасу;

25) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезiнде өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн анықтау;

26) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамсыз ету;

27) қосалқы (шунттаушы) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалау мен салуды және меншiк нысанына қарамастан электр энергетикасы объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн сатып алуды-сатуды, жалға немесе сенiмгерлiкпен басқаруға берудi келiсу;

28) табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзушылық және кiнәлi адамдарды жауапкершiлiкке тарту жағдайлары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету;

29) егер табиғи монополия субъектiсiнiң иелiгiнен айыратын мүлiктiң немесе ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерiмде ескерiлген, оған қатысты өзге де мәмiлелер жасалатын мүлкiнiң теңгерiмдiк құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерiмге сәйкес оның активтерiнiң теңгерiмдiк құнының 0,05 пайызынан асатын болса, олар табиғи монополия субьектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерiнiң) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өсуiне, тұтынушылармен жасасқан шарттардың бұзылуына, үздiксiз байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда осындай iс-әрекеттi жүргiзетiнi туралы хабарлама ұсынатын қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiн қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) өндiрiсiне және ұсынылуына арналған мүлкiн иелiктен айыруға және (немесе) оның мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға келiсу;

30) осы iс-әрекеттi жүргiзетiнi туралы хабарлама беретiн қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiн қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң тасымалдайтын немесе өзiне берiлетiн, өзiнiң тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатып алуын келiсу;

31) осы iс-қимылды өткiзгенi туралы хабарлама беретiн, қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiн қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң, мүлiктi жалға алу шартын жасасу реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналғал тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерiнiң) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына, үздiксiз байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң елеулi кемуiне әкеп соқпаған жағдайда ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерiмде ескерiлген теңгерiмдiк құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерiмге сәйкес оның активтерiнiң теңгерiмдiк құнынан 0,05 пайыздан астам болатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктi жалға алуына келiсу;

32) мемлекеттiк монополия субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк кодексiнде белгiленген шектеулердi сақтауын бақылау;

33) осы iс-қимылды жүргiзетiнi туралы хабарлама беретiн қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерiн қолдау жөнiндегi қаржы-есеп айырысу орталығының қызметiне табиғи монополия субъектiсiнiң қатысу жағдайларын қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң акциялар (қатысу үлестерiн) сатып алуын, сондай-ақ оның «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуын келiсу;

34) осы iс-әрекеттi жүргiзетiнi туралы хабарлама беретiн қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiн қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң қайта ұйымдастырылуын және таратылуын келiсу;

35) жеке немесе заңды тұлғалардың (немесе адамдар тобының) табиғи монополия субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) оннан астам пайызын сатып алуы бойынша хабарламаны қарау;

36) магистральдық темiр жол желiлерiнiң операторы магистральдық және станциялық жолдармен кiрме жолдарды жалғастырудан бас тартқан жағдайда шағымдарды қарау;

37) өз құзыретi шегiнде энергия өндiрушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген талаптарды сақтауын бақылау;

38)реттеушi органдармен бiрлесiп, нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзуының жолын кесу бойынша бiрлескен iс-шаралар жүргiзуге қатысу;

39) реттеушi органдарға табиғи монополиялар субъектiлерiнiң анықталған Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу белгiлерi туралы хабарлау және ақпарат немесе материалдар беру;

40) жылу және электр желiлiк, газ таратушы жүйелердi дамыту, сондай-ақ қалалар, аудандар және облыстардың сумен жабдықтау және кәрiз желiлерiнiң жоспарларын келiсу;

41) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тауар нарықтарында мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасы бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

42) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар

мөлшерлемелерiн) немесе олардың шектi деңгейлерiн және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк сметаларын оларға белгiленген тәртiппен өзгертуге бастамашылық ету;

43) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерiн) немесе олардың шектi деңгейлерiн олардың құзыретi шеңберiнде мемлекеттiк органдар белгiлеген сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып бекiту;

44) реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын сатып алуға және орнатуға төлемақы алу мөлшерi мен тетiгiн белгiленген тәртiппен келiсу;

45) реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтерге төлем мөлшерiн бекiту;

46) тиiстi мемлекеттiк органмен бiрлесiп, тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерiн) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiту кезiнде ескерiлетiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекiту;

47) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерiн) немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеудiң кемсiтпеу әдiстемелерiн және мемлекеттiк органдардың және табиғи монополия субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және қолдану;

48) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелерiне) уақытша төмендету коэффиценттерiн бекiту;

49) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне уақытша өтемдiк тариф бекiту;

50) магистральдық темiр жол желiсiнiң жұмыс iстеуi үшiн технологиялық тұрғыдан қажеттi станция жолдарының, электрмен жабдықтау, дабыл, байланыс объектiлерiнiң, құрылғылардың, жабдықтардың, ғимараттардың, үйлердiң, құрылыстардың және өзге де объектiлердiң тiзбесiн келiсу;

51) мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың бәсекелестiктi шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актiлерiнiң, әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) жолын кесу;

52) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайын асыра пайдаланудың алдын алу және жою;

53) нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерi мен келiсiлген iс-әрекеттерiн, жосықсыз бәсекелестiктi болдырмау және жолын кесу;

54) Қазақстан Республикасының бәсекелестiктi қорғау саласындағы заңнамасының нормаларын қолдану туралы ақпаратты тарату және адал бәсекелестiктi насихаттауды жүзеге асыру;

55) тауар нарықтарындағы бәсекелестiктiң жай-күйiн талдауды жүзеге асыру;

56) үстем немесе монополиялық жағдайдағы нарық субъектiсi белгiлеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаларды анықтау;

57) нарық субъектiлерi, мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының бәсекелестiктi қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактiлерi бойынша тергеп-тексеру жүргiзу;

58) өз құзыретiн шегiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте құқық қорғау органдарымен өзара iс-әрекеттесу, жедел-iздеу iс-шараларын жүргiзу туралы құқық қорғау органдарына жүгiну;

59) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестiктiң жай-күйi және монополиялық қызметтi шектеу жөнiндегi қолданылатын шаралар туралы жылдық есеп дайындау;

60) бәсекелес ортаға мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғаларды бәсекелес ортаға беру жөнiнде ұсыныстар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерiн өзектiлендiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;

61) бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы жүргiзiлетiн мемлекеттiк саясаттың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету, оның iшiнде тоқсан сайын, есептiк айдан кейiнгi айдың он бесiнен кешiктiрмей өзiнiң қызметi туралы мәлiметтердi бұқаралық ақпарат құралдарында, оның iшiнде өзiнiң интернет-ресурсында жариялау;

62) мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды құруды алдын ала келiсу;

63) анықталған Қазақстан Республикасының бәсекелестiктi қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактiлерi туралы құқық қорғау органдарын хабардар ету;

64) бәсекелестiктi қорғау саласындағы заңнамада белгiленген жағдайларда тауар нарықтарындағы бәсекелестiктiң жай-күйi туралы аналитикалық ақпарат пен мониторинг деректерiн құқық қорғау органдарына ұсыну;

65) өз құзыретi шегiнде құқық қорғау органдарының сұрау салулары бойынша сараптамалар жүргiзу және Қазақстан Республикасының бәсекелестiктi қорғау саласындағы заңнамасы мәселелерi бойынша қорытындылар беру;

66) құқық қорғау органдарының, олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң қаулылары және сұрау салулары бойынша өз қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының бәсекелестiктi қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру жөнiндегi процестiк әрекеттер мен iс-шараларға сарапшы ретiнде қатысу үшiн жiберу;

67) тиiстi тауар нарықтарының шекараларын айқындау;

68) тiркеушi органдарға аумақтық бөлiмшенiң келiсiмiмен құрылған мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың тiзбесiн ұсыну;

69) нарық субъектiлерiне Қазақстан Республикасының бәсекелестiктi қорғау саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда мәмiлелердi (iс-әрекеттердi) жүзеге асыруға, нарық субъектiлерiн, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге, қайта тiркеуге алдын ала жазбаша келiсiм ұсыну;

70) нарық субъектiсiнiң, мемлекеттiк, жергiлiктi атқарушы органның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестiктi қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкiн әрекеттердi (әрекетсiздiктердi) жасауға жол бермеу туралы жазбаша түрде алдын ала ескерту жiберу;

71) мемлекеттiк құпиялар және өзге де заңмен қорғалатын құпиялар бар ақпаратты қоспағанда, тауар нарықтарындағы бәсекелестiктiң жай-күйiне талдауды өзiнiң интернет-ресурсында орналастыру;

72) нарық субъектiлерiне нарық субъектiлерiнiң әрекеттерiнде (әрекетсiздiктерiнде) Қазақстан Республикасының бәсекелестiктi қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң болуы туралы хабарлама жолдау;

73) Қазақстан Республикасының бәсекелестiктi қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексерудiң нәтижелерi, монополияға қарсы органның шешiмдерi туралы ақпаратты өзiнiң интернет-ресурсында орналастыру;

74) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

75) тұтынушылардың шағымдарына жарты жылдық, жылдық және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiне жыл сайын талдау жүргiзу;

76) мемлекеттiк органдарға «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге нормативтiк құқықтық актiлердi бұзумен қабылдаған шешiмдердiң күшiн жою туралы оларға ұсыныстар (ұсынымдар) енгiзу;

77) тұтынушыларға ақпарат берудi, консультация жүргiзудi және сауаттандыруды жүзеге асыру;

78) тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жай-күйi туралы жылдық есептi дайындау;

79) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерi жөнiнде зерттеулер жүргiзу, ақпараттық-сауаттандыру жұмыстары және халыққа консультациялық көмек көрсету бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру;

80) реттелетiн саладағы мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкiметтiк емес ұйымдармен, қоғамдық тұтынушылар бiрлестiктерiмен өзара iс-қимыл жасау;

81) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру және өткiзу;

82) аумақтық бөлiмшенiң құзыретi шегiнде реттеу, iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және Комитеттiң стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;

83) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;

84) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметiне мониторингтеу және талдау жүргiзу және Қазақстан Республикасының Үкiметiне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

85) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;

86) Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк кодексiнде, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

15. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;

2) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу жөнiндегi ұсыныстар енгiзу;

3) Департаменттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де iс-шаралар өткiзу;

4) Департаменттiң жанынан сараптамалық кеңестер және өзге де консультативтiк-кеңесшi органдар құру;

5) өз құзыретiнiң шегiнде сотқа шағымдану;

6) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын олардың қабылдаған актiлерiнiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгiзу;

7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи монополиялар субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiркелiмнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополиялар субъектiлерiнiң 2018 жылғы 01.06. жағдайына тарифтердiң, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) мағлұматтары

№ п/п Субъектінің атауы Реттеліп көрсетілетін қызметтер түрі (товарлары,жұмыстары) Қолданыстағы тариф (баға, алым ставка) Қолданысқа енгізу күні
1 2 3 4 5
1 «СолтҚазЭнерго» Акционерлік қоғамы жылу энергиясын өндіру қызметтері 1995,38 теңге/Гкал   2018 ж. 01.07 ТРШ
2 «Петропавл Жылу жүйелері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылу энергиясын беру және тарату қызметтері 2099,45 теңге/Гкал 2018 ж. 01.04 ТРШ
3 «Солтүстік қазақстан Бөліп таратушы Электр Компания» Акционерлік қоғамы электр энергиясын беру және тарату қызметтері 3,97 теңге/кВтс   2018 ж. 01.01
6 РФ ЖҚМ «Оңтүстік-Орал темір жолы» ФМБК» Петропавл бөлімшесі» еншілес кәсіпорны электр энергиясын беру және тарату қызметі 0,67 теңге/кВтс 2017 ж. 01.07.-
2018 ж. 30.06
Өтемдік тариф
10 «Қамқор Есіл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау қызметтері Халык — 5262,32 теңге/Гкал;
заңды тұлғалар — 6359,97 теңге/Гкал
2018 ж. 01.02
тарату желілері арқылы су беру қызметтері


Халық — 132 тг/м3
Өзге заңды түлғалар (с. Явленка) — 803,73 тг/м3
Өзге заңды түлғалар (с. Корнеевка) — 710 тг/м3
2017 ж. 15.06
сарқынды суды бұру қызметтері 326,02 тг/м3 2017 ж. 01.06
11 «Жаңа-Есiл Феникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау қызметтері Халық — 6858,02 теңге/Гкал  
Төлем мөлшері — 130,3 теңге
Заңды тұлғалар — 10478,63 теңге/Гкал
2015 ж. 10.01
13        
16        
23        
26 «Тайынша-Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау қызметтері 2432,33 теңге/Гкал 2017.1.07-2018.30.06
Өтемдік тариф
33 «Вишневское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау қызметтері 2335 теңге/Гкал 2006 ж. 1 мамырдан бастап
36 «Альянс-Жолы» көліктік экспедициялық компания жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды ұсыну қызметтері ваг/шм үшін 2905,04 теңге   2012 ж. 01.11
37 «Симаргл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кірме жолдар қызметтері 850,3 теңге вагон/сағат (өтемдік) 2009 ж. 01.08 тамыздан бастап
01.08.2038 ж. дейін
(өтемдік тариф)
52 «Севказэнергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі   жылу энергиясымен жабдықтау қызметтері тұрғындар орташа босатылатын — 3185,84 теңге/Гкал
ЕҚ-мен тұрғындар — 3068,46 теңге/Гкал
ЕҚ-сыз тұрғындар — 3823 тенге/Гкал
Тұрғындар тозған үйлер — 3185,84 теңге/Гкал
1 м2 үшін төлем — 114,69 теңге
Айына бір адам басына шаққанда жылытуға төлем — 611,68 теңге
Өзгелері орташа босатылатын — 5868,85 теңге/Гкал
Өзгелері ЕҚ-мен — 5748,45 теңге/Гкал
Өзгелері ЕҚ-сыз — 8803,28 теңге/Гкал
2018 ж. 01.04 ТРШ
54 «Агрофирма Эксимнан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі   жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау қызметтері 1 Гкал үшін 4533 теңге,
1 м2 үшін төлем — 65,97 теңге/м2
2010 ж. 01.04
55        
57 «Единство» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды ұсыну қызметтері ваг/шм үшін 2486,4 теңге
ваг/шм үшін 1044,11 теңге  
2010 ж. 01.07
2018 ж. 01.05
63 «Ғасыр-Айыртау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау қызметтері

1 Гкал үшін 4165,97 теңге — халык,
1 м2 үшін төлем — 124,98 теңге/м2
заңды тұлғалар — 6626,85 тенге/Гкал

2015 ж. 01.12
64 «Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі   магистральдық құбырлар және тарату желілері арқылы су беру қызметі халық — 79,91 тг/м3
заңды түлғалар — 253,70 тг/м3
2018 ж. 01.01
сарқынды суды бұру мен тазарту халық — 69,47 тг/м3
заңды түлғалар — 220,82 тг/м3
2018 ж. 01.01
67 «Тайынша-НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сарқынды суды бұру қызметі 324,98 тенге/м3 2017 ж. 01.07
68 «Айыртау-су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарату желілері арқылы су беру қызметі Халық — 142 тг/м3
Өзге заңды түлғалар — 407 тг/м3
01.07.2017-30.06.2018 өтемдік тариф


сарқынды суды бұру қызметі Халық — 165 тг/м3
Өзге заңды түлғалар — 567,2 тг/м3
2017 ж. 01.07-
2018 ж. 30.06 өтемдік тариф
жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау қызметтері 1 Гкал үшін 5102,5 теңге — халык,
заңды тұлғалар — 5153,4 тенге/Гкал
2017 ж. 01.07-
2018 ж. 30.06 өтемдік тариф
69 Жеке кәсіпкер К. Ертай сарқынды суды бұру қызметі;   Халық — 178,45тг/м3
Өзге заңды түлғалар — 214 тг/м3
2017 ж. 01.09
71 «Лукбанов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі   тарату желілері арқылы су беру қызметі Халық — 174 тг/м3
Өзге заңды түлғалар — 852 тг/м3
2016 ж. 01.02
73        
75 «СКО ЛесКом» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды ұсыну қызметтері ваг/шм үшін 3012,87 теңге 2017 ж. 01.07
76 «АгроПрофи» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау қызметтері Халық — 6250 тенге/Гкал
Өзге заңды түлғалар 6349,03 тенге/Гкал
2017 ж. 1.10
78 «ТайыншаКоммунСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарату желілері арқылы су беру қызметі

Халық — 151,26 тг/м3
Өзге заңды түлғалар — 872,93 тг/м3

2017 ж. 1.11
жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау қызметтері

Халық с ПУ — 5106,18 тг/Гкал
Халық без ПУ — 6310,47 тг/Гкал

1 м² үшін төлем — не утверждена
Өзге заңды түлғалар с ПУ — 5948тг/Гкал
Өзге заңды түлғалар без ПУ — 13705,6тг/Гкал

2017 ж. 1.11
79 «ЖШС Енбек 2016» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарату желілері арқылы су беру қызметі Халық (ст. Новоишимская) — 189,5 тг/м³
Өзге заңды түлғалар (ст. Новоишимская) — 1252,38 тг/м³
 Халық (ст. Новоишимская, с. Рузаевка, с. Чистополье) — 237,16 тг/м³
Өзге заңды түлғалар (с. Новоишимское, с. Рузаевка, с. Чистополье) — 833 тг/м3
2017 ж. 01.11
сарқынды суды бұру қызметі Халық — 223,05 тг/м³
Өзге заңды түлғалар — 294,3 тг/м3
2017 ж. 01.10
жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау қызметтері

Халық 5979,3 тг/Гкал
Өзге заңды түлғалар 6088,4 тг/Гкал  

Халық 6254,3 тг/Гкал
Өзге заңды түлғалар 6516,6 тг/Гкал

2017 ж. 01.10

2017 ж. 01.11

80 «ТайыншаЖылуСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау қызметтері Халық с ПУ — 3833,33 тг/Гкал
Халық без ПУ — 4803,44 тг/Гкал
Төлем ақы — не утверждена Өзге тұтынушылар
С ПУ — 8458,38 тг/Гкал
Өзге тұтынушылар без ПУ — 12884,29 тг/Гкал
2017 ж. 01.09
81 «Производственный комплекс ДК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау қызметі Халық — 2888 тг/Гкал
1 м2 үшін төлем — 121,30 тенге/м2
Өзге заңды түлғалар — 4604,9 тг/Гкал
2018 ж. 01.04
тарату желілері арқылы су беру қызметі Халық — 152 тг/м3
Өзге заңды түлғалар — 646 тг/м3
2017 ж. 25.12
82 «Булаев су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарату желілері арқылы су беру қызметі

Халық — 184 тг/м3
Өзге заңды түлғалар — 1175 тг/м3 
 
2017 ж. 12.03
сарқынды суды бұру қызметі 162,3 тг/м³ 2017 ж. 12.03
83 «Ресей темір жолдары» ашық акционерлік қоғамы бәсекелес кірме жол болмағанда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну қызметі 65,59 теңге ваг/шм үшін 2017 ж. 25.03
бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру қызметі 4,78 теңге ваг/сағат 2017 ж. 25.03
электр энергиясын беру және (немесе) тарату қызметі 1,59 теңге/кВтс 2017 ж. 25.03
84 «Аққайың-Комсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарату желілері арқылы су беру қызметі Халық — 150 тг/м3
Өзге заңды түлғалар — 1059,68 тг/м3  
01.05.2017 ж.  
85 «Мамлютское 1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарату желілері арқылы су беру қызметі Халық — 190 тг/м3
Өзге заңды түлғалар (Мамлютка, Минкисер, Новомихайловское) — 1318,72 тг/м3
Өзге заңды түлғалар (Краснознаменное) — 460 тг/м3
21.08.2017 ж.
86 Потребительский кооператив «Южный водовод» тарату желілері арқылы су беру қызметі 54,6 теңге/м3 01.11.2017 ж.
87 «Полтавское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарату желілері арқылы су беру қызметі 119,40 тг/м3   25.10.2017 ж.
88 «Дания 2014» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарату желілері арқылы су беру қызметі Халық — 251,84 тг/м3
Өзге заңды түлғалар — 752,80 тг/м3  
08.11.2017 ж.
89 «Базис Пром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарату желілері арқылы су беру қызметі Халық — 197,80 тг/м3
Өзге заңды түлғалар — 1017,63 тг/м3  
15.11.2017 ж.
90 «Айдын Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарату желілері арқылы су беру қызметі
 
Халық — 167,78 тг/м3
Өзгелер — 1048,25 тг/м3

18.12.2017
сарқынды суды бұру Халық — 220,15 тг/м3
Өзге заңды түлғалар — 266,35 тг/м3
18.12.2017
91 «Дайяна» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарату желілері арқылы су беру қызметі Халық — 140 тг/м3
Өзгелер — 310,29 тг/м3
01.01.2018
92 «Қызыл ту су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарату желілері арқылы су беру қызметі

Халық — 325 тг/м3
Өзгелер — 347,90 тг/м3
25.01.2018
жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау қызметі 5966,80 тенге/Гкал 25.01.2015
93 «Алпаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарату желілері арқылы су беру қызметі
жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау қызметі

Халық — 135 тг/м3
Өзгелер — 1102,60 тг/м3
Халық — 3362 тг/м3
Заңды тұлғалар, бюджеттік ұйымдар, өзге тұтынушылар — 3820 тг/м3
23.04.2018
23.04.2018
94 «Жігер» дара кәсіпкер сарқынды суды бұру

Халық — 187 тг/м3
Өзгелер — 916,58 тг/м3

20.04.2018
95 «Иван Зенченко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарату желілері арқылы су беру қызметі Халық — 135 тенге/м3 18.04.2018
96 «Акжар и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарату желілері арқылы су беру қызметі;   Жаңадан енгізілген субъект  
97 «Жанин А.Р.» дара кәсіпкер сарқынды суды бұру Халық — 136 тг/м3
Өзгелер — 227 тг/м3  
08.06.2018
98 «Астраханское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарату желілері арқылы су беру қызметі;   Жаңадан енгізілген субъект  

Мемлекеттік тіркелімнің республикалық бөліміне енгізілгендер

«Қазсушар» РМК «Есіл су» филиалы» тарату желілері арқылы су беру қызметі 675,86 тенге/м³ 2017 ж. 01.07-
2018 ж. 30.06
Өтемдік тариф
«Қазсушар» РМК СҚф тежеу гидротехникалық имараттар көмегімен үстінгі ағынды реттеу 0,50 тг/м³ 2015 ж. 15.11

Солтүстiк Қазақстан облысының барлық елдi мекендердiң ТМС қызметтерiне тарифтерi — тұтыну нормалары — төлем мөлшерлерi

01.06.2018 ж. ҚҚС есебімен барлық тарифтер

Елді-мекен Табиғи монополия субъектісі Жылу төлемдері теңге/м2   1 м3-қа ыстық су тарифі Айына/адамға ыстық су тұтынуының белгіленген нормасы Аайына/ адамға ыстық су төлемі 1 м3-қа су тарифі Айына/адамға су  тұтынуының белгіленген нормасы Айына адам басына шаққанда су төлемі 1 кВт/с-на босатылатын тариф 1 м3-қа сұйытылған газ тарифі
1 Петропавл қаласы «Севказэнергосбыт» ЖШС 128,45 214,1 0,16 685,08 - - - - -
2 СҚО,
Петропавл
«Кызылжар су» ЖШС - - - - халық — 89,50
заңды — 284,14
    - -
3 СҚО,
Мамлют қаласы
 «Мамлютское 1» ЖШС - - - - 190 — хал.*
1318,72 — заң. (Мамлютка), 460 —  Краснознаменка
    - -
4 СҚО,
Есіл ауданы,
Явленка с.
«Қамқор-Есіл» ЖШС 125,82 - - - 147,84 — хал.
900,18 — заң.
Явленка,
795,2 — заң. Корнеевка
- - - -
5 СҚО,
Жамбыл ауданы,
Преснов с.
«Дания 2014» ЖШС         251,84 тг/м3 — тұрғ.,
752,80 тг/м3 — заң.
    - -
6 Уәлиханов ауданы
СҚО
Кішкенекөл п.
«Қызылту су арнасы» ЖШС Бекітілген жоқ - - - 325 тг/м3 — тұрғ.,
347,90 тг/м3 — заңды
Бекітілген жоқ      
8 СҚО,
Тайынша ауданы
«Агрофирма Эксимнан» ЖШС 73,89 - - - - - - - -
9 Ғ. Мүсірепов атындағы ауданы,
Новоишим п.
«Жаңа-Есіл Феникс» ЖШС 145,94 - - - - - - - -
10 СҚО
Айыртау ауданы,
Саумалкөл с.
«Ғасыр-Айыртау» ЖШС 139,98 - - - - - - - -
11 СҚО,
Айыртау ауданы,
Саумалкөл с.
«Айыртау-су» ЖШС 153,33* - - - 142 — хал;*
407 — заң;*
- - - -
12 СҚО,
Ақжар ауданы,
Ақжарқын с.
«Лукбанов» ЖШС - - - - 194,88 — хал;
954,24 — заң.
    - -
13 СҚО,
Қызылжар ауданы
«АгроПрофи» ЖШС -                
14 СҚО,
Тайынша қ.
«ТайыншаКоммунСервис» ЖШС бекітілмеген - - - 164,47 — хал.; 945,68 — заң.
2017.01.11. 169,41 — хал.;
977,68 — заң.
бекітілмеген - - -
15 СҚО,
Тайынша қ.
«ТайыншаЖылуСервис» ЖШС бекітілмеген - - - - - - - -
16 СҚО,
Ғ. Мүсірепов атындағы ауданы,
Новоишим с.
«ЖШС Енбек 2016» ЖШС бекітілмеген - - - Халық — 212,24 тг/м3
Өзге заңды түлғалар (ст. Новоишимская, с. Рузаевка, с. Чистополье) — 666,4 тг/м3
Өзге заңды түлғалар (с. Новоишимское) — 1335,87 тг/м3
бекітілмеген - - -
17 СҚО,
Аққайын ауданы,
Смирново с.
«Аккайын Комсервис» ЖШС - - - - Халық — 150;
Заң. — 1059,68
       
18 СҚО,
Қызылжар ауданы,
Бескөл ауылы
«Производственный комплекс ДК» ЖШС бекітілмеген       170,24 тг/м3 — тұрғ.,
723,52 тг/м3 — заңды
Бекітілген жоқ      
19 СҚО,
Булаев қ-сы
«Булаев су» ЖШС -      

194 — тұрғ.,
1383,29 — заңды

       
20 СҚО,

Петропавл қ-сы
«Южный водовод» ӨК         54,6 бекітілмеген - - -
21 СҚО,
Аққайың ауданы,
Полтавка с.
«Полтавское» ЖШС         133,73 бекітілмеген - - -
22 СҚО,
Қызылжар ауданы,
Бескөл с.
«Базис-Пром» ЖШС         221,54 тг/м3 — тұрғ.,
1139,75 тг/м3 — заңды 
Бекітілген жоқ       
23 СҚО,
Шал ақын ауданы

«Айдын-Сервис» ЖШС         167,78 тг/м3 — тұрғ.,
1048,25 тг/м3 — заң.
Бекітілген жоқ       
24 СҚО,
Ақжар ауданы,
Ленинградское с.
«Дайяна» ЖШС         140 тг/м3 — тұрғ.
310,29 тг/м3 — заң.
Бекітілген жоқ      
25 СҚО,
Тимирязев ауданы,
Тимирязев с.
«Алпаш» ЖШС         135 тг/м3 — тұрғ.,
1102,6 тг/м3 — заң.
Бекітілген жоқ      
26 СҚО,
Қызылжар ауданы,
Бескөл с.
ДК Жігер                  
27
СҚО,
Аққайың ауданы,
Рублевка с., Арылағаш
«Иван Зенченко» ЖШС         135 Бекітілген жоқ      

Ескерту: * — өтемдiк тарифтер көрсетiлген

ҚРҰЭМТМРБҚК — СҚО. ҚРҰЭМТМРБҚК СҚО департаменті «Севказэнергосбыт» ЖШС үшін электр энергияның босатылатын тарифтеріне келісімін берді.

ҚР ҰЭМ ТМРБжТҚҚК-СҚО. ҚР ҰЭМ ТМРБжТҚҚК СҚО департаменті электр энергияға 1 кВт/с үшін ҚҚС-сыз 13,684 теңге (ҚҚС есебімен 15,33) орташа мөлшерінде босатылатын тарифке келісімін берді, соның ҚҚС-сыз жеке тұлғалар үшін — 12,13 теңге/кВтс (ҚҚС есебімен 13,59) және заңды тұлғалар үшін — 14,57 теңге/кВтс (ҚҚС есебімен 16,32).

Осы тарифке сүйене отырып, жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай және 2018 жылдың 01.01 бастап қолданысқа енгізумен электр энергияның мынандай сараланған тарифтеріне келісім берілді: «Севказэнергосбыт» ЖШС

Жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергияға сараланған тарифтер:

1) Электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғалар үшін (тұтыну шамасы — 90 кВтс):

1 деңгей — 1 кВтс үшін ҚҚС-сыз 9,82 теңге (ҚҚС есебімен 11,0 теңге);

2 деңгей —  кВтс үшін ҚҚС-сыз 14,553 теңге (ҚҚС есебімен 16,3 теңге);

3 деңгей — 1 кВтс үшін ҚҚС-сыз 18,191 теңге (ҚҚС есебімен 20,37 теңге).

2) Электр плиталарын пайдаланбайтын жеке тұлғалар үшін (тұтыну шамасы — 70 кВтс):

1 деңгей — 1 кВтс үшін ҚҚС-сыз 10,794 теңге (ҚҚС есебімен 12,089 теңге);

2 деңгей — 1 кВтс үшін ҚҚС-сыз 14,553 теңге (ҚҚС есебімен 16,3 теңге);

3 деңгей — 1 кВтс үшін ҚҚС-сыз 18,191 теңге (ҚҚС есебімен 20,37 теңге).

ҚР ҰЭМ ТМРБжТҚҚК-СҚО. ҚР ҰЭМ ТМРБжТҚҚК СҚО департаменті «Солтүстік Энерго Орталық» ЖШС үшін электр энергияның босатылатын тарифтеріне келісімін берді.

Қазіргі уақытта Солтүстік Энерго орталық» ЖШС үшін электр энергияға 1 кВт/с үшін ҚҚС-сыз 17,984 теңге (ҚҚС есебімен 20,14) орташа мөлшерінде босатылатын тарифке келісім берілді, соның ҚҚС-сыз жеке тұлғалар үшін — 13,75 теңге/кВтс (ҚҚС есебімен 15,4) және заңды тұлғалар үшін — 20,93 теңге/кВтс (ҚҚС есебімен 23,44).

Осы тарифке сүйене отырып, жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай және 2018 жылдың 01.01 бастап қолданысқа енгізумен тәулік зоналары бойынша электр энергияның мынандай сараланған тарифтеріне келісім берілді:

Жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергияға сараланған тарифтер:

1) Электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғалар үшін (тұтыну шамасы — 90 кВт/с):

1 деңгей — 1 кВтс үшін ҚҚС-сыз 13,33 теңге (ҚҚС есебімен 14,93 теңге);

2 деңгей — 1 кВтс үшін ҚҚС-сыз 16,5 теңге (ҚҚС есебімен 18,48 теңге);

3 деңгей — 1 кВтс үшін ҚҚС-сыз 20,63 теңге (ҚҚС есебімен 23,11 теңге).

2018 жылдың 1 маусым жағдайына облыс орталығындағы тарифтер

(тенге, ҚҚС-мен)

Қалалар Жылуақы (м2) Ыстық су (м3) Суық су (м3) Газ (м3)
Петропавл 128,45 214,10 89,50 522,26

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізу туралы 2018 жылдың 1 маусым жағдайына мәлімет (ZIP 20 Kb)

Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi Zip 9 Kb

Мақаланың шыққан күні: 23.06.2016 10:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.06.2018 12:13
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Шілде 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасы«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы