A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі «Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ МЕМСТАНДАРТ 

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл к., Ульянов к., 56

Комитет технического регулирования и метрологии (ГОССТАНДАРТ) МИР РК: www.memst.kz

Телефон/факс, телефон доверия: +7 (7152) 52-74-97, 52-75-31.

E-mail: gosnadzor_sko@mail.ru 

Басқарушы адамдар 

ҚР ИЖДМ техникалық реттеу және метрология Комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы.

Чепухин Василий ИвановичЧепухин Василий Иванович, 1955 жылғы мамырдың 24-нде Шал ақын ауданының Марьевка ауылында туған.

Мамандығы бойынша — агроном, 1978 жылы Омбы ауыл шаруашылық институтын, 2006 жылы Орта Азия Университетiнiң заңгер мамандығын, Алматы жоғарғы партия мектебiн тәмамдаған, «Нұр Отан» ХДП-ның мүшесi.

Бөлiмше агрономы, шаруашылықтың бас агрономы, комсомол, партия ұйымдарында, ауыл шаруашылық кәсiпорнының директоры, ауыл шаруашылық инвестициялық фирмасының директор орынбасары, МҚК «Қызыл-Жар коммуналдық базарының» бас директорының орынбасары лауазымдарында жұмыс iстеген

2003 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлiгi техникалық реттеу және метрология Комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң басшысы болып қызмет етiп келедi. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк бақылау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы.

ҚР ИЖДМ техникалық реттеу және метрология Комитетi Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң бөлiм басшысы. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк бақылау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары — вакансия

Бекiтемiн
Техникалық реттеу
және метрология Комитетi
Солтүстiк Қазақстан облысы
бойынша департаментiнiң басшысы
В.И. Чепухин
2017 ж.

Техникалық реттеу және метрология комитетi Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң басшылығымен жеке азаматтарды және заңды тұлға өкiлдерiн қабылдаудың 2017 жылға арналған кестесi

Лауазымды тұлғаның тегі, аты-жөні Қабылдаушының лауазымы Қабылдау күндері мен уақыты Мемлекеттік мекеменің орналасқан орны, байланыс телефоны
1. Василий Иванович Чепухин Департамент басшысы Айдың бірінші сейсенбісі
сағат 15.00-ден 18.00 дейін
Петропавл қ
Ульянов көшесі, 56
тел.: 52-74-97
2. Вакансия Бөлім басшысы Айдың екінші бейсенбісі
сағат 15.00-ден 18.00 дейін
Петропавл қ
Ульянов көшесі, 56
тел.: 52-75-31

Негізгі міндеттері

Департаменттің негізгі міндеттері:

  1. өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  2. ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  3. өнімнің көрсетілген қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;
  4. сауда саласында техникалық кедергілерді жою;
  5. өлшеулердің күмәнді нәтижелерінен Қазақстан Республикасы азаматтарының және экономиканың мүдделерін қорғау;
  6. отандық және сырттан әкелінген өнімдердің, процестердің (жұмыстардың) және қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;
  7. материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерінің анық есебімен қамтамасыз ету;
  8. дерттердің диагностикасы мен оларды емдеу, еңбек шартының және адамдар тұрмысының, құрылыстың қауіпсіздігін бақылау, қозғалыс қауіпсіздігін, қоршаған ортаның жай-күйін бақылауды қамтамасыз ету кезінде өлшемдердің шынайы нәтижелерін қамтамасыз ету;
  9. іргелі зерттеулер және ғылыми әзірлеу кезінде шынайы өлшеулерді қамтамасыз ету. 

Департамент функциялары 

Департамент өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамамен белгіленген тәртіпте мынандай функцияларды жүзеге асырады:

  1. мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асырады:
    1.1) өлшем құралдарының (соның ішінде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің) шығарылуын, жай-күйін және қолданылуын, шама бірліктерінің эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуына;
    1.2) сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлар санына;
    1.3) кез келген түрдегі бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде олардың санына;
    1.4) мемлекеттік рәміздерді өндіру;
    1.5) салыстырып тексеру, калибрлеу, өлшемдерді орындау әдістемелерін аттестаттау құқығына аккредиттелген метрологиялық қызметтердің қызметіне мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асырады.
  2. Техникалық реттеу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады:
  3. жеке, заңды тұлғалардың өнімді сату кезінде міндетті сәйкестігін растауға жататын сәйкестік сертификаттарының (сәйкестік сертификаттарының белгіленген үлгідегі көшірмелері) немесе сәйкестік декларацияларының (белгіленген үлгідегі көшірмелері) болуын, ұсынылған сәйкестік сертификаттарының тұпнұсқалығын, сәйкестік белгілерін пайдаланудың құқыққа сай болуын, сондай-ақ өнімді маркалаудың толықтығы мен дұрыстығына тексерістер жүргізеді;
  4. техникалық реттеу, метрология және өнім қауіпсіздігі саласында нормативті құқықтық актілерді сақтау бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жағдайына талдау жасайды;
  5. мемлекеттік метрологиялық бақылау мен өнімдердің (қызметтердің) қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылаудың нысандары мен әдістерін жетілдіреді;
  6. өнім сапасын бағалайтын түрлі дәрежедегі дәм айыру, конкурстық комиссия жұмыстарына қатысады;
  7. бірлескен тексерулер жүргізу үшін мемлекеттік бақылау органдарымен және қоғамдық ұйымдармен өзара қызмет етеді;
  8. бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерін насихаттауды жүргізеді;
  9. Қазақстан Республикасы аумағындағы ішкі айналымға арналған тауарлардың шыққан елін анықтау жөніндегі сертификаттарын береді;
  10. аумақтық сауда-өндіріс платасының тауардың шығу тегі туралы сертификатын беру тәртібін сақтау бойынша қызметіне жыл сайын тексеру арқылы бақылау жүргізеді;
  11. сәйкестікті бағамдау саласындағы аккредитация туралы заңдылықтарды сақтау бойынша бақылау жүргізеді;
  12. техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету және сәйкестікті бағамдау саласындағы аккредитациялау салаларында мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың қызметтеріне салааралық үйлестіруді жүргізеді;
  13. Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес басқа да функцияларды атқарады.
Мақаланың шыққан күні: 23.06.2016 10:30
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.07.2017 05:13
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы