A- A A+
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі

Мекенжайы және орналасқан жері: 150007, Петропавл қ, Парковая к-сі, 57 «В», 3-інші қабат, тел/факс: 8/7152/50-20-65.

е-mail: dkzrk.sko@economy.gov.kz

Департамент басшылығы

Жандос Мубаракович Ермагамбетов — Департамент басшысы, тел.: 8/7152/50-20-65

Наталья Николаевна Шаяхметова — Департамент басшысының орынбасары, тел.: 8/7152/50-20-62.

Джаншина Гульнара Маратовна — талдау бөлімінің басшысы, тел.: 8/7152/50-20-63;

Байгульбаева Алмагуль Ергалиевна — тергеу бөлімінің басшысы, тел.: 8/7152/50-48-44;

Наурызбаева Самал Аусатовна — ұйымдастырушылық жұмыс бөлімінің басшысы, тел.: 8/7152/50-20-65;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзу фактілері туралы хабарлау үшін:

Сенім телефоны — 8/7152/50-20-62.

Департамент басшылығымен азаматтарды қабылдау уақыты (телефон бойынша хабарласу — 8/7152/50-20-65):

Ж.М. Ермағамбетов — әрбір бейсенбі күні сағат 1700-ден 1800-ге дейін

Н.Н. Шаяхметова — әрбір сәрсенбі күні сағат 1700-ден 1800-ге дейін

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау және реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің (бұдан әрі — Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Департаменттің негізгі міндеттері

Бәсекелестікті қорғау және монополиястік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу;

  • адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
  • Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы зағнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеп-тексеру, жолын кесу;
  • бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополия сыздандыру.

Департаменттің функциялары

  1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде (бұдан әрі — Кодекс) қайшы келетін шарттарды бұзу, өзгерту және (немесе) жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз беру;
  3. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың алдын алу және оны жою;
  4. өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен белгіленген тәртіпте әкімшілік жаза қолдану, сондай-ақ сотқа қатысу;
  5. бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  6. мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кесу;
  7. нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерi мен келiсiлген iс-әрекеттерiнің, жосықсыз бәсекелестіктің алдын алу және жолын кесу, нарық субъектілерінің экономикалық қызметін үйлестіру, сондай-ақ Кодексте тыйым салынған туарларды сатып алуды ұйымдастырушылардың, сатып алу мен сауда-саттық операторлардың сатып алудың өнім берушілері мен сауда саттықта қатысушылардың қызметін үйлестіруі;
  8. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларын қолдану туралы ақпаратты тарату және адал бәсекелестікті насихаттау;
  9. тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдауды жүзеге асыру;
  10. үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсi белгiлеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаларды анықтау;
  11. нарық субъектілерінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактілері бойынша Кодексте белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру жүргізу;
  12. өз құзыретін шегінде, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы құқық қорғау органдарына жүгіну;
  13. жекелеген тауар нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйі және монополиялық қызметті шектеу жөніндегі қабылданған шаралар туралы жылдық есепті дайындау, сондай-ақ оны Комитеттің интернет-ресурсында орналастыру;
  14. бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласында жүргізілетін мемлекеттік саясаттың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету, оның ішінде тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, өзінің қызметі туралы мәліметтерді Комитеттің интернет-ресурсына орналастыру;
  15. нарық субъектілеріне орындалуы міндетті нұсқамалар шығару;
  16. мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға орындалуы міндетті нұсқамалар енгізу;
  17. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жіберу;
  18. бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамада белгіленген жағдайларда құқық қорғау органдарына тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалық ақпарат пен басқа да мониторингілер деректерін ұсыну;
  19. құқық қорғау органдарының, олардың аумақтық бөлімшелерінің қаулылары мен сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тегеп-тексеру бойынша процестік әрекеттерге және іс-шараларға қатысу үшін өз қызметкерлерін сарапшылар ретінде жіберу;
  20. нарық субъектісінің, мемлекеттік жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға алып келуі мүмкінәрекетті (әрекетсіздікті) жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алдын ала ескерту жіберу;
  21. нарық субъектілеріне, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаларды жіберу;
  22. нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәкессіздігі тұрғысынан қарау қағидарарын әзірлеуге қатысу;
  23. нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәкессіздігі тұрғысынан қарау;
  24. нарық субъектілері үшін монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актілерін әзірлеуге қатысу;
  25. нарық субъектісі (нарық субъктілері) жіберетін монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісінің монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актісіне сәйкестігін белгілеу;
  26. Қазақстан Республикасының заңнарында мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай құруға келісім беру;
  27. мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейтуге және (немесе) өзгертуге келісім беру;
  28. мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге құпия бар ақпаратты қоспағанда, тауар нарықтарындағы бәсекелестік жай күйінің талдауын Комиеттің интернет-ресурсына орналастыруға қатысу;
  29. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпаратты, монополияға қарсы органның шешімін Комитеттің интернет-ресурсында орналастыруға қатысу;
  30. өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұрау және алу;
  31. Комитеттің құзыреті шегінде, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орныдауға қатысу;
  32. Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтары туралы актілерді қабылдау;
  33. реттелетін саладағы мәселелер бойынша республикалық және қңірлік семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге, бюджетті, бухгалтерлік есепті және мемлекеттік сатып алуды жоспарлауға және орындауға қатысу;
  34. өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;
  35. сауда немесе ақпараттық жүйелерде, тауар биржаларында және тауарларды немесе сауда-саттықты электрондық сатып алудың өзге де сауда алаңдардында тауарларды және сауда-саттықты өткізу мониторингін жүзеге асыру;
  36. өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
  37. Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілердінде көзделген өзге өкілеттіліктерді жүзеге асыру.
Мақаланың шыққан күні: 23.06.2016 10:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.10.2019 13:05
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы